Домой Блог Страница 195

Финляндия білім беру жүйесінің революциясы

«Біз немесе өмірге, немесе емтиханға дайындаймыз. Біз біріншісін таңдаймыз!» деген әдемі сөздерді Финляндия мемлекетінің азаматтары айтқан болатын. Сіздермен осы мемлекеттің білім беру жүйесімен жан-жақты танысамыз.
Негізгі ерекшеліктері:

  • Теңдік. Мектептердің барлығы дерлік мемлекеттік. Ата-анасының қоғамдық статусына мән берілмейді. Мүмкіндігі шектеулі балалар да жалпыға ортақ мектептерде оқи береді. Қабілеттілігіне тәуелсіз, оқушылар «жақсы», «жаман» болып бөлінбейді. Барлық пәндер бірдей дәрежеде оқытылады. Бір пәнді тереңдетіп оқып, екінші пәнге үстіртін қарауға болмайды.
  • Тегін. Жалпы білім алумен қатар, оқулықтар, көлік тасымалы, тамақ, сыныптан тыс іс-шаралар, оқу құралдары, ноутбук, планшетке дейін мемлекет есебінен.
  • Жеке тұлға. Әрбір оқушыға қабілеттерін ескере отыра жеке оқу жоспары жасалады. Бір сыныпта әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады.
  • Тәжірибе. Бұл мектептерде ешқандай емтихан жоқ. Тек жалпы орта мектеп бітірер уақытта тапсырылатын тест бар. Бірақ, ол тесттің нәтижесі оқушыға да, мұғалімге де, мектепке де әсер етпейді. Оқушыларды оған алдын ала дайындамайды, қалай бар солай тапсырады. Оқушыларға болашақ өмірде қажет болатын нәрселерді ғана үйретеді. Мысалы, пештің құрылысы қажет болмаса, үйретпейді. Оның орнына, фин оқушылары сайт жасау, салықтарын есептеу, шарт жасасу, кірісін есептеу секілді дүниелерді біліп шығады.
  • Сенім. Біріншіден, ұстаздар қауымын тексеріспен шаршатпайды. Мемлекет бағыт-бағдар ғана береді, әр мұғалім өз әдіс-тәсілімен оқытуға мүмкіншілігі бар. Екіншіден, оқушыға сенім. Егер оқушыға сабақ үстінде презентация ұнамаса, оның кітап оқуына, жазуына, яғни басқа нәрсемен шұғылдануына құқысы бар.
  • Еркіндік. Шынайы оқығысы келген оқушы оқиды. Егер оқушының ол сабаққа қызығушылығы жоқ болса «екілікпен» қорқытпайды. Керісінше, оған қызық саланы табуға тырысады. Нақты үлгермеген болса, келесі сыныпқа көшірілмейді. Фин мектептерінде сыныпқа көшпей қалу ешқандай да ұят емес. Себебі, болашаққа жауапты түрде дайындалу керек деп есептейді.
  • Дербестік. Мектепте оқушыға өзі ойланып, жеке шешім шығаруға үйретеді. Оқушылар арасындағы кикілжіңге де етене араласпайды. Себебі, үлкен өмірдегі келеңсіздіктерді шешуге дайындық ретінде.

Оқу жылы тамыз айында басталып, мамыр айының аяғында аяқталады. Күзгі және көктемгі демалыстар бар. Сабақ 5 күн, бір ауысымда жүргізіледі. Жұма — қысқартылған күн.

Жалпы орта білім төмендегідей:

— Төменгі(alakoulu), 1-6 сынып

— Жоғарғы (yläkoulu), 7-9 (егер үлкен өмірге дайын болмасаң, 10 сынып оқуға болады, бірақ міндетті емес)

1-2 сынып. Ана тілі, оқу, математика, табиғаттану, дін (өзінің сеніміне сәйкес ), музыка, сурет, еңбек, дене шынықтыру. Бір сабақта бірнеше пән оқытылуы мүмкін.

3-6 сынып. Ағылшын тілін бастайды. 4-сынапта қосымша тағы тіл таңдайды: француз, швед, неміс, орыс. Таңдау бойынша әртүрлі қосымша сабақтар енгізіледі. Олар әр мектепте әртүрлі: компьютерде пернетақтамен тез теру, хорда ән айту, ағашпен жұмыс, компьютерлік сауаттылық. Барлық мектепте 9 жыл бойына музкалық аспапта ойнау үйретіледі. Оқущылар сыбызғыдан контрабассқа дейін үйреніп көреді.

5-сыныпта биология, география, физика, химия, тарих қосылады. 1-6 сынып аралығында барлық пәннен 1 мұғалім сабақ береді. Дене шынықтыруда жетісіне 1-3 рет кез келген спорт ойындарын ойнау. Сабақтан кейін шомылу міндетті. Жеке пән мұғалімдері 7 сыныптан бастап сабақ береді.

7-9 сынып. Фин тілі мен әдебиеті, швед тілі, ағылшын, математика, биология, география, физика, химия, денсаулық негіздері, дінтану, музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру, таңдау пәндері, қыздар мен ұлдарға бөлінбейтін еңбекке баулу. Бәрі бірдей сорпа дайындауды, бәрі бірдей ағаш жонуды үйренеді. 9 сыныпта 2 апта «еңбек өмірімен» танысу болады. Оқушылар өздері қалаған жұмыс орнын таңдап, үлкен қызығушылықпен «жұмысқа» аттанады.

Финляндия мектептерінде 9-10 жылдық орта мектепті бітіргеннен кейін арнайы гимназиялар мен лицейлерде оқи алады. Содан соң жоғары оқу орындарына түсе алады. Ең басты артықшылықтары – теоря мен практиканың теңдігі. 3,5-4,5 жыл оқып, бакалавриат дәрежесін алған студент ешқандай қиындықсыз жұмысқа орналасып, оны әрі қарай алып кете алады. Жоғары оқу орындарына түсу үшін оның алдында оқыған оқу орындарындағы үлгерімдері есептеледі немесе кейбір жерлерде түсу емтихандары ұйымдастырылады. Университетте оқығандары үшін ешқандай студент ақша төлемейді, барлығы мемлекет тарапынан қаржыландырылады.Және де шәкіртақы алуға құқығы бар. Тек бұл жолы тұрғылықты жері мен тамағын студенттің өзі қамтамасыз ету керек.

Қазіргі уақытта Финляндияда 39 университет жұмыс жасайды. Осы оқу орындарындағы оқу сапасын, теория мен практиканы ұштастыра алу қабілеттіктерін, студенттік өмір сапасын тексеретін FINEEC арнайы ұйым жұмыс жасайды. Бұл мекеме қызметкерлері ешкімге тәуелсіз бағалау жүргізеді және оның нәтижелері барлығының ашық түрде көруге мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар, Финляндия халқын сауаттандыру мақсатында «жазғы университеттер», «ашық университеттер», жұмыссыздарға арналған оқу орындары белсенді жұмыс жасайды. Бұл жерлерде жылына 600 мыңға жуық адам білім алады.

Финляндия мектептері ерекшеліктерге толы:

  • Мектеп территорясы қоршалмаған, есік аузында күзетшілер мүлде болмайды. Сабақ кестесіне сай кіргізетін автоматты жүйе арқылы жұмыс жасайды.
  • Балаларға партада отыру міндетті емес. Қаласа жердегі кілемде отыра алады. Төменгі сынып бөлмелері дивандармен жабдықталған.
  • Мектеп формасы мүлдем жоқ. Жатарда киетін киіммен келсе де рұқсат етілген. Екінші аяқ киім міндетті, бірақ көбіне балалар шұлықпен немесе жалаң аяқ жүргенде жөн көреді.
  • Ауа райы қолайлы уақыттарда сабақтар таза ауада өткізіледі.
  • Үй тапсырмасын өте сирек беріледі. Балалар демалу керек деп есептейді. Ата-аналар баласының сабағын орындатумен отырғанша, отбасымен мұражайға, тауға барғанда жөн санайды.
  • Тақтаға шығып сабақ айту әдісі қолданылмайды. Мұғалім мен көмекшісі (фин мектептерінде кездесетін қызмет) сабақ үстінде барлық оқушыны аралау арқылы тексере алады.
  • Дәптерге қарындашпен жазып, қалағанша өшіруіне рұқсат. Мұғалімдер де қарындашпен тексеруіне болады.

Финляндия мемлекетіндегі бағалау жүйесі қандай? Бағаның атқаратын рөлі қандай?

Елде 10 балдық жүйе қалыптасқан, бірақ 7 сыныпқа дейін «үздік, жақсы, қанағаттанарлық» деген бағалар қолданылады. 1-3 сынып аралығында бағалау мүлдем болмайды. Барлық мектептер «Wilma» электронды жүйесіне қосылған. Ата-аналар электронды күнделіктен барлығын бақылай алады. Мұғалімдер, психолог, социолог, медициналық қызметкер – барлығы мәлімет қалдырып отырады. Баға ешқандай рөл атқармайды. Тек оқушыларға мотивация ретінде қолданылады.

Барлық мұғалімдермен тек қана 1 жылдық келісім шарт жасасады. Оның кейбіреулерін егер қаласа ұзартуға болады, ал кейбіреулерінде ондай мүмкіндік те жоқ. Финляндия ұстаздарының еңбекақысы жоғары болып саналады. Көмекші ұстаз айына – 2500 еуро, пән мұғалімдері – 5000 еуро алады.

Фин оқушылары әлемдегі ең көп кітап оқушы балалар болып есептелінеді.

Финляндия білім беру жүйесіне үнемі өзгерістер енгізіп, жетілдіріп отырады. Ең бастысы, мектеп өз қызметін атқарып отыр. Оқушылар түнімен сабақ оқып, жүйке ауруларына ұшырамайды, мектептен қашып, безіп кетпейді, емтихандардан құтылып, тезірек есеюді армандамайды. Сабырлы, бақытты, саналы, кітап оқиды, компьютермен жұмыс жасай алады, спортпен айналысады, музыкалық туындыларды дүниеге әкеледі, әртістік қабілеттерін көрсете алады, т.б. Өмірмен қуана алады. Бәрін жасай отырып, білім алып үлгеруде.

Ботакөз Қамзан

ОҚО-да шаруашылыққа жаңа технологиялар енгізілмек

0

b44f32db-8a84-4a9d-bbb0-c4daa11cb389
Ауыл шаруашылығы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық маңызды салаларының бірі. Бүгінде еліміздегі агроөнеркәсіпті кешенді дамыту үшін түрлі бағдарламалар қабылданған. Олардың әрбірі еліміздің агроөнеркәсіптік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, саланы дамытуға бағытталған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтып, сапасын арттыру және мал шаруашылығын дамыту үшін тың ғылыми жетістіктерді игеру қажеттілігі туындайды. Осы ретте, соңғы жылдары ел арасында аты жиі аталып жүрген «гидропоника» әдісін айтуға болады. Өсімдіктерді жасанды қоректендіргіш ортада өсіру арқылы нәтижеге қол жеткізуге болатын тәсілдің пайдасы ұшан-теңіз дейді білетіндер.

Жақында, Созақ ауданында осы әдістің пайдасы туралы кеңейтілген жиын өтті. Аудан әкімі Мақсат Исаев қатысқан басқосуда ауылдық округ әкімдері мен агроқұрылым жетекшілері және шаруалар да болды.

Гидропоника әдісі және оның артықшылығы мен қолдану тәсілі туралы кеңінен айтқан «Каз Агро Грин» ЖШС-нің бас директоры Б.Көпбаев аталған әдістің мейлінше қысқа мерзімде құнарлы, әрі мол өнім беретін соңғы технология екенін түсіндірді.

Жиынды қортындылаған аудан әкімі бұл әдістің тиімділігіне көз жеткізілсе, жергілікті шаруалар жаңа технологияны меңгеретіндігін жеткізді. Аталған тәсілді іске асыру үшін алдағы уақытта екі жақты келісімдер жүргізілмек.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкентте Еуропалық қайта құру және даму банкінің жаңа кеңсесі ашылды

0

fcb2bd58-9d7c-4075-a893-649761bb9714

Бүгін Шымкентте Еуропалық қайта құру және даму банкінің аймақтық жаңа кеңсесі ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен ЕҚДБ вице-президенті Бетси Нельсон және Қазақстандағы банк өкілдігінің директоры Джанет Хэкман қатысты.

Оңтүстік өңірінде 2005 жылдан бері жұмыс істеп келетін бұл банк шағын және орта бизнезтің дамына қолдау білдіріп келеді. Осы жылдар ішінде 1 млн. еуродан асатын маңызды 180 жобаны қаржыландырған. Банк алдағы уақытта оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмыстарды кеңейтіп, жобаны қаржыландыру көлемін арттырмақ.
Айта кетейік, аталмыш банк бүгінге дейін ел экономикасының әртүрлі салаларына 6,5 млрд. еуро инвестицияласа, осы жылы 700 млн. еуро инвестиция құюды жоспарлап отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

AWARD.KZ елдегі үздік сайттарды анықтайтын болды

20160523123643Қазақстанда AWARD.KZ интернет байқауы өтеді. Онда елдегі үздік сайттарды анықталады.

Биыл байқауға ұйымдастырушылар комитеті біраз өзгеріс енгізді.

«Біздің мақсатымыз — Қазақстанның ғаламтор желісіндегі үздік ресурстарды анықтау. Әр саладағы сайттардың ерекшелігіне қарай бағалау жүреді. Мәселен БАҚ болса, контент пен сайтқа кіргендер саны, интернет-сервис сайттарының технолиясына баса мән беріледі.

Сондай-ақ, сайттардың жүктелу жылдамдығы мен іздеу фнукциясының жұмыс істеуін бақылайтын автоматты бағалау жүйесі қосылады. Осыған байланысты жалпыға қол жетімді рейтинг жасалады», — деді AWARD.KZ ұйымдастыру комитетінің мүшесі Софья Носкова.

Сондай-ақ, оның айтуынша байқауға, «Telegram қосымшасындағы үздік бот» және блогерлер арасында сайыс қосылды.

Байқауға өтінімдерді қабылдау қыркүйек айына дейін жалғасады.

ҚазАқпарат

Алматы облысының ішкі саясат басқармасында жаңа басшы

БезымянныйАлматы облысы әкімінің өкімімен Рустам Әлиұлы Алпысбаев облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөзі хабарлады.

Рустам Әлиұлы бұл қызметтен бұрын облыстың Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы болатын. Осы қызметте жүріп, өзінің бар білігін дүйім жұртқа көрсете білді.

Рустам Алпысбаевты республика жұртшылығына таныстырған ісі — Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген «Орбұлақ» шайқасының театрландырылған көрінісін ұйымдастыруы болатын.

Жас болса да, білімі мен білігін паш еткен Рустам Әлиұлына жаңа қызметте табыс тілейміз.

«Жігер. Абырой. Сана» Қоғамдық қоры әкімшілігі

Алматы облысында мәдениет саласының майталмандары марапатталды

Алматы облысында мәдениет саласының майталмандары марапатталдыМ. Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы Алматы облысындағы «Үздік мәдениет мекемесі» болып танылып, автокөлік ұтып алды. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өзге де өнер ұжымдары мен өнерпаздар арнайы дипломдармен және 100 мың теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Дәстүрлі түрде үшінші жыл ұйымдастырылып отырған бұл кәсіби мерекеде аудан, қалалардың, облыстық мекемелерінің 2016 жылғы жетістіктерін көрсететін көрме ұйымдастырылып, мәдениет саласының тыныс-тіршілігі туралы арнайы дайындалған фильм көрсетілді.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыстағы мәдениет және өнер ұжымдарының жеткен жетістіктеріне, ел тәуелсіздігінің 25 жылында атқарылған игі істерді насихаттаудағы өнер адамдарының сіңірген еңбегіне, сонымен қатар алға қойған міндеттерге тоқталып өтіп, рухани саланы дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді. Мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа нысандардың құрылыстары басталуда, штат бөлініп, материалдық-техникалық базалары нығайтылып келеді, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің шешілуіне де көңіл бөлінуде. Бұл орайда ескерткіштер орнатуға, кітап басу ісіне де айрықша назар аударылып отыр. Осы және өзге де атқарылған істер мен көрсетілген қолдаулар туралы атап өткен облыс басшысы А. Баталов:

— Құрметті өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер! – деп ізгі тілегін жеткізді.

Құттықтау сөзінен кейін А. Баталов өз ісінің үздіктерін марапаттап, облыс әкімінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталарын, сонымен қатар 16 номинация бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырды. Атап айтқанда, облыстық Б. Римова атындағы драма театр әртісі Базарбай Тоқымтаев «Үздік актер» , осы ұжымның актрисасы Толғанай Ағламова «Үздік актриса» атанды. Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншісі Бақберген Асқарбеков «Үздік әнші», осы өнер ошағын ың өнерпаздары Алтынай Күрішбаева «Үздік биші», Алма Кішікбаева «Үздік музыкалық аспапта орындаушы» номинациясын жеңіп алды. Сол сияқты Жамбыл ауданы Қаракестек ауылдық және Іле аудандық кітапханалары, Панфилов ауданындағы «Айжанқыз» халықтық би ансамблі және басқа да бірқатар ұжымдар үздіктер қатарынан көрінді. Жеңімпаздардың барлығына диплом және 100 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбліне жаңа автобустың кілті берілді.

Мәдениет саласының ардагері ретінде Надежда Лушникова мен   сала қызметкерлері атынан Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Арнұр Садықов сөз сөйлеп, мереке қорытындысында өнер шеберлерінің концерті ұсынылды.

Талдықорғанда Олжас Сүлейменовтің мерейтойына арналған турнир өтуде

Талдықорғанда Олжас Сүлейменовтің мерейтойына арналған турнир өтудеАлдаспан ақын Олжас Сүлейменовтің 80 жылдығына орай Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында волейболдан ардагер ерлер командалары арасында X Халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ақынды жақында ғана Елбасының қолынан «Еңбек Ері» атағын алуымен құттықтады.

— Қазақ руханияты үшін өлшеусіз үлес қосып, қазақтың даңқын жарты әлемге танытқан қазақтың Олжасы – Сіздің мерейтойыңыздың Жетісу жерінде дүркіреп өтуі – біз үшін үлкен мәртебе. Біз мұны мақтан тұтамыз, — деді облыс басшысы А. Баталов.

Мұнан соң Қазақ аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов сөз алып, мерейтой иесіне ізгі тілегін жеткізді.

Турнирге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен және республикамыздың облыстарынан бірнеше команда қатысуда.

25 мамырда 5 мың елордалық түлек үшін соңғы қоңырау соғылады

25 мамырда 5 мың елордалық түлек үшін соңғы қоңырау соғылады25 мамырда елордада 4593 оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Бұл күні сағат 13.00 «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «Біз – ел болашағымыз» атты мерекелік шеру мен түлектерге арналған би кеші ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Концерттік бағдарламаға қалалық ұжымдар қатысады. Атап айтқанда, VIVA шоу-балеті, Kazakh Percussion Group барабаншылар тобы, Z триосы, үздік брейк-данс ұжымдары мен М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ұжымдары. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, интерактивті конкурстар өткізіліп, көкке шарлар ұшырылады, әндерден попурри орындалады және т.б.

Ересек өмірге аяқ басқалы тұрған түлектерге жақсы лозунг ойлап тауып, сүйікті қаласына тілек білдіру ұсынылады.

Сонымен қатар, 25 мамырда сағат 17.00 Оқушылар сарайында дарынды балаларға арналған «Триумф» балы өтеді, онда республикалық, халықаралық конкурстардың, ғылыми жобалардың және олимпиадалардың жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі. Биыл шара «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының 10 жылдығына арналады.

Еске салайық, 2015-2016 оқу жылында елордалық оқушылар АҚШ, Бразилия, Грузия, Ресей, Оңтүстік Корея елдерінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 268 медаль еншіледі. Республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар конкурсында Астана қаласы оқушыларының командалары жалпыкомандалық есепте 1-ші орын алып, «Үздік команда» атанды. Сонымен қатар, өткен оқу жылында елордалықтар 97 жүлделі орын алды.

17 маусымда түлектерге аттестаттар табысталады.

«Жас қанат – 2016» жеңімпаздары анықталды

«Жас қанат – 2016» жеңімпаздары анықталдыАстанада жас орындаушылардың «Жас қанат – 2016» байқауының қорытындысы шығарылды. 25-ші рет өткізілген фестивальдің бас жүлдесін алты финалист сарапқа салды. Нәтижесінде семейлік Парасат Отан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Байқау финалы мен гала-концертте Қазақстан Республикасының белгілі әртістері Бақыт Шадаева, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Майра Дәулетбак, Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, Жанар Дұғалова, Нұржамал Үсембаева, Ерлан Көкеев және «К7» тобы өнер көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша «күміс қанат» қарағандылық «Үш жүз» тобына бұйырды, ал оралдық Айбек Дәулетқалиев «қола қанатты» қанағат тұтты. Астаналық Жалғас Сұлтанов, Шымкент өкілі Айзада Әлімбекова және ақтөбелік Нұржан Оразов дипломант атанды.

Ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде 336 тонна өнім сатылды

25b6e189974c3aa921b849b6ca4Апта сайын жұма- жексенбі күндері Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның (Кенесары к-сі, 14) және «Думан» оайын-сауық орталығының тұрақтарында Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкелерге жиі барады, өйткені ондағы бағалар базардағыдан 10-15% төмен. Бүгінгі таңда 336 тонна өнім сатылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге 150 жабдықтаушы мен өндіруші қатысады. Жәрмеңкеде «Капитал Натур продукт» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Милк прожект» ЖШС, «Дәмді ет» ЖШС, «Қазгер-Құс» ЖШС, «Жас қанат» ЖШС және т.б. кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынады.

Елордалықтар 500 астам тауар түрін сатып ала алады, соның ішінде ет, балық, сүт, шұжық өнімдері, жемістер мен көкөністер, ұн, жарма, май және т.б.