Әр адам баласының басынан өтетін «ғашықтық» сезімін екі бағытта түсіндіруге болады.
Біреуін ғылыми дәлелдер негізінде қарастырсақ, екіншісін күнделікті өмірден, өз тілімізбен түсінетін ұғымда жеткізіп көрелік.
ЖӨФ (Жүйкенің өсу факторы) – симпатикалық жүйке жасушаларының өмір сүруіне қажетті, оның дамуын реттеп отыратын ақуыз. Бұл фактордың қайнар көзі сілекей безі мен орталық жүйке жүйесі. 1986 жылы американдық Рита Леви-Мантальчини атты әйел ЖӨФ-ны ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған.
Құштарлық, эйфория, жүрек қағысының жиілеуі, объектінің жанында ұялшақтықтың пайда болуы ЖӨФ-ның концентрациясының артуынан болады-мыс. Мысалы, ғашық және ұзақ уақыт некеде тұрған адамның қан құрамындағы ақуыз мөлшерін салыстырсақ, біріншісінде ол ақуыз 1,5 есе көп, ал, әзірге ешкімге ғашық емес адаммен айырмашылық 1,8 есе болыпты.
Иә, ғылыми деректер негізінде ғашықтық туралы айту сәл тұрпайы. Олай болса, күнделікті өмірдегі ұғымдармен жеткізіп көрелік.
Адамның бақылауынан тыс әрекеттерді 3 топқа бөлуге болады:
- Мінез-құлқы
- Көзқарасы
- Ым-ишарасы
Кеттік, ғашық қыздың іс-әрекетін осы үш топ бойынша анықтайық.
Мінез-құлқы
- Қызығушылық. Ғашық болған объектінің қызық емес әңгімелері де ол үшін сұмдық қызық.
- Қарым-қатынас. Егер қыз бірнеше рет сізге жақын жерде жүрсе, демек оның әңгіме бастағысы келгені деп түсіне беріңіз.
- Бақыт. Ғашықтықты білдіретін бірден бір фактор — бақытты болу! Ғашық қызды оның сезімінен басқа көп нәрсе қызықтыра бермейді. Оның жүзі бал-бұл жайнап жүреді.
- Қатты күледі. Егер ол көпшілік ортада қатты-қатты күлетін болса, сіздің назарыңызға түскісі келгені.
- Екіжүзділік. Егер ол өзін шынайы ұстамаса, әлде көп қателессе, бұл оның ғашық екенін білдіреді.
Көзқарасы
- Сіз оның назарын бірден аудара аласыз. Көп адам бар жерде, оның сізге 4-5 рет қарағанын байқасаңыз, ол сізге ғашық!
- Сізге қараған көзде оның көз жанары үлкейіп кетеді. Қызық дүниеге қарағанда барлық адамдардың жанары 45- ке ұлғаяды. Қыздарға ғашық болған объекті барынша қызық
- Сіз ол қызға қараған кезде, ол жанарын лезде тайдырып ала бере ме? Тексеріп көріңіз, бірнеше рет тайдырған қыз сізге «кет әрі» емес.
Ым-ишарасы
- Флирт. Сезіміңді білдірудің ең қызық белгісі – флирт. Ол жағымды, жағымсыз түрде де жүре береді. Яғни, тіке мақтауы мүмкін. Және, тиісіп, шымшып аларлық сөздермен де флирт жасауы мүмкін.
- Қобалжу. Жолықтырып қалған шақта, жүзі қызарыңқырап, дем алысы жиілеп кетер болса, сізге немқұрайлы емес.
- Жақындау. Әңгіме-дүкен барысында, сіздің әзіліңізге күліп, сонымен қоса, сізді ұрып жіберуі мүмкін. Ондай сәттер көп байқалса, ойлай беріңіз, ол ғашық. Қасында отырғаныңызда, кетуге әрекет жасамаса да, ол ғашық. Себебі, қыздарға ұнамайтын жігіт жақындаса, бұдан асқан жаман нәрсе жоқ!
- Жеке кеңістік. Егер, оның жеке өміріне араласып кеткеніңізге ешқандай жағымсыз реакция келмесе, оның сізге деген сезімі ерекше.
Енді, жалпы ғашық қыз қоғамдық ортада өзін қалай ұстайды?
- Ғашық қыз – өмірге ғашық . Ол үшін мына әлем тек ізгіліктен тұрады. Кәдімгідей ғашық болып жүрген қызға барып, сол жігіт туралы өтірік бірер сөз қозғап қойып, ақша немесе бір зат сұрасаңыз болады. Оның ашық-ғашық жүрегі – қолын да ашық қылады.
- Көп күледі. Көпшілік ортада оны әңгімеге тарту қиын. Өйткені, өзіне қызық ой тауып алып, соны ойлап отыра береді.
- Пәлсапашы. Оның пәлсапа айтуы жиілеп, шығарамашылықтың шыңына шығады.
- Барлық жерде өзіне қарап жүреді. Ғашық қыздың сырт-келбетінен бірден анықтай берсеңіз болады. Өзгеріс көзге ұрып тұрады.
- Лоторея жеңімпазы. Ғашық қызды миллион ұтып алғандай мақтаныш сезімі кернейді де жүреді. Себебі, ғашық қой, шіркін!
- Құрбысымен тым жақын болып кетеді. Себебі, ішіне сыймаған телегей сезімді сыртқа шығаратын бірден-бір ыңғайлы жан – құрбысы.
- Лидер болуға ұмтылыс. Ол ғашық жанға өзін сүйкімді етіп көрсету үшін қайсібір нәтижеге ұмтылады.
Автор:Бағила Ағайдар