Домой Блог Страница 42

Алматы облысындағы ветеринариялық ахуал тұрақты

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beВетеринария мамандарының негізгі жұмысы жануарларды аурулардан қорғау және емдеу. Ал ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің арғы жағында адам, қоғам денсаулығы тұр. Сондай-ақ, ветеринария өкілдері қоршаған ортаның ластануының алдын алу, еліміздің тұрғындарын басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардан таралатын жұқпалы және экзоотикалық аурулардан қорғап, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру жолында да жұмыс істеп келеді. Осындай ауқымды міндеттерді орындау үшін Алматы облысы аумағындағы ветеринариялық станциялар мен қосындардағы екі мыңға жуық маман өз қызметтерін абыройлы атқаруда.

Алматы облысы бойынша ағымдағы жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуын жүзеге асыру үшін 1 млн. 700 мың теңгеден астам қаржы бөлініп, оның жыл басынан бері 92,4%-і игерілген. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Бекежан айтты.

Ветеринария саласында малға да, адам өміріне қауіпті болып келетін кеселдерді емдегеннен гөрі, оларды болдырмауға күш салып, алдын алу және диагностикалық зерттеу жұмыстарын сапалы, уақытылы орындауға ден қойылған. Бұл мақсатта облыс бойынша аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар мен ауылдық округтердегі қосындардағы мамандардың кедергісіз жұмыс істеуі үшін 257 жеңіл автокөлік сатып алынған.

Облыс аумағында ағымдағы жылдың басынан жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 70 ошағы тіркелген болатын. Бүгінде олардың 49-да тиісті ветеринариялық-сауықтыру шаралары атқарылып, эпизоотиялық ахуал қалыптастырылған. Қалған 21-де сауықтыру шаралары жүргізілуде.

— Иә, жануарлардың аса қауіпті және созылмалы жұқпалы ауруларының алдын алуда ветеринариялық-санитариялық жұмыстарды уақытында жүргізудің маңызы ерекше. Бұл шараның атқарылуын жүзеге асыру үшін мал қоралары мен орындарына механикалық тазалау, санациялау жұмыстарын жүргізуге аудандық (қалалық) ветеринариялық бөлімдер тарапынан мал иелеріне берілген нұсқамаларға сәйкес, 132 578 шаршы метр болатын 259 нысанға дезинфекциялық ерітінділерді қолдану арқылы сауықтыру жұмыстары жүргізілді. Мұндай жұмыстардың сапалы орындалуы үшін облыстағы 19 аудандық (қалалық) ветеринариялық станциялар арнайы дезинфекциялау қондырғыларымен жабдықталған ДУК автокөліктерімен қамтамасыз етілген, — деді Нұрлан Жебегенұлы.

Панфилов көшесі Астана картасында қалады

c-2Астана әкімдігі көшелердің атауын өзгерту және жекелеген көшелерге атаулар беруге қатысты түсініктеме берді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Соңғы екі жыл ішінде 2016 жылдың шілдесіне дейін нысандарға, әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беруге және атауларын өзгертуге мораторий енгізілген болатын.

2015 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың қырқүйегіне дейінгі кезеңде Астана қаласының әкімдігіне еңбек ұжымдарынан және шығармашылық одақтардан, бірлестіктерден, ұйымдардан, зиялы қауым және қоғам өкілдерінен жүзге жуық ұсыныс түсті.

Соның 77-сі Ономастикалық комиссияның қарауына іріктеп алынды, атап айтқанда:

12 – мектепке атау беру туралы,

1 – гүлбаққа атау беру туралы,

1 – халық аспаптары оркестріне атау беру туралы,

1 – аллеяға атау беру туралы,

1 – даңғылға атау беру туралы,

55 – көшелерге атау беру туралы,

4 – көшелердің атауларын өзгерту туралы,

2 – көшелерді біріктіру туралы.

Үстіміздегі жылдың 7 қырқүйегінде өткен Ономастикалық комиссияның отырысында 19 ұсыныс мақұлданды, соның ішінде атауы жоқ номерленген көшелерге (номер белгісі бар көшелер) атау беру және атаулары қайталанатын көшелерді біріктіру және атауын өзгерту туралы өтініштер болды.

Бүгінгі күні Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметтеріне сәйкес, елордада атау беру туралы ұсынылған, жобалық номерлік атау берілген (сандық белгісі бар) жиырмаға жуық көше бар.

Сонымен бірге, атаулары қайталанатын көшелер де бар. Мысалы, Иван Панфилов атындағы екі көше (Алматы ауданы, бірі – бұрынғы Сенная көшесі, Орталық базар бағытында, екіншісі – бұрынғы  № А 43 көше, Тельман тұрғын алабы бағытындағы көше), және Жамбыл Жабаев атындағы екі көше (Сарыарқа және Алматы аудандары) бар.

Қоғам өкілдері және құрамына белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, қалалық мәслихаттың депутаттары және тағы басқалары кіретін Қалалық ономастикалық комиссияның мемлекеттік органдары енгізген көптеген ұсыныстарды ескере отырып, келесі атаулар берілді:

Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша:

жобалық атауы 23-17 көше – Хусейн бен Талал көшесі;

жобалық атауы 23-31 көше – Кенен Әзірбаев көшесі;

жобалық атауы А 19 көше – Темірбек Жүргенов көшесі;

Астана қаласының «Есіл» ауданы бойынша:

жобалық атауы 211 көше –  Нұрпейіс Байғанин көшесі;

жобалық атауы 212 көше – Сұлтанбек Қожанұлы көшесі;

жобалық атауы 210 көше – Нияз би көшесі;

жобалық атауы Е 250 көше – Қайым Мұхамедханов көшесі;

жобалық атауы Е 350 көше – Никола Тесла көшесі;

жобалық атауы Е 573 көше – Рабиға Есімжанова көшесі;

жобалық атауы Е 581 көше – Саттар Ерубаев көшесі;

жобалық атауы Е 602 көше – Ханшайым Сүйінбике көшесі;

жобалық атауы № 26 көше – Бұқар жырау көшесі.

Сондай-ақ, мына атаулар өзгертілді:

Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша:

Иван Панфилов көшесі – Сәкен Жүнісов көшесіне (жоғарыда айтылғандай, Астана қаласында Иван Панфилов атындағы 2 көше бар, ескі Иван Панфилов көшесі Орталық базар бағытында орналасқан, жаңасы 2015 жылы ашылған, елорданың сол жағалауында орналасқан, оның атауы Иван Панфилов деп қалды);

Б. Майлин көшесі және жобалық атауы А 193 көше Бейімбет Майлин көшесі етіп біріктірілді;

Астана қаласының «Есіл» ауданы бойынша:

Орынбор көшесі – Мәңгілік Ел даңғылы;

Хусейн бен Талал көшесі – Ұлы Дала даңғылы;

Астананың «Сарыарқа» ауданы бойынша:

Бөкейхан көшесі – Әзірбайжан Мәмбетов көшесі етіп өзгертілді.

Тиісті нормативтік құқықтық актіні қабылдау бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елорда әкімдігі аталған шешімді әзірлеу, келісу және қабылдаудың барлық кезеңдерін сақтады.

Атаулар беру және атауларды өзгерту бойынша қаржы шығындарына қатысты: «Аудандарды абаттандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жыл сайын бюджеттік қаржы бөлінеді, соның ішінде, абаттандыруға және ақпараттық нұсқағыштар мен аншлагтарды, ғимараттар мен тұрғын үйлерге тақтайшалар орнатуға қаржы бөлінеді. Жеке және заңды тұлғалар үшін ХҚКО-да жаңа мекен-жай бойынша құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу және техникалық төлқұжаттарды түзету және мекен-жай анықтамасын беру тегін жүргізіледі.

Халықаралық студенттер күніне «Жайдарман» өткізілді

Астана қаласында 12 қараша күні 18:00-де Қазмедиа орталығында халықаралық  Студенттер күніне арналған «Жастар кубогы» республикалық арнайы жобасы өтті.

«Жайдарман» биыл студенттер күнін ерекше атап өтуді жөн көрді. Ия, бұл мереке жайдарманшылар үшін өте маңызды. Себебі нағыз жайдарманшы қалыптасатын кезең – студенттік кез. Сонымен қатар жайдарманның жайдары көрермендері де – негізінен студенттер. Сондықтан да болар Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15 команда құрамындағы 200-ден астам жайдарманшы көрермендердің патша көңілдерін жадыратып, ерекше керемет көңіл-күй сыйлады.

Арнайы жобаны, әдеттегідей, Қазақстан КВН Одағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. Жүлделі орын алған командаларға 400 000, 300 000 және 200 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақылар табысталды.

Ойын қорытындыласақ, III орынды республикалық Жоғары лиганың биылғы жартылай финастері ақтөбелік «Фемида».

Ал, күміс жүлде Алматының арулары «Ханшайым» командасының еншісінде кетті.

«Жастар кубогы» арнайы жобасының бас жүлдесін талдықорғандық әңгімешіл үш жайдарманшыдан құралған «Шапалақ құрамасы» қанжығаларына байлады.

Осы жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасының құрамында болғандар: қоға қайраткері Мұрат Әбенов, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұлов, азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев, Қазақстан Студенттер альянсының көбасшысы Мейіржан Әбілхас, «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» қоғамдық қорының директоры Құрманбек Жұмағали және  «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі Маралбек Сағынғанов.

Барлық қатысқан командалар мынаай реттілікпен өнер көрсетті:

  1. «Аграрка құрамасы»
  2. «Рахмет»
  3. «ЕҰУ құрамасы»
  4. «Қарқаралы құрамасы»
  5. «Қорғалжын құрамасы»
  6. «АТУ құрамасы»
  7. «Энерго»
  8. «Ару.kz»
  9. «Тұран-Aстана»
  10. «Шапалақ құрамасы»
  11. «Элемент»
  12. «Ханшайым»
  13. «Боранқұл»
  14. «Фемида»
  15. «ҚазИИТУ құрамасы«

«Жастар кубогы» 4-желтоқсан күні «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған.

Елордамыздың ЖОО студенттері арасында спартакиада өтті

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының белсенділері жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері арасында спартакияда ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты — ЖОО студенттері арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық сортқа қалыптастыру.

Спартакиадаға елорданың 10 жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері қатысты. Жастар мини-футбол, волейбол, үстел тенисі, жеңіл атлетика сынды спорттың 14 түрі бойынша бақ сынасты. Аталмыш жарыс Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын «Жайдарман» ойындары атап өтті

Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын тойлауға «Жайдарман» ойындары да өз үлесін қосты.  11 қараша күні Астана қаласында мерекеге арналған  «Жайдарман» ойыны өтті. Астана қаласының және республикамыздың бірнеше қаласынан келген қатысушы жайдарман топтары өзара сайысып, өте қызықты көріністерін қойды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар  саясаты департаменті қолдау көрсеткен бұл арнайы жобаға барлығы 15 команда және 200-ден астам жас жайдарманшылар қатысты. Ойынды жүргізген — республикалық Жайдарман ойындарының жүргізушісі, Қазақстан КВН одағы президенті Есен Елеукен.  Сайыс болғандықтан, үздіктерді таңдау  керек. Қазылық етіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жайдарман» ойынының жеңіпаздарын анықтаған: Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков, Қазақстан Студенттер Альянсының көшбасшысы Мейіржан Әбілхас, танымал тележүргізуші, белгілі телебағдарламалар авторы  Нұрмахан Мұқанұлы, және тележүргізушілер Маралбек Сағынғанов пен Нұрсұлтан Құрман.

Қазылар алқасы
Қазылар алқасы

Қорытынды бойынша,  жүлделі 3-орынды Қазақ технология және бизнес университетінің «Грация» командасы алды.

"Грация" командасы
«Грация» командасы

2-орынды Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «ҚазАТУ құрамасы» командасы иеленсе,

ҚазАТУ құрамасы

ойынның бас жүлдесін «Семей құрамасы» қанжығалады.

Семей құрамасы: Әсет Жұмахан және Дархан Оспанов
Семей құрамасы: Әсет Жұмахан және Дархан Оспанов

Жеңімпаздарға 400, 300 және 200 мың теңге көлемінде сыйақылар табысталды.

Елдігіміздің мерейтойына арналған «Жайдарман» ойынының желтоқсан айында НТК телеарнасынан көрсетілуі жоспарланған.

Ойынның суреттері:

Аргарка құрамасы
Аргарка жастары
Целиноград құрамасы
Целиноград құрамасы
Арнайы
Арнайы

Ж.Түймебаев Түлкібас ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

555_1Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 110 мыңнан астам халқы бар Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен барды. Әкім бастаған жұмысшытоп алдымен Арыс ауылдық округіндегі бекіре тұқымдас балық өсіру шаруашылығы мен ат спорты мектебінің жұмысымен танысты.
Республикамызда сирек кездесетін бекіре тұқымдас балық өсіру фермасы 2012 жылы өңірлік индустриалды карта шеңберінде  іске қосылған. Жобаны іске асырушы – «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС.
Кәсіпорын жұмысымен таныстырған Ерік Оспанов жобаның құны 452  млн. теңгені құрағанын айтып,  бүгінде жылына 40 тонна балық еті мен 30 келі қара  уылдырық өнімін өндіріп жатқанын мәлімдеді.
Балық шараушылығын кәсіпкерлерге кеңінен насихаттау қажеттігін айтқан облыс әкімі осындай балық фермаларын көршілес Төлеби, Сарыағаш сынды аудандарында да дамытуды тапсырды.
Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС қарасты  ат спорты мектебін аралады. Екі жыл бұрын ашылған ат спорты мектебінде 24 асыл тұқымды жылқы бар.  Жобаның жалпы құны 10 млн. 500 мың теңге.  Арыс ауылдық округінде ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесіне қатысқан әкім жергілікті еңбекшілермен кездесіп, ой бөлісті. Ауыл шаруашылығы саласына субсидия бөлінетінін де атап өтті.
Осы күні Ж.Түймебаев Т.Рысқұлов ауылы, «Жанкент» мөлтек ауданындағы 600 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысып, білім ұясының маңына алғашқы көшетті отырғызды.  Облыстық бюджет есебінен салынған 3 қабатты мектепте оқушыларға барлық жағдай жасалған. Одан кейін өңір басшысы  аталған шағын ауданындағы жаңадан салынған  64 және 32 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді.
Бірнеше әлеуметтік нысанды аралап, атқарылған жұмыстарды көрген облыс әкімі аудан активімен кездесті. Жиында Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Бүгінде ауданның жалпы өңірлік көлемі 40,8 млрд. теңгені құрап отыр. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында да жұмыс бар. Дегенмен, облыс әкімі Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті зор екеніне тоқталып,  өз потенциалын толық пайдаланбай отырғанын айтты.
«2016 жылғы 1 қарашаға Түлкібас ауданы бойынша 155,4 млн. теңге қаржы игерілмеген. Ал өнеркәсібі өнімінің жалпы көлемінде Түлкібас ауданының үлесі 2,1% құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 0,9 пайызға төмендеген.  Аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің саны  6 186 бірлік  болса, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,8% төмендеген. Инвестиция тарту бойынша да 14 орында тұрсыздар.  Ал тоқтап тұрған «ЭкоПрдуктГрупп» кәсіпорынын іске қосу және бос тұрған «Sana» ЖШС кәсіпорындары сынды ғимараттарды тиімді пайдаланбайсыздар. Түлкібаста 21 мың гектар жерге күздік егу жұмыстарын жүргізу көзделсе, оның жартысы ғана орындалған. Денсаулық сақтау және білім саласында да кемшіліктер бар. Жасөспірімдер қылмысы, суицид мәселелері де күн тәртібінде тұр. Біздің басты мақсат – аудан тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасау. Сондықтан жұмысты ширату керек»,-деді облыс әкімі.
Туризм саласының  дамуына көңілі толмаған әкім Төле би ауданында 40-тан астам демалыс және қонақ үй кешендері орналасқанын айтып, табиғаты керемет таулы аймақта бұдан әлдеқайда  аз екеніне тоқталды.
Жиынды қорытындылаған Жансейіт Қансейітұлы туризм бағытын, потенциалды пайдалана отырып шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды айтты. Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы саласына түбегейлі талдау жасап, бау-бақша өсіру, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында нақты іс-жоспарды бекітуді, жұмыссыздықты азайту бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын жоғары деңгейде атап өту жөнінде де жергілікті билікке бірқатар міндеттемелер жүктеді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

ОҚО әкімі шымкенттік әрбір тұрғынды ағаш егуге шақырды

cf16d3a3-f9f9-4e60-8651-33d24c7da635Шымкент қаласындағы 17 шағын ауданында орналасқан гүлзардың қайта құру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына орай, ел игілігіне берілген демалыс орнының ашылу салтанатына облыс əкімі Жансейіт Түймебаев пен қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындардың қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы барша шымкенттіктерді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, қаламызды жасыл желекке айналдыру үшін шымкенттік әрбір тұрғынды бір тал ағаш егуге  шақырды.

«Бұл жер Сіздердің сүйікті демалыс орындарыңызға айналатынына сенімім мол. Халықтың тынығуына жағдай жасау мақсатында қалада көгалдандыру жұмыстары қарқын алып, көптеген демалыс орындары қайта жөндеуден өтіп жатыр. Осы сұлулықты сақтап қалу үшін тұрғындардың да көмегі қажет. Менің әкем зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі ғұмырында 3 мың терек еккен. Сондықтан, әр қайсыңыздың қаланың жасыл желекке айналуына үлес қосуларыңызды сұраймын және бірлесе жұмыс жасауға шақырамын»,- деді Ж.Түймебаев өз құттықтау сөзінде.

Жандарбеков көшесі бойынан ашылған ашық алаңды жөндеуге 58,4 млн. теңге жұмсалған. Жалпы аумағы 1 гектардан асатын демалыс орнын іске асыруда жолаяқтар жөнделіп, қалытқылы орындықтар, қоқыс жəшіктері  мен жарықтандыру бағаналары орнатылды. Сонымен қоса, көгалдандыру және суару жүйесі жүргізіліп, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемей тұрған субұрқақтар қайта жөндеуден өткізілді. Осылайша, Шымкентке көрік беретін демалыс аймақтарының саны артты.

Айта кету керек, Шымкент қаласында бүгінде көлемі 160 га құрайтын 8 саябақ пен 30 сквер бар. Олардың бірқатары — «Мәртөбе», «Наурыз» саябақтары жөндеуді қажет етсе, шаһардағы ескі қоқыс орнын саябаққа айналдыру жұмыстары да жоспарда бар. Алдағы уақытта «Қарасу» және «Шымтөбе» скверлеріне де қайта құру жұмыстары жүргізілетін болады.

Осы күні аймақ басшысы Ж.Түймебаев Шымкенттегі ескі шаһар аумағын қайта қалпына келтіру бойынша жасалынған «Шымкент қалашығы» әтно-мәдени кешенінің жобаларымен танысты.

Көне қаланың территориясындағы қазба жұмыстарын жалғастырып, әрі оны тиімді пайдалану бойынша әзірленген тұжырымдамамен танысқан аймақ басшысы аталған жоба аясында жұмыстарды толықтырып, жобалық сметалық құжаттарын дайындап, келісімдер жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге, суретшілер үшін шеберхана салу да осы маңнан ұйымдастыруға болатынын ескертіп, киелі тарихи орындар мен кесенелердің макеттерін орналастыру қажеттігін айтты.

Көне Шымкент шаһарының нақ осы маңнан басталатынын айтқан өңір басшысы бұл мекен туристердің көптеп келетін орталығына айналуы тиістігін, қала сол талаптарға сай сұлу да, таза болуы керектігін жеткізді.

Айта кетейік, аталған жоба іске асқанда төбешіктің айналасында сауда, ойын-сауық орталығы мен музей, мұз айдыны, лекция залдары мен шеберхана және әмбебап көрме залдары салынады деп күтілуде.

«Шабыт» фестивалінің жүлдегерлерін марапаттау кеші өтті

ХІХ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өз мәресіне жетті.

Алты күн бойы әділ қазылар алқасының мүшелері «Бейнелеу өнері», «Хлреография», «Халық музыкасы», «Үздік әдеби шығарма», «Классикалық музыка» және «Эстрадалық вокал» номинациялары бойынша конкурсанттардың жұмыстарын бағалады. Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталып, мерекелік концерт өтті.

«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша топ жарған қытайлық қандасымыз Қайсар Далайұлы өз әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша гран-при иегері атанған Асқар Нұрболат 200 жуық қатысушы арасынан суырылып шығып, еңбегінің бағаланғанына ризашылығын білдірді. Ал, «Классикалық музыка» номинациясы бойынша жүлдегер атанған Толғанай Дәулет алғашқы жеңісіне қол жеткізгені ұстазының еңбегі екенін айтты.

Астанада ASTRA көлік карталарын сатуға арналған арнайы кассалар ашылды

c-1Астанада қалалық автобустарда ASTRA Plat электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу жалғасуда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні жүйеге №№101, 102, 103, 105 төрт express-бағыты және №№3, 6, 8, 10, 12, 20, 21, 23, 29, 32, 40, 61 он бір қалалық бағыт қосылды. ASTRA көлік карталары жұмыс істейтін барлық автобустардың есіктерінде арнайы ерекшелік стикерлері бар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары көлік карталарын аялдама пунктерінің қасында және қаланың сауда орталықтарында орнатылған RTVM автоматтарынан сатып алып, толтыра алады. Сондай-ақ, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін бұл қызметтер қаланың арнайы кассаларында қолжетімді.

Еске салсақ, ASTRA көлік карталарының үш түрі бар: толтырылатын, мектеп және жеңілдікті. Жолақы төлеудің үйреншікті әдістері — ақшалай есеп айырысу және жол жүру билеттері күшінде қалады.

Карталарды мына мекен-жайлар бойынша сатып алуға болады:

Кассалар Мекен-жайы Жұмыс кестесі
№2 касса Абылай хан даңғ., 57/1 («Астана LRT» ЖШС КДО) 09.00 — 19.00
№ 3  касса Петров к-сі, 24 («Евразия» СҮ) 10.00 — 20.00
№ 4 касса Тілендиев даңғ., 15 («Рахмет» СҮ) 10.00 — 20.00
№ 5 касса Гете к-сі, 5 (Сапаржай Астана)  08.00 — 19.00
№ 7 касса Бөгенбай батыр даңғ., 68 («Әлем» СҮ) 10.00 — 20.00
№ 8 касса Қабанбай батыр даңғ., 5 (Астаналық цирк) 10.00 — 20.00
№ 11 касса Жеңіс даңғ., 47 («Жеңіс» СҮ) 10.00 — 20.00

Астанада педагогикалық идеялардың IX қалалық фестивалі өтті

cАстанада педагогикалық идеялардың IX қалалық фестивалі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» ӨҒПО ұйымдастырған шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған.

Финалға шыққан 67 ерекше жобаны сарапшылар комиссиясы бағалады.

Педагогтар мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу бойынша өздерінің зияткерлік еңбектерін төрт бағыт бойынша ұсынды: қоғамдық-гуманитарлық, физика-математикалық, ғылыми-жаратылыстану және психологиялық.

Әрбір бағыт бойынша 6 жүлдегер анықталды, олар республикалық байқауға қатысатын болады.

IX қалалық фестивальдің қорытындысы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытта Ботагөз Каипова, Роза Қазбекова, Татьяна Маканова, Лилия Литвинова, Любовь Кан, Салтанат Жакалакова жеңімпаз атанды; физика-математикалық бағытта Есбол Дүйсеев; жаратылыстану-ғылыми бағытта Қарлығаш Нұжанова; ал психологиялық бағытта Михаил Смецкой мен Гүлнар Казкенованың идеясы үздік деп танылды.