Домой Блог Страница 12

35 санитарлық автомашина кілттері табыс етілді

4cb678ff1be952cee42c7691d445e924Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Талдықорған қаласындағы  орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталов өңірдегі емдеу мекемелеріне 35 санитарлық автокөліктің кілтін тапсырды.

Жиналғандарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаған облыс басшысы А. Баталов мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлініп келе жатқанын атап өтті.

— Тәуелсіздік жылдары облыста халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Емдеу мекемелері салынып, күрделі жөндеуден өткізілуде, материалдық-техникалық базалары нығайтылып, медициналық қызмет көрсету сапасы жақсартылуда. Бүгін, мерейтой қарсаңында емдеу мекемелеріне 35 автокөліктің кілтін тапсырғалы отырмыз, — деді А. Баталов.

Бұл жылжымалы жедел медициналық кешендерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 484,0 млн. теңге бөлінгенін айта кету керек. Сонымен қатар бұл автокөліктер жүрек талмасы, инсульт, жолдағы жарақаттану кезіндегі жедел жәрдем үшін және ана мен бала қызметі үшін қазіргі заманғы талапқа сай ыңғайлы, портативті электрокардиографпен, дефибриллятормен және килород аппаратымен жабдықталған.

www.zhetysu.gov.kz

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы шеңберінде көркемсурет көрмелері өтіп жатыр

c-1Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде түрлі мәдени және спорттық шаралар, байқаулар, флешмобтар өткізілуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

16 желтоқсан қарсаңында Тәуелсіздік сарайында Қазақстан суретшілер одағының мүшелері Жанұзақ Мүсәпір мен Әділғали Баяндиннің «Суретші бақыты — Еркіндік» тақырыптық көрмесі ашылды. Көрмеде қылқалам шеберлерінің 50-ден аса ең жарқын туындысы ұсынылды.

Сондай-ақ, «Астана» сурет галереясында Қазақстанның 25 жас суретшісі еңбектерінің көрмесі ашылды. Олар дөңгелек үстел басында өздерінің күнделікті және шығармашылық өмірлерінде тәуелсіз мемлекет қалыптасуының маңыздылығын қалай түсінетіндерін жеткізді.

Фотограф Оспан Әли қазақстандықтардың өмірінен жарқын және кездейсоқ эпизодтарын түсірген. Фотосуретшінің еңбектерін «Керуен» СОСО ертең ашылатын «Тәуелсіздігіміздің 25 кадры» атты көрмеден көруге болады. Оның кейіпкерлері белгісіз, бірақ олар біз байқамайтын еліміздің тұлғалары.

Шымкентте жаңғыртудан өткен газ таратушы желілер пайдалануға берілді

96094c26-c233-41d6-ab96-6a53a19a94d1Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы — Шымкентте газ таратушы желілерді қайта жөндеу мен жаңғыртудың кезекті сатысы аяқталып, ел игілігіне берілді.

Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ғалым Айдосов, бизнес құрылымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде сөз бастаған облыс әкімі Ж.Түймебаев аймақтағы көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары жайына тоқталып, осы бағыттағы игі істердің жалғасын табуына тілектестік білдірді.

«ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы қазіргі таңға облыстағы 300 мыңға жуық абонентті газбен қамту қызметін жүргізіп отыр. Аталған мекеме ұжымымен көгілдір отынмен қамтудағы Кеңес Үкіметі кезінде салынып, тозығы жеткен құбырларды, қондырғыларды жаңарту арқылы халыққа сапалы газ беру мақсатында соңғы 6 жылда 33 млрд. теңге инвестициялық қаржыға «Шымкент қаласының газ тарату желілерін қайта құру мен модернизациялау» бағдарламасы жүзеге асырылды. Жалпы инвестициялық қаражаттар есебінен 2390 шақырым газ құбырлары жаңартылған. Нәтижесінде 2017 жылдың 1 қаңтарына құбырлардың тозығы жетуі 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60 %-дан 19 %-ға төмендетіліп отыр», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мұнан бөлек, аймақ басшысы 2013 жылы Түркістан қаласына №15 автоматты газ тарату станциясының (әрі қарай АГТС), 2015 жылы Бәйдібек, Созақ аудандарын газдандыруға №18 «Шалдар» АГТС құрылысының акционерлік қоғам қаражаты есебінен аяқталып іске қосылғанын айтты. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Түркістан шаһары мен Шаян елді мекендері газбен қамтылып жатыр деді облыс әкімі.

2009-2016 жылдар аралығында бюджет есебінен елді мекендерді газдандыру саласына 65 млрд. теңге қаражат жұмсалып 203 елді мекенге көгілдір отын жетті. Нәтижесінде, 2016 жылдың қорытындысымен қосымша 25 елді мекен газға қосылып, облыс бойынша жалпы 300 елді мекен (35,5%) немесе 1 755 306 халық (61,8%) табиғи отынмен қамтылғалы отыр.

Баршаға белгілі, облысымызға «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» отандық магистралды газ құбыры тартылған болатын. Бүгінгі таңда аталған құбырдың бойындағы облыстың солтүстік-батыс бөлігіндегі 8 аудандағы 248 елді мекенді (684 304 халық) газдандыру мақсатында жоспарланған 7 автоматты газ тарату станцияларының (АГТС) 4-уі іске қосылды. Қалған 3 АГТС құрылысын 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығына аяқтау жоспарланып отыр. Осыған орай, облысты газдандырудың 2021 жылға дейінгі іс-шарасы әзірленіп, бүгінгі таңда 47 елді мекенді газдандырудың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу басталды. Одан бөлек 2017 жылы да бұл жұмыстарға қаржы қарау жоспарлануда.

Жалпы облыс елді мекендерін газдандырудың іс-шара жоспарына сәйкес, 2017-2020 жылдар аралығында 383 елді мекендерді (733 630 халық) газдандыру жоспарланған. Нәтижесінде 2020 жылдың аяғына 683 елді мекенді (80,9 % е.м.) немесе 2,5 млн. халықты (89 %) газдандыру көзделіп отыр.

Ұлттық оператор «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мамандарымен 2009 жылдан бері басталған тиісті жұмыстар үздіксіз газ жеткізуді қамтамасыз ету, газ ысырабын азайту, жүйенің өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында қолға алынған. Оның ішінде, Оңтүстік

Қазақстан облысын газбен жабдықтаудың техникалық базасын жақсартуға басымдық беріледі. Бұл, өз кезегінде, жаңа газ инфрақұрылымын жасап қана қоймай, тұтынушылар мен жеткізушілер арасында сенімді байланыс орнатып, қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Елордалық тәртіп сақшылары сахна төрінде өнер көрсетті

cҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қойылымда елордалық полиция қызметкерлері рөлдерді өздері сомдады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Идеяның авторы – Астана қаласының ІІД басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров.

«Қойылым сюжетінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан полициясының қалыптасуы, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы әкенің ізін жалғаушы полиция қызметкерлерінің дәстүрлі үлгілері сөз болады», — деді Астана қаласы ІІД басшысы Амантай Әубәкіров.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері — Әділ мен оның ұлы Қайсардың ерен ерлігі спектакльдің негізі болып табылады. Әділдің рөлін полиция аға лейтенанты Жұмажан Өтегенов, ұлы Қайсардың рөлін полиция аға лейтенанты Жандар Болатбек сомдады.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бірқатар қызметкерлер марапатталды

20160909120441Алматы облысының Сарқан ауданындағы Екіаша ауылдық округінің мəдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Кеште аудан əкімі тұрғындарды Мерейлі мерекемен құттықтап, 25 жылда елді мекеннің əлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар жандарға «ауданның құрметті азаматы» атағын берді. Олардың қатарында, ауданның экономикалық және әлеуметтік салаларын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Өмірəлиев Талғат Əбенұлы, денсаулық сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі мен қоғамдық жұмысқа белсенді ат салысқаны үшін Тілемісов Түйебай, Сарқан ауданның ауыл шарашылығы саласына сіңірген айрықша еңбегі мен қоғамдық жұмысқа белсене ат салысқаны үшін Душкин Сергей Николаевич бар.

Сондай-ақ түрлі саланың қызметкерлерін құрмет грамотасы жəне алғыс хаттармен марапаттады.

Шара соңы концертке ұласты. Кешке Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Мелдешов Ғалымжан Сәрсенбайұлы арнайы қатысты.

ҚазАқпарат

Талдықорғанда «Ұлы дала ұрпағымыз» атты флешмоб ұйымдастырылды (Видео)

Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ерекше тарту жасады. Олар күмбірлетіп күй шертіп, патриоттық əндерді əуелетіп шырқады.

Ерекше қойылым  қаладағы ойын-сауық кешеннің  бірінде өтті. Жергілікті тұрғындардың аталған шараға ықыластары ерекше болды. Тамашалауға лег-легімен ағылды. Олардың назарына 100 -ден аса оқушы «Балбырауын» жəне «Сарыарқа» күйлерін орындады.  Айта кету керек, еліміздің барлық облыс орталықтары мен қалаларындағы  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Біз — Ұлы дала ұрпағымыз» атты флешмобты  бір мезетте ұйымдастырды.

ҚазАқпарат

Айдын Айымбетов тұрғындарға пəтер кілтін табыс етті

20161213084053Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығын Алматы облысындағы Қаратал ауданының тұрғындары ерекше сəн-салтанатпен қарсы алды. Мереке қарсаңында 30 отбасы баспаналы болды. Қуаныш иелеріне пəтер кілтін Айдын Айымбетов табыс етті. Жерлестерін қуаныштарымен құттықтап, ізгі ниетін білдірген ғарышкер жаңа пəтерлерді аралап шықты.

Айта кету керек, пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен. Іргетасы бұзылып, қаланың көркін қашырған нысан толықтай қайта қалпына келтірілді. Бұл мақсатқа биыл облыстық бюджеттен 166 млн. теңге қаржы бөлінді. Тамыз айында басталған жұмыс уақытында аяқталды. Жаңаға бергісіз қалыпқа енген тұрғын үй, ел игілігіне берілді.

Халық қаһарманына Қаратал ауданының əкімі Қайрат Бисембаев құрмет көрсетті. Айдын Айымбетовке «Қаратал ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда аудан бойынша мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Келер жылы 40 пəтерлік коммуналдық үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

ҚазАқпарат

Алматы облысында бір күнде екі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

20161212195253Бүгін Алматы облысының Ақсу ауданында екі көп қабатты үй пайдалануға берілді.

Жансүгіров ауылында 50 отбасы баспаналы болды. Халықтың игілігіне берілген баспана 90-шы жылдары қаңырап бос қалған. Қос үйді қалпына келтіріп, ел игілігіне беруде  ауданнан шыққан белгілі бизнесмен Сабыр Қадырұлы өз үлесін қосты.

Айта кету керек, қазіргі таңда Ақсу ауданында ерекше акция ұйымдастырылған. «Туған жерге туыңды тік» атты бастама аясында ауданнан шыққан кəсіпкер жомарт жандар өз көмектерін көрсетуде. Сабыр Қадірұлы да, осы игі шара аясында өз көмегін көрсетті.  Коммуналдық үйден пəтерге ие болған жандардың барлығы баспана  тауқыметін тартқандар. Олардың ішінде 7-і жетім бала бар.

Соңғы екі жылда Ақсу ауданында баспана құрылысы қарқынды.118 коммуналдық пəтер пайдалануға берілді. Аудан əкімі  Əділбек Далбағаевтың айтуынша, бүгінде аудан халқының саны күн санап өсіп келеді. Баспана кезегінде 500-ден аса адам тұр.

ҚазАқпарат

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік жиынға 25 мыңнан астам ақтөбелік қатысты

20161213172310_img_9934Спорт сарайында өткізілген маңызды мерекелік шараға 3500 ақтөбелік қатысты. Сондай-ақ шарада облыстағы 12 ауданның барлығынан 22 мың тұрғын байланысқа қосылды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық-мәдени орталықтардың мүшелері, кәсіпкерлер және т.б. қатысты.

— Тәуелсіздік күні барлық қазақстандықтар үшін ең тарихи мереке болып табылады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев басшылығымен бірге 25 жылдың ішінде біз жаңа мемлекет пен қатар сонымен қатар бәсекеге қабілетті елді құрдық. Елбасының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрып келеді,-деді жиынға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы тұрғындардың зор үлесінің арқасында облыс Қазақстанның экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқанын айтып өтті.

Мәселен соңғы 25 жыл ішінде өнеркәсіп көлемі- 1600 есе, тартылған инвестиция – 2400 есе, жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 40 есе, ЖӨӨ- 1350 есеге артқан. 1991 жылдан бері қарай тек мемлекеттік бюджет есебінен өңірде жалпы аумағы 6,1 млн. шаршы метр болатын 55 мың пәтер, 113 мектеп, 487 мектепке дейінгі ұйым, 700 спорт ғимараттары, 122 денсаулық сақтау нысандары, 1000 шақырымнан астам автокөлік жолдары салынып, барлық аудан орталықтары газдандырылды.

Туу көрсеткішінің 67,7%, халық санының 15%, өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін өсуі – тәуелсіздік жылдары ішінде халық жағдайының жақсарғандығының дәлелі.

25 жыл ішінде аяғымызға нық тұрып, өмірлік тәжірибе жинақтадық. Мұның барлығы ел Президентінің көрегендігінің, оған деген халықтың үлкен сенімі мен қолдауының арқасында мүмкін болғандығын барлығымыз жақсы білеміз.

Ендігі біздің алдымызда тұрған ортақ мақсат – Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз етуіміз тиіс. Ол үшін бізде қажетті барлық алғышарттар бар – біз тиімді әлеуметтік-экономикалық жүйе мен тұрақты саяси институттарды құрдық. Тек қана аянбай еңбек етіп, ел мүддесі үшін бірлесе жұмыс жасау қажет, — деді облыс әкімі.

Айта кету керек, Ақтөбе облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ауқымды мерекелеу 2016 жылдың қаңтар айында басталған болатын. Күн сайын өңірде айтулы мерекеге арналған ондаған шара өткізіледі. Олардың әрқайсысы «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасына сай, әлеуметтік- экономикалық дамудың барлық саласын қамтыды.

Ақтөбе Қазақстандағы «Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 25 негізі», 25 тақырыптық күндерді алғашқы болып мерекелеген өңірлердің бірі.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бастамасымен өңірдің ірі компаниялары барлық мұқтаж адамдарға киім-кешек, отын, үйлерді газдандыру, шатырларын ауыстыру және өзге де мәселелерін шешуге көмек көрсетті. Жетім балалардың, мүгедектер мен аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайын қолдау үшін қайырымдылық акциялары өткізілді. Жалпы алғанда жыл басынан бері облыста 350 қайырымдылық акциясы өтіп, 15 мыңнан астам адам жалпы құны 130 млн. теңге көлемінде көмек алды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбеде ауылшауаршылық жәрмеңкесі өтеді

img_132415 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай Ақтөбе қаласы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.

Оған Мәртөк, Ойыл, Әйтеке би, Қобда, Қарғалы, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

Жәрмеңке өнімдерінің бағасы қала базарларына қарағанда 10-15%-ға төмен болады.