Домой Блог Страница 6

Елордалық ҚХА аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қайырымдылық шарасын өткізді

cЕлордалық аз қамтылған және көп балалы 50 отбасының балалары ертегіге саяхат шегіп, мерекеге орай тәтті сыйлықтар алды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өткен бір жарым сағаттық бағдарлама аясында «Ертегілер жәрмеңкесі» интерактивті шоуы ұйымдастырылды, содан кейін балалар «Аяз атаның сиқырлы асатаяғы» қойылымын тамашалады. Спектакльдің бас кейіпкері Ертегі Сұлтанмен бірге Аяз атаның асатаяғын іздеп шығады. Жолда олар Вилли-Вонктің шоколад фабрикасына, цирк аренасына және қиял еліне түседі.

Балаларға арналған қайырымдылық акцияны елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шәкір Хахазовтың қолдауымен ұйымдастырды.

 «Ассамблея осындай қайырымдылық шараларын жүйелі негізде өткізіп тұрады. Жыл басынан бері біз «Қайырымдылық керуеніне» қатысып, бірнеше баланы қамқорлыққа алдық. Әрбір этномәдени орталыққа тіркелген отбасылар бар, олар үйлеріне барып, «Мектепке жол» акциясымен киім-кешекпен қамтамасыз етеді», — дейді Астана қ. ҚХА Хатшылығының өкілі Галина Кобзева.

Бердібек Сапарбаев бас шыршаны жағуды қаланың Құрметті азаматтарына тапсырды

20161221185543_img_1495Кеше Ақтөбе қаласында облыс әкімдігінің алдында тұрған бас шыршаның шамдары жанды. Ақтөбеліктер үшін арнайы театрландырылған қойылым ұсынылды. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Әкім шырша жанында бүлдіршіндермен бірге жаңа жылдық мерекенің басталуын тамашалады. Балалармен бірге қуанып, қол шапалақтап тұрды, деп хабарлайды Ақтөбе жаңалықтары сайты.

Облыстағы ең үлкен шыршаны жағу құрметі Ақтөбе қаласының «Құрметті азаматы» атанған Сағынай Құсайынов пен еңбек ардагері Лидия Винокуроваға және №3 орта мектептің 2 сынып оқушысы Алена Алиеваға берілді. Бұл оқушы биыл ментальды математика бойынша халықаралық конкурста І орынға ие болған еді.

30 метрлік жасанды шырша 118 ою-өрнекпен, үлкен шырша шарларымен және жалпы ұзындығы 1,1 шақырым болатын түрлі-түсті жарық шамдармен безендірілген.
Бір мезгілде Ақтөбе қаласында және ауылдық округтерде 80-ге тарта шырша шамдары жанды. Солардың ішінде ҚР Тұңғыш Президенті атындағы және ағайынды Жұбановтар көшесіндегі ғашықтар саябағындағы, Ақтөбе қалалық әкімдігінің алаңындағы және «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы шыршалар да мерекелік оттармен жарқырады.

Бүгін барлық елді мекендердегі жаңа жылдық іс-шаралар, соның ішінде қайырымдылық акциялары бастау алды. Ақтөбе қаласы мен ауылдық округтерде 60-тан астам мұз айдындары жасалды. Басты салтанатты шара мерекелік от шашумен дәстүр бойынша 31 желтоқсан күні Тұңғыш Президент саябағында өтеді. Осы жылы саябақта қардан жасалған екі сырғанақ жасалып, конькилерді жалға беретін және ыссы тағамдар үлестіретін пункті бар мұз айдыны ашылды.

Мектеп оқушылары Қайрат Рысқұлбековке тағзым етті

img-20161207-wa0007Көрініс ретінде қойылған желтоқсан жаңғырығында  жылаған аналардың зарлы үні мектеп оқушыларын тебірентті, деп жазады aktobenews.kz.

Ақтөбеде №49 мектеп оқушыларының арасында «Тәуелсіздік -қасиет тұнған ұлы ұғым» атты мерекелік шара өткізілді. Оқушылар қазақ халқының тарихын Кенесары хан заманынан бастап, бүгінгі күніне дейін бейнеледі. Көш бастаған ақ тайлақ, қазақ халқы басынан кешкен зұлмат замандар айтылды. 1986 жылы қазақ жастарының алаңға шығуы, Қайрат Рысқұлбековтың абақтыға қамалуын көрініс ретінде қойды. Өктем әскери қызметкерлер, зар жылаған ана, ату жазасына кесу сәтінен берілген көріністер қойылым тамашалағандарды тебірентті. Мектеп мұғалімі Аяжан Салдырова желтоқсан ызғарында кеткен қазақ жастарының тағдырын айтып, мектеп оқушыларына рух берді.

Мектептегі шара ата-әжелерге арналған кездесумен жалғасты. 1986 жылғы оқиғаны көзімен көрген кейіпкерлер бейбіт елдің ұландарын ел тыныштығын қадірлеуге шақырды. Болашақта қазақ елінің биікке көтеретін ұрпақтың саналы, білімді, иманды болып  шығуға міндетті екендерін айтты.

Алакөлде майлы дақыл өңдейтін зауыт ашылды

81c34d04ee97e092dc617fe58e046a37Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «25 жылдыққа – 25 кәсіпорын» акциясының аясында «Алакөл – Нан» ЖШС-ның майлы дақылдар өңдейтін зауытын салтанатты түрде ашты.

Майлы дақылдардың барлық түрлерін өңдейтін зауыттың жалпы құны 450 млн. теңге, оның ішінде 130 млн. теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған. Жобаның жалпы қуаттылығы тәулігіне 40 тонна майлы дақылдарды өңдейді.

Облыс әкімі А. Баталов зауыттың ашылу салтанатында:

— Елімізде өсірілетін сояның 95 пайызы Алматы облысында өседі. Өңірімізде соя  өңдейтін төрт зауыт бар. Бұл – бесіншісі. Елбасы елді мекендерде аса ауқымды болмаса да осындай 30-50 адамды жұмыс орнымен қамтитын шағын зауыттарды іске қосу қажеттігін тапсырған болатын. Сондықтан мұндай кәсіпорындардың санын әлі де көбейтетін боламыз, — деді.

Соя өсіретін шаруа қожалықтарының айтуынша, бұған дейін өсірген өнімдерін өткізетін орын табу қиындық тудыратын және өткізген күннің өзінде арзанға кететін. Ал жаңа ашылған бұл зауыт диқандардан өнімді 1 тоннасын 140 мың теңгеден қабылдайды. Бұл шаруалар үшін де аса тиімді болып отыр.

Зауыт технологы Олжас Батырханов:

— Ауылымызда май зауыты ашылғаны жергілікті тұрғындарға қолайлы болды. Осы зауытта 32 адам тұрақты жұмыс тауып отырмыз. Жалақымыз 100 мың теңге көлемінде. Кәсіпорындар көбейген сайын халықтың да тұрмыс жағдайы жақсара түседі. Сондықтан бұл – біз үшін аса үлкен оқиға, — деді.

Осы сапарында облыс басшысы А. Баталов «Агример – Авто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің соя қабылдау пункті жұмысымен де танысып қайтты.

Кентауда жаңа өндірістік кәсіпорын іске қосылды

kentau1Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласында жаңа өндірістік кәсіпорын өз жұмысын бастады. Жаңа жобаның лентасын Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабайұлы, «Alageum Electric» холдингтік компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы Қожабаев Сейдулла қиып, кәсіпорынның қызметкерлерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Үдемелі Индустриялды Инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз бойынша қаншама кәсіпорындар іске қосылып жаңа жұмыс орындары ашылып жұмыссыз азаматтарға қуаныш сыйлады.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.10.2014 жылғы №337 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үдемелі Индустриялды-Инновациялық Даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан «Электродеталь» ЖШС-нің «0.4.6.10.35 кВ жиынтық-тарату жабдықтар және электр  техникалық қондырғылар шығару» жобасы индустриаландыру картасына енген.

Кентау қаласы әкімдігінің 4 наурыз 2013 жылғы №93 қаулысымен, қаламызда жалпы алаңы 25,0 га жер телімінде индустриалды аймақ құрылды. Бүгінгі таңда индустриялды аймақта 5 жоба орналастырылып, 1998,5 млн.теңге инвестиция тартылуда.  4,3 га жер теліміне инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының аясында мемлекет тарапынан 1 419,3 млн теңгеге инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді.

Іске қосылған жаңа жобаның сметалық құны 867 млн.теңгені құрап, өндірістік кәсіпорын соңғы типтік үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, индустриялды аймақтан 1,6 га жер теліміне орналастырылған.  Аталған кәсіпорында көршілес Еуропа елдерінен, Австрия, Германия, Италия, Түркия елдерінен шығарылған плазмамен кесу машинасы, беттерді игіш электромеханикалық орталық, гидравликалық пресстер, электромеханикалық револьверлі координатты тесу пресі, орау станогтары, магнитті сымдары тегістеу стөлі орамдарына арналған гидравликалық пресс, белсенді бөлшектерін престеу жүйесі, май дайындауға арналған қондырғысы сынды құрылғылар жұмыс жасауда.

«ЭлектроДеталь» ЖШС «Кентау трансформатор зауыты» АҚ қажетті 35-110 кВ күштік майлы трансформаторлардың металл құрастырылымдары, 3(10)-35 кВ шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдары, 35-110 кВ күштік майлы трансформаторларының жоғары және төменгі кернеуінің орамдары шығаратын болады. Қазіргі таңда аталған кәсіпорында 50 жұмысшы жұмыс жасауда.

«ЭлектроДеталь» кәсіпорны жылына 1400 дана шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдарды шығаруды жоспарлап отыр.

 

Энергетиктердің еңбегі еленді

energetik2Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Энергетиктер күніне» арналған мерекелік салтанатты шарада сала мамандарын құттықтады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел энергетикасының дамуына аса көңіл бөліп келеді. Өйткені энергетика саласы – кез-келген қоғамның, қарыштап дамып отырған елдің экономикасының алтын өзегі. Барлық салалардың өз деңгейінде өркендеуі, тіпті үйдегі жайлылық, жарық пен жылу да энергетикаға байланысты»,-  деді Жансейіт Қансейітұлы.
Өңір басшысы ТМД Құрмет энергетигі грамотасымен, ТМД Еңбегі сіңген энергетигі, Қазақстан энергетиктер қауымдастығының Еңбек сіңірген энергетигі, Қазақстан энергетиктер қауымдастығының Құрметті энергетигі төсбелгілерімен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен осы салаға еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады. Сонымен қатар бірқатар мамандарға облыстық мәслихаттың Грамотасы және Алғыс хаттары табыс етілді.
Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада жалпы саны 92 адам марапатталды.
Облыста  электроэнергияны өндіру тапшылығын  біршама азайту  мақсатында Шардара су электр станциясының  қуатын 100 МВт-тан  126 МВт-қа ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Ал, өңірде жаңғырмалы энергия көздерін дамыту бағытында 28 жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі анықталған. Оның ішінде 2014-2015 жылдары Сарыағаш ауданында қуаты  2 МВт болатын «Рысжан» шағын су электр станциясы мен Сайрам ауданында және Шымкент қаласында  қуаты  1 МВт болатын 2 күн электр станциясы пайдалануға берілді.
2009-2016 жылдары бюджет есебінен  облыстың аудан, қалаларында 3067 шақырым электр желісі және 1087 дана трансформатор, 8 дана 110-35 киловольттық  қосалқы станциялар пайдалануға берлді. Атап айтқанда, Шымкент қаласында 110/10 кВ-тық «Самал», 35/10 кВ-тық «Нұрсәт», «Бозарық», «Ақтас», Түркістан қаласында 110 кВ-тық «Коммуналдық», «Новая», Ленгер қаласында 35/6 кВ-тық «Шаңырақ», Сарыағаш қаласында 35/10 кВ-тық «Самал» станциялары іске қосылды. Нәтижесінде 595  мың тұрғын, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысандары тұрақты, сапалы электр қуатымен қамтылды. Сонымен қатар, Шымкентте жабық түрдегі заманауи 220-110 киловольттық «Бозарық»,  «Астана-1» «Астана-2» қосалқы станцияларының құрылыстары жүргізілуде.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС  инвестиция есебінен   25 656,7 млн. теңгеге 5 012,6 шақырым электр желісін және 834 трансформаторлар мен қосалқы станциялар жаңғыртылды. Шымкент қаласында жабық түрдегі 110/10 киловольттық «Солтүстік», «Нұрсәт» қосалқы станциялары   пайдалануға берілді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2014-2015 жылдары Шымкент қаласында 14 шақырым магистралды жылу құбыры жаңғыртылды.
«Энергоорталық» АҚ  тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 4 секциялы №4 градирня, диаметрі 1020 мм болатын 22 шақырым жылу трассасы  іске қосылды, станцияның негізгі және қосалқы қондырғылары күрделі жөндеуден өткізілді.

Шымкентте қараусыз қалған сай-салаларда жаңа саябақтар салынады

obezd_goroda_shymkentОңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкентті аралап, шаһарды абаттандыру жұмыстары бойынша қаланың басшылық құрамымен көшпелі кеңес өткізді. Көшпелі кеңес барысында облыс орталығының сəулеттік келбетін қалыптастыру мақсатында қараусыз қалған сай-салаларды да тиімді пайдалануға баса назар аударылды.

Облыс басшысы Шымкент әуежайын аралап, әуежай маңындағы көлік тұрағы мен абаттандыруды әлемдік стандарттарға сай етуді тапсырды.  Ең басты мәселе тазалық пен тәртіп екенін ескертті.

«Қаламызға келетін шетелдік қонақтар саны жыл санап артып келеді. Сондықтан бірінші кезекте әуежайымызды ретке келтіруіміз қажет.  Мұндағы  көлік тұрақтары мен абаттандыру жұмыстарын әлемдік стандартқа сай етіп, жасауға тиіспіз», — деді Жансейіт Қансейітұлы.  

 Аймақ басшысы Д. Қонаев даңғылы мен Т. Рысқұлов көшесінің қиылысында орналасқан көкөніс базарының жұмысын да сынға алды. Көлік кептелісін туғызып, шаһар сәнін бұзып тұрған базар жұмысын реттеуді тапсырды.  

 Облыс әкімінің ерекше көңіл бөлген мәселесі – жер телімдері. Бұл салада жүйесіздік пен заңсыздық көп орын алғандықтан аталған жайт тиянақты зерделеуді қажет етеді. Қаланың бас жоспарына сай енді жер телімдері жеке сектордағы үй  құрылысына емес, еңселі көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу үшін берілмек. Облыс әкімі шаһардың жаңа бет-бейнесін нақтылауды тапсырды.

Сондай-ақ аймақ басшысы Қайнарбұлақ саяжайына барар жол бойындағы сай-салаларын көгалдандыру жұмыстарының жобасымен танысты. Қала  ішіндегі аумағы 600 гектар үш бірдей табиғи сай-салалар келешекте саялы саябақтарға айналуы тиіс. Бұл бірегей жоба құрылысы көктемде қарқын алуы қажет. Сайларда орналасатын демалыс орындарында балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңдары, шағын архитектуралық кескіндер, орындықтар, жол шамдары орнатылып, ағаш көшеттері отырғызылмақшы.

Әкім сондай-ақ әкімшілік іскерлік орталығы, Астана даңғылы, Ұ.Арғынбеков көшелеріндегі көгалдандыру жұмыстарын да назардан  тыс қалдырған жоқ. Қаланы аралау барысында тиісті құрылым жетекшілеріне тапсырмалар беріліп, қысқа мерзімде нəтижеге қол жеткізілу міндеттелді.

Қаллеки театры «Күлше қыз» ертегісінің премьерасына шақырады

55477b84a742b09ca46fdb550d6Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры желтоқсан айының 21 — 30 аралығында Е.Шварцтың «Күлше қыз» ертегісінің премьерасын ұсынады.

Режиссері — Жұлдызбек Жұманбай. Күлшеқыз – өгей шешесі мен оның екі қызынан теперіш көріп, өз үйінде өзі күң болған мейірімді де сұлу қыз. Күндердің күні патша сарайында жас бикештерге арналған сауық кеші өтеді. Күлшеқыз да сол кешке барғысы келеді. Бірақ, жетімдік аяғына тұсау болады. Соңында қайырымды Пері үстіне әдемі көйлек, жалтыраған шыны кебіс кигізіп, сыйқырлы күймемен сауық кешіне жібереді. Күлше қыздың қызыққа толы хикаясы мен жаңа жылдық тосын сыйға толы ертегі жас көрермендерге қуаныш сыйлайды.

Сонымен қатар, 24 желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында Астаналық цирк Льюис Кэрролдің «Алиса айнаның арғы бетінде» ертегісінің кейіпкерлерімен қызықты саяхатқа шақырады.

Қойылымға көңілді сайқымазақтар, әуе гимнасттары, даршылар мен акробаттар, сондай-ақ үйретілген аңдар – африкандық арыстандар, понилер, далматиндер қатысады. Бала кезімізден білетін ертегі қызықты цирк номерлерінің сүйемелдеуімен өтеді. Сонымен қатар, Аяз Ата мен Ақшақар Ақ қоян, Чешир мысығы мен Ақ патшайымды құтқаруға аз ғана уақыты қалған Алисаға көмектеседі.

«Алиса айнаның арғы бетінде» ертегісімен таныс ересектер фокустар мен ғажайыптарды, жаңажылдық спектакльдің декорациялары мен түрлі эффектілерді тамашалап, тәнті болады.

Елорда әкімдігі азаматтардан өтініштер қабылдауға арналған ұялы қосымша әзірледі

cЕлорда әкімдігімен кері байланысты тиімді ету мақсатында сауалдарға, өтініштер мен ұсыныстарға жедел түрде үн қату үшін «Астана қаласының электрондық өтініштері жүйесі» ұялы қосымшасы іске қосылды. Оның көмегімен елорданың әрбір тұрғыны мен қонағы мазалаған сұрақтарын қойып, өтініш бере алады. Сонымен қатар, қала әкімдігімен әлеуметтік желілердің беттерінде азаматтармен белсенді жұмыс жүйелі негізде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күннің өзінде жүйеде 280 мыңнан аса пайдаланушы тіркелген және ай сайын 700-750 өтініш түседі. Азаматтар негізінен әлеуметтік-маңңызды мәселелерді, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, құрылыс және т.б. салалардағы мәселелерді көтереді.

Өтініштерге 3 күннің ішінде жауап беріледі. Мұқият пысықтауды қажет ететін сұрақтар 15 күннің ішінде қаралады.

Ұялы қосымшаны сілтеме бойынша жүктеуге болады.

Елордада алғаш рет Астана әкімінің Кубогы үшін таеквондодан турнир өтіп жатыр

a6c4dcf938a39621401ae0d7321Бүгін Астанада «Дәулет» спорт комбинатының базасында Астана қаласы әкімінің Кубогы үшін таеквондодан турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Шараны елорда әкімдігі, Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі G-Global халықаралық хатшылығы бірлесіп ұйымдастырды. Салтанатты шараға Корей мәдени орталығының директоры Ли де Вон және елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев қатысты.

Турнир екі күнге жалғасады және оған 6-17 жас аралығындағы 500-ден аса жас спортшы қатысуда. Астана қаласының атынан жарысқа 160 бала түседі.

«Бұл ең алдымен елорда брендін дамыту және нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған имидждік жоба. Алдағы уақытта жыл сайын өткізіп, игі дәстүрге айналдырмақпыз. Жарысқа мемлекеттік мекемелер де, жеке спорт секциялары да, таеквондо мектептері де қатысуда», — дейді Астана қ. таеквондо федерациясының президенті, Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Чилманов.

Кадеттер және жасөспірімдер топтарында 12 жастан асқан балалардың балдары дәстүр бойынша электрондық түрде жүргізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың бірінші кезеңінде жасөспірімдер арасындағы жекпе-жектерде Астана, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары жақсы нәтижелер көрсетті. Алда өтетін шешуші кезеңдерде кіші жас топтарындағы жеңімпаздарды төрешілер анықтайды. Үздік команда елорда әкімінің Кубогын иеленеді.