Спорт сарайында өткізілген маңызды мерекелік шараға 3500 ақтөбелік қатысты. Сондай-ақ шарада облыстағы 12 ауданның барлығынан 22 мың тұрғын байланысқа қосылды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық-мәдени орталықтардың мүшелері, кәсіпкерлер және т.б. қатысты.
— Тәуелсіздік күні барлық қазақстандықтар үшін ең тарихи мереке болып табылады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев басшылығымен бірге 25 жылдың ішінде біз жаңа мемлекет пен қатар сонымен қатар бәсекеге қабілетті елді құрдық. Елбасының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрып келеді,-деді жиынға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Өңір басшысы тұрғындардың зор үлесінің арқасында облыс Қазақстанның экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқанын айтып өтті.
Мәселен соңғы 25 жыл ішінде өнеркәсіп көлемі- 1600 есе, тартылған инвестиция – 2400 есе, жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 40 есе, ЖӨӨ- 1350 есеге артқан. 1991 жылдан бері қарай тек мемлекеттік бюджет есебінен өңірде жалпы аумағы 6,1 млн. шаршы метр болатын 55 мың пәтер, 113 мектеп, 487 мектепке дейінгі ұйым, 700 спорт ғимараттары, 122 денсаулық сақтау нысандары, 1000 шақырымнан астам автокөлік жолдары салынып, барлық аудан орталықтары газдандырылды.
Туу көрсеткішінің 67,7%, халық санының 15%, өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін өсуі – тәуелсіздік жылдары ішінде халық жағдайының жақсарғандығының дәлелі.
25 жыл ішінде аяғымызға нық тұрып, өмірлік тәжірибе жинақтадық. Мұның барлығы ел Президентінің көрегендігінің, оған деген халықтың үлкен сенімі мен қолдауының арқасында мүмкін болғандығын барлығымыз жақсы білеміз.
Ендігі біздің алдымызда тұрған ортақ мақсат – Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз етуіміз тиіс. Ол үшін бізде қажетті барлық алғышарттар бар – біз тиімді әлеуметтік-экономикалық жүйе мен тұрақты саяси институттарды құрдық. Тек қана аянбай еңбек етіп, ел мүддесі үшін бірлесе жұмыс жасау қажет, — деді облыс әкімі.
Айта кету керек, Ақтөбе облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ауқымды мерекелеу 2016 жылдың қаңтар айында басталған болатын. Күн сайын өңірде айтулы мерекеге арналған ондаған шара өткізіледі. Олардың әрқайсысы «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасына сай, әлеуметтік- экономикалық дамудың барлық саласын қамтыды.
Ақтөбе Қазақстандағы «Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 25 негізі», 25 тақырыптық күндерді алғашқы болып мерекелеген өңірлердің бірі.
Сонымен қатар, облыс әкімінің бастамасымен өңірдің ірі компаниялары барлық мұқтаж адамдарға киім-кешек, отын, үйлерді газдандыру, шатырларын ауыстыру және өзге де мәселелерін шешуге көмек көрсетті. Жетім балалардың, мүгедектер мен аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайын қолдау үшін қайырымдылық акциялары өткізілді. Жалпы алғанда жыл басынан бері облыста 350 қайырымдылық акциясы өтіп, 15 мыңнан астам адам жалпы құны 130 млн. теңге көлемінде көмек алды.