Домой Жаңалықтар Қоғам «Астана жастары» КММ жұмыс беруші компаниялармен серіктестік туралы Меморандумға қол қойды

«Астана жастары» КММ жұмыс беруші компаниялармен серіктестік туралы Меморандумға қол қойды

«Астана жастары» КММ жұмыс беруші компаниялармен серіктестік туралы Меморандумға қол қойды

Подписание меморандума«Астана жастары» КММ мен Астана қаласының 40 жұмыс беруші-компаниялары арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

«Мемлекет үнемі жастарды белсенді қолдап, оларды еңбекпен қамту үшін ең жақсы жағдайларды туғызуда, «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві» және т.б. сияқты жобалар жұмыс істейді.

Мемлекеттің әрекетінен басқа бізге жеке сектормен серіктестік қажет, дәл осы – мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынас жұмысы біздің бүгінгі ақпараттық кездесуіміздің ең басты тапсырмасы болып табылады» — дейді, жастар саясаты мәселелері бойынша Басқарма жетекшісінің міндетін атқарушы Ербол Рыспаев.

«Астана жастары» КММ жетекшісі Ануар Нұрпейісов қол қойылған 40 меморандум «Астана жастары» алдында компанияға  белгілі міндеттемелерді белгілемейді және олардың ешқандай заңды мәртебесі жоқ, алайда бос орындар ұсыну мен елордалық компанияларға құнды қызметкерлермен қаматамасыз ету бойынша тығыз серіктестікті реттеуге мүмкіндік беретінін ескере өтті.

Серіктестік туралы меморандумға салтанатты түрде қол қою барысында «Астана орманы» компаниясының жетекшісі Аслан Сатин жас жұмыскерлерді тиімді оқыту мен одан әрі еңбекпен қамту ретінде жұмыс ұжымында тәлімгерлік тәжірибесін  қалпына келтіруді ұсынды.

Жұмыс беруші-компаниялар тізіміне құрылыс, жарнамалық бизнес, өндірістік өнеркәсіп, қалалық көгалдандыру салалары мен басқа да салалардан жеке фирмалар кірді.

zhastar.astana.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here