Домой Жаңалықтар Қоғам Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Үйлестіру кеңесінің отырысы өттіАлматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен Мүгедектер ісі жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қаныбек Айтжанов баяндама жасады.

Қ. Айтжановтың мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылы мүгедектерді оңалтуға 1, 2 млрд. теңге бөлініп, соның нәтижесінде оңалту шараларымен 12,2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан қамтылды. Ал биыл бұл мақсатқа 1 млрд. 218 млн. теңге қарастырылып, бөлінген қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 54 млн. теңгеге артты.

Инватакси қызметі өткен жылы 2,3 мың адамның 42 мыңнан астам тапсырысын орындаған. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ал биылғы жылдың бірінші жартысының өзінде 3 мыңға жуық мүгедек жан Инватаксидің қызметіне 38 мың рет жүгінген.

2016 жылға мүгедектер қызмет алуға жиі баратын мекемелер орналасқан жерлерде 109 жол таңбалары мен белгілерін орнату және 3 дыбыстық, жарықтық қондырғылармен жабдықтау үшін Жамбыл, Панфилов, Сарқан аудандары мен Текелі қаласына бюджеттен 4,6 млн. теңге бөлінді.

Осы жиында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Мәдина Тәңірбергенова, облыс әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі, «Ерлік» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Ақжаркенова, «Алматы облыстық мүгедек балалардың ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Төлеу Қасымбекова және бірқатар аудандардың тиісті саладағы бөлім басшылары есеп берді.

Жиын соңында үйлестіру кеңесі шешімінің жобасы таныстырылды. Басқосуды қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов тиісті органдарға мүгедектерді бірінші кезекте қажет ететін оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды бейімдеуге, мекемелер орналасқан орындарды қондырғылармен жабдықтауға бөлінген қаражатты уақытымен игеру, жұмысты сапалы орындау сияқты бірқатар міндеттер жүктеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here