Домой Блог Страница 243

Шәй туралы не білеміз?

Шәй туралы не білеміз?«Тек қазақтар ғана шәй мен шәйдің арасында шәй ішеді» деген елге тарап кеткен анекдот бар.

Біз неге шәй ішеміз? Адамдар шәйді алғашында шипалық сусын ретінде іше бастаған. Шәй ішудің әдетке айналуы бұдан көп кейін. Бұл сусыннан өзіңнің денсаулығыңа керегін ғана алуды ойламастан, шәйді әдет бойынша қарынды қампайтқанша бет алды іше беру дұрыс емес. Шәй деген әуел баста медициналық мақсатта қолданылған екен.

Мысалы қытайдың халық медицинасында шәйді түрлі жағдайлармен уланғанда ішкен, оның эмульсиясы ауыр тері сырқатына көмектескен, ауыр дене және ой еңбегімен шаршап шалдыққанда жәрдемдескен, кейінірек шәйдің, әсіресе көк шәйдің, гипертония ауыруына қарсы тамаша емдік зат екені анықталды. Сонымен қатар, шәйдің біз біле бермейтін керемет қасиеттері де бар екен.

Халықтық медицина ұсыныстары

  • Сүт қосқан өте қою ыстық шәй (қант салынған) есірткімен, емдік дәрілермен және маскүнемдікпен уланғанға қарсы күшті құрал.
  • Қоюлығы орташа жылы шәйді лимонмен, қара бұрышпен және балмен ішкенде тыныс жолдары мен өкпесіне салқын тиген адамның несебін де, терін де қуып шығаратын құрал.
  • Көк және қара шәйдің салқындаған қою қоспасына жүзімнің құрғақ шарабын аздап (стақан шәйға бір қасық шарап) араластырса, қастың қабағына салқын тигенде, жас шығаратын қабыққа қиқым түскенде көзді жуатын құрал.
  • Шәйдің жас жапырағының шырыны, оның эсктраты немесе ұнтақталған құрғақ түрі күйікке қарсы құрал болып табылады.
  • Екіқабат әйелдің жүрегі айнып құсқысы келгенде, автокөлікте шайқалғанда және теңіз «ауыруымен» ауырғанда құрғақ шәйді шайнау керек, ол әлгі әсерлердің барлығын басады.
  • Дененің сыртындағы жараны, сондай-ақ асқазандағы, он екі елі ішектегі жараларды жазу үшін қою қайнатылған көк шәйді ұдайы ішу керек.

anabol.kz

Қытайда ұшатын дрон-такси жасалды

Қытайда ұшатын дрон-такси жасалдыҚытайда ұшатын дрон-такси жасалды, яғни дрон өндірумен айналысатын EHang компаниясы CES-2016 көрмесінде әлемдегі тұңғыш EHANG 184 ұшқышсыз таксиін ұсынды.

Аппараттың сегіз пропеллері бар, осы арқылы 100 келіге дейін жүк көтере алады және қысқа және орташа қашықтыққа ұша алады. Себебі оның аккумуляторының қуаты сағатына 100 шақырым жылдамдықпен 23 минут ұшуға ғана жетеді. Дрон экологиялық отынмен ұшады, 500 метр биіктікте ұша алады және автоном жолаушылар дрон-такси түрінде қызмет ұсына алады.

Бір адамға арналған жолаушылар кабинасында аппаратты басқару тетіктері жоқ. Онда кішігірім сенсор экраны, орындық және жүк қоятын кеңістік бар. Vistanews.ru басылымы ұшқышсыз ұшатын аппараттың дизайнын жалпы қолданысқа шығаруға лайықты екенін, алайда ұшу қауіпсіздігі жөнінде бірнеше мәселе туындап отырғанын атып отыр. Шамамен 100 сынақтан өткен дрон-таксидің құны — 200-300 мың доллар. Ал кейбір сарапшылар бұл өнертабысты болашақтың ұшатын автомобильдерінің бастамасы деп бағалап үлгерді.

kaz.tengrinews.kz

Қазақ футболшысы голландиялық клубтың ойыншысы болды

Қазақ футболшысы голландиялық футбол клубының ойыншысы болдыЭтникалық қазақ Мұрат Онал бұған дейін  Қазақстанның бірінші лигасындағы шымкенттік «Қыран» командасында ойнаған. Енді ол голландиялық футбол клубының ойыншысы болды.

Шабуылшы Голландия чемпионатындағы үшінші дивизионында көш бастап тұрған «Лиссе» командасына ауысты. Оның жаңа командасы қазіргі уақытта жоғарғы дивизионға өтуге үміткер болып отыр.

Айта кетейік, 28 жастағы Мұрат Онал «Қыран» командасына екі маусым ойнады. Бұл уақытта ол 28 гол соқты. Сонымен қатар, форвард бірінші лигадағы үздік бомбардир атанды. 2011 жылы Онал қарағандылық «Шахтер» командасына ауысуды жоспарлаған, алайда бұл клубқа өте алмады. Сол уақытта қазақ жігіті Голландияда тұрып жатқан.

Сұхбаттарында ол азаматтығын ауыстырып, Қазақстан құрамасына ойнауға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген еді.

kaz.tengrinews.kz

Тибет өмір сүруге қолайлы 20 қала мен кент салмақ

Тибет өмір сүруге қолайлы 20 қала мен кент салмақТибет автономдық ауданында алдағы үш жыл ішінде өмір сүруге, жұмыс істеуге және туризм үшін қолайлы  20 қала мен кентті салуды жоспарлап отыр.

Құрылыс жұмыстарының басталу рәсімі таяуда ғана Гонггар уезінде өткен.

Жобаның ерекшелігі табиғатқа қамқорлықпен қарау: құрылысшылар ағаштарды барынша көптеп сақтап, тауларды жоймауға және жасанды су қоймаларын жасамауға тырысады.

Жаңа қалалар автономдық ауданның 7 округінде орналасатын болады. Нысандарды жоспарлаудың соңғы кезеңі өтіп жатыр.

ҚазАқпарат

Геннадий Головкин: «2016 жылы кез келген үміткерден шақыру қабылдауға дайынмын»

gennadij_golovkin_provedet_sleduyushij_boj_21_fevralya_protiv_britanca_martina_myurreya«Мен 2015 жыл әкелген барлық жақсы пікірлерге масаттанып отырмын. Мен 2016 жылы кез келген үміткерден шақыру қабылдауға дайынмын», — деп жазды GGG өз Твиттердегі парақшасында «барлық белдіктер» мен «келесі кім» хэштегтерін және жеке жүлделерінің фотосуретін қосып.

Оған қоса, Қазақстандық боксшы өткен жылы жеңіп алған барлық жеке марапаттарын санады, деп ақпараттандырады Sports.kz.

2015 жылы Головкин Boxing.com, Yahoo Sports, Ringside Seat, WBN, Harold, Boxing News және HBO Boxing нұсқалары бойынша үздік боксшы атанған болатын.

Әбу-Дабиде «ЭКСПО-2017» туралы кітапша таныстырылды

Әбу-Дабиде «ЭКСПО-2017» туралы кітапша таныстырылдыӘбу-Дабиде Энергияның жаңартылмалы көздері бойынша халықаралық агенттіктің (IRENA) штаб-пәтерінде «Болашаққа қош келдіңіздер» атты кітапшаның тұсаукесері өткізілді.

БАӘ-дегі ҚР Елшілігінің ағылшын және араб тілдерінде шығарған брошюрасы басталуына 500 күннен сәл астам қалған «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы көрнекі құрал мен таныстыру материалы болып табылады.

Кітапшаның бірінші данасын БАӘ-дегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шариф Әбу-Дабиде Энергияның жаңартылмалы көздері бойынша халықаралық агенттіктің бас директоры Аднан Әминге табыстады.

Қ.Лама Шариф Энергияның жаңартылмалы көздері бойынша халықаралық агенттікте (IRENA) Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі ретінде 2016 жылдың 16-17 қаңтар күндері Әбу-Дабиде өтетін IRENA-ның 6-шы сессиясына дайындыққа арналған брифингке қатысты. IRENA Ассамблеясының 6-шы сессиясы әлемге төніп тұрған жаһандық энергетикалық өтудің сынамалы аспектілері мәселелерін бірінші кезекке жылжытып отыр.

IRENA-ға мүше 143 мемлекет пен оның құрамына кіруді күтіп отырған 25 елдің форумында энергетика саласын өзгерту болашағымен ой бөлісіп, жаһандық энергетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында энергияның жаңартылмалы көздерін дамыту үшін шешімдер ұсынылады.

ҚазАқпарат

Әуежайлардың инфрақұрылымын дамытуға қытайлық компания қызығушылық танытып отыр

Әуежайлардың инфрақұрылымын дамытуға қытайлық компания қызығушылық танытып отырҚазақстандық облыс орталықтарында әуежайлардың инфрақұрылымын дамытуға қытайлық  «China Railway Airport Construction Group Co. Ltd.» компаниясы «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларын қосу аясында қызығушылық танытып отыр.

Бұл туралы ҚР-ның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевпен кездесу барысында аталған компанияның халықаралық жобалар департаментінің басшысы Сю Дуншэн (Xiu Dongshen) мәлімдеді.

Ш.Нұрышев сондай-ақ «Guangdong Tiantu Investment Co.Ltd» басқармасының төрағасы У Цзэю және «China Overseas Petroleum Group Co. Ltd.» басқармасының төрағасы Вэй Датяньмен кездесулер өткізді.

Тараптар ҚР-да іске асырылып отырған жобалардың жағдайы мен инвестициялық, өнеркәсіптік, логистикалық, инфрақұрылымдық және мұнай-химиялық салаларда ынтымақтасу болашағын талқылады.

ҚазАқпарат

Motorola бренді жойылатын болды

Motorola бренді жойылатын болдыҰялы байланыстағы Motorola бренді айналыстан шығарылады. Бұл туралы компанияның директоры Рик Остерлох мәлімдеді.

ХХ ғасырда байланыс саласындағы әлемнің беткеұстар компанияларының бірі болған Motorola-ның жаңа ғасырда жолы болған жоқ. Бәсекеге төзе алмаған компанияны алдымен интернет алпауыты Google сатып алып, оның негізінде өз ұялы телефондарын дамытуды көздеген. Алайда жоспары өзгеріп, 2014 жылы оны қытайлық Lenovo корпорациясына 2 млрд 910 млн долларға сатты.

Қытайлықтар да осы арқылы смартфондар нарығындағы орнын күшейтіп, Apple және Samsung-пен бір қатарға тұруға үміттенген. Алайда Motorola бренді телефондарының сатылымдары үмітті ақтамай, 30%-ға кеміді. Енді Lenovo өз өнімдерінен Motorola брендын біртіндеп алып тастап, Moto атауын дамытуды көздеп отыр.

24 kz

2016 жылы өтетін олимпиадалар, жарыстар, чемпионаттар

430EE3FA-4262-4362-A5C1-C640BA8ED506_w640_r1_s_cx0_cy6_cw02016 жыл олимпиадалар, жарыстар мен чемпионаттарға толы болмақ. Төрт жылда бір келетін басты жарыс 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтеді. Қазақстан бұл жарысқа жүзге жуық спортшы апаруды жоспарлап отыр. Қазір елде 41 жолдама бар. 7-18 қыркүйекте осы қалада паралимпиада ойындары өтеді.

2-13 ақпанда Сербияда футзалдан Еуропа чемпионаты өтіп, бұл сынға Қазақстан құрамасы алғаш рет қатысады. Қазақстанның топтағы қарсыластары Ресей мен Хорватия болмақ.

12-21 ақпанда Лиллехамерде (Норвегия) жасөспірімдердің қысқы олимпиадасы болады. Бұл жарысқа мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мен конькиден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Станислав Палкин қатысады.

Қыркүйектің 24-і мен қазанның 3-і аралығында Данангта (Вьетнам) жағажайдағы Азия ойындары өтеді. (Қазақстан 2014 жылы Пхукетте (Таиланд) өткен жағажайдағы Азия ойындарында 8 алтын, 9 күміс, 10 қоламен жалпы есепте алтыншы орын алған).

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТТАРЫ

26-30 қаңтарда Жапонияда өтетін велоспорттан Азия чемпионатында Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама таратылады. Бұл сынға Қазақстан әйелдер құрамасы толық құрамда қатысып, олимпиада лицензиясына таласады.

Ақпанның 17-cі мен 21-і аралығында Таиландта күрестен Азия чемпионаты өтеді. Ал 18-20 наурызда Астанада өтетін азиялық олимпиадаға іріктеу турнирінде Рио жолдамасы таратылады.

13-18 сәуірде семсерлесуден Уси қаласында (Қытай) Азия біріншілігі өтіп, олимпиада жолдамасы сарапқа салынады.

19-20 сәуірде Манилада (Филиппин) Азия құрлығының таэквондошылар олимпиада жолдамасы таратылатын жарысқа қатысады. Бұл жарысқа Қазақстан толық құрамда қатысады.

25-30 сәуірде Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты ұйымдастырылады.

Қазақстан құрамасы мамырдың 28-і менмаусымның 1-і аралығында Жапонияда өтетін триатлоннан құрлық біріншілігінде де олимпиада жолдамасын алуға тырысады.

ӘЛЕМДІК ЖАРЫСТАР

16-21 ақпанда Тайпейде мәнерлеп сырғанаудан Америка, Азия, Австралия және Африка спортшылары қатысатын «Төрт құрлық чемпионаты» ұйымдастырылады. 2015 жылы бұл жарыстың ерлер арасындағы сынында қазақстандық алтын алған Денис Тен биыл да осы жарысқа қатысады. Ол наурыздың 28-і мен сәуірдің 3-і аралығында Бостонда (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына да барады.

11-15 наурызда Сеулде (Оңтүстік Корея) шорт-тректен әлем біріншілігі ұйымдастырылады. Бұл жарысқа Қазақстан төрт ер, екі әйел спортшы апару құқығына ие.

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 6-22 мамырда Ресейде өтетін әлем чемпионатына барады. Қазақстан топтық кезеңде Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия, Даниямен ойнайды.

19-27 мамырда Астанада бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде спортшылар Рио-де-Жанейро олимпиадасының лицензиясына таласады.

22-29 мамырда Мәскеудегі қазіргі бессайыс бойынша өтетін әлем чемпионатында да Рио олимпиадасының жолдамасы таратылады.

azattyq.org

Инстаграмдағы сүйкімді егіздер

Инстаграмдағы балалардың суретін көргенде езу тартпайтын жан табылмайды. Ал егер ол суреттің иесі сүйкімді егіздер болса ше?

Біз инстаграм желісіндегі танымал егіздердің суреттерінің топтамасын жасадық. Ұнаса, лүпілдеріңізді басып, бөлісе отырыңыздар.

@2yungkings

4 жасар сәнқой жігіттер — Даниэль мен Майкл.

сүйкімді егіздер 1448266406v5o60 1448266408rmv3b 1448266409dgy1j 14482664074paio 1448266405590gw

@theroyaltwins

Белла мен Хлоені Инстаграм желісінде 67 мыңнан астам адам оқиды екен.

1448266457f4yxc 1448266459nxxp2 1448266461coz5v 144826645971t4m

@viviolifashion

Виви мен Олидің мамасы дизайнер. Сондықтан ол егіз балапанға образ таңдаудын жалықпайды екен.

1448266510n0tei 14482665092ljyd 1448266507839pq 144826650856281

@elle_four_mom

Эля – төрт қыздың анасы. Асия мен Сафия егіздер.

1448266590dz4el 1448513584ft2go 14482665890zpps 144826658746x2b

@megan_morgan_trueblue

Қара нәсілді Меган мен Морганның көздері ерекше әдемі.

1448266630m75xg 1448266631eh75s

1448266632bbvhq 1448266632zdn42

@sunmoooon

Ал мына екі балапанды анасы емес, әкесі суретке түсіргенді жақсы көреді екен.

1448266687be36v 1448266688ik29f 1448266689c0qrw 1448266693w6kar