Домой Блог Страница 87

Қазақстан-Израиль бизнес форумы өтті

biznes-forumИзраиль мен Оңтүстік Қазақстан арасындағы ынтымақтастық нығая түседі. Осыған дейін ауыл шаруашылығы, медицина салаларында әріптестік жасасып келе жатқан қос тарап алдағы уақытта тағы бірнеше жобаны бірлесіп іске асырмақ. Бастамалар Шымкентте өткен Қазақстан-Израиль бизнес форумында талқыланды.

Израильдің Қазақстандағы елшілігі мен облыстық әкімдік өкілдері арасындағы меморондум жаңа жобаларға жол ашпақ. Сонау кеңес дәуірінен бастау алатын қос тарап ынтымақтастығының ауыл шаруашылығы, медицина, қауіпсіздік салаларын дамытуда маңызы айрықша.

Қос ел өкілдері күркетауық етін өңдеу осы ынтымақтастық аясында іске асырылған сәтті жобалардың бірі деп санайды. Биыл 10 мың тонна дайын өнім шығаруды қолға алған кәсіпорын кезінде нарықта сұранысы төмендеп кеткен құс етін өңдеп, саудаға шығарды. Қазақстанның құс етін шығарушылар қауымдастығының мәліметіне қарағанда, бүгінде елімізде құс етіне деген сұраныс жылына 350 мың тоннаны құрайды екен. Мамандар бұл тауарға қазір өзге де елдерден тапсырыс көптеп түсіп жатыр дейді. Таяу Шығыс елінен келген делегаттар енді балық етін баптауға да құлшынып отыр.

Айта кетейік, бүгінде облыста израилдіктердің қатысуымен 15 жоба іске асуда. Оның дені ауыл шарушалығы саласында. Шетелдік бизнесмендер біздегі климаттық жағдай мен инфрақұрылымның жолға қойылғанына тәнті. Енді күнгейде жасыл экономиканы дамытып, баламалы қуат көздерін көбейтсек деген ниеті бар.

Таяу Шығыстан келген бизнес өкілдері Шымкенттің қауіпсіздігін қамтамассыз етуде әріптестік жасасуға дайын. Диалог алаңында тараптар «Қауіпсіз қала» және «Ақылды қала» жобаларының тұжырымдамасын да талқылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта қос тараптың денсаулық сақтау саласында бірлесіп атқарар шаралары қыруар.

Ақпарат көзі:otyrar.kz

Астанада жеке меншік балабақшаларға топтау жүргізіледі

b3f98d92737d771e4561cdf63b4Кезекке тіркелген 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды Астананың қолданысқа енген жеке меншік балабақшаларға топтау жарияланады. Жолдамалар мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жаңа және қолданыстағы жеке меншік балабақшаларға беріледі.

Жинақтау жұмыстары 28 қыркүйектен 12 қазанға дейін жүргізіледі. Жолдама үшін Қарталы көшесінде орналасқан №61 орта мектепке сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін келіп, тіркелу қажет.

Астана тұрғындарында ағымдағы кезек нөмірі болуы тиіс (оны ЖСН, баланың ТАӘ және туған күні бойынша http://egov.kz/ порталы арқылы білуге болады). Жеке меншік балабақшаға жолдама алғанда, мемлекеттік балабақшаға кезек сақталады.

Жеке меншік балабақшада ата-аналардың төлемақысы 20 800 теңгені құрайды. Сондай-ақ, жеке меншік балабақшаны тұрғылықты мекенжайға сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшалардың тізімінен таңдап, оған жолдама алуға мүмкіндік бар.

Алматы қаласында жаңа «Жайдарман» лигасы ашылды

oy0k5pdm31gАлматы шаһарының мыңжылдық және тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай, «Қазақстан КВН Одағы» Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жаңа республикалық Алматы ашық лигасы іске қосылды.

Қыркүйек айының басынан бастап, мемлекетіміздің әр түкіпірінен 50-ге жуық жайдарман топтары онлайн тіркеліп, 22-23 күндері Алматы қаласында бас қосқан еді. Бірнеше күнге созылған іріктеу және редакторлық жұмыс нәтижесінде алғашқы бөлімге 15, ал екіншісіне 18 команда таңдалды.

Екі күнге созылған жоба Алматы қаласы мен республикамыздың ең үздік командалары қатысқан гала-концертпен аяқталды.

Ойынды жүргізген «Қазақстан КВН Одағы Алматы КВН» филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов, ал редактор Дархан Карипов. Барлық қатысушылар жоғары және кіші топтарға топтастырылып, жартылай финалдық сайыстарға жолдама алды. Күрделендірілген сайыстарға құрылған жартылай финал қазан айының 7-8 және 17-18 күндеріне жоспарланып отыр.

Елордада Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының күндері өтеді

Елордада Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының күндері өтедіЕлордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында өңірлердің күндері өткізіледі. 1-2 қазанда Астанаға Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының өкілдері ат басын тірейді. Астаналықтар өңірлердің ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, ауыл шаруашылық өнімдерін де сатып ала алады, көрмелер мен спектакльдер тамашалайды, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алдағы сенбі, жексенбі күндері «Хан шатыр» СОО жанындағы алаңда Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 400 тоннадан астам өнім өткізбек, соның ішінде 100 тонна ет, 25 тонна балық, 100 тонна көкөніс, 24 тонна сүт өнімдері, 17 тонна өсімдік майы және т.б. бар.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының өкілдері өз тауарларын ұсынады. Астаналықтар өңірлердің мәдени мұрасымен де таныса алады.

Елордада кешеден бері ақтөбелік ақын-жазушылардың шығармашылық кештері, қайырымдылық акциялары, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмелері өткізіліп жатыр.

1-2 қазанда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ЕҰУ, Назарбаев университетінде білім алып жүрген ақтөбелік студенттермен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездеседі.

‪1 қазанда Астана тұрғындары мен қонақтары «Жастар» театрында «Есігіңді қаққан кім?», «Беу, қыздар-ай» спектакльдерін тамашалайды.

Сонымен қатар, волейбол мен футболдан «Астана» мен «Ақтөбе» командаларының арасында кездесулер ұйымдастырылады.

‪1 қазанда сағат 16.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Жаңғырған асыл мұра» және облыстық кітапхананың «Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау» атты көрмелері ашылады.

мәлімет беретін баспасөз материалдары мен кітаптары қамтылған.

Дәл осы күні сағат 18.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырған Маңғыстаудан – Жасампаз Астанаға» Маңғыстау облысы өнер шеберлерінің гала-концерті өтеді. Концерттік бағдарламада Маңғыстау облысының атақты, кеңінен танымал, жан-жақты музыкалық жанрдағы, әр-түрлі бағыттағы аспапты және вокалды мектептерінің өнерпаздары өз өнерін ортаға салады.

Алматыда 2017 жылғы Универсиадаға еріктілерді іріктеу басталды

u2017Алматыда 2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиадаға еріктілерді іріктеу басталды.

Алматыдағы Жоғарғы оқу орындары дирекция қызметкерлері алдағы халықаралық жарыстың еріктілер қозғалысы туралы таныстырылымын жасайтын болады.

Еріктілерді іріктеудің негізгі кезеңі бүгін, 27 қыркүйектен басталды.

Қазіргі уақытта, Алматыдағы университеттерде Универсиаданың еріктілер қозғалысы туралы таныстырылымдар өткізіліп жатыр.

Шаһардағы алдыңғы қатарлы ЖОО-лармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған. Бұдан бөлек, Универсиада сайтында өтініштер қабылдау жалғасуда. Алдағы уақытта үміткерлер бұқаралық, мәдени, спорттық және де басқа шараларға тартылады.

«Универсиадаға дайындық барысында еріктілер тренингтерден өтіп қана қоймай, олардың көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиетін дамыту үшін түрлі командалық ойындар, спорттық нысандарда квестер ұйымдастырамыз. Еріктілерді тартуда бізге қазақстандық әртістер мен шоу-бизнес өкілдері көмектесіп жатыр», — деді 2017 жылғы Универсиадаға дайындалу мен өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Камила Лұқпанова.

Дирекция мәліметінше, 2017 жылғы Универсиадаға әсіресе, Ресей, Германия,  Беларусь, Польша, Корея, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания және Қырғызстаннан халықаралық еріктілер қызығушылық танытып отыр.

«2017 жылғы Универсиада кезінде 100 халықаралық еріктіні жұмылдыруды жоспарладық. Олардың барлығы кез келген ауа-райына арналған спорттық киіммен, тамақпен, ұялы байланыспен қамтамасыз етіліп, қалада көлікпен еркін жүруіне мүмкіндік жасалады. Ерікті болғысы келетін кез келген адам «almaty2017.com» сайтына кіріп, анкета толтыра алады», — деді  2017 жылғы Универсиадаға дайындалу мен өткізу дирекциясы басшысының орынбасары.

Айта кетейік, 27 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес, Универсиаданың ресми сайты арқылы 5000-нан астам үміткерлер тіркелген. Оның 1300 өтініші Алматы қаласы ЖОО-ның студенттерінен келген.  Жалпы, Универсиаданы ұйымдастыруға 3 мың ерікті тартылмақ. Универсиада кезінде еріктілер 30 функционалды бағытта қызмет атқарып, Алматыға келген спортшыларға, бапкерлерге, делегаттарға және туристерге қажетті қызметті ұсынады.

ҚазАқпарат

ОҚО-да балаға берілетін 4 құжаттың түрі оңтайландырылды

ОҚО-да балаға берілетін 4 құжаттың түрі оңтайландырылдыОңтүстік Қазақстан облысы аумағында балаларға берілетін құжаттардың 4 түрі біріктіріліп, композиттік қызмет аясына енді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алынатын бұл қызметке түрі баланың туу туралы куәлігі мен туылуына байланысты әлеуметтік бір жылдық төлемақысы, сонымен қатар, оның бір жасқа дейінгі төленетін жәрдемақысы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою қызметтері жатады.

Бүгінде облыстың барлық перинаталды орталықтары мен босану үйлерінде ХКҚО мен АХАТ бөлімдерінің қызметкерлері жоғарыда айтылған құжаттарды рәсімдеу бойынша көшпелі қызмет көрсетуде. Аталған қызмет іске қосылған бір күннің ішінде 136 баланың құжаттары осы қызмет түрімен рәсімделген. Өңір тұрғындары енді жоғарыда аталған 4 құжатты алу үшін түрлі мекеме орталықтарының табалдырығын тоздырмай, ХҚКО-на барып, бір өтініш негізінде іске асыруға болады, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінде облыс жұртшылығы арасында бұл қызмет түріне оң пікірін білдірушілер көбеюде.

Астанада сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ұйымдастырылды

14457248_756716777764571_58990286916657226_nҚыркүйектің 26-27 аралығында Астанада Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Инновация, технология және білім мәселелері жөніндегі Астана Парламентаралық форумы өтті. 20-дан астам елдердің парламентшілері мен сарапшылары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналған маңызды форумда Мәжіліс Төрағасы қатысушыларға құттықтау сөзін арнай келіп, елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған осы форумның Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтуіне айрықша назар аударды.

Форум аясында «Rixos President Astana» қонақүйінде елеулі танымдық маңызы бар сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде Мемлекеттік тарих, Әдебиет, Шығыстану, Философия, Археология, Экономика, Тарих институттарының туындылары, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ­­ Ғылыми кітапханасындағы өте құнды сирек кітаптар мен қолжазбалары қойылды.

Ұйымдастырылып отырған бұл шараның ең көне жәдігері — ХІХ ғасырда Стамбулда басылып шыққан қасиетті Құран кітабы. Ол еліміздегі ең көне кітап болып табылады.

Еліміздің үздік ұстаздары 2 млн тенге алды

8fee30331968958fcdc94ee66fed5a93_resize_w_520_h_Еліміздің ең үздік 48 ұстазына 2 млн 121 мың теңге көлемінде ақшалай сый табысталды. Жалпы байқауға 5620 ұстаз қатысқан. Ұстаздарды марапаттауға Қазақстан Республикасының сенат және мәжіліс депутаттары қатысты.

Жалпы, тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде 500 ге тарта балабақша салынып, 1356 мектеп қолданылуға берілген. 25 жылда мұғалімдердің біліктілігі де артқан. 1991 жылы мектептердегі жоғарғы білімді оқытушылар 66 пайызды құраса, бұл көрсеткіш 2016 жылы 91 пайызға дейін өскен.

Еліміздің ең үздік ұстаздарын Сенат депутаты Дариға Назарбаева мерекемен құттықтады:

«Ұстаз деген қарапайым сөздің өзінде қаншама мағына, қандай терең мән жатыр десеңші. Ұстаздар өз отбасында алаңсыз жүрген балақайды аса қамқорлықпен қабылдай отырып, оны білім, ғылым, өнер және спорт саласына әкеледі. Сіздер біздің қоғамдағы ең қадіргі мамандық иесі боласыздар, құрметті ұстаздар!».

Сенатор өз сөзінде «Тәуелсіздік жылдарында халық ағарту саласы ойланбай жасалған реформалардан көп қиындықтар көрді. Десекте, тәжірибе өмірдегі ең қымбат нәрсе екендігін ұмытпайық. Қазір бізде тәжірибе бар. Қолдан келгенше жақсарып келеміз. Біз барлық мәселелерді шеше аламыз. Келер ұрпақ бізге «өте жақсы» деген баға қоюы үшін барлығын істейміз», — деді.

Сондай-ақ ұстаздар «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталып, оларға «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі табысталды. Білім мекемелеріне, жалпы білім саласына демеушілік танытып жүрген меценанттарға да құрмет көрсетілді. Ұстаздар меркесі Қазақстан өнер жұлдыздарының концертімен жалғасты.

Baq.kz

ҰБТ-ға өзгерістер енгізілмек

f0dfa4ce72a460d166e5d893b3840dbb_resize_w_520_h_Бүгiн Үкiмет отырысынан кейiн өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ұлттық бiрыңғай тестiлеу жүйесiнде қандай өзгерiстер болатынын мәлiм еттi.

«Қазiр соңғы жоба жоқ. Әзiрге дайын жоба педагогикалық қауымдастыққа талқыға ұсынылады. Мектепте түлектер бiрқатар пән бойынша емтихан тапсырады. Ал Ұлттық бiрыңғай тестiлеу бұрынғыша өткiзiле бередi. Тек сұрақтар құрылымы өзгередi. Жоба бойынша 60 сұрақ стандартты болады. 60 сұрақ 30-дан екi блокка бөлiнедi, олар мамандыққа байланысты болады. Мәселен, түлек медициналық мамандықты таңдаса, 60 стандартты сұраққа жауап бередi, осыған қоса 60 сұрақ болады, 30-ы биология, 30-ы химия бойынша. Қалған тәртiпке айтарлықтай өзгерiс енгiзiлмейдi», — дедi Е.Сағадиев.

Министр атап өткендей, бұл жоба қазiр дайын, ол шағын құрамдағы педагогтар қауымдастығына талқыға ұсынылған.

«50-ге жуық мектеп директоры, ректорлар талқылауға қатысып жатыр. Осыдан кейiн жобаны министрлiктiң сайтына iлемiз. Содан кейiн сол жерде пiкiрлердi жинап, қарастырамыз», — дедi Е.Сағадиев.

Baq.kz

Әлішер Кәрімов. Ниетіміз таза болса…


Әнші Әлішер Кәрімов «Ниетіміз таза болса…» атты Қазақстан қалаларына көшпелі турнесін бастап кетті.

24 қыркүйек күні Көкшетау қаласынан бастау алған турне 25 қыркүйекте кеншілер қаласында жалғасты. Қарағанды жамағаты талантты әншіні жылы қабылдады. Жаңа әндерімен қатар танымал әндерін жанды дауыста орындаған Әлішерге толы зал қошеметін аямады.

«Таза ниет адамның басты қасиеті деп ойлаймын. Ниетіңіз таза болса барлық есіктер сіз үшін ашық болып, өзге жандар да сондай ниетпен қарайтын болады. Сондықтан да жеке концертіме «Ниетіміз таза болса» деген атау бердім. Солтүстік Қазақстан қалаларынан кейін, қазан айында көшпелі турнемізбен Батыс Қазақстанға барамыз» -, дейді Әлішер Кәрімов тілшімізге берген сұқбатында.

1337401145_img_8896

«MuzZone» телеарнасының атқаушы директорының айтуынша, «Қазақстанның барлық қалаларына турне жасап, жанды дауыста концерт беретін екі-ақ әнші бар. Біріншісі — Әлішер, екіншісі — Айқын»

Естеріңізге сала кетейік, Кәрімов 27 қыркүйекте – Өскемен, 28 қыркүйекте – Семей, 29 қыркүйекте – Павлодар жұртшылығын жеке концертімен қуантатын болады. Бұл әншінің осымен екінші рет қатарынан өтіп жатқан концерттік туры.