Мұстафа Өзтүріктің шәкірті Ілияс Керім Ыстамбұлда өткен Таэквондодан Мармара аймақтық жарыста бүкіл қарсыластарын жеңіп чемпион атанды.
Ілияс Керімнің чемпион болуы бүкіл Түркия қазақтарын қуанышқа бөледі. Ілияс Керім бұдан бұрын да бір неше дүркін Түркия бойынша чемпион болған. Ол Мұстафа Өзтүріктің төл шәкірті. Қазіргі кезде ол таэквондо бапкеры ретінде болашақ чемпиондарды тәрбиелеуде.
Ілияс Керім 1977 жылы Ыстамбұлда дүниеге келген. Түркия Таэквондо федерациясының мүшесі, Ұлттық командада спортшы әрі бапкер, 6 дан қара белбеу иегері. Таэквондо спортын үйренуді 1985 жылы мамыр айында Ыстамбұлдағы Мұстафа Өзтүріктің мектебінде бастаған. Кейін Мұстафа Өзтүріктің шакірті Жамал Кабадайының шакірті болған.
Кейін осы екі ұстаздан алған білімінің арқасында Түркиядағы және халықаралық жарыстарда көптеген жүлделерге қол жеткізген. Қазір Ыстамбұлда Таэквондо мектебінде бапкер болып қызмет атқарады.