Домой Блог Страница 236

Суретші Э. Артистың таңғажайып көйлектері

Сән әлемінің суретшісі Эдгар Артистың көйлектерін таңғажайып деп атасақ артық болмас. Неге олай екендігін өздеріңіз қарап көріңіздер.

5812460-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-62__700 5812510-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-63__700 5812560-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-67__700 5812610-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-53__700 5812660-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-50__700 5812760-650-1453106168-10299841_1607018626229492_707507485_n-800x800 5812810-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-47__700 5812860-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-68__700 5812910-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-70__700 5812960-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-89__700 5813010-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-90__700 5813060-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-93__700 5813110-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-88__700 5813210-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-74__700 5813260-650-1453106168-paper-cutout-art-fashion-dresses-edgar-artis-75__700 5813360-650-1453106168-edgar-artis-rajzok-cosmopolitan5 5813410-650-1453106168-1452978961-54d0df7c8a96d250b0f1aa2c1a9ca6d7 5813460-650-1453106168-10865009_1635261803361049_939171858_n-800x800

Білгенге маржан: Денсаулыққа пайдалы 5 азық

«Ас – адамның арқауы» десек те, кеселдің кей түрі дұрыс та­мақ­танбағандықтан да жабы­са­­­ты­нын адам баласы әлімсақ­тан тү­сініп қойған. Денсаулыққа астың қай­сы­сы пайдалы? Осы сұраққа кеңінен тоқталып өтсек.

денсаулыққа 7XnuUrq4o98 95sTgvncoNI cQKKndbnZUo ZWxXqGpzs1E

Суреттер ВК-дан алынды

Kinder шоколады қаптамасындағы бала қазір қандай?

Kinder шоколады қаптамасындағы бала қазір қандай?Итальяндық Ferrero компаниясының Kinder (Kinder — неміс тілінен «балалар») шоколадын білмейтін, дәмін татып көрмеген адам жоқ шығар.

Әсіресе, Kinder шоколадының қаптамасындағы баланың суреті үлкен-кіші шоколад жақсы көретін тәттіұүмар жандарға өте жақсы таныс. Себебі бұл суретке биыл 11 жыл. Сол кезде, яғни алғаш рет шоколад қаптамасына тускен суретте 10 жаста ғана болған Джош Бейтсон (Josh Bateson) осы күндері 21-ге толды. Сонымен қатар Джош Бейтсон Инстаграм әлеуметтік желісінің жұлдызы.

1453242664-f3ccdd27d2000e3f9255a7e3e2c48800

1453242687-18e2999891374a475d0687ca9f989d83

1453242697-8cda81fc7ad906927144235dda5fdf15

Сәбилердің ерекше есімдері

Сәбилердің ерекше есімдеріШыр етіп сәби дүниеге келгенде, ата-анасы оған ең жақсы ат қоюға тырысады. Себебі, баланың есімі оның тағдырына әсер етеді деген ұғым бар. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, шебер халық жоқ шығар. Алайда, соңғы кездері қойылған сәби есімдері құлаққа ерсі естіле бастағандай.

Қала құрметіне

2012 жылы Маңғыстауда туған баланың есімі — …Нью-Йорк. Ия, дәл солай. Ал Алматы қаласында Атланта есімді қыз бала бар. Мүмкін бұл тағдыр болар.

Олардын бөлек елімізде Рим, Астана, Мекке-Мәдина және Қазақстан есімді сәбилер бар.

Спортшылардың құрметіне

Футбол басқа көптеген елдердегідей Қазақстанда да өте кеңінен тараған спорт түрі. Футбол десе делебе қозып тұрады. Сондықтан болар, танымал футболшылардың құрметіне қойылған елімізде он үш Зидан, он үш Зинедин, он Диего, бес Марадонна, төрт Пеле, төрт Серхио, екі Лионель Месси, екі Роналдо және екі Икер бар екен.

Атаулы іс-шараларға байланысты

Елімізде өткен атаулы іс-шараларға байланысты қойылған сәби есімдері де жеткілікті: Саммит, Олимпиада, Азиада және Сайлау. Бұл тізім әлі толық емес… Себебі келесі жылы Экспо есімді нәресте дүниеге келуі әбден мүмкін.

Өсімдікке байланысты

Еліміздегі ерекше есімдердің бірі — Бәйтерек. Оны тамырын тереңге жайған ағашқа байланысты қойды ма, әлде монументті меңзеп қойды ма тек ата-анасына мәлім. Ал 2013 жылы Теміртау қаласында туылған баланы ата-анасы Ёлка деп атапты. Мейлі, Бәйтерек өскенде, ел оны Бәке деп атар, ал Ёлканы қалай атайды, міне сол қызық?!

Ұлы адамдар құрметіне

Бұл тізімді, әрине, Нұрсұлтан есімді бүлдіршіндер бастап тұр. Бірақ біздің қазақ таң қалдырудан жалыққан ба? Баласы Елбасы болсын деп армандаған қазақтың қиялында шек жоқ. Мәселен, Жамбыл облысында дүниеге келген сәбидің есімі — НұрӘбиНаз.  Яғни Қазақстан Президентінің аты, тегі, әкесінің аты қысқартылып, бір есім болып шыққан. Бұдан өткен тағы бір қызық есідер бар. Олар — Ева-Арабелла және Бауыржанмомыш.

Басқа да есімдер

Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүр. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиқысыз есімдерді де қойған. Дәл осы дәстүр әлі де жалғасып келе жатқан іспетті. Әлбетте, мына есімдерді басқаша түсіндіре алмас едік: Дильнозалидия, Бобырбек, Ақпантоқпантұрарқожа, Балтагүл, Тракторгүл, Принц, Князь, Рай, Жанымсол, Антиятульхади және т.б.

Білгенге маржан: Зиянды азық-түлік қоспалары

20160111080443Шұжық. Е250 — қызғылт түс беретін азық-түлік қоспасы. Бұл қоспа қарыны мен бауыры, өт қабы ауыратын адамдарға кері әсер береді. Мұндай қоспа қақталған балықта болады.

Е621 — бұл натрий глутаматы, сірке суының қуатын арттырушы. Токсикалық зат. Бұрын қытай асханасында бұл күштеп қолданылып, орталық жүйке жүйесінің бұзылуына алып келді. Азғантай көлемі аса қауіпті емес. Бірақ фастфудты (тез дайындалатын лапша, қатқан нандар мен чипстер) көп жейтін адамдар үшін зияны мол екенін ескерту қажет.

Е122 — бояғыш. Көптеген тағамдарда кездеседі. Ал еуропа елдеріндегі асханалардың біраз бөлігі аллергияны арттырады деп, пайдалануға рұқсат етпейді.

Майонез. E466- майонез қатпарланып кетпеуі үшін стабилизатордың қызметін атқарады. Көптеген адамдарда диареяның пайда болуына әкеледі. Арзан майонездерде көп қолданылады.

Е260 — ашыту кезінде қолданылатын сірке суы. Зиянды емес.

Газдалған су. Е211 — көптеген жағдайда аллергияны арттыратын зат. Көптеген ферменттердің белсенділігін арттырады, ағзаны улайды.

Е338 — қышқылдық және сілтілік тепе-теңдікті өзгертеді, асқазандағы қышқыл көлемін ұлғайтады, бүйректе тастың жиналуына әкеледі.

Е330 — лимон қышқылы. Бұл зиянсыз. Бір кездері бұл қоспа канцерогенлі деп жазылған, алайда, дәлелденген жоқ.

Нан. Е503 — аммоний карбонаты. Тыныс алу жүйесіне кері әсерін тигізгуі мүмкін.
Е500 — сода. Соданың зияны жоқ.

Алма. Е230, 231, 232 — дифенил. Мұнымен алманы өңдейді. Оны алманың қабығынан алып тастау мүмкін емес. Сондықтан, алманы тазалап жеген пайдалы. Бұл қоспа бауыр мен бүйрек және жүйке жүйесінің жұмысына кедергі келтіреді.

ҚазАқпарат

Бала тәрбиесіндегі қателіктер

Бала тәрбиесіндегі 7 қателікКөшбасшы болудың қыр-сырын меңгерген, бірнеше психологиялық кітаптардың авторы Тим Элмордың зерттеулеріне сүйінсек, кейбір ата-аналар баласының өз-өзіне сенімсіз болып өсуіне итермелейді. Яғни оның қайсібір жетістікке жетуіне, өздері қаламаса да, еріксіз, тежеу болатын кері тәрбие береді. Дәлірек айтқанда, баласын тәрбиелеу барысында, мына бір қателіктерді жасайды екен.

Баланың тәуекелге баруына мүмкіндік бермейді

Біз қауіпке толы заманда өмір сүреміз. Сондықтан болар, баланың әр қадамына алаңдап, олардан көз жазып қалуға қорқып, барынша әлпештеуге тырысамыз. Еуропалық психологтардың пайымдауынша, егер бала далада ойнап, бірде-бір рет тізесін жаралап алмаса, есейгенде түрлі фобияларға жиі шалдығады.

Баланың құлауы — қалыпты жағдай. Ата-аналар осыны ескерсе екен. Егер бала тәуекелге бару мүмкіндігінен айырылса, оның бойында тәкаппарлық, мақтаншақтық пен өзін-өзі бағаламаушылық қасиеттер дамитын көрінеді.

Тез арада көмекке асығады

Бүгінгі заманның жастары 30 жыл бұрын өмір сүрген баланың бойындағы кейбір қасиеттерден жұрдай. Оған кінәлі, әрине, өзіміз. Баланы қанатымыздың астынан бір мезет шығарып, күнделікті өмірге шынықтыруға қорқамыз. Қамқорлығымызға алу арқылы оған өз бетінше қиындықты жеңуге мүмкіндік бермейміз. Осының барлығы — біздің екінші қателігіміз.

Ерте ме, кеш пе бала әлдебіреулердің оны келеңсіз жағдайлардан құтқаратынына әбден сеніп алады. «Егер мен қателесіп кетсем немесе мақсатыма жетпесем, ата-анам мәселені тез арада шешіп береді», бұл ой — шексіз қамқорлықтың зияны. Осы себепті балаңыз ересек өмірге дайын болмай шығады.

Жиі марапаттайды және шексіз еркелете береді

Кез келген адамның өмірінде жағымсыз жайттар кездесіп жатады. Бірақ ата-ананың шексіз еркелігін көріп өскен бала есейгенде сол қиыншылықтарды жеңе алмайды, дейді психолог. Сондықтан бала өз қалауы мен қажеттілігі үшін күресе алу керек. Яғни оның ата-анасы «жоқ», «болмайды», «қазір емес» деп айта білу керек.

Жас кезінде өзі жасаған қателігімен бөліспейді

Кез келген жасөспірім бір мезетте еркіндікті аңсап, ересектерше өмір сүруге талпынады. Сол кезде ата-ана оған «жақсы» мен «жаманға» қатысты бағыт-бағдар көрсете отырып, таңдау еркіндігін беруі керек. Ата-ана өзінің жас кезінде қандай таңдау жасап, қандай қателікке жол бергенін айта алу керек. Бірақ шылым шегу, ішімдік пен есірткі жайлы артық насихаттан аулақ болғаны жөн.

Интеллект пен дарындылықты есейгендікпен шатастырады

Кей жағдайда интеллект баланың есейгендігінің белгісі деп қабылданып жатады. Нәтижесінде ата-ана ақылды баласы ересек өмірге дайын деген ой түйеді. Бірақ шын мәнінде олай емес. Кейбір кәсіби спортшылар мен Голливудтың жарқын жұлдыздары зор дарынға ие болса да, дау-жанжалға түсіп қалып жатады. Балаңыз бар жағынан дарынды деп ойламаңыз.

Баладан талап ететін ережелерді өздері бұзады

Ата-ана — балаға үлгі. Сондықтан біз қоршаған ортада шынайы болуымыз керек. Іс-әрекеттерімізге абай болып, тіпті ең ұсақ нәрселерге де мән берген жөн. Өйткені бізді баламыз бақылайды.

Егер ата-ана ережелерді ұстанбайтын болса, сол қателікті баласы да жасайды. Балаға бар ынтамен біреуге көмектесу деген қандай, адал дос, қамқоршы әке, шынайы азамат деген кім екенін ата-ана өзін үлге ете отырып көрсете білу керек.

Және ең бастысы балаңызды өзгертуге тырыспаңыз. Өзіңізді өзгертіңіз, дамытыңыз. Қайткен күнде де бала Сізге ұқсап өседі.

Дәстүрлі киім көрмесі қытай саяхатшыларын баурап алды

Дәстүрлі киім көрмесі қытай саяхатшыларын баурап алдыШыңжаңдағы Моңғолкүре ауданы Қашажар қалашығындағы салт-сана, мәдениет үйінде қазақтың дәстүрлі киім-кешектерін жарнамалайтын көрме ашылды.

Көлемі 1 мың шаршы метрді құрайтын бұл мәдениет үйі бұрынғы ескі зауыт ғимараты екен. Басшылықтағы ұлт мәдениетіне жаны ашыр азаматтар оны бүтіндей қайта жөндеуден өткізіп, салт-дәстүр, мәдениетті жаңғыртатын, бірыңғай ұлттық құндылықтардың базасы ретінде қалыптастырған.

Бүгінгі күні жаңаша түске еніп, сәні мен салтанаты құп жарасқан мәдениет үйіне алыс-жуықтан келетін көрушілер, әсіресе Қытайдың ікші өлкесінен Шыңжаңға саяхаттай келуші қытайлар көптеп бас сұғып, қызыға тамашалауда. Соның ішінде ел көзін ерекше тартатын жәдігерлердің бірі дәстүрлі киім-кешек көрмесі болып тұр.

baq.kz

Әлемдегі ең бай футбол клубы анықталды

Әлемдегі ең бай футбол клубы анықталдыDeloitte агенттігі футбол клубтарының қаржылық жағдайын анықтап, рейтинг құрастырды. Мадридтік «Реал» клубы 11 жыл қатарынан әлемдегі ең бай клуб тізімінде көш бастап тұр.

Былтырғы рейтинг бойынша екінші орында тұрған «Манчестер Юнайтед» бұл жолғы тізімде үшінші орынға түсті. Ал «Барселона» соңғы маусымдағы табыстарының арқасында екінші орынға шықты.
Бірінші орынды ешкімге бермей келе жатқан мадридтік «Реал» клубының 2015 жылғы табысы 577 миллион еуроны құраған. «Барселонаның» табысы 560,8 млн, ал үшінші орындағы «Манчестер Юнайтедтің» табысы 519,5 млн.+

Үздік бестікке кіретін командалар: «ПСЖ» (480,8 млн) және «Бавария» (474 млн).

Толық тізім:

1775483

Аламан

Миға кері әсер ететін 10 нәрсе

fb0cbd22df4c17101c489eba6c5752ab1. Ұйқының қанбауы
Бәріне таныс бұл құбылыс елеулі мәселеге айналып барады. Cоңғы 100 жылда адамзат ұйықтау уақытын орташа есеппен 20%-ға азайтқан. Ұйқысыздықтың салдарынан адам сергек күйінде мидың әр жері баяу ұйқы фазасына ауыса бастайды. Бұл уақытта адам бір нүктеге «қадалып» қалады, бытыраңқы жүреді, ұсақ моторикасы бұзылады. Ұдайы ұйқысыздық ми жасушаларының өлуіне әкеп соғады.

2. Таңғы ас ішпеу
Таңғы ас ішпеу адамның еңбекке қабілеттілігі мен күні бойғы тонусына кері әсер етеді. Бұл түсінікті жайт болып көрінуі мүмкін, алайда мұнда тек ағзаға қажетті қуат алу мәселесі ғана емес, таңғы асты ішпеу қандағы қант мөлшерін азайтады. Ал бұл өз кезегінде, миға нәрлі заттардың жетуін төмендетеді және қиындатады.

3. Артық қант мөлшері
Алдыңғы тармақта мидың өнімді жұмыс істеуі үшін тәттіні, әсіресе ащы шоколадты не үшін жеу керектігі түсіндірілді. Алайда ағзада қанттың шамадан тыс көп болуы ақуыз бен нәрлі заттарды сіңіруді қиындатады. Нәтижесінде қант деңгейі төмен болған жағдай қайталанады: нәрлі заттар миға жетпей қалады.

4. Стресс
Қатты психоэмоционалдық стресс нейрондар арасындағы арақатынасты ажыратып, жағдайлардың себеп-салдар байланысын және жүйелілігін түсінуді қиындатады. Бұл жүйке жүйенің қатты қозуы мен шарасыздық сезімін тудырады. Жиналып қалған стресс есте сақтауды қиындатып, интеллектуалдық мүмкіндіктерді төмендетеді.

5. Антидепрессанттар мен ұйықтататын дәрілер
Жақсы әсер ететін дәрі-дәрмекке жаппай құмар болу мәселесі әсіресе АҚШ-та өзекті, себебі мұндай дәрілерді сатып алу оңай. Ұйықтататын дәрілер мен ксанакс сияқты танымал антидепрессанттарды ішу есті амнезияға дейін нашарлатуы мүмкін, сонымен қатар жарымес етіп, суицидтік ойларға жетелеуі мүмкін.

6. Темекі шегу
Темекі шегудің ағзаға кері әсері жайлы әңгіме қозғалғанда, ең әуелі қарайған өкпе мен құрттаған тістерді елестетеміз. Дегенмен темекінің миға қалай әсер ететіні жайлы көп айтылмайды: никотин қан тамырларын тарылтады. Миға нәрлі заттарды жеткізбеу сияқты кері әсерімен қатар, бұл зиянды әдет Альцгеймер ауруына шалдығу қатерін бірнеше есеге арттырады.

7. Күн
Адам ағзасына күн сәулесінің жетіспеуі адамның танымдық қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Біріншіден, күн сәулесімен бірге алынатын ультракүлгін, қан айналымын реттейді, яғни оттегі мен нәрлі заттардың тасымалын. Екіншіден, күн сәулесі серотониннің – адамның көңіл күйіне әсер ететін гормонның бөлінуіне әсер етеді.

8. Су
Ағзаға судың жетіспеуі ми көлемінің кішірейуіне әкеледі, ал бұл оның еңбекке қабілеттілігін төмендетеді және ақпаратты сақтай алу қабілетін нөлдік деңгейге дейін түсіреді. Күніне шамамен 2 литр су ішу ұсынылады.

9. Шамадан тыс көп ақпарат
Жыл өткен сайын адам қабылдайтын ақпарат мөлшері өсіп келеді. Бұл миды жаттықтыру мен оны қалыпты деңгейде ұстап тұруға көмектесетін сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде, шамадан тыс көп ақпаратқа ми қарсылықпен жауап береді. Ол ақпаратты мүлдем қабылдай алмай қалуы мүмкін, кейде тіпті көп нәрсе естен шығып кететін кездер болады.

10. Бір мезетте көп ақпаратты қабылдау
Ақпараттық дәуірдің тағы бір дерті: адам бір мезетте бірнеше ақпаратты игеруге тырысады. Нәтижесінде, бірде біреуі лайықты түрде сіңірілмейді, ал ес осы режимге үйрене бастайды. Ақпарат атүсті қабылданады, екіншісіне ауыспай, біреуіне ғана ден қойып орындау күн өткен сайын қиындай түседі.

bilim-all.kz

Головкиннің болуы ықтимал бес жекпе-жегі аталды

Головкиннің болуы ықтимал бес жекпе-жегі аталдыThe-newshub.com порталы қазақстандық Геннадий Головкиннің ықтимал бес әлеуетті қарсыластарының тізімін жариялады.

Басылым журналистерінің пікірінше, GGG келесі қарсыластары: сп Сауль Альварес (қазіргі орта салмақтағы WBC чемпионы,  46-1-1), Дэнни Джейкобс (WBA чемпионы, 31-1-0), Хассан Н’Дам Н’Жикам (WBO экс чемпионы, 30-2), Туреано Джонсон (IBF чемпионы, 19-1-0), Эрисланди Лара (бірінші орта салмақтағы  WBA чемпионы).

ҚазАқпарат