Шеру кезінде түсірілген фото-бейнежазбаларды жинайтын сайт ашылды

Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz  веб-сайтын іске қосты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.

279

Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz  веб-сайтын іске қосты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.

Бұл сайтта азаматтар террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.

Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде.