Холестерин ағзаның бірқалыпты жұмыс істеуіне пайдасын тигізетін құрамдас бөлік болғанымен, оны артық пайдалану артериялық тамырлардың ішіне майлы заттардың жиналып, жүректің ишемиялық ауруының қауіп-қатерін арттыратыны белгілі. Қандағы холестеринді қалай азайтуға болады? Төменде холестеринді азайтудың бірнеше жолдарымен таныса аласыз.
- Холестеринді азайтудың ең қарапайым және ең қолжетімді түрі диета болып табылады. Ол үшін тамақ рационындағы тәтті және майлы тағамдарды алып тастап, ұйықтардан алдын тамақтанбау қажет.
- Холестериннің негізгі көзі жануарлар өнімдері болып табылады. Сондықтан оларды тұтынуды азайту немесе құрамында холестерині аз өнімдерді пайдаланған жөн.
- Майсыз сүзбе тұтынып, майсыз сүт ішіңіз.
- Жұмыртқа пайдалануды шектеу қажет. Аптасына 2 жұмыртқа тұтыну жеткілікті.
- Майлы етті қоян, бұзау, тауық етімен алмастыру қажет.
- Рационыңызға майлы теңіз балығын қосыңыз (теңіз балығындағы қанықпаған май қышқылдары қан тамырларын тазартуға және оларда холестерин туындауының алдын алады).
- Дәл осы қасиеттер теңіз өнімдерінде де бар. Теңіз орамжапырағын көп тұтынғаныңыз пайдалы.
- Брокколи, қырыққабат пен пияз жеуді ұмытпаңыз. Олардың құрамында холестеринді төмендетуге қажетті элементтер бар.
- Холестерині жоғары адамдар үшін күнбағыс, жержаңғақ, соя және зәйтүн майлары өте пайдалы. Сондай-ақ холестеринге қарсы зығыр майыныңда әсері бар.
- Жақында ғалымдар күніне 70 грамм бадам жеу холестериннің деңгейін төмендету мүмкіндігіне ие екенін дәлелдеді.
- Жидектерді көбірек жеңіз. Себебі олардың құрамында салицил қышқылы болады, олар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді және қанның ұйуына жол бермейді. Күніне 3 түйір сарымсақ жесеңіз қаныңыздағы холестерин деңгейі 15%-ға дейін азаяды. Ол тек жаңа піскен сарымсақ болуы керек.
- Жаман әдеттерден аулық болыңыз. Күнде таңертеңгілік жаттығу жасауды ұмытпаңыз, деп жазады anabol.kz.