Елорданың «Есіл» ауданының ТЖБ қызметкерлері тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде әлеуметтік пакеттер табыс етті. Шараның мақсаты отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық, рухани құндылықтарды нығайту болып табылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Рейд барысында Басқарма қызметкерлері азаматтарға өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратып, ТЖ кезіндегі қажетті іс-әрекеттер туралы айтып, саяжайлар мен тұрғын алаптарында өрттің алдын алу бойынша әңгімелесулер жүргізді.
Сондай-ақ, мамандар пештерді жылыту маусымы басталғанша тексеру қажет екендігін атап өтті.
Астана қаласының ТЖ департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Алдағы уақытта тиісті акциялар қаланың басқа да аудандарында да өткізілмек.