Домой Блог Страница 103

Мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізіледі

Мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізіледі2019 жылдан бастап мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізіледі. Бұл туралы бүгін «Білім беруды дамытудың перспективті модельдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов мәлім етті .

Ол кәсіпкерлікке баулу білім берудің барлық деңгейінде, мектеп қабырғасынан бастап жүргізілуі тиіс екендігін баса айтты.

«Әлемнің көптеген елдерінде, мәселен, Дания мен Скандинавия елдерінде кәсіпкерлікке баулу мектеп бағдарламасының оқу процесіне енгізілген.  Осы орайда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысын қолдаған еліміздің Білім және ғылым министрлігіне ризашылығымызды білдіреміз. 2019 жылдан бастап мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізіледі»,  — деді М.Әбенов.

.Шараға мәртебелі мейман ретінде Израильдің бұрынғы Білім министрі, саясаткер Шай Моше Пирон да қатысып, өз ойларымен бөлісті.

«Көптеген елдер білім саласында реформа жасауға тырысқан кезде өзге мемлекеттердің тәжірибесіне жиі арқа сүйеп жататыны бар. Бұл ретте олар өздерінің білім беру ерекшеліктерін, өздерінің мәдениетін қаперден шығарып алады. Балалар ең бірінші кезекте өзі өмір сүріп жатқан жерді сезінуі тиіс. Бұл білім беру негізінің бірі. Инновация деп оны естен шығаруға болмайды», — деді шетелдік мейман.

ҚазАқпарат

Кредитті жылдам жабудың 7 әдісі

Кредитті жылдам жабудың 7 әдісіҚазақстандағы экономикалық жағдай мерзімі өткен кредиттер санының өсуіне әсер етуде. ҚР Ұлттық банкі  болса 5 млн. қазақстандықтың 4 трлн. теңгеге жуық банкте қарызы бар екенін және проблемалы қарызы барлардың үштен екісі кредиторлардан қашып жүргенін мәлімдеді. Ал мұндай жағдайға тап болмау үшін кредитті тезірек жауып тастаған жөн. Бұған қатысты кеңестерді 7kun.kz жазады.

1. Шығынды есептеу

Ең алдымен өзіңіздің кірісіңіз бен шығыныңызға сараптама жасау немесе ай сайынғы нәтижені жазып отыратын есеп кітапшасын арнау. Бұл қандай нәрседен үнем жасауға болатынын және үнемделген ақшаны пайдалы іске, яғни кредитті жабуға көмектесетінін түсінуге мүмкіндік береді. Бастысы — төлем кестесін жасап алып, сол кестеден кешікпей несиені төлеуге талпыну керек.

Есте сақтаңыз! Ай сайынғы шығындарды қысқартамын деп өзіңізге қажетті дәрі-дәрмекті сатып алудан немесе жеке шоттарға ақша төлеуден бас тартуға болмайды. Ал шоппинг немесе ойын-сауыққа жұмсалған қаржы уақытша болса да сіздің кредитіңіздің жабылуына кедергі келтіреді.

2. Бәрін кейінге шегеріп, үнемдеңіз

Өзіңіздің шығын жоспарыңызға бір қарап, оны тағы 30%-ға азайтыңыз. Сырттан тамақтану немесе автоматтан кофе сатып алу сияқты түрлі ұсақ-түйектерден бас тартыңыз. Сонда қанша ақша үнемдегеніңізді өзіңіз де байқап, кейбір нәрселерді кейінге шегеріп, кредитке төленетін қаржыны артығымен шығарып аласыз.

3. Қосымша кіріс көздерін тауып алу

Кредитті жылдам жауып тастау үшін өзіңізді қосымша жұмыс істеуден аямаңыз. Өзіңіз жұмыс істейтін жерден ақша төленетін артық жұмыс уақытын сұрап көріңіз немесе кейін жай ғана кетіп қалатын қосымша іс істеңіз (жеке сабақтар беру, консультация өткізу, мәтіндер жазу, әлеуметтік желідегі жұмыстар т.б.). Тапқан табысыңызды тездетіп кредитіңізді жабуға жұмсаңыз. Сондай-ақ, ескі қарыздарды да қайтаруды ұмытып кетпеңіз.

4. Айына 10% артық төлеу

Көпшілігі белгіленген соманы уақытымен өтеп отырсам, үнемдеймін деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде банк кредитті төменгі пайызда есептеп, сіздің ұзақ уақыт бойы төлеуіңізді, ал кредит ұйымы сіз арқылы пайда табуын қамтамасыз етеді.

Сондықтан кредит бойынша төлемді 10%-ға арттыру керек. Ал егер бірнеше кредитіңіз болса басқаша амал әрекет жасауға тура келеді. Мысалы ипотека, автокөлік сатып алуға, пәтердің жөндеу жұмыстарына алынған несие. Мұндай жағдайда барлық кредиттің 10%-ын жабудан ешнәрсе ұтпайсыз, есесіне кішіден үлкенге қарай ұмтылсаңыз, жағдай біраз жеңілдейді. Алдымен кредит бойынша төлем сомасын арттырып және оны бірнеше айға жаба тұрыңыз. Содан кейін мысалы автокөлік үшін алынған кредитке кететін қаражатты екінші бір кредитті жабуға жұмсайсыз және оның үстіне 10%-ды қосамыз. Осылайша қарызды екі-үш есеге жылдам жабуға болады.

5. Алдымен пайызы жоғары кредитті жабу

Қазіргі уақытта басында бір емес бірнеше кредиті бар қазақстандықтар жоқ емес. Бірнеше несиені жылдам жабудың тағы бір жолы бар. Біріншіден, пайыздық мөлшерлемесі ең жоғары қарызды жауып тастау. Мұндай несиені жауып тастау артық төлем құнын төмендетеді, ал үнемделген ақшаны екінші бір қарызды жабуға жұмсаңыз. Бастысы екі жақты төлем жасаймын деп несие мерзімін өткізіп алудан аулақ болыңыз.

Екіншіден, ең қымбат кредитті жауып тастаған соң сомасы аз қарыздарды төлеуге кірісіңіз. Ал ипотека сияқты ұзақ мерзімді кредиттермен соңында айналысыңыз.

6. Кредитті қайта қаржыландыру

Борышкерлер — банк үшін бағалы адамдар. Сондықтан олар басқа да қызмет түрлерін ұсынатыны белгілі. Солардың бірі кредитті қайта қаржыландыру. Бүл дегеніміз — алғашқы кредитті жабу үшін жаңа кредит рәсімдеу. Әрі мұндай кредиттің пайыздық мөлшерлемесі төмен болады және артық төлем болмауы мүмкін. Алайда кішігірім несиені өтеу үшін ірі көлемде кредит алудың қажеті жоқ.

7. Кредитті толық жабу

Кредит бойынша төлем аяқталғаннан кейін, банктен ешқандай қарызыңыз жоқ екендігі туралы анықтама алыңыз. Кейде жай ғана тиын қалып қалған жағдайда оның үстіне пайызы, банктің комиссиясы қосылады. Осылайша сіз шығынға батып қалуыңыз мүмкін.Сондықтан мұндай олқылықтар болмас үшін, әрі келесі бір несие алғанда да қосымша қажетті құжат ретінде анықтама болғаны жөн.

Адам мінезін телефон қоңырауына қарап білуге болады

Адам мінезін телефон қоңырауына қарап білуге боладыАдамның мінезін жақсырақ танығыңыз келе ме? Олай болса, оның телефон қоңырауында қандай әуен тұрғанына мән беріңіз. Рингтон адам туралы көп мәлімет береді.

1. Көңілді жүретін жандар өзі секілді күлген адамның немесе түрлі әзіл-қалжың айтылатын рингтон қояды. Мұң-қайғы атаулысын көтермейтіндіктен, оған өзгелердің үнемі күліп жүруі маңызды. Өте мейірімді, сенгіш, кез келген уақытта көмекке келуге әзір. Ұрыс, жанжал дегендерді ұнатпайтындықтан, онымен барлығы да тіл табыса алады.

Кемшілігі: жауапкершілікті мойнына алмайды.

2. Дыбыссыз режим. Ол біреуге жайсыздық сезімін сыйлаудан қорқады. Әрдайым сыпайы және сабырлы. Махаббат мәселесінде өте сезімтал. Және қандай жағдай болмасын, өзгелерді айыптаудан аулақ.

Кемшілігі: ол көпшілікпен араласуды ұнатпайды.

3. Жеке рингтон. Бұл адам сән мен гаджеттерді өте жақсы бақылайтындықтан, телефоны да соңғы модельдердің бірі болуы тиіс. Оған толықтай сенім артуға болады. Өте ұстамды. Бірақ арада жақсы қарым-қатынас орнату үшін сіз де өз кезегіңізде сабырлық танытуыңыз керек болады.

Кемшілігі: қалжың түсінбейді.

4. Стандартты әуен. Бұл жанның адалдығына күмәніңіз болмасын. Ол үшін отбасы мен отбасылық құндылықтар өте маңызды.

Кемшілігі: адамды жалықтырып  жіберуі мүмкін.

5. Құстардың сайрағаны немесе романтикалық әуендер. Өте сезімтал, жомарт адам. Отбасы мен достарына қамқорлық танытады. Қоршаған ортаны қорғайды. Ол өте адал дос болады.

Кемшілігі: уайымшыл, мазасыз, сенгіш.

Ал сіздің телефоныңызда қандай әуен тұр?

anabol.kz

Адамдардың салмақ тастау барысында жіберетін қателіктері

Адамдардың салмақ тастау барысында жіберетін қателіктеріБір бутербродты толықтай жеу арқылы біз 330 келі калорияға ие боламыз. Қазіргі таңда диета сақтаудың түрлі әдісі бар. Бірақ, олардың бірде-бірі 100 пайыздық кепілдік бере алмайды.

Егер сіз шынында аз жеймін деп шешсеңіз, онда қарныңызды ашырмауға тырысыңыз. Бір аптада бір келіден артық арықтау қауіпті. Қарама-қарсы жағдайда салмақтан арылу денсаулыққа зиянды болады. Яғни, барлық зат алмасу процесі бұзылып, жүрек пен мидың жағдайы қиындайды.

Егер азу процесі тым жылдам орын алса, онда ағза өз-өзінен май жинай бастайды. Яғни, адамның ішкі ағзасында адам еркінен тыс “қорқыныш” пайда болады. Бұдан кейін құлшыныс артып, тез толып кетуіңіз де мүмкін.

Егер бір айда төрт келіден де көп салмақ тастасаңыз, онда организмнің өз-өзінен ыдыраған заттар әсерінен улану мүмкіндігі зор болып шыға келеді. Бірақ, үсті-үстіне ерекше қарқынмен спортпен айналыссаңыз, онда ыдыраған өнімдер жылдам шығып кетеді. Бұл өз кезегінде қан айналымы мен тыныс алу қарқынының жылдамдауымен байланысты.

Салмақтан арылуға арналған дәрмектер тізімі өте шектеулі. Тек екі-үш дәрі ғана белсенді түрде пайдаланылады. Бұл дәрілер салмақты бір жылда тек 8 пайызға дейін ғана төмен түсіре алады. Бірақ, оларды пайдалану арқылы ұйқысыздық, артериялық қысым, жүйкенің тынышсыздануы, ішектердің бұзылуы, жүректің айнуы секілді жайсыз жағдайларға ұрыну ықтималдылығы өте жоғары.

Ең абзал тәсіл – калорияны өзіңе қабылдағаннан гөрі, оны таратуға күш жұмсау керек.

islam.kz

Астанада туризм бойынша халықаралық конференция өтті

Астанада туризм бойынша халықаралық конференция өттіКеше, 12 қыркүйекте елордада «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне келушілерді тарту мақсатында халықаралық конференция өтті. Оған Қазақстанның өңірлерінен 200 және Ресей, Қытай, Еуропа, Азия мен ТМД мемлекеттерінен 100 туроператор қатысты, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Бектұрова Малика Ерланқызы конференция қонақтарын ЭКСПО-2017 көрмесі барысында өткізу жоспарланған шаралармен таныстырды.

Сонымен қатар, конференция аясында Қазақстанның туроператорларымен көрмеге 70 мыңға жуық билет сату туралы меморандумға қол қойылды.

Алматы облысының әкімі жерлестеріне өзара келісімді сақтауға шақырды

Алматы облысының әкімі жерлестеріне өзара келісімді сақтауға шақырдыБүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы «Иман» мешітіне барып, жерлестерін Құрбан айтпен құттықтады.

Құттықтау сөзінде өңір басшысы әр үйге, әр отбасыға бейбітшілік, сәттілік, келісім мен бақыт тіледі.

 «Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн күллі әлем мұсылмандары үшін ұлы мереке! Бұл күні адамдар арасында өзара түсіністік, өзара сыйластық қалыптасады, тілектері, ойлары бір арнаға тоғысады», — деді Баталов. — Бұл қасиетті күндері барлығыңызға мықты денсаулық, бақыт, махаббат, бірлік, жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!».

Өңір басшысы атап өткендей, Қазақстан  тұрғындары елде бейбітшілік пен тұрақтылық болғанын қалайды. «Қазақстан қоғамының негізгі құндылығы —    ұлысаралық және конфессияаралық келісімді сақтауымыз  қажет», — деп сөзін түйіндеді ол.

Облыс әкімі айт намазына қатысып,  Құрбан шалды.

Алматы облысының әкімі А. Баталов Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Алматы облысының әкімі А. Баталов Құрбан айт мерекесімен құттықтадыБүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қаладағы «Иман» мешітіне келіп, облыс тұрғындарын қасиетті Құрбан Айт мерекесімен құттықтады:

Қымбатты жетісулықтар!

Сіздерді мұсылман халқы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Құрбан айт – діни мейрам ғана емес, адамзатты жақсылыққа шақырып, ізгілікке үндейтін, қайырымдылық жасау арқылы жүректерге мейірім ұялататын, құрбандық шалу арқылы ұлы Алланың разылығына бөленетін қасиетті мереке.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ислам – халықты ынтымақ пен бірлікке шақыратын дін», — деп атап өткен болатын.

Құрбан айт халықтың басқа да діни мерекелері сияқты қазақстандықтардың рухани өміріндегі, моральдық-адамгершілік қағидаларын нығайтудағы, қоғамдық – саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды тетікке айналды.

Қасиетті айдағы айтар тілегіміз – Жаратушы иеміз шалған құрбандықтарыңызды қабыл етіп, жасаған әрбір қайырымды істеріңізге сауаптан жазсын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, іргеміз бүтін болып, жарқын болашаққа татулық пен бірлікті ту етіп көтеріп, асқақ армандар мен биік мұраттарға бірге жетейік! Ұлы Дала төсін мекендеген Мәңгілік Елдің ертеңі арайлы болсын!

Осыдан кейін өңір басшысы айт намазына қатысып, соңында құрбандық шалды.

ОҚО-да 21 кәсіпорын өз өнімдерін шетелге экспорттайды

ОҚО-да 21 кәсіпорын өз өнімдерін шетелге экспорттайдыОңтүстік Қазақстанда бүгінгі таңда 21 кәсіпорын өз өнімдерін шет ел асырып, экспорттайды. Аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстан Республикаларына өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой етін және сиыр етін экспорттайды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ресей нарығына шығарылатын негізгі өнімдер бақшалық дақылдар, мен көкөністер ІҚМ-ға арналған мал азығы, консервіленген балық, жемістер, мақта, қызанақ, күркетауық еті,сусындар және т.б. Мәселен, осы жылдың алты айында теріскейдегі көршілерге 45 мың тонна қауын, 17 мың тонна қарбыз экспортталған.

Ал оңтүстікқазақстандық «Хамит» компаниясы балықтың сүбе етін Грузия, Германия, Украина Республикаларына және Ресей Федерациясына жібереді.

Қазіргі таңда ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты Еуро одақ елдеріне шыға бастады. Мысалы, «Қаршыға» шаруа қожалығы алма, қауын және қарбыз өнімдерін Германияға жібере бастады.

Бүгінде өңірімізде Иран республикасына жүгері және қой етін экспортқа шығару жайы реттелуде. Сауд Арабиясына, БАӘ және Ирак республикасына кой етін экспорттауға алдын ала келісімдер туралы жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы бағыт бойынша осы жылдың маусым айында БАӘ-ға қойлар экспортталғаны есімізде.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында ауылдардың ажары арта түсті

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында ауылдардың ажары арта түстіТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда алты аллея салу жоспарланған болатын.

Бүгінге дейін ауданда «Құрметті азаматтар» және «Жастар» аллеяларының құрылысы аяқталып, наурыз айында пайдалануға берілді.

ОҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда Бәйдібекте «Мәңгілік ел» аллеясының құрылыс жұмыстары басталды. Шаян ауылының кіре берісіндегі жол бойында орналасатын аллея республикалық бюджеттен қаржыландырылып, жалпы алаңы 0,75 га аумақты алып жатыр. Айта кету керек, бұрын бұл жердың орны бос жатқан алаң болатын.

Болашақта үлкен демалыс орнына айналуы тиіс аллеяға биіктігі 25 метр болатын еліміздің туы орнатылмақ. Арнайы қоршалып, жан-жағы абаттандырылатын орын заманауи жарықтандыру құралдарымен жабдықталып, оған субұрқақтар орнатылады. Нысан осы жылдың қараша айында пайдалануға берілмек.

Мұнан бөлек, аудан жетекшілігі, алдағы күндері тағы үш аллеяның қазығын қағуды жоспарлап отыр. «Қобыз», «Үш би» және «Мұхтар Әуезов» деп аталатын саяжолдардың құрылысы таяуда басталады

ҚР Білім және ғылым министрлігінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау тестілеуі өтті

ҚР Білім және ғылым министрлігінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау тестілеуі өтті. Тестілеуге 175 мемлекеттік қызметші қатысты. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Тестілеуінің қорытындысы бойынша келесі көрсеткіштер анықталды (деңгейлер бойынша):

kaz.jpg

Жоғарыдағы диаграммадан тестілеуге қатысушылардың басым бөлігі қазақ тілін базалық, орта және ортадан жоғары деңгейде меңгергендігі байқалады.

Тестілеуге қатысушылардың саны құрылымдық бөлімшелері бойынша төмендегі кестеде көрсетілген:

1. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

23

2. Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті

9

3. Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаменті

12

4. Қаржы департаменті

7

5. Бюджеттік жоспарлау департаменті

6

6. Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті

8

7. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі департаменті

15

8. Техникалық және кәсіптік білім департаменті

9

9. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті

17

10. Ақпараттық технологиялар департаменті

6

11. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

17

12. Жастар саясаты департаменті

46

13. Ғылым комитеті

                                                                                                Жалпы саны:

175