Алматы облысының Астана қаласындағы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге қатысты дайындаған бағдарламасы өзінің әртүрлілігімен және ерекшелігімен көпшіліктің көзайымына айналды. Алматы облысы орналасқан аумақтың кіре берісіне қойылған Ауданнан арнайы әкелінген «Алтын адам» мүсіні қала тұрғындары мен қонақтарын бей-жай қалдырмағаны анық.
Мерекелік іс-шараларды өткізу барысында Б.Римова атындағы облыстық драма театрының актерлары «Хан көтеру рәсімі» ұлттық салт-дәстүрінің театрландырылған көрінісін қоюға өз үлестерін қосты.
Облыс тіккен 3 киіз үйдің тұсында Еңбекші ауданынан келген құсбегілер бүркіттерін, ал Қарасай, Іле аудандары мен Талдықорған қаласынан келген қолданбалы қолөнердің 30 шебері өз қолдарымен жасаған 600-дей түрлі бұйымдарымен жиналғандарды тәнті етті. Көрменің бір ерекшелігі қызыққан жандар бұйымдарды тек қана сатып алып қана қоймай, шеберлердің қолымен өз аттарын әшекей бұйымдарға арнайы жазғызу мүмкіндігіне ие болды.
Сондай-ақ М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайының экспонаттары мен өңірдің қылқалам шеберлерінің туындылары талдықорған қаласының көтерген киіз үйінің ішінде және оның маңында орнатылған шатырдың астында қойылды. Мұнда әрбір жан Жетісу өңірінің тарихы мен табиғи ерекшеліктерімен жіті таныса алды.
Осы мерекелік шараның соңы декаративті-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесімен және Алматы облысының ең үздік әртістерінің дайындаған керемет концерттік бағдарламасымен ұласады.