Домой Блог Страница 21

«Forte Bank» Шымкенттен жаңа ғимарат ашады

forteБүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Forte Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Мағжан Әуезовпен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Басқосуда тараптар екі жақты әріптестік жайын талқылап, аталған банктың облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы уақытта әкімдікпен бірлесе атқаратын шаруалары туралы әңгімелесті.
Өз кезегінде, М.Әуезов аталған банк жетекшілігімен шағын және орта бизнес бойынша несие беру бағдарламасының түзіліп жатқанын баяндаса, Ж.Түймебаев шағын кәсіп түрлері дамып келе жатқан өңірдегі азаматтар үшін бұл  жақсы мүмкіндік екенін айтты.
Айта кету керек, «Forte Bank» акционерлік қоғамы 20 жылдан астам уақыттан бері еліміздегі үздік банктер қатарында банк қызметін ұсынып келеді. Банктің республика бойынша 19 облыстық филиалы, 150 бөлімшесі бар. Таяуда Шымкент қаласында банк филиалының жаңа ғимараты ашылып, халыққа қызмет көрсете бастайды деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің банктегі кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағытымен «Forte Bank» АҚ арқылы жалпы кредит сомасы 4 522,2 млн. теңгені құрайтын 39 жобаға қолдау көрсетілген.

ОҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясат тақырыбында жиын өтті

20161019152646Оңтүстік Қазақстанда «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясаты» тақырыбында мәжіліс өтті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.  Жиынға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдары басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, діни конфессиялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдарының басшылары қатысты. Сонымен қатар, семинар жұмысын бейнеселектр арқылы қала және аудан әкімдері, мектеп директорлары мен бас дәрігерлер, жастар мен қоғам өкілдері, барлығы 1200-ден аса адам көре алды.

Мәжіліске төрағалық еткен Ж.Түймебаев Мемлекет Басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесіне баса назар аударылғанын айтып, бүгінгі талқыланатын — Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған басты тақырыптың өзектілігіне тоқталды.   «Жемқорлықтың мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Осыған орай, жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін жағдайларды жою, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру — бүгінгі қоғамның ең басты мәселесі. Мемлекетіміздің қозғаушы күші кәсіби мемлекеттік аппарат, яғни мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Сондықтан да, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын қатаң сақтау аса маңызды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа алып баратын жол қарапайым әдеп нормаларын сақтамаудан туындайтынын атап өткен жөн», — деді Ж.Түймебаев. Мұнан соң, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылған облыстағы Әдеп жөніндегі уәкіл Әмірдин Әлішев сөз сөйлеп, өңірімізде осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Айтуынша, уәкілдік құрылған уақыттан бері 68 мемлекеттік қызметші мен басқа да азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын көтеріп, жауаптар алса, Кентау және Қазығұрт ауданынан түскен 2 арыз Әдеп кеңесінің қарауына жолданып, бір мемлекеттік қызметшіге «қызметіне толық сай еместігі туралы» тәртіптік шара көрілген. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілге сымтетік арқылы 7 адам хабарласып, мемлекеттік қызметшілермен шешімін тапқан.  Сонымен бірге, отырыста Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев баяндама жасады.

Агенттік атынан жасалған мәліметтерде елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының жүзеге асырылу аспектілері ғана емес, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық жинақты ендіру нәтижелері тыңдалды.  «Transparency International үкіметтік емес халықаралық ұйымының үш жылда бір жүргізетін «Әлемдік жемқорлықтың барометрі» зерттеу нәтижелері Қазақстанда  жемқорлықпен күресте оң өзгерістердің байқалып, пара берген азаматтардың саны азайып келе жатқанын көрсеткен. Бұл еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы бағытталған нәтижелі жүйелі жұмыстың бар екенін тағы да дәлелдейді», — деді А.Шпекбаев.  Төраға орынбасары, сондай-ақ, Оңтүстіктегі білім беру, денсаулық сақтау және жер қатынастары салаларында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың азаймай отырғанын мәлімдеп, Агенттіктің облыстағы департаментіне, Ұлттық бюроға аты аталған сала жетекшілігінің жұмысын Әдеп жөніндегі уәкілдікте қарау тапсырылғанын жеткізді.  Жиын қорытындысы бойынша сөз алған облыс әкімі осынау маңызды іс-шара үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевқа алғысын білдіріп, отырыс барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстардың барлығы назарға алынып, олар бойынша тиісті шешім қабылданатын хабарлады.

Сыбайлас жемқорлық көрсеткіштері бойынша өңіріміздің республикада 8-орында екенін атап өткен аймақ басшысы халықтың әлеуметтік жағдайы түзеліп, оңалғанда аталған олқылықтардың азаятынын жеткізді.  «Оңтүстік өңірі үшін бизнес бастап, ауыл шаруашылығын дамыту маңызды шаруа. Сондықтан, облыста кәсіп бастаймын деген азаматқа құжат рәсімдеуде әкімшілік жағынан ешбір кедергі болмауы тиіс. Ал бұл тапсырмаларды орындамаған кез келген құрылым басшысына кешірім жоқ екенін ескертемін. Сондықтан, жемқорлықтың алдын аламыз десек, еліміздің көркейіп, ондағы халық тұрмысының көтерілуіне бірлесіп қызмет етейік», — деді аймақ басшысы.

Ақтөбеде баспана кезегінде тұрғандарға 356 пәтер беріледі

Ақтөбеде желтоқсанның тоғызынан бастап Қазақстан ипотекалық компаниясы желісі бойынша баспанаға үміттілерден құжаттар қабылданады. Бұл жолы үміткерлерге 356 пәтер Батыс-2 шағын ауданында салынған үйлерден беріледі. Бұл туралы Ақтөбе қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторының мамандары хабарлайды.

Бағдарламаға тек баспана кезегіне тіркелген азаматтар, яғни мемлекеттік тұрғын үй қорында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар ғана қатыса алады. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар баспанаға талапкер бола алады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар да үміткер бола алады.
Құжаттарды қабылдау желтоқсанның 9-ы мен 15-і аралығында электрондық үкімет порталы арқылы электрондық нұсқада қабылданады.

Хромтаулық компаниялар 17 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті

1-%d0%ba%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bcЕл тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қайырымдылық акциясының аясында хромтаулық компаниялар 17 млн. теңгеге көмек көрсетті. Аудан аумағында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер, ірі кәсіпорындар аз қамтылған 398 отбасыға қол ұшын созды, деп хабарлайды «Ақтөбе-ақпарат» баспасөз орталығы. «Актеп» ЖШС өкілдері Қопа ауылының тұрғыны Серік Бекеновке 200 мың теңгеге сертификат табыстады. Бұл қаражатты ол үйінің шатырын жөндеуге жұмсамақ. «Алтын дән» компаниясынан 150 мың теңгені Амангелді Ыбыраевтың отбасы алды. Отбасы қысқы отын сатып алмақ. Ал «Ақжар Агро» және «ҚазПромСтройГрупп» компаниялары Айсаулеш Иманқұлова мен Николай Звездныйдың үйлеріне газ өткізу үшін 300 мың теңгеден берді.

Сондай-ақ, «Латиком ЛТД» ЖШС хромтаулық Саян Орынбасаровтың қысқы отын алуына көмектесетін болды. Тағы да 4 отбасының үйіне көгілдір отын жеткізіп беруге «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы кепіл болды.

Бердібек Сапарбаев: Әрбір ақтөбелік Тәуелсіздік жылының мерейтойында мемлекеттің қамқорлығынын сезіну керек

b125a5b0c6cf725dfd8de316fff5df4d-smallАқтөбе облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ауқымды шаралар жалғасын табуда. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Әрбір ақтөбеліктің Тәуелсіздік жылының мерейтойында мемлекеттің қамқорлығынын сезіну керек екендігін айтты. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлайды.

Күн сайын облыста айтулы мереке қарсаңында ондаған шаралар өткізілуде. Мемлекет басшысының бекіткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу: еркіндік, бірлік, тұрақтылық, шығармашылық, өркендеу сияқты тұжырымдамасына сәйкес әрбір өткізілген іс шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларын қамтылуда.Еске сала кетейік, Ақтөбеде «Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шарасы бастау алды. 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығы бойынша 25 жұлдызды күн аясындағы шаралар Теуелсіздік жылдарында жеткен жетістігімізді баяндайды. Осы кезеңде, тек Ақтөбеде 37 өндірістік және әлеуметтік нысандарды ашылып, 200-ден астам ауқымды мәдени, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар ұйымдастырылады.

Облыс басшылығы көмекке мұқтаж әрбір азаматты назардан қалдырмау бойынша барлық қахетті шараларды жасауда.

-Биыл біз тарихи күнді атап өтеміз. 25 жыл бұрын әлем картасында тәуелсіз жас Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда болды. 25 жыл — бұл көп те, аз да жыл емес, бірақ біз осы кезеңдерде елеулі табыстарға қол жеткізе алдық. Еліміздің басты жетістігі – көп ұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағы. Экономикалық және саяси дағдарыстарға қарамастан, халқымыз тұрақтылықпен қамтамасыз етіліп, әл – ауқатымыз өсіп келеді. Мұның барлығы Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының жемісі. 25 жұлдызды күн аясында өткізілген әрбір шара облысымыздың барлық аймағын қамтиыды. Біздің басты бағытымыз — көмекке мұқтаж әрбір азамат Тәуелсіздік жылының мерейтойында мемлекеттің қамқорлығынын сезіну керек. Сонда ғана, біз тағыда өз ісімізбен бір ел – бір отбасы екенімізді көрсете аламыз, — деп қадап айтты Бердібек Сапарбаев.

Астанада «Мықты отбасы — мықты мемлекет» тақырыбында дәріс оқылды

c-1Кеше «Ұлы дала елі» 25 игі іс» акциясы шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталығында болды. Қонақтар орталықтан пана тапқандарға сыйлықтар тарту етіп, әйелдер мен балалардың мұндай жерлерге келу себептерін талқылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Комиссия мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан «Мықты отбасы — мықты мемлекет» семинар-дәрісі барысында аналар мен әкелердің жауапкершілігін арттыру мәселелері, отбасылық құндылықтарды күшейту және т.б. мәселелер көтерілді.

Қатысушылар зардап шегушілердің бұл орын туралы қайдан білгені, оларға кешенді көмек қайда көрсетілетіні туралы сауал қойды.

«Қаланың барлық емханаларында ақпараттық плакаттар орналастырылған, біздің орталықтың сайты жұмыс істейді, анықтамалықтарда және Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының сайтында сенім телефоны жазылады. Басқа мемлекеттік органдармен, мешіттермен, шіркеулермен де тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз», —  деп мәлім етті Астана қ. «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы» КММ директоры Ғалия Нури.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Римма Иманғазинова әйелдерге ғана емес, отбасыларға көмек көрсетудің маңыздылығын айтты. Осы орталықтың қызметі туралы мектептердегі ата-аналар жиналыстарында мекен-жайын атамастан, хабарлау қажет, өйткені зардап шеккендердің көбі өздерін ренжіткен адамдардан сол жерде жасырынады.

Семинар барысында белгілі болғанындай, ер адамдардың тарапынан борлған зорлық-зомбылықтан орталыққа әйелдердің 10% ғана түседі.

«Мұнда келгендеріне көбінесе әйелдердің өздері себеп. Біз мұны психологиялық портрет жасағанда анықтадық. Шынымен де, өздерін дөрекі ұстаған ерлерге тап болғандардың саны — 10%. Бұл жерде олармен әлеуметтік педагог, психолог жұмыс істейді, оларға өздерін күту жолдарын үйрететін визажистер, шаштараздар келеді. Тәрбиешілер бала тәрбиесі жөнінен кеңестер береді. Тіпті, кейде тамақ әзірлей алмайтын әйелдер де болады. Біздің міндет — осы жерден олардың басқа адам етіп шығару», — дейді Ғалия Нури.

Орталық құрылғалы мұнда 411 әйел келген. Бұл жерде бір айдан жарты жылға дейін, айрықша жағдайларда бір жылға дейін рұқсат беріледі.

Сондай-ақ, ерлерге көмек көрсету мәселесі де көтерілді. Астана қ. «Центр дружбы женщин мира» ҚБ төрайымы Яннат Низамутдинованың айтуынша, оған психолог ретінде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен ер азаматтар жиі жүгінеді екен.

Астанада «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы бастау алды

cАстанада жаңажылдық мереке күндерінің қарсаңында «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы басталды. Аталмыш шара қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақыруға бағытталған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Акция шеңберінде астаналық ТЖ департаментінің қызметкерлері халық арасында қауіпсіздікті насихаттау бойынша жұмыстар жүргізеді: инженерлік-инспекторлық құраммен аулаларды аралайды, азаматтарға қауіпсіздік ережелері нұсқалған материалдар таратады.

Қайғылы жайттардың басым бөлігі мереке күндері орын алады. Дәл осы күндері қараусыз қалған балалар тек жарақат алып қана қоймай, кей жағдайларда көз жұмып та жатады. Өкінішке орай, құтқарушылар бұндай жағдайлармен жиі кездеседі: ересектердің салғырттығы өкінішті жағдайлардың орын алуына себеп болады.

Осы ретте Астана қаласы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын ескертеді: өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар, пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде ережелерге назар аударыңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Өрт орын алған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлері бойынша қоңырау шалу қажет.

Бауырлас Түркі жұрты наурыз тойын Түркістанда тойламақ

942038e5-2484-4cf6-babf-6823183b3e96Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлім етті.

Оның айтуынша, 2017 жылдың ақпан айында күнгейде «Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасының ашылу салтанаты басталып, жыл соңына дейін түрлі айдарлармен түркі әлеміне қатысты іс-шаралар өтеді. Солардың бірі наурыз айында барша түркі жұртшылығымен бірлескен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін атауға болады.

Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында түркі тілдес театрлар фестивалі, ТҮРКСОЙ-дың ХХ опералық фестивалі, түркі әлемінің кітап көрмесі мен мәдениет пен өнер универсиадасы және  Орта Азия  халықтарының қолонер фестивалі сынды көптеген халықаралық дәрежедегі  іс-шаралар да бар.

 Өздеріңізге мәлім, 2016 жылы желтоқсан айының 1-2 күндері Әзербайжанның Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешімі қабылданған болатын. Баспасөз мәслихатында Түркістан қаласының әкімі Түркі әлемінің мәдени астанасының белгісін облыс әкіміне арнайы келіп табыстағанын жеткізді.

Жалпы ТҮРКСОЙ кеңесі өнер  мен  мәдениет саласындағы  тұлғаларды  дәріптеу  мақсатында  әр жылдарды  олардың  атымен  жариялай  отырып,  түрлі  мәдени  шараларды  тұрақты  өткізіп  отыруды  дәстүрге  айналдырған. 2012 жылдан  бастап  ТҮРКСОЙ түркі  әлемі  қалаларының  бірін  түркі  әлемінің  астанасы  деп  жариялап  келуде.  Кеңес ең  алғашқы мәдени 2012 жылды елордасы —  Астана  қаласына берсе,  2013  жылы  —  Эскишехир, 2014 жылы  — Қазан, 2015 жылы  — Мары,  2016 жылы  — Шеки  қалалары Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Ал 2017 жылы  — түркі  әлемінің  мәдени  астанасы – Түркістан  қаласына берілуін қоса есептегенде Қазақстан ТҮРКСОЙ – да  мәдени жыл эстафетасын екінші рет алып  отыр.

Киелі Түркістан қаласы үшін бұл эстафета үлкен қуаныш екенін айтқан қала басшысы бұл көне қаланың  халықаралық деңгейге көтерілу үшін үлкен мүмкіндік екенін жеткізді. «Бұл  қалалар  бір  жыл  ғана  түркі  әлемінің  астанасы  болғанымен,  өзінің  түркі  әлемінде  алар орнын, маңыздылығын  мәңгілікке  қалдыруға  қол  жеткізеді. Аталған жылды аса жауапкершілікпен ұйымдастырып, шараларды тиісті деңгейде өткізуге бар күш жігерімізді салатын боламыз»,-деді Ә.Өсербаев.

Астанада мүмкіндігі шектеулі адамдар қолдан жасаған бұйымдардың көрмесі өтіп жатыр

Астанада «Ұлы дала елі» 25 игі іс» акциясы шеңберінде «Хан Шатыр» сауда орталығының базасында елорда әкімдігінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарының көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараның ұйымдастырушылары – елорданың Жұмыспен қамту басқармасы мен Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы. Көрмеге қатысушылардың арасында қаладағы және елордаға жақын жатқан өңірлердің бес үкіметтік емес ұйымының қолөнершілері бар. Шара мүмкіндігі шектеулі адамдардың ынтасын арттыруға және олардың қызметін насихаттауға бағытталған, дейді ұйымдастырушылар.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолдарынан шыққан әлемдік брендтерден еш кем түспейтін түрлі кәдесыйлар, киіз, моншақ, табиғи тастардан жасалған бірегей бұйымдар ұсынылды.

Көрме қатысушыларының арасында «Ғажайып шеберлер әлемі» айрықша қажеттіліктері бар адамдарды қолдау орталығының негізін қалаушы Рауза Балмағамбетова бар, ол 2011 жылдан бері құлағы нашар еститін адамдарды қамқорлығына алып, кәдесый өнімдерінің өндірісін жолға қойған.

Оның айтуынша, бастапқыда кәсіпорында екі адам еңбек еткен, ал үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 38-ге жеткен.

«Менің бар қалағаным — бұл адамдарды аяғына нық тұрғызып, олардың шеберліктерін көру. Оларды кәсіпке үйрету — шағын жоба, бірақ ол еңбектенуді, төзімділік пен көп назарды қажет етеді. Бірақ бүгінгі көрме іске аспайтын мақсат болмайтынын көрсетті. Бүгінде әкімдіктің қолдауымен біздің бұйымдар елорданың ірі сауда орталықтарында, «Бәйтерек» монументінде қойылған, бұл әлеуметтік әріптестіктің, және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың көрсеткіші болып табылады. Біздің ендігі мақсатымыз – « ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу», — дейді Рауза Балмағамбетова.

Сонымен қатар, шараға мүгедектердің «Дос» Тәуелсіз өмір» ҚБ өкілдері де қатысты, олар келушілердің назарына сәндік-қолданбалы, қыш пен ағаштан жасалған бұйымдарын ұсынды. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама әзірледі. Бүгінгі күні қоғамда мүгедектіктің түрлі топтарына жататын 15 адам еңбек етеді.

«Біз әлеуметтік кәсіпкерліктің жаңа деңгейіне шықтық. Бүгінгі көрмеде біздің шығармашылық ұжым алғаш рет өнер көрсетті. Біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығы шеңберінде өз жетістіктерімізді көрсетуге қуаныштымыз», — деп мәлім етті әкімнің мүгедектер мәселелері жөніндегі көмекшісі Дина Ерділдинова.

Жаңа әлеуметтік нысандар Тәуелсіздік қарсаңында ашылады

da28f2eb-6e62-46be-b144-b558ec1c0b08Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Ж.Түймебаевтың төрағалығымен селекторлық жиын өтті. Отырысқа облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері және әкімдіктің тиісті сала басшылары қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында сөз алған Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев таяуда Әзербайжанның Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданғанын қуанышпен айтып, облыс әкіміне Әзірбайжан мемлекетінің мәдениет министрінің арнайы сәлемдемесін, яғни   Түркі әлемінің мәдени астанасы белгісін табыстады.

Бұл өз кезегінде, Түркістан қаласының халықаралық деңгейге көтерілуі үшін үлкен мүмкіндік екенін айтқан аймақ басшысы келер жылы Шымкент пен Түркістанда түркі әлемінің басын қосатын ауқымды іс-шаралар өтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, әкім көне Түркістанның түркі әлемінде алар орны мен маңыздылығына тоқтала келе оны мәңгілікке қалдыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей абыроймен өткізу қажеттігіне назар аударды.

Мәжілістің күн тәртібінде осы жылдың соңына дейін тапсырылатын құрылыс нысандары мен облыс аумағындағы жол-құрылыс жұмыстарының жағдайы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 1-ші бағытының орындалуы және құрылысы жүргізілген коммуналдық мәселелер жайы қаралды.

Бірінші мәселе бойынша  баяндама жасаған облыстық  құрылыс басқармасының басшысы С.Полатов  облыста  жыл соңына дейін бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілетінін мәлімдеді.

Жиында мәлім болғандай, ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ОҚО Қазақстан халқы  Ассамблеясының жаңа ғимараты, Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округі Султан Рабат ауылындағы ауысымына 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ал, Түлкібас ауданында түрлі әлеуметтік 20 нысан пайдалануға беріледі.  Сонымен қатар, 25 жылдық мерейтойға Шымкент қаласы, әкімшілік іскерлік орталығында тоғызқабатты  №1,2  тұрғын үйлер мен тоғызқабатты жатақхана, Сарыағаш ауданында 4 қабатты 36 пәтерлі тұрғын үй, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында бір пәтерлі 50 тұрғын үй және Түркістан қаласында 72 пәтерлі 9 қабатты екі үй мен 60 пәтерлі 5 қабатты екі үй, Түлкібас ауданында 32 және 64 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй тапсырлады. Және Мақтарал ауданында 125 орындық екі мектеп, Отырар, Төле би ауданындарында 6 спорт алаңшалары, басқада аудандарда білім ошақтары мен мәдениет нысандары  ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.Әліқұлов осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен ауыз су және су бұру саласына 11,4 млрд. теңге бөлініп, 35 жобаның құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның ішінде 35 нысанның 9-ы  2017 жылға өтпелі болса, ал қалған 26 нысан кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Сонымен қатар, ол осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен газ құбырын тарту бойынша 13,2 млрд. теңге бөлініп, 34 нысанның құрылысы жүргізілсе, оның 25-і биыл ел игілігіне тапсырылатынын хабарлады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сөз алған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Н.Байғұт биыл облыстық бюджет есебінен 305 нысанның немесе 638,8 шақырым жол мен 17 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.  Мәселен, осы жылы 603,9 шақырым жол, 60,8 шақырым аяқжол, 17 көпір, 12 құбыр және 1 теміржол өткелі пайдалануға берілуі жоспарланса, оның 126 нысаны ел игілігіне берілген.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 562 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқанын бандаған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Құралова жобалардың 3 траншқа бөлінгенін хабарлады. Атап айтқанда, І және ІІ транш негізінде 84 жобаның 83-і аяқталса, ІІІ транш бойынша 457 жобаның 151-і аяқталған.

Күн тәртібіндегі мәселелердің жайына қаныққан аймақ басшысы Ж.Түймебаев бірқатар салалар бойынша кемшіліктердің бар екеніне тоқталып, аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпелер жасады. Сондай-ақ, әкім салынып жатқан құрылыс  нысандарының сапасына назар аударуды және құрылыстың кестеге сай өз мерзімінде аяқталуын қадағалауды жүктеді.

Жұмыстың жүйесіздігінен облыстағы салынған жолдар қайта бұзылып, газ, су құбырлары жүргізіліп жататындығын айтқан әкім алдағы уақытта жол мен көпір құрылысын салар алдында  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып іс-шара жоспарын бекітуді, ал елді мекендерге берілген көгілдір отынды әрбір абономентке жеткізілуін қамтамасыз ету үшін арнайы жаспар дайындалу қажеттігін  міндеттеді.  Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жоғарыда аталған кемшіліктерді жою мақсатында тиісті сала басшыларына нақты бірқатар жүктем елер міндеттеді.