Домой Блог Страница 294

Енді конвертке марканы жабыстырудың қажеті жоқ

Енді конвертке марканы жабыстырудың қажеті жоқ
конвертке марканы жабыстырылмайды

«Қазпочта» АҚ қарапайым хаттарды трек нөмір арқылы бақылауға болатын, электронды маркалары қойылған конверттерді қолданысқа енгізді.

«Қарапайым хаттар көптеген елдерде трек нөмірсіз жіберіліп, ақпараттық жүйелерде бақыланбайды. Бақылау жүйесі тек тіркелген хаттарда және сәлемдемелерде болатын. Қазақстан ТМД елдерінде бірінші болып осы жобаны енгізді. Қазіргі таңда бұл қызметпен ШҚО, ОҚО және Астана тұрғындары қолдана алады» — деп «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин түсіндірді.

Электронды маркасы бар хаттар абоненттік жәшікке дейін, конверттің бетінде басылған трек нөмір арқылы бақыланады. Сондықтан, конвертке марканы жабыстырудың қажеті жоқ.

Конверттер екі түрде шығарылады 110х220 мм және 162х229 мм, 20 граммға дейінгі қарапайым хатты жіберу бағасы 60 теңге, қосымша қызмет ретінде бақылау мүмкіндігін қосу 40 теңге.

Бақылау жүйесі компанияның ресми сайтында, MyKazpost мобильді бағдарламасында және көпшілікке мәлім «Telegram» мессенджеріндегі сәлемдеменің немесе хаттың орналасқан жері ауысқан кезде лезде хабарлайтын @KazPostBot атты жүйеден қарауға болады.

baq.kz

Атажұртқа оралған қандастарымызға арнайы жеңілдік пакеті қарастырылған

Атажұртқа оралған қандастарымызға арнайы жеңілдік пакеті қарастырылған
арнайы жеңілдік пакеті қарастырылған

Шетелде өмір сүретін этникалық қазақтар Атажұртына оралғаннан кейін «оралман» мәртебесіне еш кедергісіз қол жеткізе алады.

Бүгін Мәжілісте «Халықтың көші-қон және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша» Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Жаңа заң жобасының ең маңызды жаңалығы енді шетелден келген қазақтар азаматтық алу үшін 4 жыл бойы күтпейді. Өтініш бергеннен кейін 3 ай мерзімінде Қазақстан Республикасы азаматы мәртебесіне қол жеткізеді.

Енді визаны ұзарту үшін қандастарымыз бұрынғыдай шыққан еліне қайтып бармайды. Бұл рәсімдеулер Ішкі істер министрлігінің құзыретіне берілді. Және тағы бір жайт, республика аумағындағы жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақ жастары 18 жасқа толғаннан кейін республика азаматтығын жеңiлдетiлген тәртiппен алу құқығына ие болады. Мұнымен қоса, Үкімет белгілеген өңірге ат басын бұрған этникалық қазақтарға арналған арнайы жеңілдік пакеті де қарастырылған.

Гүлнәр Сейтмағанбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

— Қазақстанның кейбір облыстары тығыз қоныстанбаған, кейбір облыстарда жұмыс күші көп, өте тығыз қоныстанған. Соған байланысты Үкімет өзі айқындайды. Мысалы, солтүстік облыстарға, тағы басқа да облыстарға барған жағдайда оралмандарға, отбасы басшысына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасының әрбір мүшесіне 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сондай-ақ жол шығыны, барлығы өтеледі. Сонымен бірге жалға берілетін үйді 5 жылдан кейін сатып алу құқығы беріледі.

24.kz

Жерлестеріміз дзюдодан Азия біріншілігінде бірінші орын иеленді

Жерлестеріміз дзюдодан Азия біріншілігінде бірінші орын иеленді
Азия біріншілігінде бірінші орын иеленді

Кадеттер мен жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Қазақстан дзюдо федерациясының ақпаратынша, біріншіліктің алғашқы екі күнінде кадеттер сынға түсті (9-10 қазан), оның нәтижесінде Қазақстан командасының қоржыны 12 медальмен толықты: 6 «алтын», 2 «күміс» және 4 «қола».

Командалық есепте біздің құрама бірінші орын иеленді.

Қорытынды:

бірінші орын:

Ақмарал Науатбек (44 кг, Астана);

Ғалия Тынбаева (48 кг, Алматы қаласы);

Камила Берліқаш (+ 70 кг, Алматы облысы);

Архат Әнуарбек (50 кг, Жамбыл облысы);

Сұңғат Жұбатхан (60 кг, Ақтау);

Жанқожа Марат (66 кг, Қызылорда облысы).

екінші орын:

Әдия Саин (40 кг, Қызылорда облысы);

Диас Әшімов (55 кг, Қарағанды облысы).

үшінші орын:

Аида Карчаева (52 келі, Жамбыл облысы);

Айгерим Тасболат (57 келі, ОҚО);

Мәди Амангелді (73 келі, Астана);

Санжар Жабборов (+ 90 келі, Карағанды облысы).

Кадеттерден кейін Қазақстан жастар құрама командасы бақ сынасты (11-12 қазан). Біріншілік қорытындысы бойынша жерлестеріміз 9 медаль иеленді: 1 «күміс» және 8 «қола».

Қорытынды:

екінші орын:

Мадияр Сембаев (73 кг)

үшінші орын:

Гүлфайруз Наймантаева (44 кг);

Камшат Қарасайқызы (52 кг);

Мөлдір Болатбекова (57 кг);

Жанар Қашқын (70 кг);

Перизат Қадырбекова (78 кг);

Назгүл Маратова (+78 кг);

Қанат Сейілхан (55 кг);

Әділ Оразбаев (+100 кг).

bnews.kz

Ұлттық инновациялар байқауы басталды

Ұлттық инновациялар байқауы басталды
Ұлттық инновациялар байқауы басталды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік және Қазақстандағы British Council-дың ұйымдастыруымен Ұлттық инновациялар байқауы басталды.

Ұлттық инновациялар байқауына мектеп оқушыларынан бастап ірі кәсіпорындарға дейін түрлі санаттағы өнертапқыштар мен рационализаторлар қатыса алады.

Байқау бес номинация бойынша өткізіледі: «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақырыбындағы үздік журналистік материал».

Байқаудың жалпы жүлде қоры 18 600 000 теңге. Сондай-ақ, байқауда жеңіске жеткен оқушылар, журналистер, жас ғалымдар Ұлыбританияға білім беру бағытындағы сапарға бару мүмкіндігіне ие болады.

«Үздік жас ғалым» номинациясындағы жеңімпаз Лондонда өтетін FameLab халықаралық ғалымдар байқауында ел атынан сынға түседі.

Қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 25 қазанына дейін «ТДҰА» АҚ-ның ресми сайтында www.natd.gov.kz қабылданады. Оқушылар өз өтінімдерін 2015 жылдың 22 қарашасына дейін жолдай алады.

«ЭКСПО-2017» қарсаңында қазақстандықтар БАӘ-ге визасыз ұша алады

«ЭКСПО-2017» қарсаңында қазақстандықтар БАӘ-ге визасыз ұша аладыҚазақстандықтар «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз ұша алады.

Осы елге іссапармен барған Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев шетел билігімен осындай келісімге келді. Екікүндік іссапар қазақстандық делегаттар үшін жемісті аяқталды. Екі жақ келіссөздер қортындысы бойынша 2020 жылы Дубайда өтетін көрме мен 2017 жылғы Астанадағы «Экспо» көрмесіне дайындықты бірге жасауға уағдаласты.

Рәпіл Жошыбаев, ҚР СІМ бірінші орынбасары, «ЭКСПО -2017»комиссары:

— БАӘ келіссөз барысында Астанада өтетін көрмеге қатысатындығын тағы да растады. Сондай-ақ виза алуды жеңілдету туралы да біржақты келісімге келдік. Қазіргі уақытта дипломатиялық қызметтегі адамдар үшін виза жүйесін алып тастадық. Енді Астанада өтетін көрме қарсаңында 30 күн бойы барлық жолаушылар визасыз жүруге құқылы.

Астанадағы көрмеге сондай-ақ балама энергия көзі халықаралық агенттігі де келетінін мәлімдеді. Бұл «ЭКСПО — 2017» қатысатын 11 қауымдастық болып отыр. Сондай-ақ Астана мен Дубай арасында туристік компаниялардың бірлесе қызмет жасау туралы меморандумға қол қойылды.

Сирак Мурадян,Al Khalidiah Tourism компаниясының президенті:

— Қазір біз екі елдің компаниялары бірігіп қызмет жасау туралы меморандумға қол қойдық. Қазақстанға инвестиция салатындай беделді азаматтарды жіберіп, сіздердің көрікті қалаларыңызды тамашалауды ұсынатын боламыз.

Іссапар соңында «ЭКСПО — 2017» комиссары Біріккен Араб Әмірліктерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті. Рәпіл Жошыбаев жастарға Астанадағы көрмені шетелде жүріп, кеңінен насихаттауға кеңес берді.

24.kz

Ә. Сығайдың «Жансарай» атты кітабы жарық көрді

Ә. Сығайдың "Жансарай" атты кітабы жарық көрді
«Жансарай» атты кітап жарық көрді

«Хабар» агенттігінің 20 жылдығына орай белгілі қаламгер, театр сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшірбек Сығайдың 2013-2014 жылдары «Хабар» телеарнасында жүргізген «Жансарай» бағдарламасы кітап болып басылып шықты.

Театр тіршілігімен тыныстап, саналы ғұмырын осы салаға арнаған қаламгердің бұл бағдарламадағы сыр-сұхбаты көрерменнің әлі де көз алдында. Ондағы өнер мен мәдениет, тарих пен таным, дін мен діл туралы әңгімелер – қазақ руханиятына қосылған сүбелі үлес.

Есмұқан Обаев, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры:

— Өзінің жан сарайын ашқан бағдарлама. Халықпен ойнап күліп, өзі әзілқой болатын, ылғи қалжыңымыз жарасатұғын. Көрсе болды, «Аманбысың ескі досым, Гортензия» деп қоятын еді. Кітапты көпшілікке таныстыру рәсіміне келген қаламгердің үзеңгілестері Әшірбек Сығайдың өнегелі өмірі мен кәсіби шеберлігін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп берді. Кітапқа Дулат Исабеков, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Әкім Тарази, Камал Ормантаев, Тоқтар Әубәкіров сынды 40-тан аса танымал тұлғалармен ашық әңгімелері енген.

Тілеуқабыл Мыңжасар, «Хабар» телеарнасының ардагер журналисі:

— Халыққа жақын еткендігі бұл кісінің ішкі мәдениет және өмір бойы жинаған білімі мен тәжірибесі деп ойлаймын. Өзінің барлық тағылымын көрермен мен өзінің кейіпкері арқылы байланыстырып отырып, әдемі сұхбат жүргізуші еді. Бұл бағдарламалары біздің «Хабардың» алтын қорында сақталады.

Ғибраты мол, рухани сұхбатқа толы кітап мемлекеттік тапсырыспен «Ана тілі» баспасынан жарық көрді.

24.kz

Ұлттық музейде «Қазақстанның жануарлар әлемі» атты фотокөрме өтеді

Ұлттық музейде «Қазақстанның жануарлар әлемі» атты фотокөрме өтеді
фотокөрме

Ертең сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Қазақстанның жануарлар әлемі» атты фотокөрме өтеді, деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметі.

Айтулы шараны «Дұрыс аңшылықты қолдау және жануарлар әлемін қорғау» корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр. Көрмеге еліміздің барлық аймағынан 231 сурет ұсынылып, олардың арасынан 40 фотосурет іріктеліп алынған.

Бүгінгі таңда ел аумағындағы жануарлардың көптеген түрлері сирек кездесетіндердің, ал кейбіреулері жоғалып бара жатқандардың қатарына қосылып жатыр. Аталмыш шара қоғам назарын жануарлар әлемін қорғауға және сақтауға шақыруды көздейді.

Жиынға «Дұрыс аңшылықты қолдау және жануарлар дүниесін қорғау» қорының президенті Оралбай Әбдікәрімов, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Парламент депутаттары қатысады.

Фотокөрме 2015 жылғы 20 қазанға дейін созылмақ.

baq.kz

Алматы облысында қант зауыты іске қосылды (фото)

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Көксу қант зауытын іске қосып, зауыттың алғашқы өнімінің дүниеге келуіне куә болды.

Осы шара барысында республикалық қант орталығының басшысы, «Көксу қант зауыты» АҚ құрылтайшысы Нұрлан Тілеубаев пен өңір басшысы Амандық Баталов қант зауытында тау-тау болып үйіліп жатқан қант қызылшасын аралап, зауыттың өндіріс цехынының жұмысымен танысты.

1

2

3

5

6

DSM_9583

 Алматы облысында қант зауыты іске қосылды

Алматы облысында қант зауыты іске қосылды

7

Алматы облысында қант зауыты іске қосылды

DSM_9674

DSM_9675

DSM_9686

DSM_9740

DSM_9839

DSM_9840

DSM_9855

4

Сөйтіп, қант зауытында алғашқы өнім алынды. Биылғы жылы Жетісу қызылшашыларының мақсаты 12 000 тонна қант өндіру болып отыр.

ФОТО: Асқар АБАЙҰЛЫ

Айымбетов ғарышта болған Туды Мемлекет басшысына тапсырды

АйымбетовБүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың батыр ұлы, Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовті салтанатты түрде марапаттап, оған «Халық қаһарманы» атағы және «Отан» орденімен оған тиісті белгі «Алтын жұлдыз» медалін табыстаған болатын. Салтанатты шара барысында ғарышкер Айдын Айымбетов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзімен бірге ғарышқа ала барған Мемлекеттік Туды тапсырды.

— Құрметті, Елбасы! Мен ғарышқа ұшу мақсатымен соңғы 17 жыл бойы үздіксіз дайындықтар жұмысын жүргіздім. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстандағы ғарыш саласының дамуына және 1998 жылдан бері менің ғарышқа ұшуыма мүмкіндіктер жасап, қолдау жасағаныңызға зор алғысымды білдіремін. Ал енді өзіммен бірге ғарышқа ала барып, жер шарын 150 рет айналып ұшқан көк Туымызды салтанатты түрде Сізге тапсырамын, — деді Айдын Ақанұлы Айымбетов.

Сонымен қатар ғарышкер ойдағыдай жүзеге асқан сапары жайында Мемлекет басшысына баяндады. Ал оның қолынан Туды алған Нұрсұлтан Әбішұлы: «Барлық табыстарың құтты болсын! Біздің ғарышкерлеріміз енді үшеу болды. Әлі де көбейе береді деп сенеміз. Болашағымыз әр уақытта да ғарыштың биігіндей болсын! Біздің көк байрағымыз сонау ғарышқа барып, Жерді айналып келгені бізді желеп-жебеп, қолдап жүрсін! Бүкіл ғаламның күші, ғаламның қасиеті Қазақстанда болсын! Құттықтаймын!», — деді.

baq.kz

«Қазақ хандығының тарихынан…» атты кеш өтеді

"Қазақ хандығының тарихынан..." атты кеш өтеді
Қазақ хандығының тарихынан

Астана қаласында 15 қазан күні сағат 11:00-де Жәнібек пен Керей хандары ескерткіші алдында «Қазақ хандығының тарихынан…» атты кеш өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ескерткіші алдында кеш өз мәресін жетеді деп күтілуде. Бұл шара Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. «Қазақ хандығының тарихынан…» атты кеш Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы және №63 орта мектеп оқушыларының қатысуымен өтеді.

Бұл кештің мақсаты – оқушыларды ел тарихымен таныстыру, жас буынды ізгілікке, отансүйгіштікке баулу.

Астана қаласының Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының қызметкерлері оқушыларға Керей, Жәнібек, Кенесары хандарының ескерткіштері туралы және олардың авторлары жайлы танымдық баяндама жүргізеді. Сонымен қатар, Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы, танымал мүсінші Тоқтар Ермековпен кездесу өтеді.