Шардара ауданында зиянкестерге қарсы іс-шаралар қызу жүруде.Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сәйкес, дәл қазіргі сәтте Жаушықұм ауылы аумағындағы жайылымдық массивте 4600 гектар алқапта шегіртке анықталып, оның 3700 гектарына шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Шегірткеге қарсы «Ахиллес» маркалы дәрі шашылып, аумақ 80 пайызға зарарсыздандырылды.
Бұл жұмыстарға 1 дельтоплан, 2 дәрі бүріккіш трактор, 1 газогенератор микроавтомашинасы, 3 су таситын автокөлік, 51 иыққа асылатын дәрі бүріккіш техникалары жұмылдырылған.
Шегіртке ошағын анықтау, жою жұмыстарына 4 маман қызметкер, шаруалардан 17 адам қатысуда.
Шегіртке пайда болған егістік алқаптың басында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшылығы мен аудандық әкімдіктің жетекшілігі, салалық бөлім мамандары жүр.