Домой Жаңалықтар Мәдениет «Астана Опера» сахнасында 295 қойылым өтті

«Астана Опера» сахнасында 295 қойылым өтті

«Астана Опера» сахнасында 295 қойылым өтті

«Астана Опера» сахнасында 295 қойылым өттіЕлордада «Астана Опера» театрының ІІІ маусымы аяқталды. 2015 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта театр сахналарында 295 қойылым өтті. Әртістер 57 опералық спектакль, 83 балет, 155 концерт қойды.

Биыл А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы, Л. Минкустың балеті «Баядерка», Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» және Морис Жаррдың «Париж Құдай аналарының шіркеуі» балеттері алғаш рет көрсетілді. Барлық премьералар аншлагпен өтті.

Маркетингтік зерттеу нәтижесі бойынша 99 494 адам театрға келген, «Астана Опера» театрының қызметі туралы 1500-ге жуық мақала жарық көріп, телевизиялық сюжеттер жасалды.

Өткен маусымда отандық опера өнерінде 6 қазақстандық вокалшы толық құраммен алғаш рет шетелде өткен «Богема» операсында («Карло Феличе», Италия) басты партияларда ойнады. Мариин театрының концерт залында үлкен жетістікпен өткен концертке «Астана Опера» симфониялық оркестрінің қатысуы да ерекше айтулы оқиға болды.

Театр өзінің төртінші маусымын ІІІ халықаралық музыкалық «Жібек жолы» фестивалі аясында Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балетінің премьерасымен ашады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here