Домой Блог Страница 45

Ербол Алшынбай «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы атанды

«Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша Гран-при иегері Ербол Алшынбай «Шабыт» XIX шығармашыл жастар фестивалінің Президенті Кубогын жеңіп алды, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Қазылар алқасының назарына жас ақын қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы қиындықтары туралы баяндайтын «Көлеңкесіз адам» атты шығармасын және «Құлан ауған» өлеңін ұсынды.

Ербол Алшынбай биыл «Шабыт» фестивалінде бағын сынаған 644 қатысушының ішінен үздік деп танылды. «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы бірқатар әңгімелер жазған және «Астана» радиосында «Мен қазақпын» авторлық бағдарламасын жүргізеді.

Кеше Астанада «Шабыт» XIX Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі аяқталды. Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж. Жабаев атындағы концерт залында фестиваль қорытындысы шығарылып, конкурс қатысушыларына лауреаттық және атаулы сыйлықтар табыстау салтанаты өтті. Ал кешке Бейбітшілік және келісім сарайында фестивальдің жабылуы мен ҚР Президенті кубогын табыстау рәсімі ұйымдастырылды.

Алты күн бойы қазылар алқасы «Бейнелеу өнері», «Хореография», «Халық музыкасы», «Үздік әдеби шығарма», «Классикалық музыка» және «Эстрадалық вокал» номинациялары бойынша конкурсанттардың өнеріне өз бағасын берді.

Астанада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде

c-2Елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Қаланың қуат көздерінде тәулігіне 12 909 Гкал жылу және 8 968 мың кВт электр энергиясы өндіріледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Үстіміздегі жылдың 1 қазанынан 8 қарашасына дейінгі кезеңде «Астана — Энергия» АҚ І дәрежедегі апаттар мен орындамаулар тіркемеген. Отынның 20 тәуліктік қоры бар, бұл нормативке сай келеді. Сондай-ақ, әр айға бөлінген 2016 жылға арналған көмір жеткізу кестесі бекітілді. 2017 жылы қатты отын жеткізу бойынша келісімге алдағы айда қол қойылады. Режим картасына сәйкес жылу желілеріндегі температуралық режим сақталып отыр.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жылыту маусымы басталмай тұрып кәсіпорындарда штаттан тыс жағдайларды жою үшін материалдар мен қосалқы бөлшектердің апатты қоры құрылған.

Астанада суретші Жеңіс Молдабековтің көрмесі өтеді

c-1Бүгін «Астана» ұлттық сурет галереясында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған Астана қаласы жас суретшілер одағының мүшесі Жеңіс Молдабековтің «Ұлы Дала сыры» жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көрме 2016 жылғы 14 қарашаға дейін өтеді. Онда жас суретшінің қазақ халқының тұрмыстық және мәдени өмірінен алынған таңғажайып пейзаждар, натюрморттар мен қазақ аруларының сұлу бейнелерін суреттеген туындылары қойылды.

Суретші жас болғандығына қарамастан, оның шығармашылық туындылары танымал және көпшіліктің көзаймына айналып үлгерді. Жеңістің еңбектері философиялық ойларға, нәзік сезімге толы. Қазақ халқының тарихын білетіндігін, Жібек Жолын бойынан орын алған Отырар мен Түркістан секілді байырғы қалалардың (суретшінің туған өлкесі) тарихының дамығандығын оның туындыларынан байқауға болады. Жеңістің туындылары еліміздің музейлерінде сақтаулы және Қазақстан мен шетелдің жеке коллекцияларының қатарынан орын алған.

Газ бағасы өзгермейді

gas600Бүгін ғаламтор желісінде Оңтүстік Қазақстан облысында газдың сатылу бағасын 62 теңгеге көтеріледі деген дереккөзі белгісіз жалған ақпарат тараған болатын.

Өңір тұрғындарының назарына ОҚО-дағы табиғи газдың сатылу бағасы табиғи монополияларды реттеу комитетімен 2016 жылы 1 шілдесінен бастап:

— жеке тұлғаларға сатылатын 1000 м3 газдың бағасы 31 341,09 теңге;

— заңды тұлғаларға 34 749,08 теңге;

— жылу энергиясын өндіретін заңды тұлғалар үшін 1000 м3 газдың бағасы 21 714,64 теңге болып бекітілгенін хабарлаймыз.

Бұл тариф бағасы 2016 жылдың соңына дейін өзгермейтін болады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ғаламтор желісінде газ  бағасының көтерілуі туралы негізсіз ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Респуликасының қылмыстық кодексінің 274 бабына сәйкес, «Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратып қоғамдық тәртіпті бұзу қауіпін туғызған немесе азаматтардың құқықтарына және ұйымдардың немесе қоғамның я мемлекеттің заңмен қорғалатын мүделеріне айтарлықтай нұқсан келтіргендерге ірі көлемде айыппұл салу немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын беру»  белгіленгенін ескертеміз.

Ордабасыда суретшілер байқауы өтті

600_159Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Ордабасы ауданы жастары арасында «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» суретшілер байқауы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

14 пен 29 жас аралығындағы өнерлі өрендер еліміздің егемендігін қағаз бетінде бейнелеп, көпшіліктің назарына ұсынды. 38 үміткер өз туындысын бәйгеге қосып, қазылар алқасының төрелігіне жүгінді. Байқау нәтижесінде «Батсу» негізгі орта мектебінің оқушысы Н.Жақсылықова бас жүлдені иеленіп, «Кәусар» гимназиясынан Қ.Ерболатұлы — І, Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Д.Нұртаев — ІІ, Амангелді жалпы орта мектебінен Ж.Сайлаубек ІІІ орынды өзара бөлісті. 

Аудандық Жастар орталығының директоры М.Сайлыбаев байқауға қатысушыларға ерекше ризашылығын білдірді. Қазақстанның Тәуелсіздігі — баға жетпес байлығы екенін айта келе, жастарды жақсылыққа үндеді. Жүлдегерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Шымкентте 77 мыңнан астам күздік көшет отырғызылады

k-galdandyruБүгін облыс әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен күзгі маусымда Шымкент қаласында отырғызылатын ағаш көшеттері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Отырысқа Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов пен салаға қатысты жауапты жетекшілер қатысты.

Жиында қаладағы 4 аудан әкімдігіне қарасты саябақтар мен гүлзарларға, сонымен бірге, елді мекендерді қосатын жол бойлары, мектептер мен балабақшаларға, ауруханаларға және І санатты орталық көшелерге егілетін жасыл желектердің жоспарын баяндаған шаһар басшысы Ғ.Әбдірахымов аталған аумақтарға 77 мың түптен астам жасыл желекті отырғызу жұмыстары екі кезеңмен жүретінін жеткізді.

Қала әкімінің айтуынша, көлемі 22,5 га болатын саябақтар мен гүлзарларға 8 мың түптен астам қырым қарағайы мен шынар, липа отырғызылса, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарына қарасты аумақтарға 22 мың түптен астам қарағаш отырғызылмақ. Жұмыстарды «Шымкент жасыл қала» мемлекеттік мекемесі жүргізетін болады.

Күздік көшеттерді отырғызу жұмыстары, сондай-ақ, Шымкенттегі орталық даңғылдар мен көшелерге де жүргізілмек. Атап айтқанда, қаладағы Темірлан тас жолы, Арғынбеков көшесі, Қонаев даңғылы, Бәйдібек би даңғылы сынды 21 орталық көшеге 47 мың түпке жуық жасыл желек егіледі. Шаһардың сәніне көрік беретін мұндағы ағаштардың дені туя (боз арша), легуструм, қарағаш, қырым қарағайы, каштан, терек, форзиция, клен сынды ағаштардың көшеттерінен тұрады.

Облыс орталығы – Шымкентті көгалдандыру жұмыстары аясындағы мәліметтерге қаныққан Жансейіт Қансейітұлы жасыл желектердің өңір климатына сай болуы керектігіне назар аударып, аптап ыстықта сая болатын қылқанжапырақты ағаштарды көптеп егуді тапсырды. Көшеттердің басым бөлігін Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» тұқымбағынан алуға нұсқау берген аймақ басшысы әр аптадағы сенбілік кезінде жоспардағы күздік көшеттерді отырғызып үлгеруді тапсырды.

ОҚО-да «AgriTek Shymkent’2016» V халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде

agrotekБүгін Оңтүстік Қазақстанда «AgriTek Shymkent’2016» V халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі жұмысын бастады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауыл шаруашылығы саласы маңызды болып табылатын өңір үшін мұндай көрмелерді ұйымдастырудың қажеттігіне тоқталды.
«Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы ауылшаруашылығы саласының локомативіне айналып келеді. Соңғы 3 жылда бақша дақылдарының жыл сайынғы жиналуы 1 млн. тоннадан асады. Республикадағы жылыжай шаруашылықтарының 87℅ біздің өңірде орналасқан. Облыс республика бойынша мақта көлемінің 100℅, жүзім мен бақша дақылдары көлемінің 70℅ құрайды», — деді Ж.Түймебаев.
Халықаралық шарада Қазақстаннан бөлек, Ресей, Түркия, Германия, Испания, Ұлыбритания сынды шетелдік компаниялар келушілерге өз өнімдерін ұсынды. Атап айтқанда, шараға қатысып жатқан 50-ден астам компания өкілдері ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге кеңінен таныстырды.
Көрмені аралау барысында облыс әкімі отандық тауарөндірушілердің өнімдеріне айрықша көңіл бөліп, оны өткізудің түрлі жолдарын қарастыру арқылы сауда-саттықты жандандыру қажеттігін айтты.
Жалпы, өңірдің ауыл шаруашылығындағы жетістіктеріне тоқталсақ. Биыл аймақтағы өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру нәтижесінде 1991 жылмен салыстырғанда бау-бақша дақылдарының егіс алаңы 49 мың га-ға ұлғайып, 59 мың га құрады. Яғни, көкөністер көлемі 27 мың гектарға көбейіп, 40,4 мың га болды. Сондай-ақ, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің егістік алаңы 30 мың га жетті.
Биылғы маусымда жиналған жеміс-жидек дақылдарының түсімділігі 85,0 ц/га болса, жүзім 100 ц/га құрады. Тоннаға шақсақ, жалпы жиналған жеміс-жидек көлемі 126 мың тонна, ал жүзім — 63 мың.тн құрады.
Агроөнеркәсіп кешені мамандарының өзара тәжірибе алмасып, жаңа технологиялармен бөлісу, сонымен қатар, бірлескен бизнес-жобаларды құруын мақсат тұтқан көрме 11 қарашаға дейін жалғасады.

Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды

91f259566f49c5346afb57083caff58cАлматы облысы әкімінің өкімімен Бақтияр Әлтайұлы Өнербаев Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бақтияр Әлтайұлы ӨНЕРБАЕВ

1967 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы – инженер-химик, оқытушы, құқықтанушы, саясат ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің бейорганикалық химия кафедрасының лаборанты болып бастады. Кейін С. Киров атындағы университеттің кафедрасында инженер, ҚР Коммуналдық меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру комитетінің маманы, бас маманы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Іс басқармасының  ұйымдастыру бөлімінің, сыртқы байланыс және іс-шараларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласының сот әкімшісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді.

2014 жылғы қарашадан – Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Талғат Қанатұлы Қайнарбеков Текелі қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Жақсылық Мұқашұлы Омар Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

2ad759599fc18af33119802427695f2cАлматы облысы әкімінің өкімімен Жақсылық Мұқашұлы Омар облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жақсылық Мұқашұлы ОМАР

1980 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы – география пәнінің оқытушысы, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Республикалық халықаралық мәдени бағдарламалар комитеті дирекциясының жетекші маманы болып бастады.

Әр жылдарда Мәдениет министрлігінде жетекші маман, бас маман, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРК дирекциясы директорының орынбасары, қоғамдық-саяси бөлімінің продюсері, «Арнамедиа» ҰАХ» АҚ бас менеджері, Парламент Мәжілісі аппараты баспасөз қызметінің сарапшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдың мамыр айынан – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Бақтияр Әлтайұлы Өнербаев облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«Жастар» сарайының ғимаратында биылғы жылдың ең соңғы бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жұмыссыз азаматтарға 60-тан аса жұмыс беруші бос орындар ұсынды. Жұмыс іздеушілер түрлі салаларда мыңға жуық қызмет түрін таңдауға мүмкіндік алды.

Астана тұрғыны Сайрангүл Рахметова бос орындар жәрмеңкесіне алғаш рет келіп отыр.

«Жәрмеңке жақсы ұйымдастырылған, ұйымдастырушылар бұл іске жауапты қарағаны көрініп тұр, жұмыс берушілер де, жастар да көп. Жәрмеңке барлық санаттағы азаматтарға есептелген, жас бойынша шектеу жоқ. Менің мамандығым — экономист, мемлекеттік мекемелерде, акционерлік қоғамдарда, денсаулық сақтау, білім министрліктерінің жанында еңбек еттім. Адамдар осы жерде жұмыс таба алады, өйткені бос орындар көп, таңдауға мүмкіндік бар», — дейді Сайрангүл Рахметова.

Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы жыл бойы жүйелі негізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп келді.

«Біз биыл 11 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткіздік, бұл  соңғы, 12-ші жәрмеңке. 11 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 400-ден аса адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, тағы ондаған адам әңгімелесуден өтуде. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі — өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер үшін де ыңғайлы алаң», — деп атап көрсетті Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.

Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығына 12 мыңнан аса адам жүгінген. Биыл Астанада 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды.