Домой Блог Страница 69

Талдықорған медициналық колледжіне 80 жыл

bac4d4f374e44429f1d862b725945e58Талдықорған медициналық колледжіне 80 жыл толуына орай облыс орталығындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Колледж ұжымын мерейлі мерекелерімен облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев құттықтады.

Б. Өнербаев оқу ордасының үздік қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.

Осы мерейлі датамен жиналған қауымды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілі Ұлмира Нұрғалиева да құттықтап, тілегін білдірді.

Мерекенің соңында концерттік бағдарлама ұсынылды.

ОҚО-да “Халық мұрасы» облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті

halyk_murasyӨткен аптада Шымкенттегі «Көрме» орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Халық мұрасы» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Көрменің мақсаты — заман талыбына сай, жүннен, қыштан, ағаштан, темірден, зергерлік бұйымдар жасаушы, көркем сурет салушы, ұлттық нақышта тігілген көрпе-төсек пен киімдерді дайындайтын туынды иелері, яғни жергілікті кәсіпкерлердің қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды халыққа таныстырып кеңінен насихаттау. Халық арасында ұлттық қолөнерді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген тұлғалардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа таныстырып, қасиетті ұлтымыздың құндылықтарын сақтай отырып еңбекке баулу болып табылады.
Көрме-жәрмеңкеге облысымыздың 32 қолөнер шеберлері өнердің түрлі саласы бойынша өз туындыларын қойды. Әділ қазылар алқасы құрамында ҚР шеберлер одағының мүшесі, Шымкент университетінің доценті Симова Бибіажар Иманбекқызы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі Шилібаев Нұрлан Шилібайұлы, ҚР суретшілер одағының мүшесі Ахметов Әбдімүтәліп Мұстафаұлы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің «Руханият» бөлімінің аға тілшісі Тастанбекова Лаура Қалшабекқызы, Облыстық мәдениет басқармасы, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінің бас маманы Жұмағұлова Аяулы Тәжібайқызы болды. Әділ-қазылардың шешіміммен бас жүлдені ағаштан ұлттық бұйымдар жасаушы шебер Ауелбеков Якия иеленді. 1-орынды былғары зергер шебері Желдібаев Әшірбек және қыз жасауын дайындаушы Омарбекова Эльмира, 2-орынды былғарыдан бұйым жасаушы Желдибаев Бағлан және ағаштан, мүйізден, сүйектен бұйымдар жасаушы Түркістан қаласының шебері Кунхожаев Гаухарбек, 3-орынды «Тұмар» ЖШС-нан  Есимбекова Гүлназия және Түлкібас ауданынан қолөнер шебері Елепбергенов Амангелді және сандық сандық жасаушы Сәрсенбаев Мақсат иеленді.
Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертифакаттар тапсырылды.

Астанада «Жайдарлы Жас Ұлан» жобасы өтпек

lllllllll-800-x-665

22 қазан күні Астанадағы «Қазмедиа» концерт залында «Жайдары Жас Ұлан» республикалық сайысы өтеді. 

Жоба жыл сайын «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Білім және ғылым министрлігі және республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөсіпірімдер ұйымымен үшжақты меморандум негізінде Астана, Алматы қалалары және облыстардың мектеп оқушылары арасында өткізіліп келеді. Бұл сайыс алдағы жылдары да дәстүрлі түрде өтетін болады деген үміттеміз.

Сайыстың мақсаты — жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады

Кеш сағат 17:00-де басталады.

Астанада Оңтүстіктің күндері «Ән — шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» Гала-концертімен аяқталды

8a74d944-f1e7-4384-afe5-dae1a305fa9aБүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу аясында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы екінші күні «Нұрын шашқан  — Оңтүстік» фотокөрмесі мен жалғасын тауып, «Ән — шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің Гала-концертімен қорытындыланды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Елордадағы Конгресс холда ұйымдастырылған шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысып, Астана қаласының қонақтары мен жұртшылығының назарына ұсынылған жылжымалы фотокөрмені тамашалады.
Аталған көрмеге Тәуелсіздік жылдарында Елбасымыздың Оңтүстік Қазақстан облысына келуіндегі маңызды іс-сапарлары мен өркендеген оңтүстік тынысынан көрініс тапқан қаламыздың көркем жерлері бейнеленген  50-ден астам фото суреттер қойылған.
Сонымен қатар, облыс әкімі «Ән — шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» атты өнер шеберлерінің Гала-концертіне қатысты.
Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйімен бастау алған мерейтойлық концертте   300-ге жуық оңтүстікқказақстандық өнер майталмандары астаналықтарға өлкеміздің өнерін ұсынды. Елорда төрінде «құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күйі» орындалып, мың бұралған бишілеріміз  өз өнерлерімен қонақтарды тәнті етті.

Астанада Оңтүстіктің отандық тауар өндірушілерінің көрмесі өтті

6df6b3bf-4ac0-475f-8bdf-7a05fb224d00Оңтүстік Қазақстан облысының Елордасы – Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі  өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Көрмеде өңірдегі жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары салаларының 30-дан астам кәсіпорындарының отандық өнімдері қойылды.
Аталған шараға  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, көрмеге қойылған өнімдерді қала əкімі мен мəртебі меймандарға таныстырды. Сондай-ақ, ол бүгінде отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатқанын айтып, барша көрмеге қатысушыларды қазақстандық тауарды тұтынуға шақырды.
Мұнда Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына кілем өнімдері, шұлық және үйге арналған тоқыма бұйымдары, ерлер костюмдері,  трансформаторлар, сорғылар, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық құрылғылар, құрылыс заттары, жиһаз, азық-түлік өнімдері ұсынылуда.
Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» акция аясында өтіп жатқан көрмеде ОҚО туристік объектілерінің сурет көрмесі және LED экранда облыстың инвестициялық тартымдылығы бойынша бейне ролик пен облыстық өнеркәсіптік кәсіпорындары туралы фильмдер көрсетілді.
Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп кәсіпорындары жыл басынан бері 515,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылғының тиісті кезеңімен салыстырғанда  109,6 млрд. теңгеге артық.

Астана төрінде Оңтүстік жайдарманшылары өнер көрсетті

3b7fe142-3965-41c1-92db-ec10b53c56afБүгін Астана қаласындағы «ЖАСТАР» сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласындағы  «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің аясында  жайдарман ойыны өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жастардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялататын, шығармашылық қабілеттері мен өнерге деген құштарлығын арттыратын шарада қонақтар мен көрермендерге Оңтүстік Қазақстан облысынан келген үздік 8 топ өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды.

Аталмыш шараға арнайы шақырылған қонақтар, Қазақстан республикасы Білім және ғылым министірлігінің Жастар саясаты департаментінің  өкілдері және Астана қаласының тұрғындары мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 1 мыңға жуық студент жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Айта кетейік, жалпы қазақша КВН-нің арнайы біріншілігі 1999 жылы оңтүстіктен өз бастауын алған. Ал «Қазақстан КВН одағы» 2005 жылы құрылған болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығында 800-ге жуық жас бар.  Ал облыстағы 12 жоғары және 92 орта арнаулы оқу орындарында 66 513 студент білім алуда.

Қазақша Жайдарман аталған оқу орындарындағы  белсенді, талантты жастар Елорда тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй мен жарасымды  әзіл сыйлады.

Астанада Оңтүстік ақын-жазушыларының рухани кеші өтті

14670800_1087087208074284_3939249235629579669_nОңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында «Ұлысымның ұйытқысы — Оңтүстік» облыс ақын, жазушыларының кездесуі мен кітап көрмесі өтті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада өткен шараның мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысы ақын-жазушыларының Астана халқымен жүздесуі, әдеби шығармашылық жайында сұхбаттасуы, әдеби процестің даму барысын саралауы, қаламгер мен оқырман арасындағы әдеби байланысты нығайту және кітап оқытуды насихаттау болып табылады.

Рухани кеш барысында Оңтүстік өлкесінен шыққан ақын, жазушылар — Нармахан Бегалыұлы, Мархабат Байғұт, Ханбибі Есенқарақызы, Бақытжан Алдияр, Зылиха Жантасова, Мұқағали Кенжетай сынды қаламгерлер шығармашылық ізденістері мен қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары жайында ой бөлісті.

Сонымен қатар, осы күні Астанадағы Жастар театрында Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының әртістері «Тозақ шеңбері» қойылымымен қоса, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында облыстық орыс драма театрының актерлары «Одноклассники» шығармасын қалың көпшілікке сахналады.

Астанада Оңтүстіктің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

16ca5a58-ed13-4a4a-a886-d1e027b05ac4Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу аясында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысының Елордасы – Астанадағы күндері басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Осы күндері «Қазақстанда жасалған» акциясының шеңберінде облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Мұнда астаналықтарға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудалануда.

 Бүгінгі жәрмеңкеге Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, ауыл шаруашылық өнімдерімен танысты. Өз кезінде облыс әкімі азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермейтін мұндай жәрмеңкелерді  жиі ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды.

Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тн бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тн бал, 3 тн өсімдік майы мен 5 тн кептірілген жеміс 15 тн басқа да өнімдер бар.

Елордалықтарға алып келген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8 млн.теңгені құрайды. Екі күнге жалғасатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам өңірдің тауар өндірушілері  сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынуда.

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шарушылығы бағытында жүйелі жұмыстар атқарып, толағай табыстарға жетіп отыр. Атап айтқанда биыл облыс шаруаларымен 470 мың тн. (2015ж. 246 мың тн.) астық жиналып, түсімділігі орташа есеппен 22 ц/га. құрады. Бұл  Қазақстанның Тәуелсіздік  кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткіш болып табылады. Ал жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі  жылдан — жылға ұлғаю үстінде.  Нақтырақ айтсақ, 2008-2016  жылдар аралығында  жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің  көпжылдық екпелерінің егіс көлемі 17,7 мың га. болса, биыл бұл 30 мың га  жеткізілді.

Балабақшада қауіпсіздік техникасын сақтау жұмыстары талқыланды

ec3e9dd93c99b4336397aa82c3d5beed_resize_w_520_h_ҚР Білім және ғылым министрлігінде Астана қаласы мектептерінің басшыларының және мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, өңірлердегі қалалық және аудандық білім бөлімдерінің өкілдерінің қатысуымен Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі штаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.

Талқылау барысында ата-аналар қауымдастығының балаларды көркем-эстетикалық, шығармашылық дамыту, компьютерлендіру процестерін, мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың жұмыс кестесін ескере отырып, қауіпсіздік техникасын сақтау жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша сұраныстары ескерілді. Осы мақсатта Үлгі штаттарына келесі мамандарды енгізу ұсынылды (мектепке дейінгі ұйымдардағы топтар санына байланысты):

— педиатр дәрігер;

— логопед;

— хореограф;

— компьютерлік және ұйымдастырушылық техникаға қызмет көрсетуші маман;

— кезекші топтың тәрбиешісі және тәрбиешінің көмекшісі;

— іс жүргізуші (архивариус);

— тігінші;

— қаупсіздік техникасының инженері;

— мектепке дейінгі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды күшейту және оны сапалы орындау мақсатында бухгалтер лауазымын бас бухгалтерге ауыстыру ұсынылды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің нормативтік құқықтық құжаттары, соның ішінде Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді елімізде білім беру мазмұнының жаңартылуына байланысты қажет етеді.

Baq.kz 

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтіп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы елордалықтар назарына ауқымды бағдарламасын ұсынуда. Таңертеңнен бері «Хан шатыр» СОО жанындағы алаңда өңірдің тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. 50 шатырда 300 тоннадан астам өнім сатылуда. Сонымен қатар, демалыс күндері ОҚО тарихымен, мәдениетімен және басты жетістіктерімен танысуға болады.

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Астана әкімі Әсет Исекешев пен ОҚО басшысы Жансейіт Түймебаев та ат басын тіреді.

ҚР Ұлттық музейде «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» атты көрме ОҚО-ның мәдени бағдарламасының шымылдығын ашты. Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын жазушылар кездесуі және «Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік» атты кітап көрмесі өтеді.

Бүгін және ертең сағат 11-ден 17-ге дейін Оқушылар сарайында «Балаларға – базарлық», «Толағай», «Қазақстан барысы», «Қазақстан бренді», «Қошқар ата мен теке», «Момын және қарақшылар», «Мұңлық – Зарлық», «Нәурізек» анимациялық фильмдері көрсетіледі. Бүгін «Жастар» театрында сағат 18-де Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері С. Досановтың «Тозақ шеңбері» спектаклін сахналайды.

Мәдени бағдарлама ертең де жалғасын табады. Сағат 12-де Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемеде және Балалар психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесінде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, ‪16 қазанда Астанада этномәдени бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен «Ет асу» фестивалі және композитор Ш. Қалдаяқовқа ескерткіш орнатуға байланысты белгі қою рәсімі өтеді.

Іс-шаралар легі сағат 18-де Конгресс-холлда «Ән шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» гала-концертімен және «Нұрын шашқан – Оңтүстік» фотокөрмесімен аяқталады.