Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Астана қаласы әкімінің кубогы Қостанайдың қоржынында

Астана

Астана қаласы әкімінің кубогы Қостанайдың қоржынында

Кеше «Астана» концерт залында Астана қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынған Жайдарман ойыны өтті. Фестиваль форматында өткен ойын Астана қаласының жастар саясаты басқармасының қолдауымен биыл 9-рет ұйымдастырылып отыр.

Қатысушы командалар арасында тек тәжірибелі топтар емес, жас құрамалар, түрлі лигалардың жеңімпаздары, сонымен қатар көршілес Қырғызстаннан келген “АЛА-ТОО” құрамасы бар.

Жайдарманшылар бұл ойында еліміздегі соңғы жаңалықтар мен өзгерістерді тілге тиек етіп, сапалы ойын көрсетті. Әсіресе әзілдердің көпшілігі латын қарпіне көшу, Экспоның аяқталуы, қазақ тілінің мәртебесі туралы болды. 15 команданың ішінен “Жаңа ғасыр”, “Қыз Жібек”, “ІТ” командалары әділ қазы алқаларының жоғары бағасы мен көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Сайыс нәтижесі бойынша “Үздік ойыншы” номинациясы “АЛА-ТОО” командасының ойыншысы Айбек Бектеміровке табысталды. “Қыз Жібек” командасы 3-орын мен 200000 теңгеге ие болса, 2-орын Талдықорғандық “Шапалақ” командасының қоржынына бұйырды, олар 300000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал ойынның басты сыйлығы Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 миллион теңгені Қостанайлық “Жаңа ғасыр” командасы ұтып алды.

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Астана айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары