Домой Блог Страница 224

Блогерлер онлайн рақмет айту желісін құрды

1 наурыз — Алғыс айту күнінде блогерлердің күшімен raqmet.kz сайты ашылды. Сайтта Тұлғалар, Отбасы, Достар, Әріптестер санаты бойынша түрлі алғыс, ризашылық, рақмет жазуға болады. Мәтінмен бірге фото/видео/аудио қосып, құттықтауды әрлеуге де болады.

Сайт сілтемесі: raqmet.kz

Өндірісте де үздік, өнерде де алда

index

Ақсу ферроқорытпа зауытының мемлекеттік тілді дамыту секторы 2016 жылды әдеттегідей «Биле, биле!» атты би сайысымен ашты. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл шара 20- ақпанда Ақсу қаласының «Балалар шығармашылық үйінде» өтті.

Аталмыш байқау Ақсу ферроқорытпа зауыты жұмыскерлерінің шығармашылығын дамыту,  cалауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қазақ әндерін және әртүрлі жанрдағы билерді таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Аталған сайыстың басты ережесі кез келген би түрі қазақ әндері арқылы ғана орындалуы тиіс. Бұл сайыста 10 цехтың атынан мың бұралған биші қыздарымыз бен сері жігіттеріміз өз өнерлерін ортаға салды. 9 нөмірден құралған додаға 21 үміткер қатысты. Сахнада сайыскерлер бар өнерін салып, ең үздік биші атануға тырысып бақты. Олар вальс, қара жорға, лезгинка, үнді биі, қазақ халқының ұлттық билері, брэйк данс, хип-хоп және т. б. танымал би түрлерін үздік орындап шықты.

Әділ-қазылар алқасының мүшелері Ақсу қаласы Балалар шығармашылық үйінің хореографы Валерия Цицюрская (төраға), Ақсу қаласының құрметті азаматы Мұрат Әбілтаев, Ақсу ферроқорытпа зауыты Авто-көлік цехы кәсіподақ комитетінің төрағасы Наталья Гептинг.

Сайыс нәтижесінде Евгения Гоголева, Тамара Қабатова, Фариза Мұхтаровалар «Көктем салтанаты» атты туындысымен үздік шығып, І орынға ие болды. Ал Галина Афанасьева, Лидия Кочубей, Галина Павлова, Мейрамгүл Шарипбаева, Құндыз Кулгутановалар «Қыздар-ай» биімен ІІ орынды еншілесе, Татьяна Галлиулина «Әсерлі самбо» атты биімен ІІІ орынға ие болды.

Сонымен қатар, «Ең ұйымшыл ұжым» номинациясы «Сүйіктім» атты үнді биін билеген БӨҚжАЦ өнерпаздары Айдана Ибрай, Светлана Юзюк, Азиз Ахмедиев, Дәулет Сүлейменовке бұйырса, ал «Қара жорға» биін сомдаған № 6 цехтың от төзімдеушісі Қанат Әбілдашев «Ең әсерлі би» аталымында үздік деп танылды.

Қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, жеңімпаздар ақшалай жүлделерге ие болды.

 

«Оскар-2016» жеңімпаздары

«Оскар-2016» жеңімпаздары2016 жылы 29 ақпанда Американың Лос-Анджелес қаласындағы Dolby Theatre сахнасында Америка киноакадемиясының 88-ші «Оскар» марапаттау шарасы өтті. 

Биылғы жылдың жеңімпаздары:

Үздік фильм:
• «Басты назарда» («Spotlight»)

Үздік актер:
• Леонардо ДиКаприо — «Оралған аруақ»

Үздік актриса:
• Бри Ларсон — «Бөлме» («Room»)

Екінші пландағы үздік актер:
• Марк Райлэнс — «Шпиондар көпірі»

Екінші пландағы үздік актриса:
• Алисия Викандер — «Дат қызы»

Үздік режиссер:
• Алехандро Гонсалес Иньярриту — «Оралған аруақ»

Шет тіліндегі үздік фильм:
• «Саулдың ұлы» («Saul fia»)

Үздік композитор:
• Эннио Морриконе — «Жексұрын сегіздік»

Үздік түпнұсқа сценарий:
• Джош Сингер, Том МакКарти — «Басты назарда» («Spotlight»)

Бейімделген үздік сценарий:
• Чарльз Рэндольф, Адам МакКей — «Үлкен құнсыздану ойыны»

Үздік оператор:
• Эммануэль Любецки — «Оралған аруақ»

Үздік визуал эффектілер:
• «Машина» («Ex Machina»)

Үздік костюм дизайны:
• «Ессіз Макс: Қаһарлы жол»

Үздік грим және шаш үлгісі:
• «Ессіз Макс: Қаһарлы жол»

Үздік қоюшы-суретші:
• «Ессіз Макс: Қаһарлы жол»

Үздік анимациялық фильм:
• «Өңі айналған»

Үздік деректі фильм:
• «Эми»

Үздік қысқаметражды фильм:
• «Тұтықпа» («Stutterer»)

Үздік қысқаметражды деректі фильм:
• «Өзендегі қыз: Кешірім құны» («A Girl In The River: The Price of Forgiveness»)

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм:
• «Аюлар хикаясы» («Historia de un oso»)

Үздік монтаж:
• «Ессіз Макс: Қаһарлы жол»

Үздік дыбыс монтажы:
• «Ессіз Макс: Қаһарлы жол»

Дыбыстың үздік үйлесімі:
• «Ессіз Макс: Қаһарлы жол»

Үздік ән:
• «007: СПЕКТР» — «Writing’s On The Wall»

Айқын өзін продюсерлік қырынан сынап көрмек

Айқын өзін продюсерлік қырынан сынап көрмекЭстрадамыздың жарқын жұлдыздарының бірі Айқын өзін продюсерлік қырынан сынап көрмек. Әншінің алғашқы продюсерлік жобасы — Дуэт «А».

Алфавиттің бірінші әріпімен аталған дуэт Олжас Бектұрсын және Маржан Қалыбек есімді екі әншіден құралған. Олжас пен Маржан көпшілікке «Жанды дауыс» жобасынан таныс.

Олжас Бектұрсын аталмыш жобада Айқынның жетекшілігінде өнер көрсетіп, өзінің ерекше дауысымен болашақ продюсерінің көзіне түсті. Ал Маржан Луинаның жетекшілігінде өнер көрсеткен болса да, Айқын оны бірден байқап қалды. Маржан жобадан шығып кеткен соң, дарынды аруға кәсіби әншілік жолын бастау туралы үш түрлі ұсыныстар түсті. Солардың ішінен жас әнші Айқынның ұсынысына тоқтады.

Дуэт қатысушыларының өнерден тыс өмірі жайлы айтатын болсақ, 93-жылғы Олжас қазір Жүргенов өнер академиясының 4-ші курс студенті. Қапшағай қаласының тумасы болып табылатын 23-жасар Маржан дизайнер мамандығын оқып жатыр.

Топтың атауы продюсер есімінің алғашқы әріпі мен алфавиттің бірінші әріпіне байланысты болса керек.

Әзірше дуэттің репертуарында «Естідім» деп аталатын бір ән бар. Жуырда екінші ән де дайын болмақ. Екі туындының қайсысына бейнебаян түсірілетіні әлі белгісіз.

Тарбағатай өңірінде ат спорты мектебі ашылды

Тарбағатай өңірінде ат спорты мектебі ашылдыШығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде ат спорты мектебі ашылды.

Мұнда қазір ағылшын, араб тұқымдас 12 сәйгүлік бар. Шалғай ауылдың он шақты тұрғыны жаңа жұмыс орнымен қамтылды. Олар жергілікті балғындарға атқа мінудің қыр-сырын үйретеді, деп хабарлайды baq.kz ақпараттық порталы.

Басты мақсатымыз – жасөсірімдерді бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ сияқты ұлттық спорт түрлеріне баулу. Бұл – ауданда ашылған екінші мектеп. Болашақта иппотерапияны қолға алу да жоспарда бар екен.

Болат Қойбағаров, шаруа қожалығының жетекшісі:

— Атқа мінуді үйренеміз деген бала көп. Ауылда қазір демалыс сайын ат жарыс болып тұрады. Жалпы балалардың ынтасы жақсы.

ҚХА 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтайды

ҚХА 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтайдыҚазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барша азаматтарын 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтайды! Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойлық жылында Ұлттық күнтізбемізде осы мерекенің пайда болуының мағынасы терең.

Бейбітшілік, достық пен келісім құндылықтары Қазақстанның көпұлтты халқының тарихи тағдырымен ұштасқан. Бұл күні біз Қазақстанның көпэтносты жасампаз халқының ортақ тарихына құрмет білдіреміз.

Алғыс айту күні – Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты. Елбасының дана, сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты, оның арқауы — Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Бірлік, тұрақтылық және келісім еліміздің экономикалық қуатының берік іргетасы, саяси, әлеуметтік және мәдени міндеттерді шешу жолындағы сенімді кепілі болды. Бұл қағидаттар жаңа заманның сын-қатерлеріне біздің жауабымыз болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін бұл күн ерекше қуанышты мереке, себебі дәл осы 1 наурыз — Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні Алғыс айту күні болып жарияланды.

Даталардың түйісуі біздің жаңа мерекемізге ерекше мағына және айрықша маңыз береді, ол адамдар арасындағы, Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық этностар арасындағы өзара сенім мен сыйластық деңгейінің жоғарылығын, өзара түсіністік пен терең құрметті білдіреді.

Даталардың бұл түйісуі кездейсоқтық емес. Мемлекет басшысының өзі Ассамблеяның құрылған күнін жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және оларды өз туғанындай қабылдап, мейірбандық танытқан қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту туралы ұсыныс айтқан болатын.

Алғыс айту күні – қуғын-сүргінге ұшырап, аласапыран заманның тауқыметін тартқан халықтың рухани игілігі – кеңпейілділігі мен қайырымдылық дәстүрлеріне терең тағзым белгісі.

Біз Тәуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, тең құқықтар иеленген және нұрлы болашақ жолында зор жауапкершілікпен топтасқан Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптастыру туралы мәлімдедік.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекетіміз бен қоғамымызды жаңартуға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізінде Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған барлық реформалардың жүзеге асырылуына атсалысады.

Біз қазақтың қасиетті жеріндегі ең басты құндылығымыз – бірлік пен татулық үшін ортақ жауапкершілігімізді сезінеміз және жарқын болашағымызға нық сенеміз.

Мереке құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!

«Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты басталды

Actual Oscar statuettes to be presented during the 80th Annual Academy Awards sit in a display case in Hollywood February 22, 2008. The Oscars will be presented on February 24. REUTERS/Gary Hershorn (UNITED STATES) OSCARS/ OSC904._OSCARS-_0222_11.JPG

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Dolby Theatre сарайында «Оскар» жүлдесін тапсырудың 88-ші салтанатты шарасы басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Салтанатты кеш басталмас бұрын үміткерлер мен қонақтар қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Айта кетейік, биыл басты жүлдеге 7 фильм таласуда.

Үндістан селфи жасауға тыйым салуда

Үндістан селфи жасауға тыйым салудаМумбай қаласының әкімшілігі қаланың 16 ауданында селфи жасауға тыйым салды. Тыйым салынған жерлер қауіпсіз емес, алайда әдемі суретке түсуге құмарлар бастарын қауіпке тігуге кедергі болмай отыр.

Оған басты себеп: 2014 жылы әлемде селфи жасамақ болып, қаза тапқан 49 адамның 19-ы Үндістан азаматтары болған.

Қайғылы оқиғалардың жиіліеп кеткеніне алаңдаушылық білдірген полиция қауіпті аймақтарда селфи жасауға тыйым салуға асықты. Осылайша, қоршаулар мен арнайы ұстап жүретін тұтқалары жоқ жартасты жағалауларда селфи яғни автопортрет жасауға тыйым салынды. Талапты орындамағандарға 1200 рупий (6 200 теңге шамасында) көлемінде айыппұл салынады, бұл Үндістанда аз ақша емес.

Ақпан айында колледжде 18 жасар студенті Насик қаласындағы жартастың үстінде селфи жасамақ болып, суға құлап батып кеткен. Оны құтқарам деп суға секірген группаласы да көз жұмды.

ҚазАқпарат

«Жамбыл» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

38cbbe3fdaba8f0f2d229521e16e555c_XL2016 жылы 25 ақпанда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде  ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ — ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АЛЫП ЖЫРШЫСЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция шеңберінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықовтың «Жамбыл» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.  

Ащы да болса трагизм оқиғалары толық бейнеленген мәнмәтіндегі кітап тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықовтың авторлығымен Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай жарыққа шыққан.

«Көркем әдебиет» баспасынан шыққан кітапқа алғысөзді Қазақстанның Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жазуы да бұл еңбектің құндылығын көрсетсе керек.

Ертасова Гүлжазира

Семіріп кеткен кірпі диета ұстап, фитнеспен шұғылдануда

Семіріп кеткен кірпі диета ұстап, фитнеспен шұғылданудаСеміздікке адамдар да, тіпті, кірпілер де шалдығады. Көлемі футбол добындай болып семірген тікенді жануардың бірін арыту үшін оған аз тамақ берілуде, әрі ол мәжбүрлі түрде фитнеспен жаттығуда.

Ангиляның Уилкшир графтығындағы тәлімбақта тұратын Хогзилла (ағылшынша кірпі деген сөзден және Годзилла атауынан құрастырылған) есімді кірпінің семіргені соншалық, қорғану үшін домалана алмайтын халге жетті. Бір жағынан, бұл күлкілі, кірпі алдағы уақытта жабайы табиғатқа жіберу көзделгендіктен, ол кез келген жыртқыштың жеңіл азығына айналуы мүмкін.

Ходзилланың салмағы шамамен 1,7 келі, бұл кәдімгі кірпінің орташа салмағынан үш есе артық.

Ходзилланы бұрынғы иесі күшікке арналған азықпен тамақтандырған, әрі тамақ салынған табақ кірпінің жанында тұрғандықтан ол көп қозғалмаған.

Тәлімбақта бұл жағдайды өзгертуге тырысып жатыр. Енді Ходзилла өте үлкен торда өмір сүреді. Жатын орны мен ас салынған табағы алыс орналастырылған. Оның қарны ашса азығына дейін біраз жер жүруі керек. Тәлімбақ қызметкерлері осылайша кірпіні арықтатуды көздеп отыр.

ҚазАқпарат