Домой Блог Страница 314

«BalaTurkvizyon» халықаралық байқауының финалы Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді

«IGUjjZ0Xw7wBalaTurkvizyon» халықаралық балалар байқауының финалы 18 желтоқсанда Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ADAM Media Group» директоры Динара Адам айтты.

– «BalaTurkvizyon» халықаралық балалар байқауының финалы 18 желтоқсанда Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді. Бізге жеткен мәлімет бойынша оған түркі тілдес 20 мемлекет қатысады. Біздің балалардың әрқайсы осы байқауға арнап жаңа ән жаздырды. Жеңіске жеткен орындаушы өзінің әнін Түркия сахнасында орындайды, –дейді Динара Адам.

«BalaTurkvizyon- Қазақстан» ұлттық іріктеу кезеңі 8 маусым мен 8 тамыз аралығында еліміздің барлық аймағында өткен. Оған 8-13 жас аралығындағы 2000 бала қатысқан. Енді, қыркүйектің 19-20 күндері Бейбітшілік және келсім сарайында жартылай мен финалдық кезең өтеді. Балаларға арналған жаңа әндерді барлық көрермендер мен қазақстандық 16 эстрада жұлдызынан құралған қазылар алқасы таңдайды.

Қазылар алқасының төрайымы Әлия Назарбаева болмақ. Сондай-ақ Майра Мұхамедқызы, Қалқаман Сарин, Ренат Гайсин, Жанар Дұғалова, Арман Дүйсенов, Нұрлан Қаражігітов, Ринат Думанұлы бар.

baq.kz

Абзал Бейсебеков — Чемпиондар Лигасындағы тұңғыш қазақ

0

62981bdaaa160014e9a8620fca11c005

Астана футбол клубының ойыншысы Абзал Бейсебеков — УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде форма киген алғашқы қазақ футболшы.

Хандық тарихы үй қабырғасында

0

1898117_446652935536751_7921780174195928418_n

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай безендірілген тұрғын үй.
Талдықорған қаласы.
Фото: Алибек Турсимбетов

Елімізде IT маманы туралы комедиялық телесериалдың түсірілімі басталды

_C41Vk0KQSI«IT МОЛОДЕЦ» деп аталатын жаңа телетуынды Айдар есімді IT саласының маманы туралы. «Болашақ» бағдарламасымен шетелдік жоғары оқу орындарының бірін бітіріп келген ол жаңа инновациялық дүние ойлап табуды өзіне мақсат еткен.

Жас маманның бұл мақсатына жетуіне бір ғана нәрсе кедергі — ол «Болашақ» бағдарламасының келісімшартында көрсетілгендей, мемлекеттік қызметте 2 жыл жұмыс істеуі тиіс. Ал, бұл талаптан қашып құтыла алмайтынын білген жас маман шалғайдағы, тіпті интернеттің картасында жоқ ауылдардың біріне қоныс аударады.

Телесериалдағы кейіпкерлердің мінездері, дүниетанымдары сан түрлі, актерлардың барлығы да өз рольдерін ойдағыдай сомдап шықты дейді фильм авторлары. Картинадағы басты рольдерді Рауан Мұратәлиев, Гүлнар Сейілбаева және Әбунасыр Серіков сомдайды.

Басты кейіпкер Айдар фильм барысында ауыл тұрғындарына жаңа технологияларды көрсетіп, смартфон, планшет сынды гаджеттермен жұмыс істеуді үйретеді. Сондай-ақ, ол ауылда жүріп жаңа смартфон бағдарламасын ойлап тауып, оған инвесторларды да тартады. Қаланың «ақсаусақ» баласы осы ауылда қазақшаны үйреніп, ет жеуді бастайды.

Осылайша, шетелден Қазақстанға үлкен компанияда жұмыс істеуді армандап келген бозбала өзінің сүйікті ісін және махаббатын ауылдан табады. Айдардың ауылдағы өмірінің қалай өрбігендігі жайында көрермендер «31-арнадан» жақын күндері көре алатын болады.

baq.kz

Астанада «Тіл шебері» республикалық байқауы өтеді

1419853353_www.mxs.kz-999Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІ республикалық фестивалі аясында мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері» республикалық байқауын өткізеді.

Байқау 18 қыркүйек күні Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж.Жабаев атындағы концерт залында  болады.

Байқаудың мақсаты: Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау.

Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік жобалар көрмесіне қатысуда

4d260df47a4af8edea5b9d0f300f6ce1_L«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі елімізде биыл үшінші рет ұйымдастырылды.

Шараға қатысуға Батыс Қазақстан облысынан «Диабет», «Нұр шуағы» және «Демеу» секілді 7 қоғамдық ұйым өтініш білдірген. Байқауға мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғауға мүдделі мемлекеттік мекеме-ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктері қатыса алады. Мәселен, ұлттық жиһаз жасауға маманданған оралдық кәсіпорында 37 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Соның 17-сі мүмкіндігі шектеулі жан.

Кәсіпорын басшысы Біржан Қожақовтың айтуынша, кембағал жандарға көрсетілер көмектің түрі сан алуан. «Мүмкіндігі шектеулі жандар тап болатын қиындықтарды өз басымнан өткеріп келемін. Сондықтан оларға тек қаржылай ғана қолдау көрсетіп қоймай, өз кәсібін бастауына да қол ұшын береміз», — дейді кәсіпкер.

Біржан Қожақов, кәсіпкер: «Қанша мүгедек жандар үйде отыр. Соларға рух бергіміз келеді. Намыстарын оятқымыз келді. Сондықтан қатысып отырмыз».

Асылбек Сапарғалиев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы: «Көрменің мақсаты өмірде қиын жағдайға тап болған мүмкіндігі шектеулі жандарға, қоғамдық бірлестіктер мен қоғамның әлжуаз топтарының әл-ауқатын жақсартып, қолдау көрсетуге бағытталған. Облыстық деңгейде көрмеге қатысушылардың жобаларын іріктеу комиссиясы қарап, үздік деп танылғандарын республикалық көрмеге жолдайды».

24.kz

Интернетте Нұртас Адамбаевтың «Ауылдан қашу» комедиясының трейлері пайда болды

Интернетте танымал актер әрі режиссер Нұртас Адамбаевтың «Ауылдан қашу. Махаббат операциясы» толық метражды комедиясының трейлері жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильм прокатқа 26 қарашада шығады.

Картина соңғы бөлімі 2013 жылы шыққан «Ауылдан қашу» сериалының жалғасы. Адамбаев бұған дейін сериал аяқталғаннан кейін көрермендердің жалғасын түсіруін сұрағанын бірнеше рет айтқан болатын.

«Ауылдан қашу. Махаббат операциясы» картинасында басты рольді сомдайтындар: Ербол (Нұртас Адамбаев), Сапог (Жан Ізбасар) және Ерлан (Ерлан Қасымжанұлы). Жігіттер бұрынғыша ақша табуды көздейді. Сондықтан да олар тезірек бай болу үшін айла ойлап табады. Картинаны түсіруге 22 күн кеткен. Фильмде Аружан Жазылбекова («Рэкетир-2», «Үшеуге арналған үйлену тойы») және Максим Акбаров («Қызғылт қоян туралы ертегі», «Рэкетир-2») ойнайды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Адамбаев «Сабина келін» фильмінің түсірілім жұмыстарын аяқтағанын хабарлаған болатын.

Қазақстан 19 елге визасыз режим енгізді

imagesҚазақстан шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін 19 елге визасыз режим енгізді деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі. 

Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария және Жапония инвесторлары Қазақстан енгізген визасыз келіп-кететін елдердің тізіміне енді. ҚР ИДМ 2015 жылдың қаңтарынан бастап өткен жылы мемлекет басшысы қабылдаған инвестицияға мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруды бастады. Бүгінде 5 институционалды реформа бойынша 100 нақты қадамның орындалуын есепке ала отырып, Инвестиция және даму министрлігі қосымша қаржыны қажет етпейтін шараларды қолға алады.

baq.kz

Алматы қаласының ардагерлері қоғамдық көлікте тегін жүретін болды

d34b5c5542eb20d455c02c2994a16321

Алматыда ҰОС-на қатысушылар мен аға ұрпақ өкілдеріне қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы беріледі. Қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалымен өткен қалалық Мәслихаттың V шақырылымындағы 43-ші сесиясында депутаттар жеңілдетілген жолақы туралы шешімді бірауыздан қолдады.

Депуттар «Алматының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» және электронды жол жүру карталарына сәйкес қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тариф құнының 50% көлемінде, сондай-ақ 15 жастан асқан жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына, күндізгі оқу нысанындағы техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне, жасына байланысты зейнеткерлерге жеңілдетілген жол жүру мүмкіндігі беру туралы мәселелерді қарады. Бұлардан өзге, электрондық жол жүру карталарға сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және 75 жастан асқан тұлғаларға қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру мүмкіндігі берілетін болды.
Қала әкімі қазіргі күрделі жағдайда аға буын өкілдеріне қолдау білдірудің қажет екендігін атап өтті.

baq.kz