Домой Блог Страница 270

Мұстафа Өзтүріктің Түркиядағы шәкірті таэквондодан чемпион атанды

шәкірті таэквондодан чемпион атандыМұстафа Өзтүріктің шәкірті Ілияс Керім Ыстамбұлда өткен Таэквондодан Мармара аймақтық жарыста бүкіл қарсыластарын жеңіп чемпион атанды.  

Ілияс Керімнің чемпион болуы бүкіл Түркия қазақтарын қуанышқа бөледі. Ілияс Керім бұдан бұрын да бір неше дүркін Түркия бойынша чемпион болған. Ол Мұстафа Өзтүріктің төл шәкірті. Қазіргі кезде ол таэквондо бапкеры ретінде болашақ чемпиондарды тәрбиелеуде.

Ілияс Керім 1977 жылы Ыстамбұлда дүниеге келген. Түркия Таэквондо федерациясының мүшесі, Ұлттық командада спортшы әрі бапкер, 6 дан қара белбеу иегері. Таэквондо спортын үйренуді 1985 жылы мамыр айында Ыстамбұлдағы Мұстафа Өзтүріктің мектебінде бастаған. Кейін Мұстафа Өзтүріктің шакірті Жамал Кабадайының шакірті болған.

Кейін осы екі ұстаздан алған білімінің арқасында Түркиядағы және халықаралық жарыстарда көптеген жүлделерге қол жеткізген. Қазір Ыстамбұлда Таэквондо мектебінде бапкер болып қызмет атқарады.

baq.kz

Күйзеліске түскенде көмектесетін тағамдар

Күйзеліске түскенде көмектесетін тағамдарДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша жүрек ауруынан кейінгі екінші орында депрессия тұр.

Депрессия – жабығу, торығу, күйзелу деген мағынаны білдіреді. Яғни, күнделікті күйбең тірліктің қамы мен бүгiнгідей экономикалық, рухани дағдарысты уайымдайтын жандардың жүйкелерi жұқарып, күйзеліске ұшырайды. Мамандар жүйкенің сыр беруіне тағамдар да әсер ететінін айтады.

Мамандардың айтуынша мұндай күйде тәтті, ащы және қуырылған тағамдарды пайдаланбаған жөн екен. Сонымен қатар алкогольді сусындардан да аулақ болған дұрыс. Күйзеліске ұшырағанда ішетін тамағыңыз баланстандырылған болуы тиіс. Ендеше біз сіздердің назарларыңызға күйзеліске төтеп беретін тағамдар тізімін ұсынамыз.

Цитрустік жемістер. Цитрустік жемістердің құрамында С дәрумені көп. Ал С дәрумені көңіліңіздің көтеріңкі жүруіне әсер етеді. Мысалы: балмұрын, қарақат, қаражидек, киви.

Сүтті тағамдар. Дәрігерлердің айтуынша, сүтті тағамдардың құрамында табиғи тынышталдыратын кальцийлер көптеп кездеседі екен. Сүтті тағамдар күйзелістің алдын алуға пайдалы.

Қара шай. Қара шайдың құрамына кіретін тианин аминқышқылы иммунды жүйеңізді жақсартады. Сабырлы болуға көмектесіп, көңіл-күйіңізді көтереді.

Балық және теңіз өнімдері. Бұлардың құрамында уайым-қайғыдан құтқаратын В6 және В12 дәрумені бар. Сонымен қатар теңіз өнімдері селен мен мырыштың қайнар көзі болып табылады.

Миндаль. Миндальдың құрамындағы мырыш, Е дәрумені күйзеліс нәтижесінде пайда болатын бос радикалдармен күреседі. Ал В2 витанмині мен магний серотонин синтезі кезінде қатысады.

Банан. Банан керемет антистрестік жеміс. Депрессияға көп түсетін адамдарға пайдалы. Өйткені оның құрамында В тобындағы дәрумендер өте көп.

baq.kz

АҚШ-та селфи түсіретін «ақылды айна» жасалды

АҚШ-та селфи түсіретін «ақылды айна» жасалды
селфи түсіретін

Америкалық агенттік селфи түсіретін жаңа технология ойлап шығарды.

Strategy Labs агенттігі адамдардың өзін-өзі түсіретін айна жасап шығарды. Агенттік қызметкерлерінің айтуынша, ол ешқандай түймені басуды қажет етпейді екен. Тек айнаға жақып келіп, адамдар күліп қараса жеткілікті дейді олар.

Сондай-ақ, олар мұндай айналарды кез-келген сауда орталықтары мен мейрамханаларда ілуге болатынын айтады.

Алайда, әзірге өнертапқыштардың жобасын сатып алушы компания табылмай отыр. Олар айна сатылымға шықса, тұтынушылар тарапынан қызығушылық туып, сатылып кететіне сенеміз дейді.

baq.kz

Астанада Мәлік Ғабдуллинның 100 жылдығы аталып өтті

Астанада Мәлік Ғабдуллинның 100 жылдығы аталып өтті Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған іс-шара өтті. Мерейтойлық шара аясында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, жұртшылыққа кітап көрмесі ұсынылды.

Конференцияда сөз сөйлеген Ғабдуллинтанушы ғалым Серік Негимов рухани дүниеміздің ең шұрайлы саласы – эпос тарауын жетер жеріне жеткізген, жан-жақты зерттеушілердің бірі болған көрнекті әдебиетшінің өмірі жайлы айта келіп , сөзін былай деп сабақтады:

«Оқымысты-педагог Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты оқулығы ұлттық фольклортану тарихындағы бірегей үлгілі, үздік озық құбылыс. Қазақстанның жоғары дәрежелі оқу орындарының филология, журналистика факультеттерінің студенттеріне арналған атаулы да айтулы оқу құралы «халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, ауыз әдебиеті», Қазақ елінің сандаған ғасырлық рухани-мәдени өмірінің көркемдік энциклопедиясы ретінде үздіксіз қолданылып келеді. Ұлтымыздың тарихи дүниетанымы, ой-санасы, сөз сарасы, көркемдік-философиялық тәжірибесі, ғұрып-салт жүйесі, елдік пен ерлік рухы айрықша көрініс тапқанын, барынша терең танытқанын, ұғынықты, тиянақты, мұнтаздай байыпты түсіндіргенін айта кету керек».

Мәлік Ғабдуллин — Ұлы Отан соғысында көрсеткен аса жоғары жауынгерлік ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағына ие болған. Ол қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып соғыс жанрындағы шығармалар жазды. Оның «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар» атты кітаптарында енген әңгіме, очерктері майдан өмірі, жауынгер тұлғасы шебер суреттеліп, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген.

baq.kz

Әлемдегі ең үлкен алмаз табылды

Әлемдегі ең үлкен алмаз табылдыБотсвандағы Каров шахтасынан 1 111 карат салмақтағы алмаз табылған. Бұл соңғы 110 жылда табылған ең үлкен гауһар тас болып саналады.

Компания өкілдерінің айтуынша, табылған алмаз қоспасы жоқ ең жоғары санаттағы сапалы гауһар тас болып табылады. Әлемде мұндай жоғары санаттағы алмаз 2 пайызды ғана құрайды екен. Табылған қымбат тастың өлшемі — 65х65х40 мм.

Аталған бағалы тастың көлемі өте үлкен болғандықтан, компанияның анализ жасайтын лазерлі машинасына сыймаған. Сондықтан олар алмазды бірнеше бөлікке бөлуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, компания әзірге оның қанша тұратынын айта алмай отыр.

baq.kz

«Жұлдыз FM» бір жылдығына орай ерекше радиомарафон өткізеді

«Жұлдыз FM» бір жылдығына орай ерекше радиомарафон өткізеді
радиомарафон

«Жұлдыз FM» радиостанциясының бір жылдығына орай 20 қарашада ерекше радиомарафон өтеді.

Радиостанция жүргізушілері таңның атысынан кештің батысына дейін тікелей эфирде нон-стоп режимінде өз тыңдармандарына қуаныш сыйлайды. «Жұлдыз FM» радиостанциясының ерекше форматы радионың туған күніне орайластырылып отыр. Осыдан тура бір жыл бұрын, 20 қарашада, радиотолқынның таралымына ресми старт берілді.

Туған күнге орай, тыңдармандарды бірқатар тосын сый күтіп тұр. Олардың арасында — әншілердің тікелей эфирде жанды дауыста ән салуы бар. Оларға арнайы шақыртылған live-бенд музыканттары көмектеседі. Жанды дауыста Ғалымжан Молданазар мен «МузАрт» тобы ән салады деп жоспарланған.

Қазіргі таңда «Жұлдыз FM» радиосында еліміздің өзге радиотолқындарында жоқ, тың бағдарламалар жетерлік. Олардың бірі қазақ эстрадасының тек сапалы әуенін таңдайтын «Жұлдыз TOP» ән шеруі. Сонымен қатар, түркітілдес халықтардың белгілі әншілері сынға түсетін «Жұлдыз TOP International» тыңдармандардың сүйіп тыңдайтын бағдарламасына айналып үлгерді.

«Жұлдыз FM» тыңдармандарға қазақша сапалы контент ұсынуды, жастардың биік құндылықтарын қалыптастыруды және олардың қомақты ақпарат ағыны арасынан дұрыс бағытты таңдауына көмектесуді көздейді. Жастар радио эфирінен өмірдегі, музыка мен мәдениеттегі ең маңызды, қызықты, қажетті дүниелерді таба алады.

baq.kz

Астана халықаралық әуежайында бизнес-авиацияның жаңа терминалы ашылды

Астана халықаралық әуежайында бизнес-авиацияның жаңа терминалы ашылдыБүгін елордада «Астана» халықаралық әуежайында тұңғыш бизнес-авиация терминалының ашылу рәсімі өтті. Шараға Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мамин қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астананың әлемдік деңгейдегі заманауи мегаполис ретінде ойдағыдай дамуы үшін халықаралық әуежайдағы жаңа нысанның маңызы атап өтілді. Астана елдің экономикалық орталығы ретінде дамып, инвестициялық тартымдылығы артқан сайын қалаға алыс-жақын шетелдерден келетін іскер топтардың саны да тұрақты түрде өсіп келеді. Алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің өтуіне, кейіннен Халықаралық қаржы орталығының құрылуына байланысты жаңа бизнес-авиация терминалының өзектілігі арта түспек.

Әуежайды кеңейту, жаңа терминалдар салу, инженерлік және сервистік инфрақұрылымды жақсарту елорданың халықаралық маңызы бар орталық көлік-логистикалық хаб ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосады.

Үш мың шаршы метрге жуық алаңда орналасқан жаңа терминал сағатына 200 жолаушыны өткізе алады. Терминал ғимаратында конференц-зал, келіссөздер өткізуге арналған бөлмелер, сондай-ақ, 30 орындықкөлік тұрағы бар. Бизнес-авиация терминалында чартерлік рейстерге қызмет көрсетіледі. Әуежай басшылығының айтуынша, бұл нысанды іске қосу жолаушыларға арналған қызмет көрсету сапасын айтарлықтай арттырып, бизнес-авиация рейстерінің тартымдылығын ұлғайтады.

Сонымен бірге, қазіргі кезде жаңа терминалдың құрылысы мен Астана қаласы әуежайының ұшу-қону алаңын жөндеу жұмыстарының жүріп жатыр. Жаңа терминал жылына төрт миллион жолаушыны өткізе алады. Осылайша Астана әуежайы 2017 жылы жолаушылар санын жылына үш миллионнан жеті миллионға дейін көбейтпек.

Бүгінгі таңда әуежай алыс-жақын шетелдерге шығатын жолаушылар рейстерін тұрақты түрде жүзеге асыратын 19 әуе компаниясына қызмет көрсетеді. Осы жылы тұңғыш рет Сеул және Париж қалаларына рейстер ашылды. Астана әуежайында Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарына, сондай-ақ ТМД қалаларына тұрақты рейстер жүзеге асырылады. Әуежай күн сайын 12 мыңға жуық жолаушыға, 140 ұшу рейсіне қызмет көрсетеді.

baq.kz

Сіз оқуға міндетті 50 кітап тізімі

Сіз оқуға міндетті 50 кітап тізімі«Рухы биік ел құлдырамайды!». Бірақ биік рух қайдан келеді?! Әрине, кітап оқудан.

«Кітап – білім бұлағы». Осы бір ата­лы сөз қай ғасырда, қай за­ман­да бол­ма­сын өз құнын жойған емес. Бүкіл адам­зат та­ри­хын­да көне дәуірлерден сақталып ке­ле жатқан тастағы таңбалардан бас­тап, көптеген жа­зу-сызу­­лар арқылы бізге жет­кен ақыл-ой, ғылым-білім қазыналары кітап арқылы игілігімізге асу­да. Кез кел­ген адамның білімі мен танымының, ой-өрісі мен са­на-сезімінің  да­му­ы­на кітаптың ұланғайыр әсер ететінін айтып жатудың өзі артық бо­лар. Бұлақтың дарияға бет алғанындай, әліппеден бас­тау ала­тын білім кілті кітап — оқимын де­ген адамның сенімді серігіне, ай­ны­мас до­сы­на ай­на­ла­ры сөзсіз.

Сондай 50 кітаптың тізімі мен сілтемелерін Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Қажет кезінде көрсетілген сілтемелер арқылы рухани байлығыңызды молайтып отырыңыздар!

1. «Жетім»  Мұхтар Әуезов — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/3363-muqtar_auezov_jetim
2. «Қорғансыздың күні» Мұхтар Әуезов — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/3558-qorhansyzdyng_kuni
3. «Сіз бен Біз»  Оспанхан Әубәкіров
4. «Ақан сері»  Сәкен Жүнісов http://kitap.kz/index.php/catalog/book/965-guma_akan_seri
5. «Ғажайып планета» Талап Сұлтанбеков — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/3450-bota_gajaip
6. «Аманай мен Заманай» C.Жүнісов — http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/2468-amanaj_men_zamanaj_audio
7. «Алғашқы айлар» М. Иманжанов — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/3506-bota_algawkiai
8. «Тағдырдың кейбір кездері» Д.Исабеков
9. «Бақбақ басы толған күн» Марат Қабанбаев — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2127-baqbaq_basy_tolhan_kun
10. «Жау тылындағы бала» Қ. Қайсенов — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/5739-malchik_v_tylu_vraga
11. «Мен апамның баласымын» Әлдихан Қалдыбаев
12. «Мен қарапайым қарттарды сүйем» М.Мақатаев — http://kitap.kz/index.php/catalog/author/1641-muqahali_maqataev
13. «Үш бақытым» М.Мақатаев — http://kitap.kz/index.php/catalog/author/1641-muqahali_maqataev
14. «Жар жағалаған қыз» Адам Мекебаев
15. «Мен қазақпын» поэмасы Ж.Молдағалиев — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/849-men_qazaqpyn
16. «Интернатта болған жағдаят» Артур Конан Дойл — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/536-internatta_bolhan_zhahdayat
17. «Ұшқан ұя» Б.Момышұлы — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1088-ushqan_uya
18. «Жабайы алма» Сайын Мұратбеков — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1228-zhabajy_alma
19. «Соғыстың соңғы жесірі» Шерхан Мұртаза — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2395-sohystyng_songhy_zhesiri
20. «Еңбек бірлігі» әңгімесі Ғабиден Мұстафин — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2384-engbek_birligi
21. «Жапон балладасы» Ғабит Мүсірепов — http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/2340-fabit_musirepov_angimeleri_audio
22. «Ананың анасы» Ғабит Мүсірепов — http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/2340-fabit_musirepov_angimeleri_audio
23. «Қазақ солдаты» Ғабит Мүсірепов — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/486-qazaq_soldaty
24. «Қызыл кітап» Мырза-Әли Қадыр — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2049-qyzyl_kitap
25. «Бір өкініш, бір үміт» Бексұлтан Нұржекеев
26. «Ақын өлімі туралы аңыз» Қ.Аманжолов — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2541-aqyn_olimi_turaly_angyz_amanzholov
27. «Ақиқат пен аңыз» Әзілхан Нұршайықов — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2657-dmtmtm
28. «Он бес жыл өткен соң» Естай Мырзахметов
29. «Балалық шағың» М.Жұмабаев — http://kitap.kz/index.php/catalog/author/1107-mahzhan_zhumabaev
30. «Бір атаның балалары» М.Мағауин — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/4831-muxtar_magauin_bir_atanyn_balalary
31. «Менің атым Қожа» Бердібек Соқпақбаев — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1979-menn_atim_koj
32. «Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1886-balalyq_shaqqa_sayaxat
33. «Ауыл шетіндегі үй» Әкім Тарази
34. «Өмір-өзен» Бек Тоғысбайұлы
35. «Өркениеттің адасуы» Шаханов Мұхтар — http://kitap.kz/index.php/catalog/author/2410-muxtar_shaxanov
36. «Құз басындағы аңшының зары» Шаханов Мұхтар, Айтматов Шыңғыс —http://kitap.kz/index.php/catalog/author/2410-muxtar_shaxanov
37. «Ләйлі-Мәжнүн» Шәкәрім Құдайбердіұлы — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1879-lajli_mazhnun
38. «Қоңыр күз еді» Қ.Ысқақ — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2086-qongyr_kuz_edi
39. «Жақсы мен жаман туралы» Дулат Бабатайұлы — http://kitap.kz/index.php/catalog/author/5107-dulat_babatajuly
40. «Жаяу Мұса» Зейтін Ақышев
41. «Қара сөздер» Абай Құнанбаев — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/88-qarasozder_men_ocherkter
42. «Бір тойым бар» Төлеген Айбергенов — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1761-bir_tojym_bar
43. «Ақбілек» Ж. Аймауытов — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/974-aqbilek
44. «Ғасырдан да ұзақ күн» — Ш. Айтматов
45. «Қаһарлы күндер» Тахауи Ахтанов — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1480-qaqarly_kunder
46. «Ақбоз ат» Тәкен Әлімқұлов — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/3175-taken_alimqulov_aqboz_at
47. «Өліара» Төлен Әбдіков — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/3613-tolen_abdikov_oliara
48. «Қырық мысал» Ахмет Байтұрсынұлы — http://kitap.kz/index.php/catalog/author/143-axmet_bajtursynuly
49. «Елім-ай» трилогиясы С.Сматаев — http://kitap.kz/index.php/catalog/book/3120-elim_aj_i_kitap
50. «Атаукере» Оралхан Бөкей

Бүгін – халықаралық ерлер күні

Бүгін – халықаралық ерлер күніЖыл сайын 19 қараша халықаралық ерлер күні ретінде аталып өтіледі. Алғаш рет бұл мереке 1999 жылы Тринидад және Тобаго мемлекетінде тойланған. Кейіннен Аустралия елі қолдады. Сондай-ақ Кариб аймағы, Солтүстік Америка, Азия, Еуропада жалғасын тапты.

Халықаралық ерлер күнін атап өтудің мақсаты гендерлік кемсітушілік пен гендерлік теңсіздік мәселесіне назар аударту болып табылады.

Бұл мереке қазіргі кезде әлемнің 60-тан астам елінде аталып өтіледі.

Олардың қатарында АҚШ Ұлыбритания, Канада, Дания, Норвегия, Франция, Италия Ирландия, Аустралия Үндістан, Қытай, Тринидад және Тобаго, Ямайка, Румыния, ОАР, Танзания, Зимбабве, Ботсвана, Бурунди, Босния және Герцеговина, Украина, Пәкістан, Куба, Антигуа және Барбуду, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Гренада және Кайманов аралдары, Венгрия, Қазақстан, Гана, Сингапур, Мальта т.б елдер бар.

baq.kz

Алматы облысында он айда 62 тұрғын үй берілді

Алматы облысында он айда 62 тұрғын үй берілді
он айда

Алматы облысында биылғы жылы құрылыс саласына 40,0 млрд. теңге бөлінген. Осы қаражат есебінен 237 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде биылғы жылға белгіленген 173 нысанның 122-сі пайдалануға берілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық бөлімшесінде өткен брифинг барысында облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Марат Нүсіпбаев айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

М.Нүсіпбаевтың мәліметіне сүйенсек, жалпы облыста білім саласының 43 нысанының құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына бюджеттен 17 млрд. 523 млн. теңге, ал денсаулық сақтау нысандарына 4 млрд. 969 млн. теңге қарастырылған.

Сонымен қатар биылғы жылы он айда жалпы алаңы 36,77 мың шаршы метр болатын 62 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген.