Домой Блог Страница 234

Республикада мәслихат депутаттығына барлығы 1050 кандидат ұсынылды

20111203163141Республикада мәслихат депутаттығына барлығы 1050 кандидат ұсынылды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті.

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың 1 ақпанындағы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша республикада мәслихат депутаттығына барлығы 1050 кандидат ұсынылды. Олардың ішінде: 107-сі — облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына, 804-і — аудандық мәслихаттарға, 139-ы — қалалық мәслихаттарға. 2 кандидатты саяси партиялар, ал 1048-і өзін-өзі ұсынып отыр», — деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі сәтте ұсынылған кандидаттардың басым бөлігі, нақты айтқанда, 239-ы Солтүстік Қазақстан, 197-сі Қарағанды, 132-сі Шығыс Қазақстан, 95-і Қостанай облыстарынан тіркелген.

«Ұсынылған кандидаттардың бесеуі Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері, 553-і партияда жоқ, тағы 492-сі өзінің партияға тиесілі екенін көрсетпеген. Ұсынылған кандидаттардың арасында 16 ұлттың өкілі бар. Ер адамдар — 693, әйелдер — 357. Орташа жасы — 41 жас», — деді Б.Мелдешов.

ОСК хатшысының мәліметтеріне қарағанда, 720 кандидаттың жоғары білімі, 257-сінің арнаулы орта және 72-сінің орта білімі бар. Кандидаттардың 56 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 38 пайызы коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 6 пайызы басқа кәсіппен айналысады. Округтік сайлау комиссиялары 28 кандидатты тіркеді.

Айта кетейік, Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі.

ҚазАқпарат

Қорғаныс министрлігінің әскери-теxникалық мектебі мамандарды тегін оқытатын болды

1363261336_434_cb864394c3c2637fabc3ddf721997053ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-теxникалық мектебі 2017 жылдан бастап тегін теxникалық және кәсіби білім беру аясында 16 әскери мамандық бойынша оқытуды бастамақ.

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында «ҚР ҚМ Әскери-теxникалық мектебі» РМКК директоры генерал-майор Владимир Шацков мәлім етті.

 «Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі тегін теxникалық және кәсіби білім беру аясында 16 әскери мамандық бойынша оқыту тапсырмасы берілді. Айта кету керек, маман даярлау қызметі бізде екі мақсатта дамиды. Егер біз бұның алдында барлық категориялар бойынша теxникалық мамандар даярлап келсек, бүгінде ҚР Президентінің тапсырмасын орындау үшін материалдық-оқыту базамызды түзедік. Енді аспазшы, наубайшы, слесарь, дәнекерлеуші сынды мамандықтар бойынша оқыта береміз», — деді ол.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Халыққа Жолдауында тегін теxникалық және кәсіби білім беруді 2017 жылы енгізуді тапсырған болатын. Оның аясында ең тапшы теxникалық мамандықтар бойынша оқыту өткізіледі.

ҚазАқпарат

Павлодарда егіздер саны артып келеді

Павлодарда егіздер саны артып келедіСоңғы жылдары Павлодар облысында егіздердің дүниеге келуі жиілеген. Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Айдар Сейітқазинов мәлімдегендей, былтырғы жылы көрсеткіш едәуір ұлғайған.

— 2015 жылы Павлодар облысында 141 егіз бен үш үшем дүниеге келген. Ал, 2016 жылы өңірде төрт егіз жарық дүние есігін ашты. Биыл әзірге үшемдер дүниеге келген жоқ, — дейді А. Сейітқазинов жергілікті БАҚ жолдаған сауалға.

Айта кетерлігі, облыстық статистика департаментінің мәліметінше, 2013 жылы 85 ана егіз баланы дүниеге әкелсе, үш ана үшем туған. Ал 2014 жылы 114 егіз бен екі үшем туылған. Мамандардың хабарлауынша, егіздер туылған 141 жағдайдың бесеуінде экстракорпоральды көмек қажет болған. Алайда үшемдер туылған үш жағдайдың біреуінде ғана отбасы аталған медициналық қызмет түріне жүгінбеген. А. Сейітқазиновтың айтуынша, өткен жылы Павлодар облысында 36 отбасы квота арқылы экстракорпоральды ұрықтандырудың көмегіне жіберілген. Биылғы жылы бұл мақсатта қаражат бөлінген жоқ.

ҚазАқпарат

Путинцева Диясты артта қалдырып, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

ca125187770f67be1714f6b4940dd027_LӘйелдер арасындағы теннис қауымдастығының жаңартылған тізімі жарияланды. Юлия Путинцева WTA рейтингісінде Зарина Диясты баса озып, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.

Австралиядағы теннистен өткен ашық чемпионатта (Australian Open) шеберлігін көрсете білген 21 жастағы Путинцева 12 сатыға көтеріліп, WTA рейтингісінің 64-орнына жайғасты.

Ал бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесін абыроймен арқалап келген Зарина Дияс 12 сатыға төмен түсіп, 69 орынды місе тұтты. Отандасымыз Ярослава Шведова Аustralian Open-нен кейін 70-орыннан 83-орынға төмендеді.

24.kz

Оңтүстікқазақстандық ұстаз ұлттық қолөнерді дәріптеуде

Оңтүстікқазақстандық ұстаз ұлттық қолөнерді дәріптеудеОңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында тұратын қарапайым ұстаз ұлттық қолөнерді дәріптеп жүр. Бейнелеу пәнінің мұғалімі кілем тоқып, майлы бояумен сурет салады. Өнердің сан түрін меңгерген Бақытбек Амангелдиев тіпті қолының қиюы бар оқушыларға кілем тоқудың да қыр-сырын үйретеді.

Шебердің ұшқыр қиялынан туындаған дүниелер қарапайым болғанымен, тамыры терең салт-дәстүрімізді насихаттауымен ерекше. Шебер бұл жолы тарихи жәдігер Арыстанбаб кесенесін жаңа тәсілмен тоқып шықпақшы. Ісмердің саусағымен өрнектелген кілемдер мен майлы бояумен салынған дүниелерде қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы үйлесім тапқан. Мазмұны мәнді кескіндемелердің айтатын астарлы ойы да терең.

Бақытбек Амангелдиев, шебер:

— Мен көбіне түкті кілем мен тақыр кілемді араластырып тоқығанды жақсы көремін. Артқы жағын тақыр кілеммен, негізгі кейіпкерді түкті кілеммен тоқимын. Негізгі кейіпкер айшықталып, менмұндалап көрініп тұруы керек. Зат жақындаған сайын ол анық-қанық көрінеді. Соны дәл орындайтын болсақ, біздің жұмысымыз керемет сәтті шығады.

Ғасырлай бойы жалғасып келе жатқан кәсіпті ол әжесінен үйреніпті. Жаз бойы апаларымыз асарлатып кілем тоқитын. Тоқпақ ұруға құмбыл тұратын боз баланың сол кездегі өнерге деген сүйіспеншілігі бертін келе осы іске түбегейлі ден қойуына негіз болыпты

24.kz

Әлихан Бөкейхан дәм татқан ет табағы табылды

Screenshot_7Әлихан Бөкейхан дәм татқан еменнен ойылып жасалған ет табағы табылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты «Орталық Қазақстан» басылымына сілтеме жасап.

«Ақтоғайдан қоңырау шалды. Әниша Жасымбекқызы екен. Әлихан бабамыздың ұрпағы. Бөкейдің тоғыз ұлының бірі Батырдан Мырзатай мен Рүстем туады. Мырзатайдан Нұрмұхамед балалары Әлихан, Смахан туса, Рүстемнен Бегетай баласы Жасымбек туады.

Кеңестік өкіметтің көмусіз қалған Әлиханға жоқтау сөзді де қимағаны белгілі. Смахан төре Талдыбейітке тас қойғанда Әлиханға арналған құлпытастағы жазуды нақ осы Жасымбектің қолымен өшіртеді. Не деген сұрқай саясат еді?! Әлекеңнің бір бауыры жанын жалдап жүріп құлпытас қояды, тағы бір бауыры сондағы есті сөзді қолы дірілдеп отырып өшіреді…

Бұл кезде Жасымбек аға Жіңішке бойындағы бірінші бөлімшеде тұрыпты. Құлпытасты ал деп бұйырған ғой қызыл коммунистер. Әрі ойлап, бері ойлап Жасымбек аға бір амалын тапқан. Атарбамен барып, құлпытастағы жазуды сылап тастаған. Қызыл коммунистер қалай десе де құлпытасты алмайды.

Бір жақсы күннің келетініне сенген ғой. Өкініштісі, ол кісі сол жақсы күнге жете алмады. 1980 жылы бақилық болыпты.

Сол сылақ 1992 жылы Ақтоғайда үш арыстың тойы тойланғанда алынған ғой. Сондағы бақытты жандардың бірі осы Әниша апайымыз болыпты. Бұл әулет те қуғын-сүргінді көріп бағады. Алайда бұл атаның ұрпағы азаттық рухын арқалап ертеңіне жөңкіген ұлы көштен қалмайды.

Screenshot_8

Әниша апайымыз — сол текті ұрпақтың жұқанасы. Қырық жылға тарта мектепте ұстаз болған. Алдынан мыңдаған шәкірт өрбіткен. Әлихан бабамызға қатысты ақтаңдақтарға бір сәуле түсіруге ұмтылған жандардың бірі. Ондай жазбалары қазақ баспасөзінде жарияланып жүр.

— Әлихан атамнан бір жәдігер қалып еді…
Мен тілімді тістейін.
— Әлихан атамыздан қалған құнды жәдігер — еменнен ойылып жасалған кәдімгі еттабақ. Бұл табақты бабамыз менің әжем Сақыпқа әкеп берген. Ғасырдан аса сақталған құнды жәдігерді Қалымхан шешем бүгінгі күнге дейін сақтап келді.

Апайдың жақсы хабарына жаным семіріп қала бердім. Тағы да хабарласатынын айтты. Жақсы хабармен», — деп жазады басылым.

baq.kz

 

Қытайды жаңа қырынан таныстыратын кітап шықты

Screenshot_6Қытайды жаңа қырынан таныстыратын кітаптың аты – «Жаһанды жайлаған жұрт» деп аталады. Авторы – жас журналист Дәурен Омаров.  

Кітап авторы Қытайдың Шаңхай қаласындағы Шығыс Қытай Ғылым және технологиялар университетінің бакалавриаты мен магистратурасын тәмамдаған. Журналистің бұған дейін де Қытай туралы «Ерте тұратын ел» (2008) және «Мерекесі мол мемлекет» (2010) атты еңбектері жарық көрген болатын.

Дәуреннің бұл жолғы кітабы да қытай халқының өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дәстүр-салты туралы баяндайды. Оны өз елімен салыстыра саралайды. Бір ерекшелігі, бұл жолғы еңбегінде Қытайдағы қандастарымыз туралы да кең қамтып жазылған. Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай сынды көрші екі елдің байланыстары да кітаптағы материалдарға арқау болыпты.

baq.kz

Қазгидромет: Ақпан айының ауа райы болжамы

Screenshot_5Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында жылы, нормадан 1 градусқа жоғары болады. Тек оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.

Елдің батысында шамадан тыс жауын-жашын, ал қалған территорияда норма шамасында болады. Айдың бірінші декадасында жауын-шашын күтіледі, бұл жиі келетін белсенді циклондарға байланысты. «Екінші декадада солтүстік бөлікте түнде ауа температурасы 7-17 градус аязға дейін, күндіз 2-10 градус аязға дейін түседі, оңтүстік бөлікте жылымық, күндіз 0-8 градус жылы, ал соңында температура аздап түседі», — деп хабарлады «Қазгидромет» өкілдері.

Ақпанның екінші декадасы орташа деңгейде жауын-шашынды болады. Ауа температурасы солтүстік бөлікте 25-32 градусқа дейін түседі, республиканың шығысында 32-38 градус аязға дейін, күндіз 12-20 градус аязға дейін, оңтүстік бөлікте түнде 15-22, күндіз 6-15 градус аяз болады делінеді. Ал үшінші декадада республиканың басым бөлігінде түнде 15-22, күндіз 6-15 градус аяз күтіледі екен. Бірақ үшінші онкүндікте республиканың басым бөлігінде белсенді циклондардың өтуіне байланысты қар жауып, жел тұрып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін, сонымен қатар ауа температурасы солтүстікте күндіз 3-8 градус аяз, ал оңтүстікте 7 градус жылы болады.

baq.kz

Пакет-форма киген «Месси» табылды!

1

ScreenHunter_321 Jan. 27 12.47

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік медиада пакеттен Мессидің формасын жасап, киген баланың фотосы танымал болып кеткен еді. Лионель Месси бұл баланы тауып, көмектескісі келетінін де мәлімдеген болатын. Алғашқыда Kurdistan24tv арнасы бұл бала Ирактағы Хомид атты курд баласының 2 жыл бұрынғы фотосы деп мәлімдеген еді. Алайда, бұл ақпарат рас болмай шықты.

«Месси» Ауғанстаннан табылды. Мұртаза атты бүлдіршіннің бұл фотосын Австралияда тұратын Азим Ахмади атты ағасы жариялаған екен. Баланың әкесінің айтуынша Мұртаза футболды жақсы көреді және өзінің танымал болғанын интернеті бар достарынан біліпті.

Қытайда бір уақытта 4000 адам кәуәп жеп, Гиннесс рекордын орнатты

Screenshot_5Қытайдың Сычуань өлкесі Жяньяң қаласында бір уақытта 4000 адам қақталған қой етін жеп, Гиннесс рекордын орнатты.  

Бұл туралы Теньшунь ақпараттық сайты мәлімдеді. Шараны ұйымдастыруға әкелінген 200 бас қой етін 400 аспаз дайындаған және жергілікті 4000 тұрғынға кәуәптан дәм тату бұйырды. Естеріңізге салайық, осыдан біраз уақыт бұрын қытайлықтар үлкен қазанға күріш тамағын әзірлеген болатын. Бірақ талаптарға сай болмаған соң рекорд тіркелмеген еді.

baq.kz