Домой Блог Страница 20

Алматы облысынан «ЭКСПО-2017» көрмесіне 100 ерікті жас қатыспақ ниетте

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%80Алматы облысында бүгінгі таңда 432 мыңнан астам жас тұрады, оның ішіндегі 333 мыңға жуығы ауылдықтар.

Облыстағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бөлінетін қаражат көлемі жылдан жылға ұлғаюда. Мысалы, осыдан үш жыл бұрын жергілікті бюджеттен 209,3 млн. теңге бөлінген болса, биыл жастардың игілігі үшін 435,2 млн. теңге қарастырылған.

Бүгінгі таңда облыс орталығындағы іргелі ғимараттардың бірінен саналатын Жастарға қызмет көрсету орталығы білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді, өзіндік ойлары бар, жалынды қыз-жігіттердің жиі бас қосатын орнына айналып үлгерді. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айдын Нұрмұханбетұлының айтуынша, Жастарға қызмет көрсету орталығына күніне 300-400-дей жас атбасын бұрады екен.

Ал заманауи құрылғылармен жабдықталған Жастарға қызмет көрсету орталығы өз кезегінде жастардың жаңа идеялары мен жобаларына бағыт береді, күш-жігерін біріктіріп, түрлі мәселелері бойынша көмек көрсетуде. Жастардың әрі демалатын, әрі білімін жетілдіретін, әрі пікір алысатын, оларды жан-жақты қолдауға барлық мүмкіндік жасайтын ортақ шаңырақта «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020», «Қолжетімді тұрғын үй — 2020», «Серпін — 2050», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Жетісу жастары айтулы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне де атсалыспақ. Онда өткізілетін шараларға түрлі қызмет бағыттары бойынша 100 ерікті қатысуға ынта білдіріп отыр. Нақтырақ айтсақ, қалалық — 50, ауылдық 50 ерікті қыз-жігіт ағылшын тілінен оқытылып дайындалуда.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің «Көшбасшы – 2016»  жастар сыйлығы бойынша «Үздік жас саясаткер» атанған, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциализациялау офисының директоры Дамир Дигай мен «Үздік жас журналист» номинациясын қанжығасына байлаған, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің облыстағы меншікті тілшісі Самал Қабышева да өз ойларымен, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Шардарада спорт кешені пайдалануға берілді

%d1%81%d0%ba-55Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Шардарада жаңадан бой көтерген спорт кешені салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін атқарушы Тұрсынқұл Байтұрғанов барша шардаралық тұрғынды мерейлі мерекемен құттықтап, заманауи үлгідегі спорт кешенінің ел игілігі үшін жұмыс істеуіне тілектес екенін жеткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа ғимаратта №2 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасып, жұмыс жүргізеді. Мұнда бокс, қазақ күресі, дзю-до, грек-рим күресі, еркін күрес, таэквон-до, жеңіл атлетика, футбол және шахмат спорт түрлері бойынша 1200 жас спортпен жаттықпақ. Спорт кешенінің ғимаратында облыстық деңгейден бастап, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылатын болмақ.

Ресми түрде пайдалануға берілген жаңа спорт кешенінде осы күні алғашқы ойындар басталып кетті. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Оңтүстік Қзақстан облысының кубогы үшін турнир ұйымдастырылып, оған Шымкент қаласы мен басқа да аудандардан жас палуандар келіп қатысты. Тартысты өткен палуандар сайысында Шардара ауданының спортшылары командалық есеп бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Ал, екінші орынды Түркістан қаласының жас палуандары еншілесе, ІІІ орынды Шымкент қаласынан келген спортшылар иеленді.

Жеңімпаздар сый-сияпатпен марапатталып, І орынға 300 мың, ІІ орынға 200 мың, ІІІ орынға 100 мың теңге жүлде тапсырылды.

Елордалық сауда желісі мұқтаж жандарға тегін нан таратуда

Елорда әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Астана — мейірімді қала» жалпықалалық қайырымдылық акциясына қала іскерлері де қолдау көрсетуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Акцияға алғашқылардың бірі болып қосылған «5 минут» сауда-ритейл желісі қаланың әлеуметтік әлсіз тұрғындары үшін тегін нан тарату бойынша қайырымдылық акциясын қолға алды. Мұқтаж азаматтарға арналған тегін нан дүкен сөрелеріне қойылды. Шара қайырымды жандардың және желі иесінің қаржысына іске асырылуда.

Қазіргі кезде қайырымдылық акция күнделікті негізде супермаркеттер желісінің үш дүкенінде өткізілуде, олардың мекен-жайлары: Жеңіс даңғылы, 55; І. Есенберлин к-сі, 2/1; Ғ. Мұстафин к-сі, 13.

«Астана — мейірімді қала» акциясына ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Акция туралы толық ақпаратты Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан алуға болады, басқарманың мекен-жайы: Иманбаев к-сі, 16, каб. 1.

Елордада «Ынтымақты Қазақстан» конкурсы өтеді

c-1Астанада «Ынтымақты Қазақстан» конкурсы өтеді, шараны Астана қаласының Дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қатысушылар белсенді өмірлік ұстанымды көрсететін бейнешығармаға сценарий жазып, деректі фильм түсіруге, мақала жазуға, жарқын постер сала алады.

Байқау ең үздік мақала, ең үздік плакат, постер, ең үздік бейнешығарма немесе сценарий, ең үздік балалар суреті атты төрт номинация бойынша өтеді.

Конкурсқа қатысуға өтініштер қарашаның 28-інен желтоқсанның 16-сына дейін қабылданады.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, авторлық жобаларда  әрбір адамның бақытты және бейбіт мемлекетте өмір сүру, экстремизм мен терроризмнің деструктивті құбылыстарына жол бермеу тілегі ретінде ынтымақты қазақстандық қоғамның құндылықтары, конфессияаралық келісімнің тұғыры көрініс табуға тиіс.

Толық ақпарат алу үшін +7 702 482 11 61; 55 04 42 телефондарына немесе baiqau@mail.ru электронды мекен жайына хабарласуға болады.

Астанада «Ұлы дала ұрпағы» байқауы өтіп жатыр

cАстанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала ұрпағы» атты Махамбеттің жас ұрпақтарының І Республикалық байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жобаға қатысу үшін Астана қаласынан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан 7-16 жас аралығындағы 250 бала келді.

Байқау бес номинация бойынша өтуде: жас жазушылар номинациясы, жас театралдар номинациясы, мәнерлеп оқу номинациясы, аспап шығармашылық номинациясы, вокал номинациясы

Байқау барысында 25 алтын, 25 күміс, 25 қола медаль сарапқа салынады. Әр қатысушыға «Махамбеттің жас мұрагері» атты төсбелгісі мен диплом табыс етіледі.

Ақтөбедегі көптеген байқаудың жеңімпазы және жүлдегері Ақбота Бүркітбаева Астанаға алғаш рет келіп отыр. Ол жеңіске жетуден үмітті. Жас жазушылар номинациясында бақ сынайтын оның қарсыласы Талғат Сағдатов та жетістікке ұмтылады. 10-сынып оқушысы мектептегі байқауда жеңіске жеткен соң республикалық кезеңге өткен.

«Біз үш эссе жаздық. Өзіме «Қазақстанның жұлдызды қадамдары» тақырыбы ұнады. Мен шығармамда тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, ЭКСПО көрмесін Астанада өткізу құқығы үшін күресте жеткен жеңісі туралы жаздым», — дейді ол.

Байқау екі күнге жалғасады. Бүгін қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтаса, ертең гала-концерт өтеді.

Астанада зейнеткерлерге арналған шағын орталық ашылды

a41ad073359510dddec725708ebАстанада зейнеткерлерге арналған шағын орталықтың (Күйші Дина к-сі, 25/1) салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бұл 24 мыңнан астам ардагер тұратын «Алматы» ауданындағы 16-шы демалыс орны.

«Бүгінгі шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. «Елбасы атап өткендей, Тәуелсіздік заманы – жасампаздық пен істердің ұлы жолы. Бірлік пен тұрақтылық – егеменді Қазақстанның мызғымас негізін қалайтын басты құндылықтарымыз», – деді «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев шара барысында.

Шара аясында елорданың дамуына, сондай-ақ жастарды патриотизмге тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан белсенді 25 ардагерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ақтөбеде тұңғыш технопарк ашылды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбеде «ZEREK» тұңғыш технопаркі ашылды. Технопарктің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығы.

Технопарктің негізгі міндеті — ғылым мен өндірісті ұштастыру. Әлемнің озық тәжірибелерін осы жерде енгізіп, үйлестіру. Ғылыми жобаларды өңірдегі өндіріс орындары пайдаланатындай деңгейге жеткізу де осы технопаркті ашудағы бір мақсат.

— Кез келген мемлекеттің инновациялық дамуының негізі ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде ғылым мен білімнің дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін де отандық өндірісте және оқу бағдарламаларында алдыңғы қатарлы технология пайдаланылу керек, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ашылу салтанатынан кейін көпшілік технопарктің жұмысымен танысты. Онда 5 зертхана және ғылыми кітапхана бар. Онда жоғары технологиялық, инновациялық жобалар көрмесі ұйымдастырылды.
Айта кету керек, университет халықаралық әріптестікті жолға қойған. Әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен 80 академиялық келісімге қол қойылған.

Төлебиде Тәуелсіздік жылдары 29 жаңа мектеп салынған

whatsapp_image_2016-12-06_at_16-15-40-1Бұл туралы Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында хабарлады.

Тәуелсіздік жылдарындағы Төлеби ауданындағы жетістіктерді баяндаған Б.Парманов аудандағы жергілікті бюджет көлемі осы жылдар ішінде 16 есеге өсіп, бүгінгі таңда 11 млрд. теңгеден астам қаржыны құрағанын айтты. Сәйкесінше, ішкі кіріс түсімі де көңіл қуантады. Егемендік алған кезеңде аудандағы ішкі кіріс көлемі 240 млн. теңгеден 1 млрд. теңгеге жетіп, 4,5 есеге өскен.

Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдары ауданда 29 жаңа білім ғимараттары салынған. Жалпы, Төлебиде бүгінгі таңда 68 мектеп болса, 1991 жылдан бері соның 53-і күрделі жөндеуден өтіп, ыңғайластырылған мектептер саны қысқарып, типтік білім мекемелер саны 57-ге жеткен.

Баспасөз мәслихатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 2012-2015 жылдары жалпы 13 млрд. 233 млн. теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданып, іске асырылғандығы туралы айтылды.

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде ауданның 51 елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыстары жүргізіліп, орталықтандырылған ауыз сумен аудан халқының 93,7 пайызы, газдандыру жұмыстары бойынша 55 елді мекеннің бүгінгі таңға 36 ауылы немесе 82 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр», — деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Б.Парманов Төлебидегі жұмыссыздық деңгейі 6 пайыздан 4,9 пайызға түсіп, жылма жыл ауданның жұмыссыздық деңгейі төмендеп келе жатқаны туралы мәлімдеді. Мәселен, жыл басынан бері ауданда 2 мыңнанастам жаңа жұмыс орны ашылған.

Тәуелсіздік жылдары аудандағы 18 мәдени ошақтарының 7-уі күрделі жөндеуден, 8-і ағымдағы жөндеуден өтсе, 1 мәдениет үйі жаңадан салынып, қазіргі таңда 19 мәдениет ошағы жұмыс жасайды екен.

ОҚО әкімі прокуратура саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

4a71f0e5-2c4a-40ff-90a1-ff028a590958Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 6 желтоқсан — Қазақстан Республикасының прокуратурасы күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Мерейлі отырысқа облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, облыс прокуроры И.Иманов пен осы салада еңбек еткен ардагерлер қатысты.
Ел Егемендігінің 25 жылдық мерейтойымен қоса, биыл ҚР Прокуратурасына да ширек ғасыр толып отыр. Бүгін осы жылдар ішінде міндеттерін адал атқарып, қызметінде жоғары нəтижелерге жеткен 100-ден астам сала қызметкерлері алғысқа бөленіп, «ҚР прокуратурасына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Сонымен қатар, бірқатар сала қызметкерлеріне арнайы сыныптық шендер берілді.
Жиында сөз алған өңір басшысы барша құқық қорғау органдарын қос мерейлі мерекемен құттықтап, облыстық прокуратура қызметкерлерінің өңіріміздегі құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттерін ойдағыдай атқарып келе жатқанын жеткізді.
«Ибраһим Әлжанұлы, Сіздің бастамаңызбен бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Олардың бірі — халыққа қолжетімді «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» әзірленіп, интернет желісінде Шымкент қаласының картасы орналастырылды. Сондай-ақ, «Жерлерді өз бетінше иелік етуді жою», «Қауіпсіз қала –Шымкент», «Мал ұрлығына тосқауыл» жобалары бойынша да жергілікті әкімдер мен тиісті басқарма басшылары бірлесе жұмыс жүргізуде. Аталған реформалардың сәтті жүзеге асуы — еліміздің жемісті дамуына оң ықпалы болары сөзсіз», — деді Ж.Түймебаев.
Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы аталған салада 300-ден прокурор қызмет етеді. Ширек ғасырлық тарихы бар аталған құқық қорғау саласының ұйытқы болуымен түрлі қылмыстар ашылып, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтуде. Мәселен, бүгінгі таңда облыстық прокуратурада 12 жоба аясында нақты іс шаралар жоспарлары жасалып, атқарылуда. Олардың қатарында «Алаяқсыз қоғам», «Қауіпсіз қала», «Жерлерді өз бетінше иелік етуді жою мен шешу жолдары» және тағы басқа мәселелер қамтылған.
Мұнан бөлек, Тәуелсіздік жылдары прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелері заманауи техникалармен, қызметтік ғимараттармен толықтай қамтамасыз етілді. Солардың қатарында оңтүстік өңірінде Арыс, Созақ аудандары мен Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық прокуратураларының ғимараттары салынды. Облыстық прокуратура мен бірқатар аудандық прокуратуралардың ғимараттары күрделі жөндеуден өтті.

ОҚО-да телекөпір барысында болат құю зауыты іске қосылды

409d5222-7300-4a3d-af38-d94e7128aaa9Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика көлемінде «Жаңа Индустрияландыру» телекөпірі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы ұлттық телекөпір барысында Оңтүстік Қазақстан облысында «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-нің болат құю өндірісі бойынша салынған өнеркәсіп орны іске қосылды.

Елбасымен тікелей байланысқа шыққан «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-і директорының орынбасары Ә.Үсенбаев кәсіпорынның жұмысын баяндады.

– Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Су сорғылары жабдықтарын шығаратын зауытымыз Сізге жақсы таныс.«Жаңа индустрияландыру» бағдарламаңызды қолдау мақсатында, өнімді елде барынша шоғырландыру үшін болат құю өндірісі ұйымдастырылды. Жаңа зауыт арқылы алыс және жақын шет елдерге экспорт көлемін 40 пайызға арттырамыз. Қазір кәсіпорындағы жаңа өндірісіміз іске қосылуға дайын. Құрметті Елбасы! Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері Сіз жастарды қолдап келесіз. Тәуелсіздік аясында еліміз нық аяққа тұрып, келешек ұрпақ үшін толыққанды мемлекет құрдыңыз! Міне, соның арқасында осы зауытта 58 жас маман жұмыс жасауда. Арасында «Болашақ» бағдарламасымен білім алғандар да бар. Сізге өзіміздің алғысымызды білдіре отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Аса қадірменді Елбасы! Өндірісті іске қосуға рұқсат етіңіз, — деді  Ә.Үсенбаев.

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын –  машина жасау саласында алдыңғы қатарда. Компания Орталық Азияда теңдесі жоқ заманауи технологиямен жабдықталған.

Бадам индустриялды аймағында орналасқан кәсіпорынның жобалық құны 2 млрд теңгені құрайды. Зауыт жылына 3700 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс орнында 75 адам жұмыспен қамтылған. Ішкі нарықтың 60 пайызын құрайтын кәсіпорын, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Белоруссия секілді елдерге өнімін экспортқа шығаруды жоспарға қойған.

Мемлекеттік «Жаңа индустрияландыру» бағдарламасы аясында іске қосылған зауытта шойын мен болаттан ауыл шаруашылығы техникаларын, машина жасауға қажетті жабдықтар жасалмақ. Сондай-ақ, зауытта әзірленген бөлшектерден жер асты суы, шаймалау әдісі арқылы уран және өзге де сұйықтықты сорып алуға лайықталған сорғылар құрастырылады. Бүгінгі таңда өндірілген өнімдерді өткізу бойынша зауыт жетекшілігі Белоруссиямен келісім-шарт жасап қойған. Осылайша, нарықта «KARLSKRONA LC AB» ЖШС атауымен белгілі серіктестіктің бұл үшінші өндіріс орны деуге болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2010 жылдан бері 145 жоба іске қосылған. Онда былтырға дейін 180 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Құны 225 млрд. теңге болатын жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 13 мыңға жуық жұмыс орны құрылып отыр.

Жалпы ұлттық телекөпір шарасына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңадан іске қосылған кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, зауыттың алдағы өндірістік даму жоспарын талқылады. Жұмысшылармен болған сұқбат барысында аймақ басшысы зауытта шығарылатын өнімдердің сапалы және  халықаралық бәсекеге қабілетті болуы қажеттігіне тоқталды.