Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Жұмыс істеу қабілетін арттыратын 7 тағам

Жұмыс істеу қабілетін арттыратын 7 тағам

0
Жұмыс істеу қабілетін арттыратын 7 тағам

Кейде кереметтей мотивация да жұмыс жасауға көмектесе алмайтын кездер болады екен. Жұмыс жасап жатып та, оған деген қабілеттің төмендегенін байқаймыз, кейде. Жұмысқа деген қабілетті дамытатын 7 өнім туралы айтайық. Әрине, бұларды тұтынған соң керемет жұмыс істеп кетпейтін шығарсыз, бірақ зерттеулер бұл өнімдердің белгілі бір дәрежеде көмектесетінін айтады.

1. Жұмыртқа. Бұлшық етті қалыпты формада ұстайтын ақуызға бай және өте тойымды. Оны жеген соң, аштықты ұмытып, жұмысқа кірісуге болады. Миға да пайдалы.
2. Банан. Қымбат емес, дәмді және қол жетімді. Ең үлкен плюсы табиғи түрде адамның көңіл- күйін көтере алатындығы және жүйкені тыныштандыруға, қажетті нәрсеге зейініңізді аударуға көмектеседі.
3. Қызыл балық. Құрамындағы Омега-3 концентрациясының арқасында миға үлкен әсер ететін қасиеті бар. Бұл май қышқылдары біздің нейрондарға жақсы сәйкес келеді және ми бөлімдерін сау қалпында сақтайды.
4. Шай. Шайда сізге жеткілікті көлемде энергия беретін кофейн дозасы бар. Ол миға да пайдалы. Көк шай біздің жадымызды жақсартып, ақыл- естің кемуі секілді ауруларды емдеуге де көмектеседі.
5. Шарап. Бұл сусын пайдалы екен деп мөлшерден асып кетпеңіз. Бірнеше жұтым жеткілікті. Когнитивті функцияларды жақсартатын құрамдас бөліктері бар. Басқа алкогольді сусындарда бұл жоқ. Есте сақтау қабілетін жақсартады.
6. Қара шоколад. Шоколад ми жұмысын жақсартатын қасиетке ие. Оның құрамындағы флавоноид қан қысымын төмендетіп, қант мөлшерін реттейді.
7. Жаңғақ. Жаңғақтың құрамында түрлі дәрумендер мен минералдар, ағзаға пайдалы элементтер жеткілікті. Оны жас ұлғайған сайын пайда болатын ми ауруларының алдын алу үшін пайдаланған дұрыс. Бірақ мөлшеріне назар аударыңыз. Себебі оның  құрамында май тым көп.

Назерке Сүлен

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here