Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Тар шалбар қаншалықты зиян?

Тар шалбар қаншалықты зиян?

Тар шалбар қаншалықты зиян?

Тар шалбар қаншалықты зиян?Бүгінде америкалық брендке айналған джинсы шалбарларын кимейтін адам әлемде кемде-кем. Ал қыздар арасында сәнге айналған тар джинсы шалбарлардың зиян екенін дәрігерлер ескертіп, бүгінде дабыл қағып отыр.

Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша, үнемі тар шалбар киіп жүретін адамдардың денсаулықтарында аурудың бірнеше түрі кездеседі екен. Олардың басы жиі айналып, несеп жолдары ауруларына шалдығады. Вашингтондық дәрігер Карен Бойлдың айтуынша, тар шалбарлар неврит ауруына, жүйкенің қабынуы мен жамбас тамырларының қысылуына әкеліп соғады.

Невритке шалдыққан адамның жамбасында шаншу пайда болып, аяғы жиі ұйып қала беретін болады. Дәрігерлер сондықтан, жас қыздардың тар джинсыдан көрі жұмсақ матадан тігілген шалбарларды кигені абзал деп кеңес беріп отыр.

Сонымен қатар, ер кісілерге де джинсыдың тигізетін айтарлықтай зияны бар. Егер тар джинсы шалбар кисе, онда белден төмен орналасқан тамырлар қысылып, қалыпты жұмыс істеуін тоқтауы мүмкін. Бұл өз кезегінде жыныс мүшесінің түрлі ауруларына соқтырады. Сондықтан, ер азаматтарға да тар емес, еркін шалбар киюі керек. Джинсыдың ерлерге арналған кең тігілген түрлері бар, ал, әйелдерде мұндай таңдау жоқтың қасы.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here