Домой Блог Страница 260

Қазақстан шығармашылық жоғары оқу орындарының үш магистранты Назарбаев стипендиясын иемденді

Қазақстан шығармашылық жоғары оқу орындарының үш магистранты Назарбаев стипендиясын иемдендіҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегерлер тізімін бекітті. Беделді стипендияға қол жеткізгендердің арасында ел шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері де бар.

2015 жылы конкурсқа 46 магистранттың құжаты келіп түсті. Конкурс комиссиясының ережелері мен шешіміне сәйкес олардың ішінен 10 үміткер іріктеп алынды. Олардың барлығы ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, қоғамдық жұмысқа белсенді атсалысып жүрген оқу үздіктері.

Камила Әбдірашитова Қазақ ұлттық өнер университетінің «Театр, кино және ТВ» факультеті «Өнертану» кафедрасы магистратурасының екінші курс студенті. Оның жазып жатқан диссертациясының тақырыбы Қазақстан киноөндірісіндегі поэтикалық киноның орнына арналған. Жас ғалымны айтуына қарағанда, ол отандық киноны дамытуды өз алдына басты мақсат етіп қойған. «Президентімізді жас ғалымдарға көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғысымды білдіремін. Өз кезегімде мен ұлттық кинотануды дамытып, отандық киноны Қазақстан және шетелдік көрермендер арасында насихаттауға бар күшімді саламын. Қазақстан киносы ең жоғары әлемдік деңгейдің биігінен көру – менің басты арманым», — деп ойымен бөлісті ол.

Алдияр Байракимов Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультеті магистратурасының студенті, аталмыш академияның бакалавриатының түлегі. Жас режиссер ҚазҰӨА-да оқудың алғашқы күндерінен-ақ шығармашылық қызметпен белсенді айналысуға бел буған. Жас дарынды актерлік және режиссерлік жұмыстан басқа продюсерлік те қызықтырады. 3-курс студенті болған кезде ол әріптестік негізде «Bairakimov&Kairzhanova Presents» продакшн-компаниясын ашты. Алдияр, сонымен қатар, түрлі концерттер мен шаралар ұйымдастырып, қоғамдық өмірдің белсенді қатысушысы болып табылады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы магистратурасының студенті Айдана Қаржасова иемденді. Айдана халық өнерін зерттеумен айналысып, оның диссертациясы Ғазиза Жұбанованың шығармашылығындағы ұлттық кодтар тақырыбына арналған. Жас ғалымның пікірінше, халық өнерінің құндылығы оның бұқаралығында, яғни оның халық тәжірибесінен өтуде жатыр.

«Еліміздегі бұқаралық мәдениет әрдайым позитивті және оған өзіндік ұлттық рух тән болу қажет. Мен Елбасы стипендиясының иегері атанғандығыма өте қуаныштымын, өйткені оның басшылығымен бізге, жастар буынына, Отанымыздың болашағы үшін шығармашылықпен айналысып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге және ерен еңбек етуге барлық жағдай жасалған», — дейді Айдана.

Астанада орта мектеп оқушыларына арналған интерактивтік сабақ өтті

Астанада орта мектеп оқушыларына арналған интерактивтік сабақ өттіБүгін Астана қаласының №15 орта мектеп базасында нашақорлыққа қарсы тақырыпта интерактивтік сабақ өткізілді. Сабақтың басты ерекшелігі – елуден астам астаналық мектеп оқушылары бір мезгілде сабаққа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Интерактивтік сабақтың басты мақсаты – орта мектеп оқушыларына есірткінің қауіптілігіне, оны тұтынудан аулақ болудың маңыздылығына назар аударту, сондай-ақ салауатты өмір салтын жүргізу принципін қалыптастыру.

Іс-шараға ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы әділет генерал-майоры Сұлтан Құсетов қатысты. Ол өзінің ешқашанда темекі шекпегендігін, бірақ темекі шегетіндер тарапынан түрлі ықпалдар бола тұрса да, өзінің денсаулығына зиян екендігін түсінгендіктен бойын аулақ ұстап жүргені туралы балаларға мысал келтіріп айтып берді. Осы күнде дәл сол күш жігерінің мықтылығының арқасында темекіге тәуелді жандардың қатарында жоқтығын үлгі ете отырып, нашақорлыққа да адам бір салынса, оның емін табу қиын екендігін атап өтті.

Астанада орта мектеп оқушыларына арналған интерактивтік сабақ өтті

Оған қоса, бұл шараға Астана қаласының әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығының дәрігер-наркологы Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы қатысып, есірткінің зияндылығы және оның психикаға әсері туралы  әңгімелеп берді.

Интерактивтік сабақ барысында балалар есірткіге тәуелді болған жандардың ауыр күйзеліске түсіп, қиналатындығы туралы бейнеролик қарады.

Айта кетейік, мемлекет қабылдаған іс-шаралар нәтижесінде елімізде соңғы бес жылда есірткі тұтынушылардың жалпы саны 3,3% қысқарды.

1 қаңтардан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылады

1 қаңтардан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатыладыЖаңа жылдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен қош айтысамыз. Олардың орнына әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, мүлікті рәсімдеу салалары біріктірілген «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлімдеді.

 Халық енді бір корпорациядан 700-ден аса қызмет түріне қол жеткізе алады. Яғни еліміздің азаматтары жер телімдерін рәсімдеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу немесе зейнетақыға қажетті құжаттардың барлығын бір жерден алатын болады.

Мемлекеттік корпорация құру – азаматтарды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Бұл жұмыстар Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында іске асып отыр.

Хабар

​Қазақ халқының үздік ертегілері 15 томдық аудиокітапқа жинақталды

​Қазақ халқының үздік ертегілері 15 томдық аудиокітапқа жинақталдыҚазақ халқының 15 үздік ертегісі бір аудиокітапқа жинақталып, жарыққа шықты деп хабарлайды baq.kz порталы.

«Біз 15 томнан тұратын аудиокітаптың тұсаукесерін өткіздік. Олардың әрбірінде бір ертегіден жазылған. Қазақ халқының ең танымал ертегілерін іріктеп алдық. Мысалы: «Жыл басы», «Үш аю», «Екі лақ», «Кім күшті», «Еріккен хан» және тағы басқалары», — дейді аудиокітапты дайындаған «SANA Media» ЖШС директоры Құралбек Атамұратов.

Аудиокітапқа тәрбиелік мәні бар халық ертегілері жинақталып отыр. Сондай-ақ әрбір шығарма әнмен сүйемелденіп, суреттермен безендірілген.
«Бүгінгі күні дүкендерде шетелдік кітаптар көп сатылады. Сондықтан балаларымыз бәрін орыс немесе ағылшын тілінде оқиды. Ал қазақ тіліндегі ертегілер жинақталған аудиокітаптар жоқ. Балалар халық ертегілерін ана тілінде оқып, түсінуі қажет. Сондықтан осындай өнімді жарыққа шығарып отырмыз», — дейді Атамұратов.

Оның айтуынша, кітапты дайындауға кәсіби актерлер аталысып, кейіперлерді дыбыстаған.

Әрбір аудиокітап 4 мың данадан тұрады, сонда барлығы 60 мың дана ертегілер жинағы жарық көрген.

Балалар үшін «Аяз Атаға хат жаз» атты жаңажылдық науқан басталды

Балалар үшін «Аяз Атаға хат жаз» атты жаңажылдық науқан басталды«Қазпочта» АҚ балаларға арнап «Аяз Атаға хат жаз» атты жаңажылдық науқан өткізеді.

Қазіргі таңда, барлық облыстық орталықтардың почтамттарында, сонымен қатар Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының «Мега» сауда, ойын-сауық орталықтарында Аяз Атаға хат жіберуге арналған жәшіктер орнатылған.

«Өткен жылы, біз әртүрлі өтінішпен мыңдаған хат қабылдадық. Біреуі жаңа смартфон сұраса, басқасы көптен бойы кәмпит жемегенін жазады. Балалармен қатар, киім мен тағам өнімдерін сұрайтын зейнеткерлер де хат жазады. Спонсорлардың көмегімен және өзіміздің күшімізбен, балалар мен басқа да ниет еткен адамдардың армандарын орындаймыз. Осы жылы, қолдау өтінішіне «Казахинстрах» СК, Beeline Kazakhstan және «Oyla» журналы атсалысты. Сонымен бірге, өңірлердегі кіші және орта бизнес өкілдері көмек қолын беруде. Біреудің арманын орындап, Жаңа жыл алдындағы сыйқырдың бар екенін дәлелдеу біз үшін өте жағымды әрекет» — дейді «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі бөлісті Байрам Азизов.

Айта өтейік, 20 желтоқсанда хаттарды қабылдау тоқтатылады. Барлық хаттар «Қазпочта» АҚ бас кеңсесінде жиналып, сұрыпталғаннан соң, серіктестер мен компания өкілдерінен тұратын арнайы комиссия сыйлықтарды таңдайды. Біріншіден сыйлықтарды әлеуметтік жағынан қорғалмаған және табысы аз тұрғындардың балалары, ата-анасы жоқ балалар алады.

Хаттар өңделгеннен кейін, сыйлықтар еліміздің өңірлеріне және филиалдарға жіберіледі. Сыйлықтарды Аяз Ата мен Қаршақыз болып киінген компания мен серіктестердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері тапсырады.
Сыйлықтармен бірге, Аяз Атаның құттықтау сөздері жазылған әдемі хаттар табысталады. Ол үшін, балалар өз мекенжайын жазуды ұмытпау керек.

baq.kz

Қайрат Нұртас мешіт салмақ

Қайрат Нұртас мешіт салмақӘнші Қайрат Нұртас мешіт салмақ. Бұл туралы «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Дара жол» бағдарламасына қонаққа келген Қайраттың досы Ринат Баситов айтып берді.

 «Қайрат біреудің бір жақсылығына мың жақсылық жасайтын адам. Келер жылы ауылға мешіт салсам деген ниеті де бар», — деп Р.Баситов Қайраттың имандылығы жайлы сырымен бөлісті.

Көптеген эстрада жұлдыздары айтып жүргендей, Қайрат Нұртас кез-келген адаммен етене араласып кетуге дайын тұрады екен. Мұны Ринат досы да растады.

«Мен Қайраттай досымның бар екендігіне өкінбеймін. Оның жүрегі нәзік, таза. Адамдармен өте жақсы араласа алады», — деп досының адамгершілігі жайлы айтып өтті.

Айта өтейік, Қайрат Нұртас өткен сенбі күні отбасы және достарымен бірге «Қазақстан» Ұлттық арнасында белгілі журналист Дана Нұржігіт жүргізетін «Дара жол» бағдарламасына қонаққа келген болатын.

baq.kz

Көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтеді

Көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтедіЕртең Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің залында көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізеді.

Жұмабек Тәшенов – қазақтың аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы лауазымдарында қызметте жүріп, Ж.Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Аталған шара барысында салтанатты кеш және Ж.Тәшеновтің өмірі мен қайраткерлігіне арналған кітап көрмесін өткізу жоспарланған. Кешке Ж.Тәшеновтің мұрасын зерттеуші ғалымдар, арнайы қонақтар және мерейтой иесінің туыстары қатысып, Жұмабек Тәшеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер айтады. Сондай-ақ елімізге танымал сахна шеберлерінің қатысуымен салтанатты концерт өтеді.

Салтанатты кештің басында Ж.Тәшеновтің өмірі мен қайраткерлігі туралы бейнефильм көрсетіледі.

Жапон жігіті қазақ домбырасын насихаттап жүр

Жапон жігіті қазақ домбырасын насихаттап жүрҚазақтың қара домбырасы, халық әндері мен күйлері уақыт өткен сайын жапон халқын баурай бастады. Ұлтымыздың бай мәдениетіне деген құмарлық Күншығыс елінің шығармашыл өкілдерін Қазақстанның байтақ даласына тартуда.

Солардың бірі Такахаши Наоки есімді жапон өнерпазы домбыра, қылқобыз және сыбызғыны мінсіз меңгеріп алған.

Такахаши Наоки – Фукуи префектурасының тұрғыны. Ағылшын тілінен сабақ береді. Алайда жас маманның бар ынта-ықыласы тілге емес, қазақтың ұлттық аспаптарына ауған сияқты. Ұлы дала елінің әндері мен күйлерін насихаттау жапон жігітінің биік мақсатына да айналған.

Такахашидің қазақ әуендеріне деген сүйіспеншілігі 13 жыл бұрын күтпеген жерден оянған. Кездейсоқ қолына түскен дисктен домбыраның үнін естіген ол мұның нендей аспап екендігін білуге құмартады. Көп ұзамай ынтызар болған домбырасы қолына түседі. Сол сәттен бастап өнерлі жігіт күй тартуды өздігінен үйрене бастаған.

Киелі аспаптың құдіреті кейін оны Қазақстанға да жетелеп алып келді. Білікті ұстаздармен танысып, өзі өнерпаздармен араласқаннан кейін, Такахаши «қазақтың мәдениетіне тіптен құмарттым», — дейді.

Оның таңдаған жары да қазақ қызы. Инара Серікбаева – Астананың мемлекеттік филармониясында қызмет еткен кәсіби музыкант. Ал қазір өнердегі, өмірдегі серігімен бірге Жапония сахналарында өнер көрсетіп жүр.

Инара Серікбаева мен Такахаши Наокидың мақсаты біреу ғана: ән, әуен арқылы шексіз, ұлан-ғайыр далаға деген өз сүйіспеншіліктерін жеткізу.

24.kz

Қалибек Қуанышбаев театры «Золотой Витязь» форумында Гран-приді жеңіп алды

Қалибек Қуанышбаев театры «Золотой Витязь» форумында Гран-приді жеңіп алдыҚалибек Қуанышбаев атындағы театр Мәскеуде «Золотой Витязь» XIII халықаралық театр форумының Гран-приін жеңіп алды.

Ресей астанасында өткен кеште талғампаз көрермен назарына астаналық өнер ордасы «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасын ұсынған болатын. Осы додада сондай-ақ Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов, актер Әбілмансұр Серіков және актриса Ақмарал Танабаева «Золотой Витязьдің» дипломанттары атанды.

24.kz

Тұлғалар: Әйел туралы

Тұлғалар: Әйел туралыІскер әйел – жаман еркекті орта, орташа еркекті – жақсы, ал жақсы еркекті – жынды қылып жібереді.

Қадыр Мырза Әли

Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.

Ғ. Мүсірепов

Қазақ әйелін “жан жолдасым” дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

                                                                                                   Ғ. Мүсірепов

Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды.

Абай

Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді.

Абай

Әйел үшін сұлулық ақылдан гөрі маңыздырақ, өйткені еркекке ойланғаннан гөрі қараған оңайырақ.

Марлен Дитрих

Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.

А. Тұрмағамбетов

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!!!

Жүрсін Ерман