
Өмір қағидалардан құралады. Көп адамның өмірі бір сарынмен өрбуде. Ал сол бір сарынды өмірде біз әдеттенбей жүрген біраз қағида бар. Солармен таныс болайық.
- Әр күні бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояныңыз.
- Таңғы асты, түскі асты, кешкі асты белгілі бір уақытта ішіңіз. Ағзаңыз бұл үшін сізге рақметін айтатын болады.
- 8 сағат ұйықтаңыз.
- Ұйықтар алдында сәл серуендеп, таза ауамен тыныс алыңыз. Бөлмеңізді ұйықтар алдында 1 сағат бұрын желдетіп алыңыз.
- Күніне 1500 мл. су ішіп тұрыңыз.
- Әр күні пайдалы тағамдар, жеміс-жидектер жеуге тырысыңыз.
- Жатар алдында бір стақан айран ұрттап алыңыз.
- Жатар алдында аяғыңызды суық сумен жуып жатыңыз. Біле білсеңіз, бұл да шынығудың бір түрі.
- Бетіңізге табиғи қоспалардан құралған маска жасаңыз.
- Таңмен тұрып жүгіріңіз. Жаттығулар жасаңыз.
- Күніне 5 шетел сөзін жаттап жүріңіз.
- Ешкімді өсектемеуге әдеттеніңіз. Біреу туралы жаман нәрселер айтылып жатқан ортада қосыла кеткіңіз кеп бара жатса да, тіліңізді тістеп, үнсіз қалыңыз.
- Күн сайын бөлмеңізді жинастырып, қажетсіз заттарды лақтырып тұрыңыз.
- Әр күні өзіңізге беймәлім бір нәрсе болсын біліп отыруға тырысыңыз.
- Кітап оқыңыз. Күніне 10-15 бет оқып тастаңыз.
- Ата-анаңызға күніне бір сағатыңызды болса да бөліп тұрыңыз.
- Адамдарға жылы сөздер ғана айтыңыз.
- Сөйлеп отырған сөзіңізді бақылауда ұстаңыз. Көңілден шыққан көрікті ойдың ауыздан шыққанда өңі қашпасын.
- Өз-өзіңізді күтіңіз.
- Жүрегіңізбен үндесетін өлеңдер жаттаңыз.
- Жетістігіңізді жазып жүретін күнделік бастап қойыңыз.
- Ақшаңызды босқа шашпаңыз.
- Концерттерге, мәдени шараларға барып тұрыңыз. Бірақ жалғыз өзіңіз емес, жаныңызға жақын адамды ертіп алыңыз.
- Ата-анаңыз бен дәрігерге өтірік айтпаңыз.
- Тек жақсы ойларға беріліңіз. Бәрі сіз ойлағандай болатынына сеніңіз!