Пятница, 11 октября, 2024
No menu items!

Қазақтың Әбіші

Басқа ақпараттар

Бүгін Әбіш туған күн. Тәңірдің  қазақтың маңдайына терең сөздің телегейін, шалқар ойдың шыңырауын сыйға тартқан күні. Ай — ананың «зергер сөздің, зерделі ойдың иесін» дүниеге әкелген күні. 

Әбіш Кекілбайұлы асыл сөзден өзіне өшпес ескерткіш, ұрпағына өлмес мол мұра қалдырған азамат.  Ал сол мұраны қарашығымыздай сақтап, жадымызға тоқымау бізге, қазақ ұрпағына, сын. 

Ұлыдан қалған ұлағатты сөз

  • Ел теңелмей тұрып, өзің теңелмейсің.
  • Уақыттың өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны рас. Бірақ өмір бір-ақ рет беріледі деген өзіміз білетін қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат. Сондықтан өз басым өткенге өкпе жүрмейді деп ойлаймын. Өткенге тек тәубе жүреді.
  • Пенде шіркін кейде дақпыртты да даңқ деп түсініп қалады.
  • Кітап — мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты.
  • Асығыстықта тапқызар абырой шамалы.
  • Сенбегеннен қиянат көргеннен — сеніп тұрып қиянат көрген жаман.
  • Тәуелсіздікке жету мен оны қорғап қалудың амалы екі басқа.
  • Жұрттың бәрі жабыла мақтап жатқанда мақтау — кез-келгеннің қолынан келеді. Мықты болсаң мақтамай көр! Жұрттың бәрі  жабыла даттап жатқанда даттау да — кез-келгеннің қолынан келеді. Мықты болсаң даттамай көр.
  • Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп, еріне медет бола алады. Қорлана бермей, арлана білейік. Намыстың сөзін сөйлейік.
  • Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ!
- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img