Домой Блог Страница 221

Талапкерлерді ҰБТ-дан бөлек, тағы бір сын күтіп тұр

Талапкерлерді ҰБТ-дан бөлек, тағы бір сын күтіп тұрБиылдан бастап мұғалім мамандығын таңдаған талапкерлерді ҰБТ-дан бөлек, тағы бір сын күтіп тұр.

Ол – екі кезеңнен тұратын психологиялық тест. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мамандары бұл жаңашылдық болашақ ұстаздардың мамандыққа деген икемін анықтауға мүмкіндік береді деп отыр. Биыл Аида Мұқанова мектепті бітіреді. Алда ҰБТ-мен қатар, оны арнайы емтихан да күтіп тұр. Алайда талапкер бұл сыннан қорықпайды. Керісінше, мұғалім деген қастерлі мамандықтың шынайы иелері анықталып, сол арқылы қоғамда педагогтардың беделі де арта түспек деп есептейді.

Аида Мұқанова, Астана қаласы №66 мектеп-лицейдің 11-ші сынып оқушысы: — Менің атам – ұстаз. Ол кісі әлі күнге өз мамандығы бойынша жұмыс істеп келеді. Бастауыш сыныптан топ басшысы болғандықтан, оқушылар алдында жауапкершілікті сезіне білемін. Маған мектепте жұмыс істеп, оқушыларға көмектескен ұнайды. Ал 20 жылдан бері шәкірт тәрбиелеумен айналысып келе жатқан Бақытжан Мұхтарбекова да тың жаңалықты қолдап отыр. Айтуынша, оқу бітіріп келген жас мамандардың көбі жұмыстың ауыртпалығына шыдамай, өз еркімен өтініш жазып кетеді екен.

Бақытжан Мұхтарбекова, орыс тілі мен орыс әдебиетінің мұғалімі: — Педагогигалық мамандыққа түсу үшін ұлттық біріңғай тестілеуден өту жеткіліксіз. Шығармашылық емтихан өткізген дұрыс. Ол талапкердің ішкі жан дүниесін ашуға септігін тигізеді. Ұстаздық мамандыққа үлкен қызығушылықпен келу қажет. Арнайы емтихан бірінші кезекте сапалы кадрларды дайындау мақсатында қолға алынып отыр. Емтиханның бірінші бөлімі психологиялық тесттен тұрса, екіншісінде түрлі жағдайлар кезінде педагог ретінде шешім қабылдай білу қасиеті бағаланатын болады. Сыннан сүрінбегендер ең жоғары 25 балды жинайды. Ал емтиханнан өтпегендерге басқа мамандықтар ұсынылмақ.

Серік Өмірбаев, ҚР БҒМ ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры: — Педогогикалық мамандықтар тек мемлекеттік тапсырыспен ғана емес, жоспарлы түрде жүзеге асуда. Біз мектептерге ұстаздық қабілеті жоқ адамдарды жібермеуге тиіспіз. Серік Өмірбаевтың айтуынша арнайы емтиханды талапкерлер өз қаласында өтіп, Қазақстанның кез келген оқу орнына түсуге құқылы.

24 kz

Алғашқы отандық «Газель Next» шағын автобусы шығарылды

Алғашқы отандық «Газель Next» шағын автобусы шығарылдыСемейде алғашқы отандық «Газель Next» шағын автобусы құрастырылып шықты. «СемАЗ» кәсіпорны Ресейдің Горький автоқұрастыру зауытымен лицензиялық келісімшартқа отырды.

Жаңа желінің іске қосылуымен жұмыс орындары көбейді.

Мұнда бұрынғы автобустарға қарағанда өзгешелік көп. Төбесі биіктетілген. Орындықтар саны көп. Жаңа көлікке тапсырыстар қазірдің өзінде көп түсіп жатыр. «Сондықтан да жұмыс қарқын алуда», – дейді семейлік автоқұрастырушылар. Шағын автобустың ұзындығы 6 метр, биіктігі 3 метрге жуық, 120 аттың күші бар. Зауыттың жетекші инженері Дидархан Кубаев конвейерден жаңа шыққан автобусты мұқият тексеріп шықты. Бәрі ойдағыдай екеніне көз жеткізуі тиіс.

Дидархан Құбаев, жетекші маман:

— Бұл зауытта еңбек еткеніме 9 жыл болды. Айлығымыз жақсы, 25 жас маман Қытай, Ресей, Корея елдеріне барып іс-тәжірибеден өтіп келді. Құрастырудың әрбір кезеңінде сапаға жете мән береміз. Мәселен, бұл шағын автобустар Еуро-4 талаптарына сай келуі тиіс. Биыл Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Өскемен және Семей қалаларындағы автобус парктеріне отандық өнім алуды жоспарлап отыр. Әр қалаға 100 автобустан алынбақшы.

Хабар

Бетіне қарап, мінезін таны

Бетіне қарап, мінезін таныБіз бұл өмірде біреуді дөңгелек жүзді, ат жақты, қалмақ бет, кең маңдай, тар маңдай деп жатамыз. Былайша, мұнда тұрған ештеңе жоқ, әркімнің өз жаратылысы, өз пошым-пішімі бар. Алайда сонау көне кезеңнен тамыр тартып келе жатқан физиономистика ғылымына жүгінсек, адамның бет-әлпетіне қарап-ақ оның мінез-құлқын, өмір жолын болжап білуге болады. Біз енді оған жеке-жеке тоқталсақ.

Беттің пішініне байланысты

1. Сопақша бет. Саясаткерлер мен үкімет билігіне ие адамдарда жиі кездеседі. Ол сонымен бірге, адамның ақсүйек тұқымынан шыққандығын да көрстеді.

2. Беттің симметриялы емес пішінде болуы. Көбінесе маңдайы биік зерделі жандарға және ерік-жігері әлсіз өнер адамдарына тән. Беттің мұндай типі негізінен тым шамшыл емес әйелдер арасында көп ұшырасады.

3. Сопақ бет. Ол адамның жалпы шамшылдықтан жұрдай екендігін танытады. Алайда, ол биік жақ, өткір көзді болса, онда ол-күшті, тіпті қиын-қыстау шақта өте қауіпті жан.

4. Дөңгелек жүзділік. Мейірбандықтың, ақ жарқын, ашықтықтың белгісі. Ондай адам жайлы тұрмыс үшін жанын салады. Ол-маңайымен тіл тапқыш, қарапайым турашыл, еңбекқор, айналасына жайлы, оларға қолайлы жағдай жасай алатын адам.

5. Ат жақтылық. Ақсүйектігі басым адамға тән. Олардан іскер ұйымдастырушы, мықты басшы шығады. Оның жұртты бастауға икемі бар, зиялы, іскерлік қабілеті мол. Қажыр-қайраты мен ерік-жігері де бір басына жеткілікті.

6. Үш бұрышты бет пішін. Бұл жоғары интеллектен, зиялылықтан хабар береді. Мұндай адам сергек те сезімтал. Араларында қулыққа, айлакерлікке бейімдері де бар.

7. Төрт бұрышты бет пішін. Бұл күресе білетін, бірақ өте шабан ойлайтын, бірбеткей және тікбақай адамға тән. Мұндай кескін әйелдерге бітсе, онда оның диктаторлық қабілеті бар және отбасында билік жасауға икемділеу болғаны, әрі бұл әйел өзін ер адам орнына балайды.

Төрт бұрышты бет пішіні бар адам дөрекіліктен де, қатал-дықтан да ада емес. Бірақ не істесе де сабырмен, ақылмен істейді. Сөзіне ел сенетін, соңынан жұрт еретін көсемдер көбінесе осындайлардан шы-ғады. Олар ойға алғанын жүзеге асыруда табанды.

8. Томпақ бет. Қырынан қарағанда томпақ бет кісі қалжыңға бейім, ақжарқын келеді.

info-tses.kz

Демалыс күндері ұзағырақ ұйықтау денсаулыққа пайдалы

Демалыс күндері ұзағырақ ұйықтау денсаулыққа пайдалыЗерттеушілер демалыс күндергі екі түндегі ұзақ ұйқы пайдалы деп отыр, өйткені қалған жұмыс күндері дұрыс қанбай қалған ұйқының салдарынан пайда болатын қант диабетінің екінші түрінің қауіпін азайтады.

Зерттеуге дені сау 19 жас адам таңдап алынған. Бірінші топқа 4 түн бойы сегіз сағаттан ұйықтауға рұқсат етілген. Екінші топтағыларға 4 күн қатарынан 4,5 сағат қана ұйықтауға мүмкіндік берілген. Кейін оларға екі күн қатарынан 10 сағаттан ұйықтауға рұқсат етіліпті. Бұдан соң зерттеушілер тәжірибеге қатысқандардың инсулинге сезімталдығын тексерген.

Төрт күн қатарынан ұйқылары қанбағандардың диабетке шалдығу қатері 16 пайызға өскен. Алайда олар тағы да екі күн ұйқыларын қандырған соң инсулинге сезімталдықтары бұрынғы қалпына келген. Зерттеу жүргізгендер демалыс күнгі ұзақ ұйқы денсаулыққа пайдалы және сусамырдан сақтандырады деген қорытынды жасаған.

ҚазАқпарат

Сұлулық зертханасы: Ақуыз бен амин қышқылдарының пайдасы

Сұлулық зертханасы: Ақуыз бен амин қышқылдарының пайдасыАдам ағзасындағы көптеген пайдалы элементтер ақуызы мол тағамдардан келеді. Ал ағзадағы ең маңызды нәрсе ақуыз екені айтпаса да түсінікті. Ақуыз бұл — амин қышқылдарының негізгі көзі. Амин қышқылдарымен ішкі органдар, сүйек және бұлшық еттердің қоректенетін ескерсек, ақуыздардың біздің ағамыздағы рөлі зор екенін байқаймыз.

Тағамда ең маңызды үш элемент бар: ақуыз, май және көмірсулар. Әрқайсысында калорияның көптеген мөлшері бар. Ақуызда 1 грамға 4,1 ккал, көмірсуларда да осындай көлемде. Ал майда 1 грамға шаққанда 9,2 ккал калория бар.

Майлы тағамның ерекшелігі

Май — артық энергияны сақтаушы. Ол ағзаның барлық бөлігіне таралып, ағзаны толық әрі тығыз етіп тұрады (сыртынан да, ішінен де. Егер май мөлшерден артық болса, ішкі органдарға тұрақтайды). Мұның бәрі зат алмасуды қиындатып, адам ағзасының жақсы жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.

Денсаулықты қалай сақтау қажет?

Макроэлменеттердің тепе-теңдігін сақтау үшін ақуыздың бір күндік мөлшері тағамда 3,0 пайыздан аспауы керек. Ақуыз май сияқты емес, жиналмайды және денеден тез шығып кетеді. Ал май артық қорға қалып қояды да, салмақтың артуына, көптеген сырқаттардың пайда болуына әкеледі.

Ақуыз қандай тағамда бар?

Дұрыс тамақтану үшін өсімдікпен қатар, жанауар ақуызын да пайдаланған жөн. Өсімдік ақуыздары күріш, асбұршақ, ірі бұршақ және бұршақ қабығы сояларында болады. Ал жануар ақуызының негізгі көзі — тауық, күркетауық, сиыр еті, балық.

Ағзада ақуыз аз болса ше?

Ақуызды аз мөлшерде пайдалану ішкі органдар қызметінің бұзылуына әкеледі. Ал бұл жасушалардың ақуыз бен кейбір амин қышқылдарын ішкі органдардан алуынан кейін пайда болады. Әсіресе, ең басты бұлшық ет — жүрек бұлшық етінен алу денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді.

Ақуыздық тағамдардан қандай амин қышқылын алуға болады?

Валин

Бұл өте маңызды, зат алмасу мен бұлшық ет ұлпаларына аса қажетті қышқыл. Бұлшық етті қатайтып, олардың сергектігін арттырады. Валин сүт, ет және өзге де сүт өнімдерінде, сондай-ақ, жаңғақ пен саңырауқұлақта бар.

Изолейцин

Бұл амин қышқылы гемоглобинді синтездеуге қатысады. Сонымен қатар, қанттың мөлшерін реттеп, қалыпқа келтіреді. Ағза күйзелуінің алдын алады. Изолейцин негізінен тауық еті, бауыр, балық, жұмыртқа, соя, миндаль, кешью және чечевицада кездеседі.

Триптофан

Бұл қышқыл ұйықысыздыққа ұшырап, күйзеліске түскен кезде пайдалы. Жүрек ауруларының алдын алуға, салмақты реттеуге көмектеседі. Тәбетті төмендетеді, бойдағы гормондардың өңделуіне әсер етеді, никотиннің әсерін төмендетеді. Триптофан ет, балық, тауық, жұмыртқа, күрке тауықө, сүт өнімдері, қара шоколад, самырсын аңғағы, қара өрік, қызанақ, күнжіт, банан, соя және құрманың құрамында бар.

Аргинин

Бұл қышқыл иммундық жүйенің жұмысын реттеп, бауырдан уытты заттардың шығуына әсер етеді. Салмақты түсіріп, обыр ауруларының алдын алады. Аргининді сиыр еті, швейцарлық ірімшік, күнжіт, асқабақ дәнегі, йогурт және жаңғақтан таба аласыз.

Гистидин

Бұл аминқышқылы ағзаға күйзеліс кезінде, жұқпалы ауру және өзге де сырқаттардан соң өте қажет. Аллергияның алдын алып, минералдарды сіңіруге көмектеседі. Анемия мен асқазан жарасын емдеуге өте пайдалы. Гистидин балық (тунец), ірімшік пен дақылда, тауық, чечевица, соя және сиыр етінде бар.

Лейцин

Бұлшық ет, сүйек және тері қабығын регенерациялауға көмектеседі. Қандағы қант мөлшерін төмендетіп, бойдың өсу гормонын өңдеп шығарады. Лейцин балық, күріш, ет, чечевица, сүт, сүт өнімдері, дақыл және жаңғақта кездеседі.

Лизин

Бұл амин қышқылы балалардың бойы өсіруге, сүйектерін қатайтуға өте қажет. Коллагеннің пайда болуына, гормондардың синтезделуіне керек. Лизинді балық, ет, сүт тағамдары, жаңғақ және дақылдардан алуға болады.

Треонин

Бұл амин қышқылы коллагенді синтездеу кезінде аса қажет. Май алмасуға қатысып, иммунитетті күшейтеді. Треонин сүтте, йогуртта, жаңғақ пен жұмыртқада және ірі бұршақта кездеседі.

Метионин

Бауырға май жиналуының алдын алады. Тамырда қанның ұюына жол бермей, тамақ қорытылуын жақсартады. Жүктілік кезінде токсикоз бен артритке пайдалы. Метионин сүт, йогурт, сарымсақ, ет, қарақұмық, фасоль, ірі бұршақ, чечевица және жұмыртқа мен балықта бар.

Фенилаланин

Ауырудың алдын алып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Тәбетті төмендетіп, күйзеліспен жақсы күреседі. Семіздіктің алдын алады, Бұл амин қышқылы көңіл-күйді жақсартады коллаген мен эндрофинді шығаруға көмектеседі, етеккір кезінде ауыруды азайтады. Фаниалаланинді тауық етінде, сиыр етінде, сүт тағамдары мен жұмыртқада кездестіресіз.

confederation.kz

Қазақстан мен Украина Тарас Шевченко туралы фильм түсіреді

Қазақстан мен Украина Тарас Шевченко туралы фильм түсіреді

Украинада  Тарас Шевченко туралы «Тарази. Шөлмен қоштасу» толық метражды көркем фильмінің түсірілімдері басталады.

«Тарази. Шөлмен қоштасу» фильмін биыл  Одесса облысының аумағында, сонымен қатар Қазақстанда түсіреді. Оны Мемлекеттік кино комитетінің қолдауымен түсіреді. Лента украиналық-қазақстандық өнім. Оны «Одесса киностудиясы» мен алматылық Sky Production студиясы түсіреді.

Кобзарьдің рөлін ойнайтын адамға кастинг өтеді. Оған кез-келген адам қатыса алады.

Өтініш бергендердің арасынан 10 кандидат таңдалады, олар Шевченко образына ену үшін бәсекелеседі.

Лента режиссері украиналық киносуретші және жазушы Александр Денисенко. Сондай-ақ ол фильм сценарийінің авторы.  Бұл мәтін  Тарас Шевченконың 200 жылдығына арналған халықаралық киносценарийлер байқауында үздік атанғандардың бірі болды.

Александр Денисенко Кобзарь өмірінің Қазақстандағы Каспий теңізінің жағалауындағы Новопетров бекінісінде қызмет еткен  соңғы жылдарын баяндайды.

ҚазАқпарат

Қазақстанда Төрелік палатасы құрылады

Қазақстанда Төрелік палатасы құрыладыҚазақстанның Төрелік палатасы құрылатын болады. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Төрелік туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Әділет министрі Берік Имашев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, заң жобасында төреліктер қызметін реттейтін жаңа тәсілдер қарастырылып отыр. Атап айтқанда, төрелік келісімнің дербестік қағидаты бекітіледі. Құпиялылық қағидатының қолданысы кеңейтіледі.

«Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор, табиғи монополиялар субъектілеріне және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында басым жағдайға ие субъектілерге, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға төрелiктер құруға тыйым салынады. Бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар факторларын және төрелiк шешімдер қабылдауға сырттан әсер етуді болдырмайды», — деді Әділет министрі.

Оның айтуынша, төрешілерге қойылатын біліктілік талаптары да күшейтіледі. Сонымен қатар, заң жобасындағы басты жаңалықтардың бірі — Қазақстанның Төрелік палатасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

«Бұл палата төрешілердің қызметін іске асыру, ынталандыру және қолдау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олардың ұлттық және халықаралық деңгейде төрелікке қатысуына септігін тигізеді. Тұтастай алғанда, заң жобасында белгіленген шаралар елімізде төрелік қызметке жаңа қарқын беруге, осы саладағы халықаралық стандарттар талаптарына оның сәйкес келуін барынша қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мүліктік дауларға қатысушылардың құқықтарын қорғау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Б. Имашев.

ҚазАқпарат

Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің бірінші баспасөз хабарламасы

0

red_ministr_foto_0
Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылданғанына енді ғана он күн толып отыр. Қазір осы бағдарламаны орындаудың әрбір қадамы ойластырылуда. Сондықтан алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы әлі халық алдында ресми түрде жарияланған жоқ.

Дегенмен, маған осы бағдарлама туралы кейбір сұрақтар түсіп жатыр. Сұрақтың көпшілігі қазақ тілі, оның келешегі туралы.

Қысқаша айтсам, бағдарламада қазақ тілінің қолданысын шектеуге, немесе, кейбіреулер айтқандай, оны жою туралы қандай да бір мақсат та жоқ. Мен іс басына қазақ тілін – өзімнің ана тілімді шеттетейін деген оймен келгенім жоқ.

Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты — Президент ұсынған “Мәңгілік ел” идеясын орындауға бастайтын, оған негіз қалайтын платформа жасау. Өйткені, “Мәңгілік ел” білімі заман талабына сай, әлемдегі ғылым мен техниканың, жалпы әлем өркениетінің жаңалығын еркін біліп, еркін игере, қолдана алатын Қазақстанның мәңгілік қоғамын құруға арналған. Сонымен қатар, қоғамда сапалы білім алудың мүмкіндігі баршаға бірдей болуы көрсетілген. Ал қазір біздегі білім жүйесінде мұндай тепе-теңдік жоқ.

Қазіргі таңда еліміздегі мектептер үш типке бөлінген. Оқыту тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Қазақ мектептерінде оқыған жастардың әрі қарай сапалы білім алуының шектеулі екенін көріп отырмыз. Мысалы, біздің ең жоғары ағылшын тілінде дәріс беретін Назарбаев Университетіне, ҚМЭБИ, ҚБТУ, IT университеттеріне ауыл жастарының түсуіне біраз қиыншылықтардың бар екенін өзім көрдім. Ол – бір.

Екіншіден, бізде орыс тілінде оқытатын мектептер де бар. Оларда да көптеген қазақ жастары оқиды. Шынын айтсақ, осы жастардың көбі, тіптен қазақ жастарының көбі қазақ тілін дұрыс білмейді, дұрыс түсінбейді. Осындай себептерге байланысты біздегі білім алу жүйесінде тепе-теңдік жоқ, жастардың бәрі бір деңгейде сапалы білім алуына жағдай жасалмаған. Біздің мақсатымыз – осындай қайшылықтарды жойып, жастарға, әсіресе ауылда жүрген жастарға, бәріне бірдей сапалы, заман талабына сай білім беру.

Дәлірек айтсақ, болашақта үш тілде сапалы дәріс беретін бір типті білім беру жүйесін құру. Осы үш тілде де әр бала еркін сөйлеп, бір-бірін түсіне білуі тиіс және де әлем елдеріндегі озық білімді игере білуі қажет. Бұл бір жылдың шаруасы емес, бірақ оны уақытты жоғалтпай бастау керек.

Биылғы жылы осы реформалардың алғашқы қадамы жасалып отыр. Осыған байланысты ең бірінші айтарым: әзірше жалпы қазақ тілінің орта мектептегі оқу бағдарламасы бұрынғы қолданыстағы күйінде жалғастырылады. Сонымен қатар орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінің сағаттарын көбейтіп, оның сапасын арттыру керек.

Жаратылыстану (химия, физика, биология, информатика) пәндерін үш тілде, оның ішінде қазақ тілінде де жаңа әдістемемен оқыту көзделіп отыр. Сондықтан биылғы жылдан бастап 73 мың мектеп мұғалімі жаңа әдістемеге арнайы дайындалады.

Осы мақсатта және әлемдегі озық тәжірибені кеңінен қолдану үшін биыл 2.5 мың мектепті кең жолақты интернет желісіне қосамыз. Аталған іс-шаралар Елбасы бекіткен бағдарламада нақты көрсетілген және оған тиісті қаржы бөлініп отыр. Сонымен қатар, 73 мың мектеп мұғаліміне жаңа әдістемені үйрететін 80 маман Назарбаев Зияткерлік мектептерінде дайын тұр.

2017 жылдан бастап тағы 2.5 мың мектеп кең жолақты интернет желісіне қосылады. Осының арқасында Қазақстанда ақпараттық технологиялар мен жаңа әдістемелер арқылы жұмыс істейтін білім беру жүйесі қалыптасады. Яғни интернет желісі барлық мектептерге сапалы білімді әкелуге мүмкіндік туғызады. Осыдан кейін ғана кейбір жаратылыстану пәндерін тек ағылшын тілінде оқыту басталады. Шамамен ол 2018 жылдан басталады деп отырмыз. Тек балалар дайын болғанда ғана ҰБТ-ға ағылшын тілі сұрақтарын қоса бастаймыз.

Осының бәрі не үшін қажет деген сұрақ туындауы мүмкін. Әлемдегі ғылым жаңалықтарын қазақ тіліне аудару керек дейді кейбір ағайындар. Дұрыс-ақ болар еді, бірақ әлемде біздің жастарға керек, күніне мыңдап емес миллиондап шығып жатқан ғылым мен өмір жаңалығын дер кезінде қазақ тіліне аудару тіпті мүмкін емес. Оған қаражат та, басқа мүмкіндіктер де жоқ. Оның қиындығын үлкен халық француздар да түсініп отыр. Бұрын француз мектептерінде ағылшын тілі оқытылмайтын еді. Қазір оны оқыту заң түрінде барлық француз мектептеріне енгізілді. Бізге де тиімді жол осы деп есептейміз. Қазақ жастарына, әсіресе, ауыл балаларына өз ана тілімен қатар ағылшын тілін үйретсек, сонда ғана олар өздеріне қажетті білімді әлем кеңістігінде дер кезінде және еркін таба алады. Оларға ең тиімді жоғары оқу орындарына жол ашылады.

Ал, қазақ тілі туралы айтар болсақ, бізде ана тілімізді жан-жақты, жедел, тиімді үйрететін әдістеме жоқ. Кейбір елдерде (мысалы, ағылшындарда, финдарда) өз халқының тілін өздеріне және басқа ұлттарға 4-6 ай ішінде үйрететін тиімді әдістемелер бар. Осындай әдістемелердің жоқтығынан біздер мектепте қазақ тілін айлап, жылдап оқытсақ та тиісті нәтиже шығара алмай келеміз.

Сондықтан қазақ тілін жедел меңгерудің әдістемесін жасауымыз керек. Осы мақсатқа ғылым бағдарламасының маңызды бөлімі ретінде тиісті қаржы бөлу көзделіп отыр. Бұл – өте маңызды мәселе. Ол мектептерде қазақ тілін оқытудың маңызын тек оған бөлінген сағаттармен ғана өлшеп қоймай, берілетін білімнің сапасы арқылы бағалауға жол ашады. Сондықтан қазақ тілі пәнінің тәжірибелі ұстаздарын шет елдерге жіберіп, ондағы тілді үйретудің тиімді әдістемелерімен таныстыру көзделіп отыр. Осының арқасында тек қазақтарға ғана емес, еліміздегі басқа ұлт өкілдеріне де қазақ тілін кеңінен тиімді әдістеме арқылы оқыту жүйесі ұсынылады.

Тағы бір үлкен мәселе, бір замандарда әлем халқы шамамен 10 мыңнан аса тілде сөйлесе, бүгін де әлем бойынша 6,5 мың тілде ғана сөйлейді. Үлкен халықтардың емес, саны аз немесе орташа халықтардың тілі біртіндеп қолданыстан шығып жатыр. Ал мәңгілік ел болуды мұрат еткен біз өз тілімізді қалай сақтай аламыз, оның жолдары қандай, басқа мемлекеттерде осы тұрғыдан озық үлгі бар ма? Осындай сұрақтарға ғылыми негізде алынған жауаптарды немесе зерттеулерді көрмедім. Сондықтан, қазақ тілінің жанашыр ғалымдарынан арнайы топ құрып, қаражат бөліп, осы ғылыми ізденістерді жүзеге асыру көзделіп отыр.

Әзірше оқырмандарға айтарым осы. Алдағы уақытта Министрліктің әрбір қадамы халыққа жария етіліп отырады.

Адамдар тәулігіне кемінде 1,5-2 литр су ішу қажет

Адамдар тәулігіне кемінде 1,5-2 литр су ішу қажетСоңғы жылдары медиктер мен диетологтар салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін адамдар тәулігіне кемінде 1,5-2 литр су ішу қажеттігін жиі айтады.

Алайда, Кембридж қаласында орналасқан Гарвард университетінің ғалымдарының соңғы зерттеуі  ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін 4-6 стақан су ішу жеткілікті екенін көрсетті. Бұл шамамен 0,8-1,5 литр.

Олар зерттеу нәтижесін Clinical Journal of Sports Medicine басылымына жариялады.

Ғалымдар суды мөлшерден тыс тұтыну ағзадағы тұзды шайып кететінін анықтады. Егер тұрақты түрде нормадан асырып су ішілсе, ол натрийдің жетіспеуіне әкелуі мүмкін. Бұл өз кезегінде бас ауруын тудырып, бастың айналуына әкеледі, кей жағдайларды құсқысы келуі мүмкін.

Ғалымдардың айтуынша, суды күн ішінде ағза қанша сұйықтық шығындайтынына байланысты ішу қажет. Егер сыртта 30 градус ыстық болса, ағза суды тез сіңіреді. Мұндай жағдайда мамандар күндіз  су   тұтыну нормасын екі есеге арттыруды ұсынады.

Егер адам дене жаттығуымен айналысса, онда суды күніне 2 литрдан артық тұтыну қажет.

ҚазАқпарат

Дұрыс тамақтанудың ережелері

20160304000508Дұрыс тамақтану бүгіндері қажеттілік қана емес сəнге де айналды. Артық салмақ жаһандық мəселеге болғалы бері əрбір адам, мейлі қыз бала болмаса ер адам салмақ қосуды дұрыс көрмесі анық. Əрине, қатаң диета ұстану, тек түрлі дəрумендерге бай азық-түліктерді тамаққа пайдалану кез келген адам үшін оңай, қолжетімді болмауы мүмкін. Дегенмен, ерік-жігер мен төзімділік қажет нəтижеге жеткізетінін бəріміз білеміз. Төменде біз ұсынған біраз кеңестер пайдаңызға жарар деген үміттеміз.

Бір стақан (немесе 2) суды əрбір тамақтану алдында ішу. Судың күндік мөлшері 1,5-2 л (мұның ішіне қалауыңызға қарай қантсыз көк шайды қосуға болады). ​ Су аштық сезімін қадағалап, зат алмасуды ретке келтіреді. Қажетті мөлшерде су ішіп жүру арықтауға өз септігін тигізеді. Күніне 1,5 литр су ішу сіз үшін тұрақты ереже болсын. Бұл мөлшерге шай мен түрлі шырындарды қоспаңыз. Адамның денесінің 55-70 пайызы судан тұратынын есептесек, ол барлық алмасу, қышқылдану, термо реттеу және басқа да процестерге қатысады. Физикалық жаттығулар, ыстық кезде немесе ауырғанда адам ағзасына одан да көп су қажет.

Зиянды/каллориясы көп тағамды түскі сағат 12-ге дейін жеуге болады.

Рациондағы барлық гарнир түрін көкөніске алмастыру қажет.

Шұжықтар, сосискалар, т.с.с. бас тартыңыз. Бұл тағамдардың тек дене бітіміңізге ғана емес, денсаулығыңызға да берер пайдасы жоқ.

Тамақты 2,5-3 сағат сайын аз ғана бөліктен жеп тұрыңыз.

Ұйқыға жатардан бұрынғы тамақтану уақыты 3-4 сағат.

Аптасына бір рет ашығу күнін жариялаңыз (сүзбе/көк шай).

Спорттық жаттығулар. Тренажерлық зал, кардиожаттығулар, жаяу жүру, баспалдақпен бірнеше рет көтерілу/түсу.

Тамақтану кезінде су ішпеу керек жəне тамақтанып болған соң да 40 минуттай сұйықтық ішпеу.

20 грамм майды күндікке ішкен пайдалы (кеуде, шаш, тері үшін). Мəселен зығыр майының бір ас қасығын таңертеңгілік аш қарынға ішуге болады немесе қазір пайдасына көп ден қойылып жүрген қара зирені (тмин) ұсынылымына қарай пайдалану.

Таңертенгілік ас міндетті түрде ішілуі тиіс.

Ұннан жасалған тағамдарды жəне тəттілерді шектеу немесе мүлде жемеу (жеміс-жидекпен алмастыру).

Таңертең ұйқыдан оянған соң өзіңізге ыңғайлы кез келген жаттығу түрін жасаңыз. Ол қан айналымын жəне зат алмасу процесін жақсартады.

 Асықпай шайнаңыз. Жалпы тамақтануға көбірек уақыт бөліңіз. Миға тойғанымыз жайлы белгі жеткенше, біз тойып та, артық жеп те үлгереміз. Сондықтан барынша ақырын, асықпай тамақтаныңыз. Сондай-ақ тамақ жегенде теледидар қарау әдетінен арылыңыз. Ми фильмді түсінуден босамай, не, қандай мөлшерде жегеніңізді байқамайды. Артық жеп қоймау үшін асыңызды кішкентай тәрелкеге салып жеуге болады.

Рационыңызға өңделмеген дәнді дақылдарды қосу арқылы салмақты қадағалай аласыз. Ботқалар, астық дәндерінен нан, мюсли, қоңыр күріш сынды тағамдардың құрамында көптеген дәрумендер мен пайдалы заттар болады. Ағзаңыз осындай тамақ үшін сізге риза болып, іштің қабынуы, артық салмақ, тері кемшіліктері, асқорытудағы қиындықтардан аман қалады.

ҚазАқпарат