Домой Блог Страница 248

Жұлдыз-жорамал-2016: Мешін жылы Сіз үшін қандай болмақ?

Мешін жылында өмірдің әр саласы түрлі оқиғаға толы болмақ. Қазір көңіліңізден шықпай жүргеннің бәрі: жеке өміріңіз, денсаулығыңыз бен қызметіңіз жақсы жаққа өзгермек. Тек мұны шын көңілмен қалау керектігі есіңізде болсын. Жұлдызнаманың әр белгісінің өз құпиясы бар.

ТОҚТЫ

1368011870Тоқты жұлдызымен туылғандар Мешін жылында артық уайымсыз, тоқшылық пен тұрақтылықта өмір сүреді. Десе де, артық шығынға ұшырамаудың жолын біліп, әр қадамыңызға мейлінше мұқият болғаныңыз жөн.

Тоқтылар өздерін жұмыс орнында жақсы сезінсе, істеген ісі де табысты болмақ. Ал ол үшін жұмыс орнын кез келген жобаға құлшыныспен кірісетіндей әрдайым шабыт алатын ерекше бұрышқа айналдырыңыз. Бұл қызмет сатыңыздың жоғарылап, алдыңыздың ашық болуына себепші болмақ.

Мешін жылы отбасын жаңа құрған Тоқтылар үшін тосынсыйға толы болмақ. Олардың барлығы да тек әдемі естеліктерімен есіңізде қалады. Ал өмір ағысы бар салада тек жағымды жаңалыққа толы болсын десеңіз, жақындарыңызға мейлінше көп уақыт бөлуге тырысыңыз.

ТОРПАҚ

1368012028Көптен күткен марапаттау сәті де туды. Қызметіңіздегі жақсы жаңалықтар сізге тек қуаныш сыйламақ. Қолға алған істеріңіз оңынан болып, нәтижесі ойыңыздан шығады.

Жеке өміріңіз үшін қам жемеуіңізге болады. Айтарлықтай қиындық немесе келеңсіз оқиғалар орын алмайды. Сізді бар болмысыңызбен қабылдап, жоғары бағалаушылар қатары артады.

Денсаулығыңызды әрдайым назарда ұстаңыз. Ас мәзіріне көңіл аударып, «Ауру астан» деген қағиданы ескеріңіз. 2016 жылы өмір бақи есіңізде қалар саяхатқа аттануыңыз мүмкін.

 ЕГІЗДЕР

1368012372Бұл жұлдызбен туылғандар қолынан бірнәрсе келмесе, көңіл күйі түсіп, күйзеліске тез ұшырайды. Мешін жылында Егіздерді күйзеліске ұшыратар сәттердің орын алатыны жасырын емес. Бірақ олар кез келген сынаққа төтеп беруге дайын.

Жұмыс – Егіздер өмірінің негізгі бөлігі және олар ақша табудың жолдарын жақсы біледі. Десе де жеке кәсіп пен күмәнді жобаларға көп жақындамаған жөн.

Жоғарыда айтылғандарға қарамастан Егіздер әрдайым сүйіктілері мен жақындарының назарында болып, түрлі сыйлықтармен көңілдері көтеріңкі жүрмек.

ШАЯН

1368012549Егер Шаян жұлдызымен туылған жандардың екінші жартысы болмаса, олар оны жаңа жылда міндетті түрде кездестіреді. Ал отбасы бар Шаяндар көптен бері тыныштық бермей жүрген – несие, тұрғын үй сынды үлкен мәселелермен қатар тұрмыстық кикілжіңдердің де шешімін таппақ.

Жаңа жылда бұл жұлдыз өкілдері материалдық қажеттіліктерге мұқтаж болмайды. Демек, қаржылық қыспақтан қорқудың қажеті жоқ.

Бас аурулары мен көңіл күйдің тұрақсыздығы мазаласа, үй жануарлары – мысық, ит жақсы дос бола алатынын ескеріңіз.

АРЫСТАН

13680128052016 жылы бұл жұлдыздың табыс кілті көтеріңкі көңіл күй мен өзіне деген құрметте болмақ.

Өзіңізге әрдайым күтім жасап, денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Сондай-ақ тым әсірешілдікке бармай, кез-келген жағдайда сабырлы, ұстамды болыңыз. Мешін жылы Арыстандарды әрдайым олардың жанынан табылып, көмек қолын созатын ерекше жанмен табыстырады.

Сезімге тым берілмей, ақ пен қараны ажырата біліңіз. Шын сүю мен сүйікті болу оңай еместігін ұғыңыз. Өйткені Арыстандардың тартымдылығы бұл жылы көптеген жаңа қатынастардың бастамасы болмақ.

БИКЕШ

1368012961Бикештерді жаңа адамдармен кездесу, қызықты саяхат күтіп тұр. Десе де, өзіңіз үшін ненің маңызды екенін білгеніңіз жөн. Барлығына бірдей күш те, уақыт та жетпейтінін ескеріп, алдыңызға нақты мақсат қойыңыз.

Жалғызбасты Бикештер 2016 жылы арманындағы жанды кездестіреді. Ал жұбы барлардың қарым-қатынастары жаңа кезеңге өтпек.

Артық салмақтан арылғысы келетін Бикештер үшін қолайлы уақыт туады. Дене жаттығуларымен мейлінше көбірек айналысуға тырысыңыздар. Өздеріңізге сенімділіктеріңіз көп нәрсеге жол ашпақ.

ТАРАЗЫ

13680130402016 жылы Таразылар үшін бастысы жұмыс болмақ. Егер тырысып бақса, еңбегі жемісті болып, көңіл қуантпақ.

Мешін жылында бірінші орынға жеке бастың мәселесін қоюдың қажеті шамалы. Егер қандай да бір жағымсыз байланыстар, қарым-қатынастар болса, оның бәрін үзетін кез келді.

Денсаулыққа мұқият болу керек. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы зор.

САРЫШАЯН

13680133992016 жыл өзгерістер уақыты болмақ. Түрлі оқиғалар толқынына тап болса да, Сарышаяндар кез келген жағдайдан жеңімпаз болып шықпақ.

Мешін жылында отбасында келеңсіздіктер мен дау-дамайлар орын алмайды. Сарышаяндар бар мәселені байыппен, бейіт шешпек.

Иммунитетті арттыратын табиғи өнімдерді жиі қолданыңыз. Сонда 2016 жылы ауру-сырқау сізді мазаламайтын болады.

МЕРГЕН

1368013521Қызметтегі ерліктеріңіз еленбей қалмайды. Жаңа жылда Мергендер жаңа жобаларға қол жеткізіп, бар күш-жігерін сонда салмақ. Табысыңыз шығыныңыздан әлдеқайда көп болып, сонысымен де сізді қуантпақ.

Десе де, тым жұмысбастылыққа салынып, жеке өміріңізді естен шығарып алмаңыз. Өйткені дәл Мешін жылы жалғысбасты Мергендер үшін сәтті болмақ. Жұмыстың екінші жартыңызды алмастыра алмайтынын ойлаңыз.

Жаңа жылда саяхатқа, қызықты сапарға аттануыңыз ғажап емес. Ондай мүмкіндікті құр жібермеңіз.

ТАУЕШКІ

1368013606Қолда барды бағалай білгеніңіз жөн. Әйтпесе, барыңыздан айрылып қалуыңыз ғажап емес. Жұмысты шын көңілмен жасаңыз, жақындарыңызға көңіл бөлуді естен шығармаңыз. Мұның барлығы – сіздің байлығыңыз.

Жеке өміріңізде қуанышқа толы сәт көп болмақ. Өміріңіздің әр минутынан рахат ала біліңіз.

Сүйікті ісіңізбен айналысуды, әсіресе, Мешін жылында қолға алыңыз. Бұл сіз үшін уақытты тиімді өткізу тәсілі ғана емес, табысты кәсіп көзі болуы да мүмкін.

Бауыр мен асқазан ауруларынан сақ болып, уақытылы дәрігерге қаралып тұрыңыз.

СУҚҰЙҒЫШ

1368013715Суқұйғыштар Мешін жылында мақсаттарын барынша биік қойған сайын, оған жету жолы да жақындай түспек. Жаңа жылда арман-қиялға берілгіш Суқұйғыштардың айы оңынан туып, біраз арманына қол жеткізеді.

Ішкі түйсігіңізге құлақ түре біліңіз. Кез келген сәтте мәселенің шешімін табуға түйсігіңіз көмек болмақ.

Жаңа жыл жаңа жобаларды бастауға қолайлы кезең болмақ. Тиісінше, қаржылық қиындықтар да туындай қоймайды.

БАЛЫҚТАР

1368013790Жаңа жылда Балықтар басқан әр қадамында жұлдыздардың қуатын сезінбек. Кез келген істе табыс пен жеңіс Балықтар жағында болады. Десе де, бұл жұлдызбен туылған жандар тәуелсіз, еркін өмір сүруді, тек өздеріне сенім артуды үйренгендері жөн.

2016 жыл Балықтар үшін қуанышты сәттерімен есте қалады. Әсіресе, махаббаттың құшағына енген жандардың шуақты күндері көп болмақ.

Мешін жылында көптеген жаңа достар кездестіріп, әрдайым елдің назарында болады.

anabol.kz

Қорытынды — 2015: Жетістіктер мен жеңістер

Қорытынды жасар уақыт та таяп қалды. Қой жылы қазақстандықтар үшін берекелі жыл болды. Себебі үлкен халықаралық байқаудан жүлделі оралғандар, ел сүйіспеншілігіне ие болғандар жетерлік. Әсіресе спорт пен өнер саласында. 2016 жыл бұдан да көп табыс алып келеді деген сеніммен, биылғы жылдың басты жетістіктеріне шолу жасап өтейік.

Геннадий Головкин

golovkin_vs_macklin_1_20130629_1224393400GGG символымен былтырғы жылы көптеген отандастарымыз өзінің киімдері мен көліктерін әшекейлеген болатын. Бірақ биыл Генаға қазақстандықтардың ілтипаты одан да жоғары. Әрине бір жыл ішінде үш бірдей жеңіс. Жыл басында кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері, жерлесіміз Геннадий Головкин Мартин Мюррейді нокаутпен жеңген болатын. Одан кейін Вилли Монроны алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, орта салмақта суперчемпиондық атағын қорғап қалды.  Ал жуырда ғана канадалық Давид Лемьемен өткен жекпе-жекте жеңімпаз атанып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл оның әлемдік бокс тарихына қосқан тағы бір жаңалығы болатын.

Оған қоса,  Геннадий Головкин барлық салмақ дәрежесі (Pound-For-Pound) бойынша 2015 жылдың «Ең үздік боксшысы» атанды.

Илья Ильин

2757348 12.12.2015 Илья Ильин (Казахстан) во время соревнований по тяжелой атлетике среди мужчин в весовой категории до 105 кг на Кубке Президента РФ 2015 в Грозном. Саид Царнаев/РИА Новости

Қазақстандықтардың тағы бір сүйікті спортшысы – Илья Ильин де осы жылы әлемнің екі бірдей рекордын жаңартқан болатын. Ауыр атлетикадан Ресей Федерациясы президентінің Кубогы үшін халықаралық турнирде 2 дүркін Олимпиада чемпионы, әлемнің төрт мәрте чемпионы, қазақстандық Илья Ильин 105 килоға дейінгілер арасында жеңімпаз атанды. Атадан арыстан туған еріміз өзінен осы сайыста зор үміт күтіп отырған жерлестерінің мәртебесін тағы да осылайша көкке жеткізді.

Денис Тен

photo_31192Денис Тен — жекелей дәрежеде конькимен мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері. Жыл басында ол Сеулдегі «Төрт құрлық турнирін» жеңіп шығып, ал Шанхайда өткен  әлем чемпионатында қола жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Бұнымен спортшы тоқтап қалған жоқ. Жылдың аяғында. Яғни қараша айында Германияда өткен NRW Trophy турнирінде ол екінші орын алса, желтоқсан айының басында Хорватиядағы Golden Spin турнирінің бас жүлдесін иеленді.

Кайрат Ахметов

urn09Әр жеңісінен кейін қазақтың «Қара жорға» биін билейтіндігімен танымал Қайрат Ахметов үшін де бұл жыл өте табысты аяқталды.
Қараша айының соңында One FC лигасындағы дебют жекпе-жегінде «Қазақ» деген лақап атпен танылған Ахметов бұл ұйымның чемпионы бразилиялық Адриано Мораешпен кездесіп. қазылар алқасының шешімімен қазақстандық спортшы жеңімпаз атанған болатын.

Джиу-джитсу бойынша чемпиондар

dyLyOCb6zRM(1)Жыл басында Лиссабонда өткен джиу-джитсу спорт түрінен Еуропаның ашық біріншілігінде қазақ палуаны Қуат Сағиев пен 100 келіден аса салмақта күрескен жерлесіміз Андрей Боргерс ел қоржынына бір-бір алтын медальдан салды.

Қазақстан үшін джиу-джитсу жас спорт, яғни біздің елде енді ғана дамып келеді. Осыдан бес жыл бұрын Астана мен Алматыда ашылған спорттық клубтар енді ғана алғашқы нәтижелерін беріп жатыр десек болады.

Димаш Құдайбергенов

Krudaybergen_pevec-620x370Биыл бұл әнші үшін ең табысты жылдардың бірі болды десек, ағат емес. Димаш Құдайбергенов Қазақстан тәуелсіздік алған 24 жылда «Славян базары-2015» байқауының жеңімпазы атанған алғашқы әнші. Гран-при жүлдесі үшін 20 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Димаш небәрі 21 жаста. Әрине жас таланттың алар биік шыңдары әлі де алда деген үміттеміз.

Әдемі

скачанные файлыСочи қаласында өткен «Жаңа толқын-2015» байқауының қорытындысы бойынша қазақстандық әнші Ademi индонезиялық әнші Millane Fernandez-бен екінші орынды бөліскен болатын. Қазақ елі үшін байқаудың 13 жыл тарихында бұл ең жоғарғы көрсеткіш болатын.

Еске сала кетейік, биыл бұл байқауда Қазақстанның намысын екі қатысушы: әнші Ademi және VoiceKZ тобы қорғады.

Осылайша, Ademi 2,2 млн. рубль мен «Көрермендер көзайымы» сыйлығын иеленді. Әнші Ademi-нің  шын аты жөні Динара Қайырова.

«Орда» тобы

a70f7f9a5eb1a5eda118369e0155a73b«Орда» тобының сахнада жүргеніне 15 жыл болса да биыл алғаш рет «Turkvisyon» байқауына қатысып жүлделі екінші орынға қол жеткізді. Бұл айтарлықтай жеңіс десек те болады.

Түркі әлеміндегі ең ірі музыкалық сайыста өнер көрсетіп, жеңімпаз атану –әркімнің арманы. «Turkvizyon» ән байқауының өтіп жатқанына биыл 3-ші жыл. Алғашқы сында Әзірбайжан әншісі жеңімпаз болса, былтыр бас жүлде Қазақстанға бұйырды. Сол жолы өнерімен көпшілікті тәнті еткен Жанар Дұғалова биыл құрметті қонақ ретінде ән шырқады.

Еркін Тұрсынхан

DSC_629512 жастағы Қарағанды облысының тумасы Еркін Тұрсынхан «Bala Turkvizyon» ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сынында жеңімпаз деп танылған болатын. Әрине одан кейін ол Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін халықаралық байқаудың гранд-финалында ел намысын қорғады.

Осынау әншілер додасында финалистер арасында Тұрсынхан екінші орынды иеленіп, «Түркі әлемінің алтын даусы» арнайы атағын алды.

Геннадий Головкиннің есімі 2015 жылғы «бокс әліппесіне» енгізілді

Геннадий Головкиннің есімі 2015 жылғы «бокс әліппесіне» енгізілдіГеннадий Головкиннің есімі 2015 жылғы «бокс әліппесіне» енгізілді. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Американдық Bleacherreport.com сайты әр әріпті белгілі бір есіммен немесе оқиғамен байланыстырып 2015 жылғы «бокс әліппесін» құрастырды.

G әрпінде орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий «GGG» Головкин белгіленген.

33 жастағы қазақстандық — 34-0 (31 КО)2015 жылы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Оның 2016 жылда болуы ықтимал Альвареспен кездесуін барша жұрттың көргісі келеді.

ҚазАқпарат

Africa Eco Race-2016: қазақстандық шабандоздар алғашқы кезеңді сәтті бастады

Africa Eco Race-2016: Қазақстандық шабандоздар алғашқы кезеңді сәтті бастадыAfrica Eco Race-2016 ралли-марафонының Мароккода басталған алғашқы кезеңі қазақстандық шабандоздар үшін сәтті басталды. Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеді.

203-нөмірлі экипаж мүшелері Юрий Сазонов пен Алексей Кузьмич 37 минут 25 секундта ең үздік нәтиже көрсетіп, өздерінің командаластары Қанат Шагиров пен Виталий Евтеховты 2 минут 52 секундқа басып озды.

Екі экипаж да Mobilex Racing командаларының атынан тартысуда.

Africa Eco Race-2016 ралли-марафоныныңда үшінші болып португалдық шабандоз Рикардо Леала Дос Сантостың экипажы (40 минут 27 секунд) келді.

24.kz

Отандық блогерлер Қазақ хандығының 550 жылдық медальдарымен марапатталды

Отандық блогерлер Қазақ хандығының 550 жылдық медальдарымен марапатталдыОтандық блогерлер Қазақ хандығының 550 жылдық медальдарымен марапатталды.  Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аяқталуға бет бұрған жылды қорытындылай келе Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан блогерлері Альянсының президенті Ғалым Байтүкке ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаты мен Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтолық медалін табыстады.

2015 жыл Қазақ хандығы құрылуының 550-жылдығын атап өтумен ерекшеленді. Бұл айрықша мерекені тойлауға еліміздің барлық азаматтары қатысып, республика бойынша 700-ден астам түрлі шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларды айқындаумен отандық және шетелдік БАҚ айналысты. Мерейтойлық іс-шараларды насихаттау жұмысына әлеуметтік желілер қолданушылары да белсенді қатысты.

Қазақстанның бас блогерімен кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгінгі таңда әлеуметтік желілер бейресми бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атқарып жатқандығына тоқталып кетті. Олар түрлі жаңалықтарды халықтың кең топтарына қолжетімді етіп, оларды қарапайым және барлығына түсінікті етіп жеткізеді.

«Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған шараларды айшықтауға қатысқан еліміздің барлық блогерлеріне шексіз алғысымды білдіремін. Жыл бойы блогерлер жеке парақшаларының беттерінен бүкіл әлемге ұлттық тарихымыз, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз туралы баяндау және мыңдаған жазылушыларымен фотосуреттермен бөлісу арқылы қоғамда патриоттық сезімдерімен өз елі үшін мақтаныш сезімін ұялатуға атсалысты», — деді министр.

Сонымен қатар, Жанна Ильичева, Аршат Ораз, Арыстанғали Сансызбаев және Серік Мәмбетов секілді қазақстандық блогерлер мерейтойлық медальдармен марапатталды.

baq.kz

ОҚО-да 300-дей ана алтын мен күмістен алқа тақты

ОҚО-да 300-дей ана алтын мен күмістен алқа тақтыҚР Президентінің Жарлығымен  жаңа жыл қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысындағы 289 көп балалы ананың 68-і  «Алтын алқа» тақса, 221-і «Күміс алқа» иегері атанды.

Нәтижесінде облыста 30673 ана алтын, 41 260 ана күміс алқа тағынып, еліміздің құрметіне бөленіп отыр. Аталған марапаттарды көбіне Сарыағаш пен Мақтарал аудандарының аналары алуда. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетейік, аймақта 18 жасқа дейінгі  төрт және оданда көп баласы бар 78 мыңнан астам әйел азаматтары өмір сүруде.

Өңірде ана мен бала өлімі азайып, демографиялық потенциал артты. Жыл сайын 70 мыңнан астам немесе елдегі әрбір 5-ші сәби қаймағы бұзылмаған қазақы өңірде дүниеге келеді.

ҚазАқпарат

Жуырда ерімейтін бірегей шоколад сатылымға шығады

Швейцарияда ерімейтін бірегей шоколад ойлап таптыШвейцариялық компания ерімейтін бірегей шоколад рецептін шығарды.

Шоколад қолда ерімейді, ол 38 ° C төмен кез келген температурада да қаттылығын сақтайды.

Өнім ауа температурасы өте ыстық елдерге тасымалдауға ыңғайлы болып табылады.

«Тәттіні тасымалдауда еш кедергісіз, клиенттеріңіздің көңілінен енді шыға алатын болдыңыздар»,- деген өндіруші компания басшысы өз сөзінде.

ҚазАқпарат

Динара Сәдуақасова Дохадағы беделді шахмат турнирінің ТОП-50-лігіне кірді

Динара Сәдуақасова Динара Сәдуақасова Дохадағы беделді шахмат турнирінің  ТОП-50 -лігіне кірді.

Катарда кілең мықтылардың қатысуымен шахматтық супер турнир жалғасуда, деп хабарлады   Sports.kz.

Қазақстаннан үздік  — Динара Сәдуақасова —   4,5 ұпаймен 8 турдан кейін 47-ші орында.

Жанат Сайын — 60 (4 ұпай), а Жансая Әбдімәлік -үш балмен  101-ші.

Норвегиялық Магнус Карлсен  6,5 балмен көш басында келеді.

ҚазАқпарат

Әлем чемпионы Елдос Сметов шаңырақ көтерді

Әлем чемпионы Елдос Сметов шаңырақ көтерді2015 жылы дзюдодан Астанада өткен әлем чемпионатында Қазақстанның Туын биікке көтеріп, Әнұранын шарықтатқан отандасымыз Елдос Сметов шаңырақ көтерді.

Бұл туралы дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлап, құттықтады.

Қазақтың мақтанышы, әлем чемпионы Елдос Сметов пен оның сүйіктісі — Мөлдір шаңырақ құрды. Жас отбасын қуаныштарымен құттықтаймыз және жанұяларына бақыт, береке тілейміз, — деген құттықтауда.

massaget.kz

Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең…

Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең...Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жаңа жыл қарсаңында ардагерлермен кездесті. Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде өткен дәстүрлі кездесуге облыстағы 140 ардагер қатысты.
— Тәуелсіздіктің тұғырлы, елдігіміздің баянды болуына сіздердей парасатты, зиялы қауымның зор үлесі бар деп білемін. Халқымызда «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген даналық сөз бар. Сіздер барда біз әлі талай биіктерді бағындырамыз. Алдағы жылымыз да табысты болсын! – деді облыс әкімі А. Баталов аға буынның алдында сөйлеген құттықтау сөзінде.
Ардагерлерге мықты денсаулық, әулеттеріне бақ-береке тілеген аймақ басшысы Елбасының берген тапсырмаларының өңірде орындалу барысына, жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындыларына тоқталып өтті. Облыс орталығын көркейту шаралары, Талдықорған қаласында жуырда бой көтеретін нысандар туралы да айтты.
Өз кезегінде ардагерлер Мемлекет басшысына, облыс басшылығына көрсетіп келе жатқан қолдаулары үшін ризашылықтарын жеткізіп, жас буын өкілдерін тәрбиелеуге өз үлестерін қоса беретіндіктерін айтты.
Жиын барысында әрбір ардагерге 70 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріліп, «Құлансаз» ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Сонымен қатар еңбек ардагері Марков Анатолий Ивановичке «Алматы облысының Құрметті азаматы» төсбелгісі тағылды.