Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Арықтаудың ең тиімді алты жолы

Арықтаудың ең тиімді алты жолы

Арықтаудың ең тиімді алты жолы

pohudeniyeДиета ұстауға жігеріңіз жетпеді ме? Спортзалға баруға да уақыт таппай отырсаңыз, жағажай маусымына төмендегі тәсілдермен дайындалыңыз. Арықтаудың алты жолы сізге пайдасын тигізеді, деп жазады anabol.kz.

1. Спиртті сусындардан бас тартыңыз! 1 литр таза спиртте (96%) 7000 ккал бар. 100 гр шарапта 56-70 ккал болады. Ал оның бір бокалында, яғни 250 грамда 140-170 ккал бар деген сөз. Осындай ұсақ-түйектерді санайтын болсаңыз, артық майдың қайдан пайда болғанына оңай көз жеткізесіз.

2. Жаяу көбірек жүріңіз! Оның әсері мол. Бұл өз кезегінде арнайы арықтау жаттығуларымен айналысқанмен тең.

3. Тәттіге тәбетіңіз ашылса, ет жеңіз! Майлылығы аз сүзбе, тауық пен балық еті тәттіні ұмытуға көмектеседі.

4. Жиі қозғалыста болыңыз! Әсіресе, кеңседе күн ұзақ отыратындар үшін бұл ережені бұлжытпай орындау маңызды. Әр сағат сайын кемінде бір рет компьютер алдынан тұрып, 5-10 минут жүріп келіңіз. Қозғалыссыз отырғаннан гөрі тұрғанда, әсіресе, қозғалып, ары-бері жүргенде бойдағы майдың еруі жылдам болады.

5. «Бір қасық» ережесін ұстаныңыз! Тамақ ішкенде табағыңыздың түбіне бір қасық асты жемей қалдырып отырыңыз. Бір қарасаң, бір-ақ қасық. Ал негізінде сіз табақтың түбінде сол бір қасық тамақты қалдырмасаңыз, тағы екінші табақ ішуге тәбетіңіз де ашылып кетуі мүмкін емес пе?!

6. Жегіңіз келсе, су ішіңіз! Тамаққа тәбетіңіз ашыла қалса, бірден бір стакан су ішіп алыңыз. Бұл тәсілдің көмегі мол. Сондай-ақ күніне 1,5 литрдей су ішу керектігін есіңізден шығармаңыз.

Осы кеңестерге құлақ түріп, орындай жүрсеңіз, еш диетасыз-ақ артық салмақтан арыла аласыз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here