Домой Жаңалықтар Қоғам Мемлекеттік қызметкерден мінсіз болу талап етіледі

Мемлекеттік қызметкерден мінсіз болу талап етіледі

Мемлекеттік қызметкерден мінсіз болу талап етіледі

Мемлекеттік қызметкерден мінсіз болу талап етіледіСыбайлас жемқорлық әлі де күн тәртібінен түспей тұрған өткір қоғамдық мәселе. Қалың жұртшылықтың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттің міндеті. Бұл қате пікір. Әрбір отандасымыз, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өзі өмір сүріп отырған ортаның, қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының құрылу себебі де осында жатыр. Ондағы мамандардың осы бағыттағы жұмыстарын жүйелі түрде бастап кеткелі де біраз болған. Олар басты назарды сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге емес, жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды жоюға аударып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Сабырбаев мен аталған департаменттің бас маманы Сымбат Исрапулова тарқатып берді.

— Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды балабақша, мектептерден бастап, оны жастар ұйымдарымен жалғап, одан мемлекеттік мекемелерде болып, осы бағытта түрлі дәрістер оқып келеміз. Сөйтіп сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттау арқылы мемлекеттік қызметкердің беделін, мемлекеттің имиджін көтереміз, — дейді Данияр Бауыржанұлы.

Алматы облысында бүгінгі таңда барлығы 8 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар. Олардың ел-жұртпен қарым-қатынасы, сөзі, іс-әрекеті, жүріс-тұрысы, бәрі-бәрі бақылауда болады. Тіпті, мемлекеттің мүлкін жеке басының мүддесіне пайдалану мәселесі де назарда болмақ. Демек, мемлекеттік қызметкер, мәселен, жеке қызметтік көлігімен жұмыстан тыс уақытында бір қаладан екінші қалаға сапарлатпақ тұрмақ, баласын балабақша немесе мектепке апарып салып, алып қайтуға жол бермеуі тиіс. Мұндай қадамға жол беретіндердің аяғын тұсау үшін көліктерге арнайы GPS бақылаушы қондырғысы орнатылған. Осындай бақылау күшіне енгелі өңір бойынша Әдеп кеңесінде екі лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолданылған.

Брифингте, сонымен қатар, елімізде кәсіби кадрлардың қатарын толықтыруға және олардың имиджін көтеруге септігін тигізетін, облыстың мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби сөйлеу мәнері мен білімін шыңдау үшін қолға алынған пікірсайыс (дебат) турнирлері туралы да толығырақ айтылды.

Тағы бір жаңалық, жетісулық мемлекеттік қызметкерлер халыққа көрсетілетін түрлі мемлекеттік қызметтерді көпшілік іс-шаралар шеңберінде, мәселен, ашық аспан астында, әлде жәрмеңке, бәлкім көрме ретінде көрнекі түрде ұсынуды қолға алды. Олар мұндай тың қадамның билік пен халықты бір-біріне етене жақындастыратынына сенімді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here