Домой Жаңалықтар Қоғам Ғалымдар қымыздан түрлі тәтті тағамдар жасауды қолға алды

Ғалымдар қымыздан түрлі тәтті тағамдар жасауды қолға алды

Ғалымдар қымыздан түрлі тәтті тағамдар жасауды қолға алды

тәтті тағамдарАлматыда Тағамтану академиясының жанынан жылқы сүтінен әртүрлі тағамдар жасайтын зауыт іске қосылды.

Мамандар мұндай өндіріс орны дүниежүзі бойынша алғаш тек Қазақстанда ашылып отырғанын айтады. Белгілі академик, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шармановтың айтуынша, Қазақ тағамтану академиясының бірнеше жылғы ғылыми жұмыстары жемісін беруде. Яғни, мамандар жетістіктерін кәдеге жарату үшін өндірістік жүйе іске қосылды. Жылқы сүтінен жасалатын тағамдардың денсаулыққа пайдасының мол екені өз алдына, қарапайым халыққа сүт өнімдерінің бағасы да қолжетімді.

Жалпы, бие сүті – иммундық-биологиялық және емдік-профилактикалық қасиеттері жоғары өнім. Жылқы сүтінен жасалған балмұздақтың нарықтағы басқа балмұздақтардан айырмашылығы – құрамында денсаулыққа қауіпті қант, май қышқылының трансизомерлері жоқ. Зауыт мамандары алдағы уақытта бірнеше тағам түрін шығаруды жоспарлап отыр.

Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті:

— Сиырдың сүтіндегі май қышқылының құрамында трансмайқышқылы деген улы зат бар. Ол өзі сауғанда бірге тұрады. Ал биенің сүтінде ол жоқ. Сондықтан біз ойладық керемет қасиеті бар дүниеден тамақтың басқа түрлерін жасап көру керек деп. Қымыздан басқа. Содан қарасақ тортты, печеньені, кәмпитті жасауға болады екен. Оның есесіне неше түрлі шоколад. Әрмен қарата балмұздақ.

24.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here