Домой Блог Страница 215

Алишер Кәрімовтың шаш үлгілерінің эволюциясы

Кәрімов Әлішер Шүкірұлы 1985 жылы 28 қазанда Тараз қаласында дүниеге келген. 1991 жылы ең алғаш сахнаға шығып, 5 жасында «Әнші балапан» конкурсына, 1995 жылы Турцияда, 1997 жылы Болгарияда, 1998 жылы Австрияда өткен халықаралық фестивальдерге қатысқан. 2003 жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының эстрадалық вокал факультетіне қабылданған. 2004 жылы «superstar. кz» мега жобасына қатысып, жүлдегер атанды. 2007 жылы Голливудте өткен бүкіләлемдік орындаушылық өнердің байқауында 2 алтын медальді иеленді. 2009 жылдан бері «Қазақконцерт» өнер бірлестігінде жеке әнші қызметін атқарады. 2010 жылы өнерпаздың «Келемін саған» деген атпен алғашқы үнтаспасы жарық көрді.

Шығармашылығының әр кезеңінде Әлішер өзінің имиджін бірнеше рет өзгертіп отырды. Назарларыңызға әншінің осы кезеңге дейінгі жасаған шаш үлгілерінің суреттерін ұсынамыз.

Алишер Кәрімовтың шаш үлгілерінің эволюциясы

12145057_509576799219084_1439476089_n11849391_1117347974962602_801022192_n
ali_kars_b

hqdefault

image36115

slavyanskiy_bazar20140730_15_16_592461406666402_normal_140726-sh-newwave-094
yk5a0nfijqzu_1alisher

12407676_680875735388522_1165346787_n

11010-9

Суреттер Интернеттен алынды

Қазақ елі. Ең үздік суреттер топтамасы

@qazaq_ely инстаграм парақшасы күнделікті еліміздің түрлі аймақтарында түсірілген және ешбір басылымда жарияланбаған суреттерді шығарып отырады. Солардың ең таңдаулысын Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Шымкент қаласы. @mrozhin #qazaqely

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

Қазақ-қытай шекара аймағы. #qazaqely

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

Тараз қаласы. Талас өзені. #bctaraz16 #qazaqely

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

Бауырсақ жеген балапан. #наурыз #qazaqely #бауырсақ #жайдарманнаурыз

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

@janjiqitov — Grand Atyrau #kazakhphoto 

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

Нұрлы тау. Алматы. #qazaqely

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

Үлкен Алматы көлі. Фотография: Максим Золотухин #qazaqely

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

Қайырлы түн қазақ елі! @astanagrammm @chvalagod #qazaqely

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

Жетісу өлкесі. #qazaqely #ГригорицБеденко

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

Үлкен Алматы көлі. #qazaqely

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

Астана. 📷@taimas_a | #astana_city

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

Кеш жарық! Қарағанды қаласы. #qazaqely

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)

Балықшы. Арал. #qazaqely

Фото опубликовано Қазақстан (@qazaq_ely)


 

 

Қытай әлеуметтік желісінде жаңа А4 тренді

Сонымен, Қытай әлеуметтік желісінде жаңа тренд пайда болды. Қыздардың белі А4 қағазынан аспаса, онда ол өзінің сымбатты мүсінімен әбден мақтана алады. Айта кетелік, А4 қағазының ені — 21 см.

Қытай әлеуметтік желісінде жаңа А4 тренді 1458930975-799bad5a3b514f096e69bbc4a7896cd9 1458930982-d0096ec6c83575373e3a21d129ff8fef 1458930987-032b2cc936860b03048302d991c3498f 1458930994-18e2999891374a475d0687ca9f989d83 1458931002-fe5df232cafa4c4e0f1a0294418e5660 1458931009-8cda81fc7ad906927144235dda5fdf15 1458931020-ae566253288191ce5d879e51dae1d8c3 1458931027-62bf1edb36141f114521ec4bb4175579 1458931033-8df7b73a7820f4aef47864f2a6c5fccf 1458931040-9414a8f5b810972c3c9a0e2860c07532

Суреттер Интернеттен алынды

 

Астанада күй апталығы өтеді

20160327213214Қазақ Ұлттық өнер университетінің күйшілері күй апталығын өткізеді. Үш күнде алты бірдей күй кешін тамашалай аласыздар.

Дүйсенбі, 28 наурыз

Рымхан Әбілханұлы — басталуы сағат 15.00-де

Нұрбек Тапалов — басталуы сағат 16.30-да

Сейсенбі, 29 наурыз

Жанғали Жүзбай — басталуы сағат 15.00-де

Ақжусан Иманғазықызы — басталуы сағат 16.30-да

Сәрсенбі, 30 наурыз

Еділ Басығараев — басталуы сағат 15.00-де

Жұмабек Қадырқұлов — басталуы сағат  16.30-да

Өтетін орын — Қазақ Ұлттық өнер университетінің (Шабыт) Ф. Шопен атындағы концерт залы .

ҚазАқпарат

«Бэтмен Суперменге қарсы» фильмі 5 күннің ішінде 425 млн. доллар жинады

«Бэтмен Суперменге қарсы» фильмі 5 күннің ішінде 425 млн. доллар жинады«Бэтмен Суперменге қарсы: «Әділдік таңсәрісінде» фильмінің кассалық жиынтығы бүкіл әлемдегі прокатының бес күні ішінде жалпы көлемі 424 млн. доллар қаржы жинады, деп хабарлады Би-би-си.

Сыншылардың ащы пікірлеріне қарамастан, фильм АҚШ-та 170,1 млн. доллар, Британияда — 15,5 млн. доллар жинады, екеуінде де бұл наурыз айындағы рекордтық көрсеткіш болды.

Бұл картина әлемнің әртүрлі кинотеатрларының 40 мың экранына, соның ішінде АҚШ-та 4,2 мың, Британияда 1,7 мың және Қытайда — 16 мың экранда көрсетілгенін атап өткен жөн.

Зак Снайдердің фильмі алғаш рет бір фильмде бастары қосылған екі суперкейіпкер комиксіне негізделген.

Картинаны түсірген Warner Bros компаниясының өкілі Джефф Голдстейн киносыншылардың тас-талқан еткен мақалаларына қарамастан көрермендер фильмге деген өзінің көзқарасын білдіріп, «доллармен дауыс берді», деп мәлімдеді.

ҚазАқпарат

Жазда Қазақстанға 200 мың ресейлік турист келеді

Жазда Қазақстанға 200 мың ресейлік турист келеді2016 жылдың жазында Қазақстанға 200 мыңға жуық ресейлік турист келуі мүмкін. Мұндай пікірді «Коммерсантъ» газетіне сұхбат берген туристік компанияның бас директоры Сергей Романшкин айтты.

Оның айтуынша, Түркияға баруға мүмкіндігі болмаған ресейліктер бұрынғы кеңес республикаларына назар аудара бастады.

Грузияға, Арменияға және Әзірбайжанға қыдырып барушылардың 50 пайызға көбейгені тіркеліпті. Жазғы маусымда Абхазияға баратындар көп сыңайлы, ресейліктер Краснодар өлкесіне қызығушылық танытып отыр екен. Ол жаққа жазда 1,5 миллион ресейлік барады деп болжанып отыр, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Ал Грузия, Армения және Әзірбайжанға деген сұраныс 50 пайызға өскен. Грузияға 300 мың турист барады делінеді. «Қазақстанға жазда 100-200 мың адам, Қырғызстанға 100 мың адам, Өзбекстанға 50 мың, Тәжікстанға 30 мың адам баруы ықтимал», — деді Ромашкин.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Дарындыларды даралайтын білім додасы

12900194_510200139152907_1004283532_n (1)Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті 24-25 наурызда ҚР ЖОО арасында «5В050400 – журналистика» мамандығы бойынша «Ең дарынды болашақ журналист» тақырыбында дәстүрлі пәндік олимпиада өтіп жатыр. 

Дарындыларды даралайтын, талаттыларды екшейтін білім бәйгесіне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Күлтегін» командасы атынан Журналистика және саясаттану факультетінің озат студенттері Кенжебаева Назым, Тоқсанбек Әйгерім және Қоңқабаева Айнұр   бақтарын сынауда.

Журналистика мамандығының сапасын арттыруды, талантты да білімді, үздік студенттерді анықтауды және студенттердің өзіндік ой-көзқарасын қалыптастыру мен креативті ойлау қабілетін арттыруды, журналистік шеберліктерін дамытуды, сондай-ақ, ақпарат ғасырына бейімделген болашақ журналистердің жаңа медианы меңгеру деңгейін анықтауды және қоғамдық пікірге үн қоса білуге және өзекті мәселелерді талдауға үйретуді көздейтiн аталмыш олимпиада 2 турдан тұрады.

I турда студенттер «Қазақ журналистикасынын тарихы», «Журналистика негiздерi», Шетел журналистикасы», «Тележурналистика» негізгі пәндері бойынша тест тапсырса, II тур бойынша «Ең үздік фото»; «Ең үздік бейнесюжет»; «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша бақтарын сынайды.

Екі турдан тұратын білім додасы дәл қазір өз мәресіне жетіп қалды. Алғашқы бөлімде теориялық білімдерін сынға салған студенттер екінші турда шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Олимпиада бағдарламасына жоғары оқу орындарының базалық пәндері бойынша тест сұрақтары енгізілген.

Байқауға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универитетінің, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінің,  Ш.Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің командалары қатысуда.

Елiмiздiң түкпip-түкпipiнен 9 команда қатысқан олимпиадада төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында танымал фототілші Асылхан Әбдірайымұлы, Т. Жургенов атындағы  Өнер университетінің  доценті Ерлан Акчалов бар.

Биылғы  додадада  жеңіске  жеткен команда  келесі  жылы  пәндік  олимпиаданы өткізбек.

 Әйгерім Тоқсанбек

Ең жас депутат қазақстандықтардың сынына жауап берді

Ең жас депутат қазақстандықтардың сынына жауап берді23 жастағы актер және Алматы мәслихатына жаңадан сайланған депутат Асылхан Төлепов қазақстандықтардың сынына жауап берді. Төлепов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жас екенін Интернетте сынап жатқандардың сөзіне сабырмен қарайтынын айтты.

«Сын, керісінше, маған жұмыс істеуге күш беріп, шабыттандыра түседі. Мен ешкімге ренжімеймін, әр адамның пікірін құрметтеймін. Сондықтан халықтың мені бекер таңдамағанын сөзбен емес, іспен дәлелдегім келеді. Жас екенімді айтып, сенім білдірмегендерді де түсінемін. Бірақ, қазақтың тарихында 14 жаста да, 20 жаста да ұлы батыр және би болған адамдар бар. Сондықтан меніңше, жас — бастысы емес. Көп жұмыс істеп, сайлаушыларымның сенімін ақтаймын деп сөз беремін», — деді Төлепов.

Алматы мәслихатының депутаты қызметінде ол бұқаралық спорт пен мәдениетті дамытуға, балалар алаңын жабдықтауға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жас кәсіпкерлерге жеңілдігі бар жағдай жасауға және Наурызбай ауданынының инфрақұрылымын жақсартуға ниетті.

«Мен сайлауалды насихат кезінде асфальт төсеймін, электр тогын, суды және тағы басқаны жеткіземін деп уәде берген жоқпын. Сондықтан бұл уәдені орындай алмасам адамдардың алдында ұялатын едім. Бірақ мен Наурызбай ауданының тұрғындарының мәселелерін жергілікті заңнамада көтеріп, шешуді уәде еттім. Алда жұмыстың көп екенін, онымен қатар үлкен жауапкершілікті түсінемін», — деді Төлепов. Алайда ол депутат қызметін шығармашылығымен қатар алып жүретінін айтты.

«Қазіргі уақытта Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрындамын. Бұл менің негізгі жұмысым, оны тастап кетпеймін. Қазіргі уақытта екі жаңа қойылымды дайындап жатырмыз. Әзірше киноға түсу туралы жоспар жоқ», — деді актер.

Еске салайық, 23 жастағы Асылхан Төлепов №15 сайлау округі бойынша Алматы мәслихатының депутаты болып сайланған еді. Ол сайлаушылардың 73,8 пайыз даусын жинады.

Төлепов Асылхан Сайлауұлы 1992 жылдың 21 мамырында Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1996 жылы оның жанұясы Алматыға көшіп келеді. 2015 жылы Төлепов Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясын «Актерлік шеберлік» мамандығы бойынша аяқтайды. Таэквандодан қара белбеу иегері.

Режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек — мың бала» кинофильмінде бас кейіпкер Сартай батырдың ролін сомдады. Сонымен қатар, «Балалық шағымның аспаны», «Бауыржан Момышұлы» және «Рэкетир-2» фильмдеріне қатысты.

Астанада «Отан үшін отқа түскендер» фильмінің тұсаукесері өтеді

Астанада «Отан үшін отқа түскендер» фильмінің тұсаукесері өтедіБүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде «Отан үшін отқа түскендер» мен «Жеңісті жақындатқандар» атты деректі фильмдердің тұсаукесері өтеді.

Мәні бөлек жиынға ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, фильм идеясының авторы «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков, ҚР Ауған және шектеулі ұрыс қимылдары ардагерлері ұйымының төрағасы Шәріпбай Өтегенов, Ұлттық ұлан ардагерлері Кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев, Ұлы Отан соғысы, тыл және әскер ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, астаналық №25 орта мектептің оқушылары, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері және Астана гарнизоны әскери бөлімдерінің жеке құрамы қатысатын болады.

Фильмдердің тұсаукесері тәу етер құндылығымыз – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, Ұлы Жеңіс күнінің 71 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орайластырылып әскер бойынша өтіп жатқан «Бізге Даңқ пен Тағзым мұраға қалған!» атты патриоттық акциясының және «БІЗ – БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ҰЛТПЫЗ» жалпыұлттық шарасының аясында ұйымдастырылып отыр.

«Отан үшін отқа түскендер» («В огонь за Родину») деректі фильмі Украинаны фашисттерден азат етудің 70 жылдығына арналған сүбелі еңбек. Фильмде қазақтың даңқты батыр ұлы Бауыржан Момышұлы, екі мәрте Кеңес Одағының батыры, оның ішінде алғашқы Алтын жұлдызын Украина көгіндегі қанды қасап ұрыстары кезінде алған ұшқыш Талғат Бигелдинов, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, жау ордасына Жеңіс туын тіккен батыр Рахымжан Қошқарбаев, Халық қаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтер жайлы да айтылып, 1942 жылы «харьков қазандығында» өшпес ерлік көрсетіп мәңгілікке тыныстаған Шымкентте жасақталған 102-ші атқыштар дивизиясының, 106-ші Ақмола кавалерлік дивизиясының жаужүрек жауынгерлері, Харьков түбіндегі кескілескен шайқастарда өліспей беріспеген 72-ші Красноградтық гвардиялық және 38-ші атқыштар дивизиясының жеке құрамы, сондай-ақ жаумен жағаласа жүріп, қасық қандары қалғанша Отан Ананы қорғауға адал болған барша ержүрек қазақстандық сарбаздардың даңқты жауынгерлік жолы кең түрде баяндалады.

Еңбекте пайдаланылған сирек мұрағаттық бейне материалдар, көзі тірі куәгер –майдангерлердің естеліктері, әскери мұрағаттардың және қазіргі заманғы іздестірушілердің зерттеу құжаттары қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы жеңіске және тыл еңбегіне қосқан үлестері бағасын еселей түсері сөзсіз.

Қазіргі таңда батыр-бағлан бабаларымыздың, Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің даңқты жауынгерлік жолын кейінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. Бүгінгі Отан қорғаушы азаматтарымыз алғы буын өкілдерінің, ата-апаларымыздың Ұлы Жеңісті жақындатуға, оған қол жеткізуге қосқан жанқиярлық ерлігіне әрқашан бас ие бермек.

Фильмдерді ұжымдық түрде көргеннен кейін Қазақстанның Украинадағы бұрнағы елшісі, қазіргі «Нұр Отан» партиясының хатшысы, фильмдердің идея авторы Зауытбек Тұрысбеков көрермендерді қызықтырып, толғандырған сауалдарына жауап беретін болады.

Baq.kz