Домой Блог Страница 50

Республикалық қоғамдық келісім кеңесі Талдықорғанда бас қосты

b86c2278dbf1fd59235f7502417154feБүгін облыс орталығы Талдықорғандағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры – қоғамдық келісім» атты Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумына арналған дөңгелек стол форматында кездесу өтті. Оған ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Юрий Тимощенко, сондай-ақ республикамыздың 16 өңірінен Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері қатысты. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық етті. Жиында алғаш болып Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облыстық хатшылығының жетекшісі Ғабит Тұрсынбай сөз алып, Алматы облысында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстар ретіне тоқталды.

Осыдан кейін, әр өңірден келген ҚХА өкілдері еліміздің әр облысында қоғамдық келісімді орнатудағы үздік тәжірибелерімен бөлісіп, жергілікті азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ұсыныстарын білдірді.

Форумда өз ойымен бөлісіп, тұщымды пікірін ортаға салған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл өз сөзінде: Мемлекетіміздің 25 жылдағы өсіп-өркендеп, дамуына, халықтың сеніміне ие болып, тыныштық пен берекенің ұйытқыса болу жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының сіңірген еңбегі зор. Соның ішінде қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамның тірегі болудағы, сондай-ақ Қазақстанды әлемге бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекет ретінде таныту тұрғысындағы Елбасымыздың саясатын жүргізудегі маңызы ерекше.

Республикалық форумның өз бастауын киелі Жетісу жерінен бастауын алғандығы және барлық игі істердің Қазақстан халқы Ассамблеясынан бастамасымен қолға алынып жатқандығы қуантады. Медиация, қоғамдық, ақсақалдар, аналар кеңестері, міне осы бастамалардың барлығының түпкі мақсаты – біздің ұлттық құндылықтары ортақ, бірлігі жарасқан бір тұтас ел екенімізді таныту. Сол үшін біздер қай жерде жүрсек те Ассамблеяның тындырымды жұмыстарын айтып жүруге тиіспіз, — деп ойын қорытты.

Бүгінгі басқосуды қорытындылаған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов жиын барысында сөз болған әр өңірде қолға алынған жақсы бастамалардың өзге өңірлерге үлгі болып, әрбір елді-мекенде өз жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Осылайша кеңес мүшелеріне қоғамдық тұрақтылық пен келісімді нығайту жолындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсыра отырып, дөңгелек үстелге қатысушыларды Республикалық форум аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен облыстық әкімдік ғимаратындағы өтетін кездесуге шақырды.

Сарыағашта Тәуелсіздік жылдары өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 140 есеге өскен

sarya5ash_0Бұл туралы бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Сарыағаш ауданында жалпы халық саны егемендік алған жылы 201 мың 187 адам болса,  2016 жылы 323785 адамға жетіп отыр. Ал ауданның  экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – ауыл шаруашылық саласындағы өндірілген өнімнің көлемі 1991 жылы 521,5 млн. теңге болса, 25 жылда 125 есеге өсіп, 60 200 млн. теңгені құрап отыр.
 «Тамшылатып суару әдісі арқылы суарудың жалпы көлемі 5035,0 гектарға жетті. Сарыағаш ауданында ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1991 жылы ауданда 30 елді мекен ауыз сумен қамтылған болса, 2016 жылы 69 елді мекенге ауыз су кіргізіліп, 44,8 пайызға өскен. Ал табиғи газбен егемендік алған жылы аудандағы 10 нысанға ғана газ құбырлары жүргізілген болса, бүгінгі күні 154 елді мекеннің ішінде табиғи газбен 66 елді мекен қамтылып, 42,9 пайызды құрап отыр», — деді Қ.Әбдуәлиев.
Тәуелсіздік жылдарындағы аудан жетістіктері бойынша өзге де салаға тоқталған аудан әкімі, қазіргі таңда аудандағы емдік сауықтыру орындары шипажайларына келушілердің саны жыл санап артып, туризм саласы 7,3 есеге артып отырғанында қоса айтты.
Білім беру саласына тоқтала кетер болсақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, бүгінгі күнге дейін аудан көлемінде 54 мектептің құрылысы жүргізілген. Бүгінде ауданда 28 мемлекеттік және 162 жекеменшік балабақша өз деңгейінде жұмыс жасап, 2016 жылға аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту 83,4 % құрап отыр.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік, құрылыс, мәдениет, әлеуметтік және денсаулық секілді өзге де салаларда жеткен жетістіктері бойынша баяндаған аудан әкімі алдағы уақытта да жұмыстардың өз деңгейінде алға жалғасатындығын жеткізді.

Созаққа жаңа жобалар қажет

sozakБүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Созақ ауданында болып, ондағы тұрғын үй құрылысы мен бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы, ең алдымен, аудандағы индустриалды аймақта орналасқан екі ірі кәсіпорынға тоқтады. Онда әкім уран өндіруші кәсіпорындарға арнап металл бөшкелер шығаратын «UKO-S Star» зауытының жұмысымен танысты. Зауыт жылына 50 мың дана металл бөшке шығаруға қауқарлы. 40 адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орны жыл басынан бері 18 мыңға жуық металл бөшке әзірлеген.

Мұнан соң, жұмысшы топ йодталған ас тұзын шығаратын «Дархан-Ас» зауытында болды. Жылына 9600 тонна өнім шығаруға қауқарлы зауыт жыл басынан бері 2500 тонна ас тұзын өндірді. Жаңадан ашылған кәсіпорын алдағы уақытта өндіретін өнімдерінің көлемін мұнан да арттыруды көздеп отыр. Қазіргі таңда 14 адамды жұмыспен қамтып отырған зауыт өнімін облыс нарығына шығаруда.

Айту кету керек, қазіргі таңда, Созақтағы индустриалды аймақтың инфрақұрылым жұмыстары аяқталған. Аталған аймаққа өз өтініштерін берген 5 жоба енгізіліп, 4-уі жүзеге асырылуда.

Индустриалды аймақтағы осынау жобалармен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кəсіпкерлермен тілдесіп, жұмыстарына оң бағасын берді. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуда мемлекет тарапынан төменгі пайыздық несиелер мен субсидия сынды үлкен қолдаулар көрсетіліп жатқанына тоқталған əкім жергілікті əкімшілік тарапынан кəсіпкерлікті жандандыруда кедергі келтірілмеуі керектігін ескертті. Бұл ретте, ол таяуда облысымызға тұрғын үй құрылысы мен шағын және орта кәсіпті дамытуды қолдауға келген «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің» еншілес компаниялары біздегі болашағы зор жобаларға қаржы салуға ниетті екенін еске салып, соған сай үздік жобаларды ойластыру қажеттігін жеткізді.

Жалпы, облыс бойынша бүгінде көлемі 1116 гектар жылыжай бар болса, келер жылы оның көлемі тағы 100 гектарға ұлғаймақ. Бұл өз кезегінде, Оңтүстікте жылыжай кластерін құруға мүмкіндік береді. Осыны меңзеген аймақ басшысы аудандағы пластмасса қалдықтарынан шикізат өндіріп, полиэтилен құбырын шығаратын зауыт өз өнімін тек «Қазатомөнеркәсіпке» ғана бермей, қуаттылығын арттырып, оны жылыжай салуда қолдану қажеттігіне тоқталды.

Мұнан соң, аймақ басшысы Созақтың орталығы — Шолаққорған ауылындағы «Өңірлерді дамыту — 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынып жатқан жалдамалы 50 тұрғын үйдің құрылысын көрді. 2015 жылы басталған баспана салу жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай пайдалануға беріледі деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ел Құрылыс тобы» ЖШС-і жүргізіп отыр. Айта кету керек, бүгінде Созақ ауданында 454 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Тұрғын үй құрылысымен танысу барысында аймақ басшысына осы маңға таяу жерден тағы да жеке сектор үшін жер телімі бөлінетіні баяндалды. Аталған мәселеге қатысты ойын білдірген аймақ басшысы жоғарыда аталған тұрғын үй құрылысы сынды баспаналарды бірдей етіп, ортақ жоспармен салуды тапсырды.

Сапар барысында облыс әкімі Ж.Түймебаев Созақ аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жанынан ашылған тігін цехының жұмысын да көрді. Онда қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі 15 адам жұмыспен қамтылған. Тігін цехында шаруашылық жұмыстарына қажетті қолғап, төсек жаймалары мен арнайы жұмыс киімдері тігіледі. Сондай-ақ, мұнда аудан халқына шаштараз бен аяқ киім жөндеу қызметтері көрсетіледі.

Жетекшілердің айтуынша, алдағы уақытта мұндағы жұмыспен қамтылатын мүгедек жандардың саны 25-30 адамға дейін жетіп, қосымша, компьютер жөндейтін, пластик терезелерін шығаратын қызмет көрсету түрлері де жұмысын бастайды деп күтілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпсалалы цехта тігілген киімдерді «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты уран өндіретін компаниялар мен аудан халқы және бюджеттік мекемелер тұтынатын болады. Айта кету керек аудан бойынша 2085 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Сапар барысында аймақ басшысы аудан активімен кездесіп, Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаевтың жыл басынан бері атқарған жұмыстарының барысын тыңдады.

Баяндамашыдан соң Жансейіт Қансейітұлы аудандағы түрлі бағыттардағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалмағанына назар аударды. Оның ішінде, аудан басшылығы индустрияландыру картасына енуі тиіс жобаларды облысқа ұсынбаған. Мәселен, ауданда 97 мың түп ағаш отырғызу жоспарланса, соның небары 14 мыңы егілген. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында салынуы тиіс 11 нысанның 7-уі ғана бой көтерген. Мұнан бөлек, аудан ҰБТ көрсеткіші бойынша 12-орында. Білім сапасының төмендігіне алаңдаған өңір басшысы денсаулық сақтау, құқыққорғау саласының жұмыстарына да көңілі толған жоқ.

Жиын соңында Ж.Түймебаев аудан басшылығына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Нақтырақ айтқанда, индустрияландыру картасы аясында жобалар ұсынып, шағын және орта кәсіпті дамытуды, ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді шешуді тапсырды. Сондай-ақ, Созақта туризмді дамытып, жол бойындағы сервистік қызметтердің халықаралық стандарттарға сай болуы керектігін, сонымен бірге, тазалық мәселесіне айрықша көңіл бөлуді жүктеді. Оған қоса, аудандағы уран өндірумен айналысатын «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорнымен тығыз байланыс орнатып, онда тұтынылатын тағамдардың үлесін жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету үшін жұмыстарды үйлестіруді тапсырды.

Астанада көлік ағынындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтайтын автопатруль жолға шықты

c-3Патрульдік автокөлік бейнетіркегіштермен, радармен, бейнебақылау камераларымен және қоғамдық тәртіптің сақталуына жасырын бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін басқа да арнайы техника құралдарымен жабдықталған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тану белгілері (түрлі-түсті-графикалық схемалары және борттық номері) жоқ, Астана қ. ІІД көк түсті номерлік белгілері бар автопатруль жолда жүру ережелерін өрескел бұзу әрекеттерін анықтап, жолын кесетін болады.

Сондай-ақ, жол үстінде автопатруль қоғамдық тәртіпті бақылайды. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, барлығы фото/бейне түрінде тіркеледі, одан ары экипаж шара қабылдау үшін жақын маңдағы патрульдік-бекеттік жасаққа немесе кезекшіге хабарлайды. Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылдың 28 қазанынан 2 қарашасына дейінгі кезеңде жолда жүру ережелерін бұзудың 170 дерегі тіркелген, оның ішінде 100-ден аса жүргізуші  5.10.1 (бағыттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жол) жол белгісінің талаптарын назарға алмаған.

Астанада ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлерден конкурсқа өтінімдер қабылдау басталды

c-2Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық конкурс өткізіледі. Конкурстың мақсатты — ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін нысаналы гранттар беру. Конкурс «Бизнес-кеңесші»/«Бизнес-кеңесші-1» және «Жас кәсіпкер мектебі» жобалары бойынша өтеді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Конкурсқа өз ісін ашуға ниетті жеке кәсіпкерлік субъектілері, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады.

Бизнес-жобаның міндетті шарты: кәсіпкердің ұсынылып отырған гранттың көлемінен кемінде 10 пайыз мөлшерінде оны іске асыру шығындарын бірге қаржыландыруы болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдерді Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 11, 522 б, «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасы» ММ тапсыру керек.

Конкурстық құжаттамамен www.upp.astana.kz сайтында танысуға болады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмдерi: 2016 ж. 1 қарашадан бастап жұмыс күндерi сағат 10.00-нан бастап сағат 17.00-ге дейiн.

Өтінімдер 2016ж. 15 қараша сағат 17.00 дейін қабылданады. Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн келiп түскен өтiнiмдер қабылдауға жатпайды.

Астанада даниялық компаниялар электр қуатын үнемдеу және қала нысандарын жылумен жабдықтау бойынша жобаларын таныстырды

Астана энергетика, жылу және сумен жабдықтау саласында Данияның озық компанияларымен ынтымақтастық орнатпақ. Бұл туралы елорданың тіршілігін қамтамасыз етуші мемлекеттік органдары басшыларының Дания Корольдігі делегациясымен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бизнес-миссияны Дания Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Томас Винклер бастап келді. «Меніңше, өзара байланыстарды дамыту, келісімшарттарға қол қою – Қазақстан мен Дания арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың маңызды бөлігі. Менің елім, менің үкіметім, біз осы секторда екі ел арасында байланыстарды дамытудың әлеуеті зор деп есептейміз», – деді өз сөзінде Томас Винклер мырза.

Қазақстан тарабымен кездесуге басқа мемлекеттерде жұмыс істеу тәжірибесі бай жеті ірі шетелдік компанияның өкілдері келді.

«Энергия үнемдеу және қала нысандарын, соның ішінде өнеркәсіп және тұрғын үй секторының нысандарын жылумен жабдықтау бойынша заманауи инновациялық технологиялар таныстырылды. Бұл- біздің қаламыз үшін өте маңызды мәселе, өйткені қазір қала басшылығы әзірлеп жатқан бағдарлама тұрғындар үшін өмір сапасын лайықты деңгейде қамтамасыз ету үшін жақын уақытта, ЭКСПО өтетін кезеңде және одан кейінгі жылдары қаланы жылумен, сумен және электр қуатымен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды қарастырады», – деп атап көрсетті елорданың Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Закарьянов.

ОҚО-да ЕАЭО нарығындағы бәсекелестікті реттеу жайы қаралды

600000000077777Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергеновтың қатысуымен мәжіліс өтті. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл қазақстандық кәсіпкерлерге үлкен нарыққа жол ашқанын жеткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
«Одаққа мүше болғанға дейін облысымыздың Ресеймен сыртқы сауда айналым көлемі 2010 жылы 225,3 млн. АҚШ долларын құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,4 есеге артып 756,6 млн. АҚШ долларына дейін жеткен. Оның ішінде, экспорт 5,8 есеге өссе, импорт 2,2 есеге көбейген»,-деді облыс әкімі.
Өз кезегінде, сөз алған министр Н.Алдабергенов өзі жетекшілік ететін комиссиядағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәсекелестікті реттеу мәселелері туралы баяндама жасады.
Жиын барысында, облыстағы тарифтердің қалыптасуы бойынша аймақ басшысының орынбасары Жақып Бөкенбаев баяндама жасады. Онда ол Оңтүстік Қазақстан облысында электр энергиясы тапшы екенін айтып, жетіспейтін бөлігі республиканың өзге аймақтарынан тасымалданатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Ж.Бөкенбаев Оңтүстік Қазақстан облысында тұтынылатын жылдық 1 млрд. м3 табиғи газдың 65 пайызын өндірістік мекемелер мен шағын орта бизнес өкілдері пайдаланатынын атап өтті.
Яғни тариф бағасы, шығарылатын тауарлардың өзіндік құнының өсуіне алып келетіні рас. Ал ауыз су және жылу қызметтерінің тарифтері өндірілетін өнімнің өзіндік құнына, оның тауар айналымындағы бағасының жоғары болуына айтарлықтай әсерін тигізбейді екен.
Оңтүстік Қазақстанда табиғи газ бен электр энергиясының тарифтерін қайта қарау қажеттігін айтқан Нұрлан Алдабергенов Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығарылатын бәсекеге қабілетті өнімдердің қатарын көбейту қажеттігіне назар аударды.
Мәжілісте жоғарыда аталған мәселелерге қатысты табиғи газ бен электр энергиясы тарифін мүмкіндігінше төмендетіп, еліміздегі аймақтар арасындағы бағалық айырмашылықты азайту мақсатында бірыңғай бағаны әзірлеп бекітуді  және шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында коммуналдық тарифтерді субсидиялауды енгізу ұсынылды.

«Нұр-Авиценумға» — 25 жыл!

ab71342288b398d174cb489b04540f08Талдықорған қаласында «Нұр-Авиценум» медициналық орталығының 25 жылдығына орай «Қант диабеті: әлемдегі, Қазақстандағы, өңірдегі ахуал» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Дәл осы орталықтың базасында биылғы жылы  С. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетімен бірлесіп, «Диабет орталығы» ашылған болатын.

Конференцияда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев модератор болды. Өз сөзінде А.Байдувалиев «Нұр Авиценум» медициналық орталығы құрылғаннан бері 25 жыл өткенін, бұл айтулы дата Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, облыста 163 жекеменшік медициналық ұйымдар жұмыс істесе, соның 30-ы республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Бұл бағытта мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде облыстық бюджеттен оларға 2,7 млрд. теңге бөлінді. Атап айтқанда, «Нұр-Авиценумға» 500 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Мұндай қолдау меншік түріне қарамастан емдеу мекемелерін тұрғындардың өз қалауымен таңдауына мүмкіндік беру мақсатымен жасалып отыр.

А. Байдувалиев конференция жұмысының аса өзекті мәселелердің бірі – диабетті емдеу мен алдын алу тақырыбына арналып отырғанын да атап өтті.

Салтанатты жиынның соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аймақтық бюросының директоры, профессор Мақсұт Құлжанов, ҚР Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті департаментінің директоры Мақсұт Қалажанов және басқа да азаматтар мерейлі датаға байланысты құттықтау тілектерін жеткізді.

Конференцияның пленарлық  бөлігін профессор, Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Синяковский баяндамасымен бастады. Мұнан кейін қазіргі заманғы ғылыми-медициналық қауымдастықтың жетекші өкілдері негізгі тақырыпқа байланысты баяндамалар оқыды. Олардың арасында Гиссен қаласындағы герман университетінің профессоры Генрих Лаубен де бар. Жиын соңында пікірталас өрбіді.

Басқосу қорытындысында медициналық орталықтың үздік мамандарына облыс әкімінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталары табысталды.

Жалпы, «Нұр-Авиценум» медициналық орталығы» мемлекеттік емес мекемесі 1991 жылы құрылған. Орталық қызметі тұрғындардың денсаулығын сауықтыруға, өмір сапасын жақсартуға, өлім мен мүгедектік санын азайтуға, өмір сүру ұзақтығына ықпал етуге бағытталған. Орталық құрамында: бір ауысымда 250 адам қабылдайтын консультативті-диагностикалық емхана, 75 орынға арналған стационар, 6 төсектік кардиореанимациялық блок, диализдік орталығы бар экстрокорпоралдық орталық, 4500 ересек адамға арналған дәрігерлік аймақтық учаске, 10 төсектік күндізгі стационар бар. Штатта – 122 қызметкер бар, оның 40-ы – дәрігер. Директоры – жоғары санатты кардиолог, медицина ғылымдарының кандидаты, тәуелсіз медициналық эксперт Владимир Крайсман.

www.zhetysu.gov.kz

ОҚО-ның белсенді жастары өңірде өндірілетін отандық өнімдермен танысты

600_155Таяуда «Болашағы жарқын — Оңтүстік жастары» форумына қатысушы 150-ден астам жас Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, ондағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Белсенді жастар егемендік алған жылдардан бері шығарылып жатқан отандық өнімдерді көріп, сапасын байқады.
Ең алдымен, олар аймақтағы «Бал Текстиль» кілем фабрикасында болды. Әзірге, Қазақстанда теңдесі жоқ серіктестік өз жұмысын 2013 жылы «Индустрияландыру картасы» бағдарламасы аясында бастаған. Бұл өндіріс орны тек кілем тоқумен ғана емес, «BCF», «Heat-Set», «Frize» маркалы полипропилен жіптерін иірумен де айналысуда. «Бал Текстильдің» кілем және кілем өнімдерін шығару қуаттылығы – жылына 5 млн. шаршы метрден астам. Ал полипропилен жібін иіру қуаттылығы – жылына 4000 тоннаны құрайды. Бүгінде мұнда 245 адам жұмыспен қамтылған.
Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақта 10 жоба жұмыс істеп тұрса, өндіріс орындарымен танысқан жастарға бұл өнеркәсіп орындары да кеңінен таныстырылды. Яғни, «Оңтүстікте» кілемдермен бірге, шұлық тоқылып, мақтадан иірілген жіптер дайындалатыны, қағаз шығарылып, қораптар әзірленетіні айтылды.
Өзімізде өндірілетін өнімдерге куә болған белсенділер өңірдегі осындай кәсіпорындарда жұмыс істеп, аймақтағы барлық саланың дамуына атсалысқысы келетіндерін жеткізді. Бұл ретте, ұйымдастырушылар тарапынан алдағы уақытта облыстағы өзге де өнеркәсіп орындарына, оның ішінде, аудан, қалалардағы индустриалды аймақтарға осындай іссапар ұйымдастырылатыны белгілі болды.
Еске салайық, сейсенбі күні облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қатысуымен «Болашағы жарқын — Оңтүстік жастары» облыстық форумы өткен болатын. Онда аймақ басшысы еліміздің ертеңі – жастарымызға өңірімізде өндірілетін отандық тауарларды көріп, таныстыру туралы тапсырма берген болатын.

ХІІ Ұлттық Дельфий ойындарының ашылу салтанаты өтті

Степногорск қаласының «Горняк» мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ХІІ Ұлттық Дельфий ойындарының ашылу салтанаты өтті. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Тұңғыш президент қорының қолдауымен өткен іс-шара еліміздің 15 өңірінен 500-ден аса қатысушыларды қарсы алды.  

4_lp3i0hig8

­­­

Еліміздің қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалары қатысуымен өткен мерекеде Ринат Малцагов,  Алмас Кішкенбаев сынды эстрада жұлдыздары, Ресейде өткен Х халықаралық Дельфий ойындарының алтын медаль иегері Бауыржан Нұрмұханов пен «Самғау» дуэті өнер көрсетіп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

pnkpl6x414

— Бүгін де Дельфий ойындарына әлемнің 90 мемлекет өкілдері қатысады. Солардың ішінде Қазақстан  құрамасы үздік бестікке кіреді. Бүгін тарихи күн. Себебі, Қазақстан жаңа мәдени бағыт ­ ­–Парадельфий ойынын енгізбек. Бұл Дельфий ойындарының тарихында қалатыны сөзсіз.  Дүбірлі додада өнер көрсететін қатысушыларға сәттілік тілеймін. Үздіктің үздігі анықталсын деп тілейміз,  – деді  құттықтау сөзінде Халықаралық Дельфий комитетінің директоры, Ресейдегі Ұлттық Дельфий ойындарының төрағасы Владимир Понявин.

hmraqzegmvm

Кеш соңында Степногорск қаласының әкімі Ануар Көмпекеев ХІІ Ұлттық Дельфий ойындарын ашық деп жариялап,  көрермендерді Дельфий Алауын жағуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан ТМД мемлекеттері ішінде алғашқы болып «ПАРАДЕЛЬФИЙЛІК» идеяны ұсынып, жүзеге асырмақшы. Парадельфийлік ойындарында қатысушылар «Хореография», «Ым-ишарат тілінде ән айту» аталымдары бойынша өнер көрсетеді. Ұлттық Дельфий комитетінің бастамасымен мүмкіндігі шектеулі жандар Ұлттық жобада таланттарын шыңдауға зор мүмкіндік алды.