Міндетті медициналық сақтандыру туралы 10 ақпарат

3877

1. Медициналық сақтандыруға төлем азаматтың жалақысынан аударылады. Зейнетақы қоры сияқты міндетті. Бірақ зейнетақы қоры секілді әр азаматтың жеке шоты болмайды. Аударылып жатқан қаржының қанша екенін, қайда кетіп қай мақсатқа жұмсалып жатқанын көре алмайсыз.

2. Айына 50 мың теңге жалақы алсаңыз 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап 1%, яғни 500 теңге аударылады.

3. Жалақысы жоқ адамдар, яғни жұмыссыз деген сөз. Жұмыссыз адам ресми түрде жұмыссыз болып есептелуі үшін, Жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуде болуы керек. Сонда ғана тегін медициналық көмек ала алады.

Жеке шаруашылықпен және жеке табыс көзін тапқан адамдар арнайы органдарға Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, Медициналық сақтандыру қорына Қазпошта немесі екінші дәрежелі банктер арқылы өздері ақша төлеп тұрады.

Әрбір азамат Egov.kz – Электронды үкімет порталына кіріп әлеуметтік жағдайды тексеруі қажет. Сол жерде ЖСН арқылы табылған адамның статусын көрсетіп тұрады. Егер статус «Не определен» деп шықса шұғыл Жұмыспен қамту орталығына жүгініңіз. (Төмендегі суреттерден қараңыз)

Тегін медициналық көмекке жүгінген кезде соңғы 3 айды төлем жасалды ма, жоқ па, сол бірінші ретте тексеріледі. Егер 1 жыл бойы қорға ақша аударып келіп, соңғы 3 ай ақша аударылмай қалса, медициналық ұйым Сізге тегін көмек көрсетуден бас тартады.

4. Медициналық сақтандыру арқылы емделу толықтай тегін. Бұрынғы көрсетіліп жатқан қызметтерден өзгешелік болмайды.

5. Медициналық сақтандыру енгізілген соң медициналық қызмет көрсету сапасы артады. Өйткені қор арқылы денсаулық сақтау саласының қаржысы көбейіп, жаңа технологиялар, заманауи медициналық жабдықтар енгізілетін болады.

6. Дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жоспарында бар. Медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін медициналық ұйымға жүгінген адамдардың қызметінің ақысын сақтандыру қоры төлейді. Демек МҰ-ға көп науқас қаралса, МҰ-ға көп қаржы аударылады. Болашақта кейбір жеке клиникалар Сақтандыру қорымен келісімге тұрып, емделген азаматтардың ақысын Сақтандыру қорынан алу мүмкін.

Сондықтан жақсы дәрігер маманға көп науқас келетін болса бас дәрігері тарапынан айлығын көтеруі мүмкін. Оны бастығы шешеді.

7. Кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету көлемі сол күйінде қалады.

8. Медициналық сақтандыру қорына айлығымыздан белгілі көлемде қаржы  аударылып жатқандықтан, жылына 1 рет ауырсаңыз да, 10 рет ауырсаңыз да тегін қызмет көрсетеді.

70 мың айлық алатын адам айына 700 теңге, жылына 8400 теңге төлейтін болса, ауырған жағдайда көлемі 5 млн теңге тұратын операцияны тегін жасатуы мүмкін.

9. Медициналық сақтандыру енгізілген соң, тіс емдеуге қатысты өзгерістер жоқ. Жалпы медициналық қызмет көрсету бұрынғыдай жұмыс жасайды.

10. Жұмыс беруші ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап, әр жұмысшысы үшін сол жұмысшының айлығынан есептеп, 1% медициналық сақтандыру қорына қаржы төлейді. Бұл жұмыс берушінің міндеті болып табылады.

Жәнібек Жәлиев
Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы
ОҚО филиалы, медициналық ақпараттық-талдау бөлімі