Домой Блог Страница 101

Мәскеудегі Астана күндері

Мәскеудегі Астана күндеріРесейліктер қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысады. Қыркүйектің 19-20 күндері Мәскеуде Астананың мәдениет күндері өтеді.

Мәдениет күндері аясында өтетін басты шаралардың бірі этноауыл экспозициясы болмақ, онда ежелгі көшпелілердің тұрмыстық атрибуттары көпшілік назарына ұсынылады. Ауыл әлемдегі ірі экспозициялық алаң – Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде орын тебеді. Мұнда бірнеше тақырыптық киіз үй тігіледі — «Ақ Орда», «Аңшының үйі», «Шеберлердің киіз үйі», «Қолөнершілер шеберханасы» және т.б.

Сондай-ақ, этноауылға келушілер киіз үй құрастыруға қатысады. Ұлттық тағамдар мен дәстүрлі сусындар – қымыз бен шұбаттан ауыз тиеді. Елордалық фольклорлық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салса, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өз еңбектерін көрме жәрмеңкеде ұсынатын болады. Қолөнершілер жүн мен саздан түрлі бұйымдар, ұлттық нақыштағы әшекейлер жасайды.

Сонымен қатар, этноауыл аумағында «ЭКСПО-2017» павильоны ашылады. Қонақтарды алып батырлар мен ұлттық киім киген қыздар қарсы алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл нағыз қазақ ауылының атмосферасын қалыптастырады. Экспозиция сағат 10:00-22:00 аралығында жұмыс істейді.

Мұнымен қоса, Мәдениет күндері аясында Мәскеу тұрғындары мен қонақтары қазіргі заманғы қазақстандық кинематографпен де таныса алады. 19 және 20 қыркүйекте «Космос» киноконцерт залында «Жаужүрек мың бала» және «Аманат» фильмдері көрсетіледі.

Анықтама: 19 қыркүйекте Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Сахна төрінде ҚР халық әртістері Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы, «Славянский базар-2015» конкурсының жеңімпазы Димаш Құдайберген,  Бүркіт пен Аиша, «Музарт», «Формат», «Ринго» топтары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, «Наз» мемлекеттік би театры мен «Шалқыма» халық биі ансамблі, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрі және «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Тұран» эстрадалық-фольклорлық ансамблі және «Серпер» домбырашылар ансамблі өз шеберліктерін ортаға салады.

Сатира кешінде Тұрсынбек Қабатов бастаған үздік қазақстандық әзілкештер мәскеуліктерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Бұл күні ресейлік «А-Студио» тобы да келушілерді қуантпақ.

18-20 қыркүйекте Астана мен Мәскеу қалаларының былғары қолғап шеберлері өзара күш сынасады, елорда құрамасынан жарысқа 16 спортшы қатысады.

20 қыркүйекте сағат 19:00 Ресейдің ірі мәдени орталығы – Мәскеу халықаралық Музыка үйінің сахнасында М. Горький атындағы академиялық орыс драма театрының Болат Жандарбековтың «Сақтар» романының желісімен дайындалған «Томирис – Сақ патшайымы» қойылымы көрсетіледі.

Бұл күні Мәскеуде үздік қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің еңбектері қойылған «Жусан иісі» атты бейнелеу өнері көрмесі ашылады. Экспозиция Нью-Йорк, Берлин және Бейжің сияқты ірі қалаларда өткізіліп, жергілікті мамандар мен өнерді бағалаушылар арасында үлкен жетістікке қол жеткізген. Мәскеу суретшілер одағының көрме залында көпшілік назарына ұсынылатын туындылар көрмесі 2 қазанға дейін жалғасады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымына жаңа басшы келді

1-1-300x169Қазақстан Республикасының Жауапты хатшысы А. М. Рахимжанов 2016 жылғы 13 қыркүйекте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымына жаңа басшы – Жанболат Мелдешовты таныстырды, деп жазады .

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. К. Сағадиевтің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 47-ЖК бұйрығымен Мелдешов Жанболат Жарылкасынович «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болып тағайындалды», – деді А. М. Рахимжанов.

Сонымен қатар Жауапты хатшы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметімен танысты. Атап айтқандақұрылымдық бөлімшенің басшылары оған оқуды ұйымдастыру және стипендиаттарды бақылау, түлектердің мониторингін жүргізу және стипендиаттардың жеке істерін сақтау бойынша жұмыстар туралы ақпарат берді.

Қазақстандық оқушы кеме жасаудан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық оқушы кеме жасаудан әлем чемпионы атандыҚазақстандық кеме моделін жасаушы оқушы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Қарағандылық кеме жасаушылар Ресейде өткен әлем чемпионатында 5 жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Кеме моделін жасау спортының «С» сыныбында көшірме модельдер жасаудан әлем чемпионаты Калининград қаласындағы дүниежүзілік мұхит мұражайында өтті. Кеме моделін жасау спортының халықаралық федерациясы (штаб-пәтері Австрияда орналасқан) модел  көшірмелерін жасаудан 8 техникалық сынып бойынша жарыс өткізді (кеменің көлемін 40-200 сантиметрге дейін нақты көшіру). Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, чемпионатқа Франции, Германия, Швейцария, Қытай, Ресей, Украина, Қазақстан секілді жиыны 15 елден 200-ден астам кеме моделін жасаушы қатысты.

«Қазақстаннан 6 спортшы қатысты, олардың барлығы Қарағанды техникалық спорт түрлері мектебінің оқушылары. Ел құрамасы 5 медаль алды, оның бірі алтын, бірі күміс, қалған үшеуі қола, — деп хабарлайды спорт басқармасы. — С-6 сыныбы бойынша чемпионатта  (қозғалтқыштары бар модельдер) қарағандылық Руслан Брунер жеңімпаз атанды. Екінші орында С-7 сыныбы бойынша (картон және қағаздан жасалған модельдер) Максим Штульберг . Қола жүлдені Алексей Шуваров (миниатюра 250:1), Алексей Смирнов (С-6) және Александр Скорюпин (С-7) алды».

Барлық жеңімпаздар ҚР халықаралық сыныптағы спорт шебері жүктемелерін орындады. Оларды Сергей Оконечников жаттықтырады.

Инвестиция көптеп тартылса, облыстың экономикасы да арта түседі

Инвестиция көптеп тартылса, облыстың экономикасы да арта түседіБұл жөнінде ОҚО  әкімі аудан, қала әкімдерімен өткен кеңейтілген аппараттық мәжілісте айтты.

«Елбасы өзінің берген тапсырмасында өңірлерге инвестиция тарту бағытындағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өткен болатын. Яғни біз облысқа ішкі және сыртқы инвесторларды көптеп тартуымыз қажет. Бұл өз кезінде аймақтың экономикасының дамуына оң әсерін беріп, халықтың жұмыспен қамтылуына септігін тигізеді»,- деді Б. Атамқұлов.

Сонымен қатар, жиында облыстағы индустриалды аймақтардың жайы қаралды. Онда әкім инфрақұрылым жүргізілмеген аудандардағы аймақтарға баса назар аударып, тиісті жұмыстарды жүргізуді сала басшыларына тапсырды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымыздағы индустриалды аймақтарда жалпы 160 жоба жүзеге асырылуда. Оның қәзіргі таңда 52-сі іске қосылған. Ал қалған 108 жоба алдағы екі жыл ішінде іске аспақ. Осылайша, екі жыл ішінде, ашылған 108 жоба шеңберінде облысымызда 8079 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 151,8 млрд. теңге инвестиция экономика айналымына тартылады деп күтілуде.

 

Басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту

logotip_proekta_zanyatost_na_sele_0Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысына арналған селекторлық мәжілісте облыс әкімі аудандар мен қалаларда кәсіпкерлік пен кооперацияларды жаппай дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Осыған орай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Оңтүстік Қазақстан облысында «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы қолға алынып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Үкіметке облыс әкімдерімен бірлесе елді мекендерде кооперативтер желісін ұлғайтуды тапсырып отыр. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты жергілікті ауылшаруашылық өнімдерімен қамтып, қайта өңдеу кәсіпорындарының желісін ұлғайтпақ. Бұл жұмыстарды Мақтарал, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Сарыағаш аудандарында белсенді атқаруды тапсырамын», — деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, көрші облыстарда сүт өнімдеріне деген сұраныстың жоғары екенін айтқан облыс әкімі аталған өңірлермен әріптестік байланыс орнатуды жүктеді.

Мәжілісті қорытындылаған Б.Атамқұлов алға қойған міндеттердің барлығы тұрғындарды жұмыспен қамту екендігін қадап айтты.

ОҚО-да суармалы жердің көлемі артпақ

1455616536_zherlerdi-tiimdi-paidalanuОҚО әкімі Б. Атамқұловтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық мәжіліс өтті. Аудан, қала әкімдерімен селекторлық режимде өткен жиында 6 мәселе қаралды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы тарапынан берілген бірқатар тапсырмалардың орындалуы  бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Қазақстанда алдағы бес жылда айналымға кем дегенде 600 мың гектар суармалы жер қосылады. Су қорының талап етілетін көлемі төтенше жөндеу және жаңа су қоймаларын салу есебінен құрылады. Осы ретте аймақ басшысы егістікті ағын сумен толық қамтамасыз ету үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып су қоймаларын салудың жоспарын әзірлеуді тапсырды.

─ Егістік алқаптарды суландыру мәселесін шешуде су қоймаларын салудың маңызы айрықша. Бүгінде үлкен су қоймасы Бәйдібек пен Отырар ауданында салынып жатыр. Биыл оның құрылысы аяқталуы тиіс. Облыстық басқарма барлық аудандарда осындай мүмкіндіктерді зерттеп, жоспар әзірлеуі тиіс, ─  деді Бейбіт Бәкірұлы.

Павлодарда робототехникадан өңірлік жарыстар өткізілді

57d9218578b28-300x196Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2016 жылғы 10 қыркүйек күні WRO (World Robotics Olympiad) ережелері бойынша робототехникадан өңірлік жарыстар өткізілді. Олимпиадаға құрамында мамандандырылған мектептерден, Назарбаев Зияткерлік мектебінен және  М. Катаев атындағы оқушылар сарайынан 12 команда 24 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша негізгі орта топта І дәрежелі дипломмен  облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейінің оқушылары Балгабай Улан және Мажитов Нурдаулет,  ІІІ дәрежелі дипломмен  дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушылары Уралова Дания және Таупукова Мадина марапатталды.

 Шығармашылық орта топта І дәрежелі дипломын дарынды қыз балаларға арналған  қазақ-түрік лицейінің  оқушылары Нуран Асемгуль және Толеубаева Далия, ІІ дәрежелі дипломын  облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейінің оқушылары Мурат Айхан және Алпысбай Бакытжан, ІІІ дәрежелі дипломын дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің  оқушылары Ерсаинова Надина и Абилова Дарина иеленді.

Астана қаласында 1-2 қазанда өтетін робототехникадан республикалық олимпиадада Павлодар облысының намысын өңірлік олимпиаданың жеңімпаз командалары қорғайтын болады.

Айта кетейік биыл Павлодар облысының 56 мектебінде робототехника кабинеті ашылды. Осы бағытта жұмыс істеу үшін 147 мұғалім оқу курсынан өткен. Ауылдық мектептер оқушыларының арасында робототехника үйірмесіне ең көп қатысушы Май ауданында — 295 бала, Лебяжі ауданында — 186 бала, Успен ауданында — 138 бала. Осындай үйірмелер алдағы уақытта Ертіс, Павлодар және Шарбақты аудандарында ашылады.

Облыс бойынша робототехникамен барлығы 3451 оқушы айналысады. Білім беру саласының бұл бағытында оқушылардың санын арттыру мақсатымен Ресей және Қазақстанның аймақтарынан мамандар шақырылып, ұстаздарды оқыту жоспарланып отыр.

Астанада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының күндері өтеді

89509d0bd54746466eff13159d3Елордада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Өңірлер күндері жалғасады. 17-18 қыркүйекте «Хан шатыр» СОО жанында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының тауар өндірушілерінің жәрмеңкелері өтеді. Сонымен қатар, бұл күндері өңірлердің мәдени шаралары да ұйымдастырылады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 12 аудан мен Орал қаласының кәсіпкерлері қатысады. Жәрмеңкеде 200 тоннадан астам көкөніс, ет, консерві, ұн және макарон өнімдер, бал, балық, квас, шырын, сусын және т.б. сатылады. Бейбітшілік және келісім сарайында Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайының «Ақжайық ару мекенім» тақырыптық көрмесі көпшілік назарына ұсынылады. 18 қыркүйекте сағат 16.00 Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің, Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің, «Назерке», «Ақжайық» би ансамбльдерінің және т.б. өнер иелерінің қатысуымен гала-концерті өтеді.

Атырау облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 34 тауар өндіруші қатысып, жалпы көлемі 90 тонна өнім шығарылады. Астаналықтарға балық, көкөніс, сүт және ет өнімдері, шұжық өнімдері, салат, жұмыртқа ұсынылады.

Жәрмеңке кезінде облыстың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

17 қыркүйекте сағ.18.00-де Бейбітшілік және келісім сарайының фойесінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты көрмесі ұйымдастырылады.

Аталған көрмеге орта ғасырлық Сарайшық қалашығынан табылған археологиялық бұйымдар, тарихи тұлғалардың мұрағаттық құжаттары мен жеке заттай жәдігерлері шығарылады. Этнографиялық тұрмыстық бұйымдар, қолөнер шеберлерінің туындылары, ағаш ыдыстар, зергерлік әшекей бұйымдары жұртшылық назарына ұсынылады.

Сонымен қатар, сағ.19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Атырау облысы өнерпаздарының гала-концерті өтеді. Сахна төрінде «Інжу-Маржан», «Махамбет», «Жем Аруы», «Шынарым-ай» би ұжымдары, «Мұрагер» фольклорлық ансамблі, облыстық филармония солистері мен орындаушылары өнер көрсетеді.

18 қыркүйекте сағ.19.00-де Астана қаласының Жастар театрында облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрының әртістері Ш. Айтматовтың «Мәңгүрт» атты қойылымын көрсетеді.

ОҚО-да 7 айда тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

ОҚО-да 7 айда тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңгеден астам инвестиция тартылдыОңтүстік Қазақстанда 7 айда тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Дәл осы көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түспек, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен инвестиция тартылған жобалардың бірі Қазығұрт ауданында жүзеге асқан «Lotus Food Company LLC» ЖШС тез дайындалатын кеспе жобасы. Бұл жобаға 471 млн. теңге көлемінде инвестиция салынған. Сонымен қатар, 1 млрд. 900 млн. теңге инвестиция тартылған «Шымкент май» жобасы бүгінде өз өнімдерін экспортқа шығаруда.

Инвесторлардың үздік үштігінде Германия, Польша және Түркия елдері көш бастап тұр.

Айта кетейік, тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында Шымкентте қазақстандық пен шетелдік жетекші компаниялар қатысқан «AgroProm Shymkent 2016» көрмесі өтті.

Көрмеде азық-түлік және сусын түрлері, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтар ұсынылды. Сондай-ақ, шара барысында «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

ОҚО-да біріңғай «Оңтүстік экспорт» бағдарламасы әзірленбек

on_onim-logoБұл туралы өңір басшысы Елбасы тарапынан берілген бірқатар тапсырмалардың орындалу жайы қаралған мәжілісте айтты.

«Оңтүстіктің тамақ өнеркәсібін дамытудағы әлеуеті артып келеді. Бүгінде Сайрам, Мақтарал, Сарыағаш аудандары өндірген өнімдерін экспорттап келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында экспортталатын өнімдердің тізбесін жасап, біріңғай «Оңтүстік экспорт» бағдарламасын дайындауды тапсырамын»,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі таза өнім экспорттау үшін, өңірдің өз брендін қалыптастыру қажеттігін атап өтті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мәжілісте аймақ басшысы аудан, қала әкімдеріне өз өнімін экспорттауға қауқарлы әрбір тауарөндірушіге барынша қолдау көрсету қажеттігін айтып, ауданда өндірілетін өнімдердің тізбесін жасауды нықтап айтты.