Қоғамдық тәртіпті сақтау, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті насихаттау мақсатында Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі, «ZhasStar» жастар саясаты орталығы» қоғамдық қоры «Жас сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағы» атты жобасын жүзеге асыруда.
Аталмыш жоба аясында, жастар арасында түрлі алдын алу рейдттік іс-шаралар, студенттердің құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер және салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық сайыстар өткізілуде.
Осыған орай, 27 мамыр күні Ішкі істер департаментінің мәжіліс залында «Жас сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағының ағымдағы жылы атқарылған жұмысының есебі туралы кездесу өтті.