Домой Блог Страница 144

Компот қайнатудың тәсілдері

maxresdefaultКомпот – әмбебап сусын. Оны салқын, жылы күйінде де ішуге, қысқа сақтауға да, десерт ретінде де пайдалануға болады. Еуропалық дәстүр компотқа біз секілді жай ғана сусын ретінде қарамайды, олар үшін компот – тамақтан кейін міндетті түрде берілетін жеміс қайнатпасы.

Компоттың бірнеше түрі бар. Мәселен, ингредиенттер бойынша: жаңа піскен жемістен жасалатын, құрғақ жемістерден және тоңазытылған жемістерден әзірленетін компоттар болып бөлінеді. Бұл тізімді ассорти-компоттар, консервіленген компоттар, қайнатылған және қайнатылмаған компоттар толықтырады.

Ингредиенттер

Су. Компот үшін краннан немесе бұлақтан алынған емес, сапасы жақсы судың таңдаңыз. Құрғақ және тоңазытылған жемістерді суық суға салыңыз: оларға ісіп-кебіну, жібу үшін уақыт керек. Ал жаңа піскен жеміс-жидектер үшін ыстық қайнған суды таңдаңыз: жемістерден шырын мен дәрумендер алу үшін өте жоғары температура керек болады.

Қант. Компот үшін ақ, қызыл қоңыр, жемісті немесе құрақ қант жарайды. Дегенмен, қантыңызға байланысты компоттың да дәмі өзгереді. Қантпен бірге бал қоссаңыз, хош иісті, пайдалы болып шыға келеді (балды қайнаған суға қосуға болмайды). Әрине, сусынның дәмді болғаны жақсы, бірақ, ол үшін қантты көп қосып жүрмеңіз. Жақсы дәмге қол жеткізу үшін ескі тосаптың, қант сиропының қалдықтарын пайдаланыңыз. Компот қайнатуда орташа есеппен әрбір литр үшін 150 грамм қант қажет. Қанттың мөлшерін жеміс-жидектің қышқылдығына байланысты өзгертуге болады.

Жеміс-жидектер. Компотқа қолжетімді келетін кез келген жеміс-жидек жарай береді, олардың жаңа, кептірілген, тоңазытылған болуы мүмкін. Бірақ, жеміс-жидектерді езуге болмайды. Компоттың мақсаты – жемістерді бүтін күйінде сақтау болып табылады (үлкен жемістерді кесіп салыңыз). Компот үшін тым тәтті жемістер алынса, оны қышқылдату үшін лимон мен мүкжидек көмектесе алады.

Сізге оғаш көрінегімен, компотты асқабақ, рауғаш, сәбіз, кәді сынды көкөністерде де қайнатуға болады. Оның түсі әсерлі болу үшін қызылша қосылады. Тіл үйірер дәм мен хош иісті алу үшін қызыл шарапты, жеміс шырындарын, даршын, зімбір, жалбыз, мелисса, қалампыр, хош иісті бұрыш, жұпар жаңғақты қосуға болады. Бұлардың қатарына лимон қабығының үгіндісі мен раушан күлтелері, бір шымшым тұз артықтық етпейді. Бұл дәмдеуіштерді дайын болуға 5-10 минут қалғанда қосыңыз.

Компот қайнатудың тәсілдері

– Компотты жәй отқа аздаған уақыт қайнатып болған соң, отты өшіріп, бірнеше сағат бұқтырып қою керек. Осылай жасағанда жемістегі дәрумендер мен басқа да пайдалы заттарды сақтап қалуға болады.

– Компотқа арналған жемістерді бірдей етіп кесіңіз, қайнатқан кезде біркелкі жібиді.

– Жемістерді қайнап жатқан суға саларда лимон қышқылын қоссаңыз, дәрумендер жақсы сақталады.

– Компотты қайнату уақыты әртүрлі: алма мен алмұрт үшін 35-40 минут, қалған жемістерге 15 минут жеткілікті.

– Компотты дайындаудың тағы бір жолы: дайындалған жеміс-жидектерге қант сеуіп, қайнап тұрған суды құясыз да, 10-12 сағат бұқтырып қоясыз.

– Компот дайындауға болмайтын жемістер: құрма, анар, айва және банан.

– Компотты 2-14 °С температурадағы тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Мұздатқышта қатырып бір айға дейін сақтауға болады.

Ақпарат Интернеттен алынды

Бақытты болудың 11 тәсілі

Бақытты болудың 11 тәсіліБақытты адамдар ғана жемісті жұмыс істеп, көп нәрсеге қол жеткізеді және беделді болады деп ойласаңыз, өте дұрыс ойлайсыз. Көптеген ғылыми зерттеулер де осыны айғақтап отыр. Ересектер де, балалар да көтеріңкі көңіл күйде биік мақсаттар қойып, тыңғылықты жұмыс істейді. Сонымен қатар, өзін бақытты сезіну құштарлықты арттырады.

Арнайы кеңестерді оқымас бұрын, бақыт жайлы бірнеше аңыздарды қарап шығайықшы:

Аңыз №1. Бақытты іздеу керек. Олай емес, бақыт толы мекенді іздеп табамын деп тырыспай-ақ қойыңыз.

Аңыз №2. Біздің бақытты болуымыз жағдайға байланысты. «Егер де… менде … болса, бақытты болар едім» деп ойлап, қақпанға түсіп қалмаңыз.

Аңыз №3. Бақыт не бар, не жоқ. Көп жағдайда бәрі адамның өзіне байланысты, сіз өз қолыңызбен бәрін өзгерте аласыз.

Бақытты болуға септігін тигізер арнайы кеңестер:

1. Рақмет айтудан шаршамаңыз. Өзгелерге де, өзіңізге де шынайы рақымшылығыңызды білдіруден жалықпаңыз. Кеш сайын өміріңізді болған бақытты сәттерді еске алып, соған себепкер болған адамдарды, өзіңізді, жалпы өмірге рақмет айтып отырыңыз. Арнайы рақмет айтатындай мүмкіндік болмаса, іштей ризашылығыңызды білдіріңіз.

2. Оптимист болыңыз. Күнделік жүргізіп, күніне 10-15 минут өміріңіздің көріністерін 5-10 жылдан кейін қалай көргіңіз келетіндігін суреттеп жазып отырыңыз.

3. Өзіңізді басқалармен салыстыратын артық ойлардан аулақ болыңыз. Өмірде болып жатқан келеңсіз жағдайларды сирек ойлауға және өзіңізді басқалармен салыстырмауға тырысыңыз. «Айтпағаным өкінішті болды… Басқаша істеуім керек еді…» деген сияқты ойлардан аттап өтіп отырыңыз.

4. Мейірімділік әрекеттеріне машықтаныңыз. Альтруизм біздің генімізде бар қасиет және әлі күнге дейін өмір сүруімізге көмектесіп келеді.

5. Қарым-қатынастарды дамытыңыз. Көпшілікпен жылы қарым-қатынас орнатып, одан ләззат алуға тырысыңыз және ол үшін уақытты да күшіңізді де аямаңыз.

6. Мәселелерді шешудің өзіндік стратегиясын жасап алыңыз. Шаршау, жарақат, қиындықтармен күресетін өз стратегияңызды пайдаланыңыз.

7. Кешірімді болыңыз. Барлық өкпе мен ренішіңізді жазып, хат жазыңыз. Оны жіберу міндетті емес, тек бір оқып алыңыз да осымен бәрі кетсін деп, жағып жіберіңіз.

8. Өзіңізге қызық және жаныңызға рахат сыйлайтын іске арнайы уақыт табыңыз.

9. Өмірдің өзі сыйлайтын қуаныштарды іздеңіз. Қоршаған әлемнің жағымды ұсақ-түйектеріне назар салыңыз және оларды өзіңізге қолжетімді тәсілдермен суреттеуге тырысыңыз: сурет салу арқылы, күнделікке жазып қою арқылы, суретке түсіру немесе жай ғана жақындарыңызбен бөлісу арқылы.

10. Мақсаттарыңызды айқындаңыз. Алға қойған мақсаттарыңыздың бірін айқындап, бар назарыңызды соған бөліңіз және оның іске асуына бар күшіңізді салыңыз.

11. Денсаулығыңызға мән беріңіз. Спортпен шұғылданыңыз және нәрлі тағамдар жеңіз, зиянды әдеттерден құтылыңыз. Кешкісін аяғыңызға массаж жасап, шаршағанын басыңыз, өйткені аяқ — ең шаршайтын мүше. Үнемі күлімдеп жүру де денсаулығыңызға өте пайдалы.

Осы аталғандардың ішінде өзіңізге жақын төрт қағиданы айқындап алыңыз да, оған күнделікті уақыт арнап отырыңыз. Сізге көңіл көтеріп қана қоймай, құштарлықты арттыру, оптимизм мен бақыттың деңгейін көтеру керектігін ұмытпаңыз. Бұл сіздің қолыңыздан келеді! Алға!

Ақпарат ВК желісінен алынды

Сымбатты көрінгіңіз келсе…

Сымбатты көрінгіңіз келсе…1. Ең алдымен өзіңде жоғары талғам болмаса, іштей қызыға қарайтын көрікті әйелдерге көңіл бөл, ұқсауға тырыс.

2. Келесі талап – қарапайымдылық. Әдемі киінген сымбатты әйелдер қай уақытта әртүрлі күрделі ойыншықтардан аулақ болады. Олар шамадан тыс белбеулер тағуға, желбіреуіктерге, жылтырауық әшекейлерге т.б. құмарланбайды. Өте қарапайым тігілген киім күтуге де ыңғайлы. Бірақ өте ұқыпты, өз тұлғасына сай лайықтап тіккен/сатып алған жөн. Олар жууға, үтіктеуге оңай.

3. Үшінші талап – өте маңызды талап. Ол тазалық және ұқыптылық. Егер ер адам жағасын таза ұстамаса, түймесі қадалмаса оған сын жоқ. Ал әйел көйлегі таза болмаса, ол – кешірілмейтін күнә. Көп ер-азаматтың әйелдердің үстіндегі көйлек үлгісін байқамауы мүмкін. Кейде басқа әйелдің не кигенін аңғармайды. Бірақ, есіңізде болсын, ер адамның көзі сіздің көйлегіңізге тамған майдың дағына, не түсіп қалған түймелердің орнына, шұлықтың ыдыраған жеріне бірден түседі. Егер сіз тап-таза, ықшамды, өзіңізге жарасатын, жақсылап үтіктелген көйлекпен жүрсеңіз, олар міндетті түрде байқап, өте сымбатты екен деген баға береді. Өзінің сыртқы бейнесіне көп көңіл бөлуге уақыты жоқ әйелдерге, тез кірлемейтін, мыжылмайтын матадан тігілген көйлек сатып алып, үйде ауыстырып отырғаны дұрыс. Үй шаруашылығымен, тағам әзірлеумен айналысқан кезде шыт немесе сатинен тігілген алжапқыш тағып алуы керек. Есте ұстайтын бірнарсе – қанша қымбат матадан, өте әдемі үлгімен тігілген көйлек дұрыстап үтіктелмесе, жақсылап тазаланбаса, оның құны бірден төмендейді.

4. Орынды киіне білу. Киіну жыл мерзіміне, уақытына, баратын жеріне тікелей байланысты (жұмысқа, театрға, қонаққа, спорттық жарысқа, серуенге, т.т.) … Әр әйелдің киім гардеробында түкті матадан тігілген қалың көйлек, жібектен, шыттан тігілген жеңіл көйлек, костюм, плащ, қыстық пальто, бірнеше кофта, өкшелері биік және аласа туфлилер болғаны дұрыс. Әрине, жарқыраған кешкі көйлекпен сиыр сауса, су жағасына шомылуға барса, шалбармен театрға, биік өкшелі туфлимен орманға серуенге шықса, шолақ шалбармен құлағына құнды сырға тағып демалатын алаңға барса өте келімсіз болар еді. Бұл да әр әйелдің жадында болатын жағдай. Сол сияқты әр әйел қасындағы ерінің (күйеуінің) де лайықты киінуін қадағалағаны жөн. Қандай галстук, қай костюмге, қай көйлекке сай келетінін міндетті түрде білуі керек. Театрға, қонаққа барғанда қалың свитер жараспайды. Сондықтан костюм дұрыс. Тек ескертуді еріңіздің, не достарыңыздың көңіл-күйін бұзып алмай, абайлап айтыңыз.

5. Сән. Ақылды әйелдер ешуақытта жыл сайын өзгеріп отыратын сәннің жетегінде кетпейді. Өкінішке орай, кейбір әйелдер жасын, тұлғасын ұмытып, жастар киетін киімді иығына іліп алғанына мәз болып, жұртқа күлкі болады. Әлбетте, әйелдердің жыл сайын өзгеріп отыруын сәнге баса назар адару керек. Тек әр әйелдің өзінің бойын, салмағын, жасын міндетті түрде ескерген жөн. Оған қоса қаржы туралы да ойланған дұрыс. Сондықтан әркімнің өзіне жарасатын, келбетіне келетін үлгі әдісін қалағаны жөн.

6. Киетін киімнің түсі де үлкен рөл атқарады. Негізінде бет-әлпетіне, тері түсіне сәйкес киген абзал. Мәселен, бет терісі аппақ болса, киген киімінің түсі қызыл, көгілдір, ақшыл қызғылт, ашық жасыл, ашық сары, ашық түстес болуы керек. Ал бет әлпеті ақшыл болса, онда темекті түстес, көк, сары, көгілдір түстер. Кәдімгі әдеттегі бетке – қызыл шарап сияқты түс, ал қызыл бетке – сұрғылт, қара көк, қара, жасыл, ал сарғыл тартқан бетке – қоңыр қалампыр түстес, қоңыр жасыл, көк, күрең, жирен, аздап күнге күйген бетке – сарғылт көгідір, қоңыр қызыл, күге әбден күйген бетке – сарғылт көгілдір, қоңыр қызыл, қыша түстес сары, сұрғылт жасыл, бозғылт түсті киімдер келіседі.

Ақпарат Интернеттің алынды

Күнделікті тұрмыста керек болатын 7 кеңес

Күнделікті тұрмыста керек болатын 7 кеңесКүнделікті тұрмыста керек болатын 7 кеңесті біле жүріңіз.

1.Бір демделген шайды екінші рет қайнатса немесе қыздырса құсып кетеді. Соған орай дәмі мен хош иісінен айырылады.

2. Компотқа әзірленген алманы тураған соң қарайып кетпеу үшін тұз қосылған суық суға аздап мала тұру керек.

5. Айран, қымыз, шұбат секілді сусындарды тек салқын күйінде ішкен жөн.

7. Компоттың хош иісін күшейту үшін суытқан кезде бір тілім лимон салып жіберу керек.

islam.kz

Қазақша күн аттары қайдан шыққан?

Қазақша күн аттары қайдан шыққан?Қазақша күн аттары парсы тілінен шығады екен. Тек жұма ғана араб тілінен алынған. Парсы тілінде «шамбе» сөзі – «күн» мағынасын білдіреді.

Сенбі – шамбе – күн
Жексенбі – йак (бір) шамбе
Дүйсенбі – ду (екі) шамбе
Сейсенбі – се (үш) шамбе
Сәрсенбі – чор (төрт) шамбе
Бейсенбі – беш (пять) шамбе. Мұндағы «беш» сөзі түріктерден келген.

Ал Жұма сөзінің тегі араб тілінен келген. Құранда бұл күнді апталық жиналыс, құлшылық ету күні ретінде бекіткен. Ал Құранға дейін арабтар бұл күні «арубе», «йешэуль арубе» немесе «алтыншы күн» мағынасына келетін «уешмус садис» дейтін болған екен.

Өздеріңіз байқағандай бұрындары аптаның басы сенбіден басталған. Бұл сенбінің «Айлы күн» деп аталуынан. болса керек. Басында түркі тілдес халықтар айға, кейін күнге табынатын болғандығын естеріңізге сала кетейік.

Жұмысты жеңілдетуге 55 кеңес

Жұмысты жеңілдетуге 55 кеңесҚай ортада жұмыс істемеңіз, қай компанияда қызметте болмаңыз, ауырлық үнемі табыла кетпек. Ауырлықтардың алдын алуға 55 кеңес:

1. Әрбір күннің соңында ойланатын сұрақтар: Мансап жолындағы мақсатыңды нақтылы айқындап алдыңыз ба? Соңында неге қол жеткізгіңіз келеді? Мұның бәрі өмірлік мақсатыңызға тура келе ме?
2. Әр күні жұмысқа ерте барыңыз. Сәтті күнге жақсы бастама болсын. Үйге ерте қайта аласыз.
3. Барлығын тәртіп бойынша реттестіріп, тапсырмаларды маңыздылығына қарай жайғастырыңыз.
4. Өзіңізбен бірге орындалуы тиіс тапсырмалар тізімі жүретін болсын.
5. Бір күн істеген ісіңіздің дұрыс жасалғандығына мән беріңіз.
6. Екінші кезектегі тапсырмаларды қалта дәптеріне түртіп алып, қол бос уақытта бастап кетіңіз.
7. Түскі асты жіберіп алмаңыз. Жіберіп алу зиянды. Оның үстіне, жақсы жұмыс істеу үшін сізге күш — қуат қажет болады.
8. Жұмыс үстелінің алдында тамақтанбаңыз. Көп уақытқа болмасын, таза ауаға шығып тұрыңыз.
9. Ең мерейлі жетістіктерге қол жеткізіңіз.
10. Жұмыстағы әріптестеріңізге көмектесіңіз.
11. Үлкендердің бірімен кешкі асқа барыңыз, пайдалы кеңестер естуіңіз мүмкін.
12. Біреу — міреуге жәрдемші болыңыз. Өмірге басқа қырынан қарауға көмектеседі.
13. Жұмыстағы бастығыңыз сізден не күтеді? Жеке жоспарыңызды жиі қарап жүріңіз.
14. Ең үлкен жетістіктерге қол жеткізе алу өз қолыңызда.
15. Жұмыстағы бастығыңызбен достасып алыңыз.
16. Басыңыздағы проблемаларды біреумен бөлісіңіз. Іште сақтауға болмайды.
17. Жиналысқа, кездесуге, кештерге кешігіп бармаңыз.
18. Жиналыстарға күні бұрын дайындалыңыз.
19. Қатерлі проблемалардың күні бұрын аңғара біліңіз.
20. Бәрін күні бұрын жоспарлап алуға тырысыңыз.
21. Проблемаларды емес, мүмкіндіктер туралы ойланыңыз.
22. Келешек күннің жалпы кескінін ойша оралтыңыз. Қысқа уақыттық емес, ұзақ уақыттық жетістікке қараңыз.
23. Жеке бастың проблемаларына басқаша қарап көріңіз, өзге адамның рөліне кіріңіз.
24. «80/20» қағидасын ұстанып көріңіз. Керексіз заттар мен дерексіз істердің 80 пайызынан құтылыңыз.
25. Барлық жағдайда мүмкіндікті жүзеге асыруға дайын жүріңіз.
26. Жұмыстың ең осал делінген жеріне күш салыңыз.
27. Тапсырма сізге ұнамаған болса, «жоқ» деп айтып үйреніңіз.
28. Өз қолыңыздан келмесе, өзгелерді араластырып көріңіз.
29. Әріптестеріңіздің білігі мен тәжірибесіне арқа сүйеңіз.
30. Шектеулі мүмкіндігіңізге қарамастан, бастық алдында маңызды проблемаларды қозғаңыз.
31. Қарбаластың мәнін анықтап, шешілу жолын қарастырыңыз.
32. Бір нәрсені істеген жағдайда өзіңізге жүлде тағайындаңыз.
33. Әлеуметтік желілерге тіркеліп алыңыз.
34. Жұмыстан бөлек ортада әңгіме — дүкенге араласыңыз. Сіздің өміріңіз жұмыс айналасында жүрмейді.
35. Терең дем алып, үнемі жайбарақат жүріңіз.
36. Келбетіңізді ретке келтіріңіз. Дене сымбаты болашақта да қажет.
37. Әр күн сайын басыңызды артық ойлардан тазалап отырыңыз.
38. Өзіңізге ұнаған әндерді тыңдаңыз.
39. Спортпен айналысыңыз. Әр күн сайын уақыт бөліп тұрыңыз.
40. Жұмыс үстеліңізді ыңғайластырып алыңыз. Белгілі бір уақытыңызды реттестіруге жұмсаңыз. (Жеке суреттеріңізді қойып, арттық заттарды алып тастау секілді істер).
41. Компьютерден алыста тынығу қажет (төмендегі асханаға барып қайту дегендей).
42. Аштықты сезінсеңіз, жеміс — жидектермен қоректеніңіз.
43. Үстел алдында бір стақан су тұратын болсын. Көптеген жұмысшылар бір күнге қажетті су мөлшерін ішпей жатады.
44. Жоспардан бір күнге озып кетіңіз, сосын қарайлап отырыңыз.
45. Өз уақытыңыздың қожайыны болыңыз.
46. Жұмыстан уақытылы шығуды әдетке айналдырыңыз.
47. Бүгін не істеу керек болса, соны ғана істеңіз. Жұмыс ешқайда қашып құтылмайды.
48. Жақсылап ұйықтау. 6 сағаттан кем ұйықтаушы болмаңыз. Өнімділікті арттырады.
49. Ауырып тұрсаңыз, демалыңыз.
50. Мүмкіндіктеріңізді салқынқандылықпен жүзеге асырыңыз.
51. Егер жұмысыңыз ауыр болып бара жатса, есіңізде болсын, бұл жай ғана жұмыс және сізге сол үшін айлық төленеді.
52. Жұмыста жақсы көретін нәрсеге пейіл танытыңыз.
53. Демалысқа шығыңыз. Бір жеңілдеп қаласыз.
54. Жұмысыңызды тастап кетіңіз, егер ол сізге ұнамаса және азапты болса. Өмір, сіз ойлағандай, тек қана азаптанулардан тұрмайды.
55. Жұмысыңызды тастап кетіңіз, егер басқа бір жұмыс шығып тұрса. Қатты шаршаған жағдайда ғана жұмысты ауыстырыңыз.

Барлығын ішкі есепке жинаңыз. Сыртқы жағдай мен айналаңызда болып жатқан өмір жауапкершілігін өз мойыныңызға алуға тырысыңыз. Қолыңыздан келе ме?

bilimdiler.kz

Сабыр түбі – сары алтын

Сабыр түбі – сары алтынӘлеуметтік ортада дөрекі мінез танытатын адамдарды көптеп кездестіреміз. Тіпті, ондай мінез өз басымызда да болуы әбден мүмкін. Барынша мәдениеттілік танытып, өзім секілді тұлғалармен ғана араласамын деген ұстанымыңыздың бұзылатын сәттері де аз емес. Әсіресе қоғамдық көлікте, кезекте тұрған кезде, көршілеріңізбен келіспей қалған күндері, әріптестермен, бастықтармен ортақ мәмілеге келмей қалған сәттерде жиі кикілжің болып тұрады. Осы мәселеге байланысты статистикалық мәліметтерге сүйенсек, орташа есеппен адам аптаның бір күнінде міндетті түрде дөрекі мінез танытады. Мұндай сәттерде «Кім кінәлі?» деген сұрақтарға жауап беру қиын. Алайда, оларды тыныштандыратын тәсілдер оңай.

Бірінші тәсіл: елемеу

Көптеген адамдар ішіндегі жағымсыз әсерден арылып, өзіне назар аудару үшін қоғамдық орындарда жанжал шығарады. Оларға кімге дөрекілік танытып жатқаны маңызды емес, бастысы себеп табылып, айқайласа болғаны. Әдеттегідей мұндай адамдарды емханада немесе дүкенде кезекте тұрған кезде жолықтырамыз. Оны елемей, сізге артық сөздер айтып жатса, қарамаңыз. Жаныңызда бос орын тұрған секілді өз ісіңізді жалғастыра беріңіз. Жанжал шығарғыш адамдар мұндай жағдайда 5 минутта тынышталады да ашуын шығаратын басқа адамды іздейді.

Егер жанжалды бастаушы бастығыңыз болса, бұл әдіс тіпті жақсы. Есіңізде сақтаңыз ондай кезде жылап, ала көзбен қарап жатудың қажеті жоқ. Керсінше, түріңізде өзгеріссіз қалыпты сақтап, үндемей қойыңыз. Айқайынан еш пайда жоқ екенін түсінген бастығыңыз өзінен — өзі шаршайды.

Екінші тәсіл: күлімсіреу

Осындай адамдарды бейтараптандырудың тағы бір тәсілі – шынайы күлімсіреу. Мұны жанжалдасушы туысқандарыңыздың бірі болса қолдануыңызға болады. Дөрекілікке дөрекілікпен жауап берудің орнына көзіне тік қарап күлімсіреңіз. Тұмауды алдын алатын екпе құйдырып көрген болсаңыз, тура солай әсер ететінін байқайсыз. (Алдымен дене қызуыңыз қатты көтеріліп, сәлден соң босаңсып қаласыз). Яғни ол алдымен ашуын шығарып, артынан тынышталады.

Жылы күлкі бетпақтарды одан ары ашуландырады, өйткені олар өзі таспен атқан адам аспен атады деп күтпейді. Артынан өздері мойындамаса да, дөрекі мінезі үшін қатты ұялады. Есесіне жүректері жақсы адамда ренжітіп жатырсың деп дабыл қағады. Осындай сәттерде бастысы шынайы күлімсіреу керектігін ұмытып, мысқыл танытып күліп жүрмеңіз.

Үшінші тәсіл: сыпайылық таныту

Жоғарыда айтып кеткеніміздей бетпақ жандар дөрекіліктеріне жауап ретінде тек жаман сөздерді, кикілжіңнің үлкен шуға ұласқанын күтеді. Ұрысудың орнына сыпайылық таныту оларды шатастырады. Қандай жағдай болмасын басыңызды изеп, келісе беріңіз. Бұл ашуы басылған соң келіскен нәрселердің барлығын орындаймын деген сөз емес, сол сағатта жанжалдасудан құтылу.

«Иә, сіз расымен де дұрыс айтасыз», «Мен сізбен толықтай келісемін», «Бұған назар аударғаныңыз үшін көп рахмет» деген сөздерді қолданыңыз. Сыпайы мінезіңіз жанжалдасушының дауыс мәнерін өзгертіп, диалогты басқа тақырыпқа өзгертуіне әсер етеді. Бастысы дауыс көтермеңіз, жүзіңізден айтпасаңыз да «сіз сондай ақылдысыз», «сізді тыңдау маған қатты ұнайды» деген сөздердің иісі аңқып тұрсын. Өзін бағалап тұрған адамды кім де болсын жақсы көреді.

Төртінші тәсіл: ақыл — парасатыңыздың жоғары екендігін көрсету

Ақымақтыққа бой алдырып тұрған жанды ақыл — парасаттылығыңызды таныту арқылы тоқтата аласыз. Классикадағы нақыл сөздерді, данышпандардың қанатты сөздерін мысалға келтіріңіз. Мысалы, Соломон мұндай жағдайда «Барлығы өтеді де, кетеді» немесе Толстой «Жаманға жамандықпен жауап қайтару жақсы қасиет емес» дегендіктен мен сізбен ұрысып сөзімді шығындамаймын деп айтыңыз. Одан да жақсысы жырауларымыз мен билеріміздің аталы сөздерін айтыңыз. Кейде дөрекіліктің патшасы кезігіп қалса, «ақыл айтпашы», «ақылсынбашы» деп жауап қайырады. Саспаңыз, мұның өзі кішкене жеңіс, өйткені ол сіздің ақылдырақ екеніңізді мойындап тұр.

Бесінші тәсіл: мықты екеніңізді көрсету

Күшті боламын деп, жаргон, былапыт сөздерді айтып, күш көрсетіп жүрмеңіз. «Мәдениетті» түрде ұрысып көріңіз. Сіздің мұндағы мақсатыңыз ұрысты бастап тұрған адамды тоқтату. Бірақ, қоқаң — лоқы көрсетіп, отбасы мүшелеріне тіл тигізбеңіз.

Жоғарыда таныстырып кеткен тәсілдеріміз күнделікті тұрмыста кездесетін дөрекілікті жеңудің тиімді жолдары. Айтпақшы қарсыласыңыз қатты ашуланып, төбелесуге бел байлап тұрғанын байқасаңыз ол жерден кетіп қалыңыз. (Ұлдарда кездесетін жағдай). Дәлелдеп, сөз шығындап жатудың да қажеті жоқ.

bilimdiler.kz

Жетіген сөзі қайдан шықты?

Жетіген сөзі қайдан шықты?ХХ ғасырда белгілі этнограф-ғалым Б. Сарыбаев өз еңбегінде қазақ музыка аспаптарын бірнеше топқа жіктеп, түбегейлі зерттеген. Фольклорлық оркестрлер мен ансамбльдер қатарына енгізіп, аспаптың орындаушылық дәстүрін жолға қойды [1]. Дегенмен, кейбір аспаптардың сыры толық ашыла алмай, оның орындаушылық деңгейі қосымша, сүйемелдеуші ретінде ғана қалыптаса бастайды. Осындай аспаптардың бірі – қазақтың көне жетіген аспабы.

Б. Сарыбаевтың еңбегінде жетігеннің көне түрі жайында: «Көне жетігенде құлақ болмаған. Ішектердің астына екі жақ шетінен асық қойылған. Аспап осы асықтарды жылжыту арқылы күйге келтірілетін болған. Даусын көтеру үшін асықтарды ішектердің екі жақ басынан ортасына қарай жақындатқан, ал оларды кері жылжытып, араларын алшақтатса – дауыс төмендеген. Әрбір ішектің бұрауын келтіргенде орындалатын әннің әуені басшылыққа алынған. Ел аузында мынадай аңыз бар.

Қаһарлы қыстың қақаған аязынан мал қырылып, үлкен жұт болады. Қазақтың ауылы ашарлыққа ұшырайды. Онымен қоймай, сүзек ауруы ит арап, ел ішінде көбейеді. Көпке әйгілі күйші қарттың жеті ұлы бірдей осы ауруға шалдығып, бірінен соң бірі  көз жұмады. Қаралы қайғыға душар болған  күйші көкірегін кернеген мұң-зарын күйге қосады. Үлкен ұлының дәм-тұзы таусылғанда  –  «Қарағыш», екінші ұлы өмірден қайтқанда  –  «Қанат сынар», үшінші ұлы қайтыс болғанда – «Құмарым», төртінші ұлы қаза тапқанда –  «Ой сөнер»,  бесіншінің жүрегі тоқтағанда  –  «Бақыт көшті», алтыншының жамбасы жерге тигенде –  «Күн тұтылды», жетіншісі жер жастағанда «Жеті ұлымнан айырылдым» деп азалы күй шерткен екен.

Арнайы аспап жасап алып, әр ұлы қайтыс болғанда бір шектен байлап, астына асықтан тиек қойып отырыпты. Күйші қарттың жеті күйінен кейін «Жетігеннің жетеуі» деген атпен тартылып, ел ішіне кең тарап кетіпті.

Жетігенге ұқсас ішекті аспап өзге  халықтарда да бар. Әсіресе түркі халықтарында кең тараған түрлерінің атаулары «Ятаға», «Ятаган», «Етиген», «Ялтаға», «Чаатхан», «Четтыган» деп келеді. Аспаптанушылардың тұжырымдауынша түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда болу, шыққан тегі бір.  Ендеше олардың аталуы да бір болуы  – заңды нәрсе

jastar.kz

Қорылдан құтылғыңыз келсе…

Қорылдан құтылғыңыз келсе…Дәрігерлер келтірген дәйек бойынша қорылдап ұйықтайтындардың басым бөлігі ер азаматтар. Жер жүзінің әрбір бесінші ер азаматы басы жастыққа тие сала қор ете қалады екен. Бірақ бұл әдеттің нақты себебі мен салдары әлі күнге дейін белгісіз. Ер азаматтың қорылы батырға тән әрекет деген түсінік бар ел арасында. Бірақ ұйқыны зерттейтін мамандар бұған кері пікір айтады. Олардың ойынша қорылдың негізгі себебі алкоголь мен шылым және артық салмақ.

Қорылдың қатты дауысы қайдан шығады? Біреу мұрнымен қорылдаса, екінші адам аузымен тыныстап, қорылы таңдай бөлігінен естіледі. Сомнологтар (ұйқы мамандары) қорылдаудың себебін анықтау үшін алдымен осы дауыстың қай бөліктен шығатынын білу керек дегенді айтады. Сондықтан қорылдан құтылу оңай шаруа емес. Бірақ, қорылын бір ескертуден кейін қоя салатындар бар. Көбіне шалқасынан жатып ұйықтаған адам еріксіз қорылдайды. Ал бір жағына жантайса, қорылы лезде басылады. Дәрігерлер бұл әрекетті адамның физиологиялық шаршауынан және жоғарғы тыныс жолдарына ауаның дұрыс бармауынан туатын әдет деп есептейді. Шын мәнінде қорылдаудың негізгі себебі- артық салмақ. Ер азаматтардың дене салмағы қалыпты мөлшерден 20 % -ға артық болса, дерт жабысты дей беріңіз. Ал әйелдер қалыпты дене салмағынан 30 — 40%-ға артып кетсе, аталған әдеттің иесі атанып шыға келеді. Қорылды дерт деп отырғанымыз да тегін емес. Расымен бұл жаман әдет ауру деп есептеледі.

Кез келген ауру сияқты қорылдың да екі түрі болады. Біріншісі созылмалы қорыл. Бұл жас күнінен қорылдап ұйықтайтын адамдардың дерті. Ал жедел асқынған қорылмен кішкентай балалар және қыз-келіншектер ауырады. Біріншісінің емделу тәсілі ұзақ уақытты алады. Ал екіншісін тыныс алу жолының жаттығулары арқылы емдеп жазуға болады. Қорылдаушылардың қатарында тыныштандыратын дәріні көп қолданатындар да бар. Аталған дәрі құрамындағы заттар бас бөлігінің жұмсақ тіндеріне әсер етіп, тыныс жолдарының жұмысын әлсіретеді. Әсерінен ұйықтап жатқан адам қорылдай бастайды. Сондықтан тыныштандыратын дәрілерді ұйқы алдында қолданбауға тырысу керек. Уақытша ғана қорылдайтындар бар. Бұл аллергиялық аурулармен байланысты. Әсіресе гүлдесін өсімдіктер тозаңданатын шақта қорылдайтындар болады. Мұндайда жатын бөлмені ылғалды шүберекпен сүртіп шығу керек.

Ал үнемі қорылдап ұйықтайтындар жоғарыда айтылғандай дерттің созылмалы түріне шалдыққандар. Мұндай адамдарды арнайы аппараттар арқылы жылдар бойы емдейді. Ем тыныс жолдарынының жаттығуымен және жұмсақ таңдайдың жұмысын жақсартумен орындалады. Кей науқастар үшін дәрігерлер ота жасауды ұсынады. Мұндай ем жұмсақ таңдайының бұлшық еті босаңсып, салбырап кеткендерге жасалады. Аталған отаны көбіне 50-ді еңсергендер жасатады. Жас ұлғайған сайын бет терісі секілді ағзаның өзге де мүшелері тығыздығын жоғалтып, қартая бастайды. Жұмсақ таңдайдың босаңсып кетуінің де себебі осында жатыр.

Биік жастыққа жататын адамдар да қорылдағыштардың қатарында. Биікке жатып үйренгендер үшін ауа ағымы дұрыс болмайды. Осының әсерінен тыныс алу қиындап, қорыл пайда болады. Мұндайда жастығын пәс қойып, бір жағымен жатқызған дұрыс. Ең дұрысы жастықсыз тегіс жерде ұйықтау. Бұл мойын омыртқасы үшін де өте пайдалы.

Жас ұлғайған сайын бұлшық еттердің де, жоғарғы тыныс жолдарының да, тыныс мүшелерінің де қызметі бәсеңдейді. Оның үстіне кешкі асқа желінген майлы тағам, пайдаланылған спирттік ішімдік пен темекі қорылдауға «жақсы» жағдай жасайды. Қорылдау аса қауіпті дерт емес. Бірақ қорылдаған кезде тыныс тарылып, дем шығару кезінде үзілістер пайда болады. Мамандар мұны ұйқы апноэсі деп атайды. Қорылдаушы бұл әрекетімен жанындағыларға ғана кедергі келтіріп қоймай, өз өміріне де қауіп төндіреді. Әрі ұйықтағанымен ұйқысы қанбай, шаршаңқы күйде оянады. Қорыл ми жұмысының бірнеше функциясын бұзып, қалыпты ұйқының жұмысын бәсеңдетеді. Егер адам апноэ белгісімен ұйықтайтын болса, таң атқанға дейін тыныс алу 30 рет үзіледі екен. Ал кейбір науқастарда 600 рет үзіледі. Бұл адамдарда ми, жүрек, өкпе және тамақ аурулары пайда болады. Ең қауіптісі жүрек талмасы мен инсульт. Үзіліспен қорылдау осы ауруларды тудырады. Қорылдап ұйықтайтын адам өзінің бұл әрекетін әлбетте сезбейді. Бірақ олардың ұйқысы тынық болады деп айту қиын. Ауаны дұрыс жұтына алмағандықтан таңертең басы ауырып, көзі қызарып оянады. Ал түнде көп терлейді, кіші дәретке жиі шығады, белсіздік белгілері пайда болып, есте сақтау қабілеті нашарлайды.

1. Ұйықтағанда қорылдамау үшін жұмсақ таңдайды шынықтыратын жаттығулар жасау керек. Ол үшін «и» дыбысын жұтқыншақ, таңдай, мойын бұлшық еттерін керней отырып, созыңқырап, бірнеше рет қайталап айту керек. Мұндай жаттығуды таңертең және кешке 25-30 реттен қайталаған жөн.Аталған әрекетті күн сайын үзбей жасаса, жарты айдан соң жағымсыз қорылдан біржола құтылуға болады.

Дәрігердің көмегінсіз қорылдан мынадай шараларды жасау арқылы құтылуыңызға болады:

2. Шалқаңыздан жатпауға тырысыңыз. Жантайып ұйықтау ауа циркуляциясын дұрыс жолға қояды.

3. Егер салмағыңыз шамадан тыс көп болса, арықтауға тырысыңыз.

4. Шылым шегуді тастаңыз немесе ұйқы алдында шылым шекпеуге тырысыңыз. Спирттік ішімдік ішіп ұйықтау да қорылдауға жол ашады.

5. Ұйықтар алдында көп мөлшерде ішімдік ішпеңіз. Биік жастықты жастанбауға тырысыңыз.

6. Ұйықтайтын бөлмеңізде ультрадыбысты ауа дымқылдатқышты қолданыңыз, бұл әсіресе қыс мезгілінде қажет.

7. Ұйықтайтын бөлмеде гипоаллергенді орта қалыптастырыңыз: кілемдерді тазалап, өсімдіктерге аллергияңыз болса, бөлмеде қалдырмаңыз, бөлмеге жануарларды кіргізбеңіз, жүннен, қауырсыннан тұратын емес, заманауи табиғи немесе синтетикалық материалдардан тігілген жастықтар мен жамылғыларды пайдаланыңыз.

Егер осы шараларды жасап көргеннен кейін нәтиже көрінбесе, дәрігерге жүгінгеніңіз жөн. ­­Өйткені бұл жай ғана қорыл емес, аноэ синдромы болуы әбден мүмкін.

otyrar.kz

ОҚО-да ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 мектеп пайдалануға берілмек

0

1 қыркүйек — Білім күнінде Оңтүстік Қазақстан облысында 25 білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, сыйға тартылатын 25 нысанның 2-уі 600 орындық, 9 нысаны 300 орындық болса, қалған 14 білім мекемесі 100 және 200 балаға шақталған. Білім ошақтары негізінен, облысымыздың Сайрам, Сарыағаш, Қазығұрт және Мақтарал аудандарында орналасқан. Аталған ғимараттар пайдалануға берілгенде өңіріміздегі 6,5 мыңнан астам шәкірт жаңа мектептерде сауат ашып, тәрбиеленетін болады», — делінген хабарламада.

Жалпы, облыста жыл басынан бері 67 білім беру нысанының құрылысы жүріп, оның бүгінге дейін 13-і ел игілігіне жұмыс істеуде. Өңірдегі Бәйдібек, Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Мақтарал аудандары мен Шымкент, Түркістан, Арыс қалаларында пайдалануға берілген 150, 200, 300 және 600 орындық мектептер мен 280 орындық балабақшалар (онда 5540 бала оқып, тәрбиеленуде) аймақтағы білім сапасының жақсарып, арта түсуіне ықпал етуде.

Мұнан бөлек, жыл соңына дейін 600 оқушыға шақталған 1 мектеп есігін айқара ашса, іргетасы қаланып жатқан 28 ғимаратты пайдалану келесі жылдың еншісінде.

Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметінше, жалпы 67 нысан пайдалануға тапсырылғанда 26 145 оқушы жаңа оқу ғимаратымен қамтылатын болады.