Домой Блог Страница 75

ОҚО-да бокстан халықаралық турнир басталды

60000000000_1Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қарақозы Абдалиeвтi еске алуға арналған халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ересектер арасындағы жарысқа 161 былғары қолғап шебері келген. Спортшылардың кездесуіне халықаралық дәрежедегi мамандар төрелiк етедi.

Жарыстың ашылу салтанатына танымал спорт ардагерлерi мен ұлттық құраманың бас бапкерi М.Айтжанов та арнайы келген. Өйткенi, 37-шi рeт жалауы көтерiлген бұл доданың тамыры тереңге жайылған. Ал бұл жолы жеңiске жеткендер «Спорт шеберi» атағына иe болады.

Астанада ЭКСПО-2017 қарсаңында ағылшын тілін жетілдіру мәселелері талқыланды

c-2Қазақ гуманитарлық заң университетінде ЭКСПО-2017 көрмесін жоғары деңгейде өткізу үшін елордада туристік саланы дамыту және ағылшын тілін жетілдіру мәселелері талқыланды, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«ЭКСПО-2017 арналған туризм және ағылшын тілі» тақырыбындағы форум көрмеге қатысушылар мен мүдделі тұлғалар арасындағы ынтымақтастыққа арналған алаңға айналды.

Шара барысында жиналғандар халықаралық көрме барысында ағылшын тілін қолдану дағдылары мен жекелеген әдістемелерін үйренді.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев студенттерді шет тілін меңгеруге шақырды.

— Туристік білім беретін ЖОО-лар көп. Олардың теориялық білімдері жақсы, басты мәселе – мамандардың ағылшын тілін білмейтіндігінде. Заманымыздың қойған талабымен бүгінде бәсекеге қабілетті болу үшін бірнеше тіл білу керек. Мысалы, ағылшын тілімен қатар қытай тілін де меңгерген абзал — дейді Марат Игалиев.

Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 өзін-өзі танытуға лайықты алаң бомлақ. Департамент басшысы жастарға еріктілер қозғалысына қатысуды ұсынды.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» дамыту және туризм департаментінің менеджері Сәуле Бөлебаева халықаралық көрмеге толығырақ тоқталды.

—  Көрмеге 5 млн астам адам келеді деп күтілуде. Қаншама адамды қарсы алуымыз керек, оларға қызмет көрсетіп, еліміздің беделін түсірмеуіміз қажет. Қазіргі кезде 104 мемлекет, 17 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындарын растады. Кейбір мемлекеттерде визалар алынып тасталды, қонақтарымыз елге еш қиындықсыз кіре алады. Әрине, бұл аса өзекті тақырып, біздің жасап жатқанымыздың барлығы болашақ энергиясын үнемдеуге байланысты, — деді Сәуле Бөлебаева.

Айта кетейік, бүгінде халықаралық көрмеге қатысатын мемлекеттерде белсенді дайындық жұмыстары жүргізілуде.

— Қазіргі кезде тұжырымдама әзірленіп жатыр, француз павильоны ең үлкен павильондардың бірі болады. Біз болашақ энергиясына қатыстының бәрін көрсетеміз – ескі энергиядан жаңасына өту – бұл күн, жел, су. Күн сайын мәдени және ғылыми шаралар өткізіледі,- деді Францияның Қазақстандағы елшілігінің өкілі Томас Хойт.

Сонымен қатар, литвалық павильон да үлкен болады. Литва Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің өкілі Адомас Давалга Литвада әлемдегі ғылыми лазердің көп бөлігі шығарылатындықтан лазер тақырыбын таңдағандарын жеткізді.

Шара соңында туристік, аударма агенттіктерінің, сондай-ақ еріктілер ұйымдарының қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

«Астана Арена» алаңында Қазақстан мен Румыния ұлттық құрамалары арасында футбол матчы өтеді

c11 қазанда сағат 22.00-де «Астана Арена» алаңында Қазақстан мен Румыния ұлттық құрамалары арасында футбол матчы өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Осыған орай 11 қазанда Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Қозғалыс іс-шара аяқталғанға дейін шектеледі. Жүргізушілерге Орынбор көшесімен айналып өту жолы ұсынылады.

Сағат 20.00-де жанкүйерлерді жинау және жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырылады, олар бес мекен-жайдан аттанады:

1) «Қазақстан» СК көлік тұрағынан (Қажымұқан көшесі);

2) «Хазрет Сұлтан» мешітінен (Қошқарбаева даңғылы);

3) «Нұр Астана» мешітінен (шығыс жағының көлік тұрағы );

4) Қалалық цирк көлік тұрағынан (Қорғалжын шоссесі көлік тұрағы);

5) Мұңайтпасов атындағы алаң көлік тұрағынан (Кенесары көшесі).

Матч аяқталған соң осы шаттлдар «Астана-Арена» стадионы жанындағы тұрақта және Қабанбай батыр даңғылының бойындағы аялдамада тұрады.

Елордалық тәртіп сақшылары жүргізушілерден жолда мұқият болуын және жұртшылықтың пайдасына жеке жол көліктерінен бас тартуды сұрайды. Астана қ. Халықаралық әуежайына жол жүруді жоспарлаған азаматтарға және жақын аудандардағы тұрғындарға баламалы жол қозғалысын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Талдықорғандықтар алып көбелектердің көрмесін ерекше қызығушылықпен тамашалауда

20161009160236Талдықорғанда экзотикалық көбелектердің көрмесі өтіп жатыр. Жұрт назарына сұлу қанатты жәндіктердің 20-дан астам түрі ұсынылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Кейбір көбелектердің жайылған қанатының ұзындығы 30 сантиметрге дейін жетеді. Көрмені дағыстандық азаматтар ұйымдастырды. 23 қазанға дейін жалғасады. Және көбелектер көрмесі еліміздің өзге де қалаларында өтеді  деп жоспарлануда.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл әдемі жәндіктер қысқа ғұмыр кешсе де, айналасына тамаша әсер қалдырады. Ылғалды және жылуды сүйеді. Түрлі жеміс шырынымен қоректенеді.

Сарыағашта 13 мың тоннадан астам жүзім жиналды

images_1Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында бүгінде 1891 гектар жүзім алқабы бар. Оның өнім беретін 1648  гектарынан шаруалар  биыл 13184 тонна өнім алып отыр, деп хабарлайды қалалық ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Биылғы орташа өнімділік гектарына 80 центнерді құраған.

Жиналған жүзімнің 4 313 тоннасы асханалық болса, 8871 тоннасы техникалық сорттар. Биыл жылдағыдан мол өнім алып отырғандығын айтқан диқандар жиналған  8871 тонна техникалық жүзім сортын аудандағы «Caspian Food» ЖШС-гі мен «Семиречье» ЖШС-нің шарап зауыттарына өткізгенін айтуда. Ал қалған өнім ішкі нарыққа және еліміздің басқа облыстары мен 500 тоннасы Ресей Федерациясына жөнелтілген.

Айта кетейік, өткен жылы 1648  га жүзім алқабынан 13 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік 79,2 цн/га болған.

Қыста қала жинауға 2000 жуық техника тартылады

Елорда әкімі Әсет Исекешев коммуналдық қызметтердің қысқа дайындық жұмыстарымен танысты.

 Қыста Астанада қар жинау жұмыстарына 2 мыңға жуық мамандандырылған техника тартылады, соның ішінде «Алматы» ауданында — 395, «Сарыарқа» ауданында — 349, «Есіл» ауданында — 294. Сонымен қатар, «Астана тазалық» және «Астана Зеленстрой» арнайы техникалары қысқы маусымға дайын. Жолдар мен көшелерді қолмен жинауға үш мыңнан астам адам қатысады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Коммуналдық техниканың бір бөлігі газға ауыстырылды. Биыл қыста көктайғақты болдырмау үшін пилоттық жоба аясында жаңа буындағы 1 141 тонна «Айсмелт» реагент қолданылады. Оны пайдаланған кезде жолдарда және тротуарларда кір дақтар болмайды. Сондай-ақ, құм-тұз қоспасы (26 238 текше м) дайындалды.

Мақтаралдық диқандар 600 мың тоннадан астам қауын-қарбыз жинады

kauyn_karbyzБүкіл республикаға «Ақ алтын өндіру зауыты» деген атпен танылған Мақтарал ауданының шаруалары соңғы 10 жылда қауын-қарбыз өсірумен де танымал бола бастады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бүгінде мақтаралдық диқандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын жасап шығаруда.

Бір ғана мысал, мақтаралдық диқандар биыл 28 мың гектар жерден 610 мың тонна қауын-қарбыз алса, соның 450 мың тоннасын шет ел нарығына шығарған. Бұл гектарынан 263 центнерден өнім алып, өткен жылмен салыстырғанда 25 центнерге артық қауын-қарбыз жинаған мырзашөлдіктер бақша дақылдарын өсіруден Орта Азияның көшбасшысы екендігін дәлелдейді.

Мақтаралдың бау-бақша өнімдерінен көл-көсір пайданы ресейлік және беларусьтік кәсіпкерлер де көріп отыр. Оңтүстіктен жеткен қауын-қарбызды осы теріскейдегі көршілер Батыс Еуропа мемлекеттеріне тасымалдайды екен.

Мәселен, ресейлік бизнесмен Станислав Каспаров: «Мақтаралды «Қауын-қарбыздың Отаны» деп санаймыз. Бұл жердің қауын-қарбызының дәмі ерекше тәтті. Сол себепті, Мәскеу мен Минск қалалары осы жердің өніміне тапсырыс береді. Біз осы жерден жеткізіп тұрамыз», — дейді бір сұхбатында.

Айта кету керек, Орта Азияда Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері қауын өсірумен айналысады. Дегенмен, «Еуразиялық экономикалық Одақтың» арқасында Мақтарал ауданының шаруалары өнімдерін Ресей мен Белоруссияға оңай экспорттап, кедендік мәселелердің болмауының арқасында шет елдерге жол тартуда.

Астананың жасыл белдеуінде 23 километрлік веложол салынды

c-2Елорданың «жасыл белдеуі» аумағында ені 2 метрлік жалпы ұзындығы 23 км жаңа веложол салынды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қорғалжын тасжолында орналасқан веложол ашылды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұқаралық велошеруге елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен бокстан Риодағы Олимпиада Чемпионы Данияр Елеусінов қатысты.

— Астанада салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық шаралар жиі өткізіледі, осы жолы және жақында өткен марафон және басқа да ірі шаралар. Сол себепті елордамызды елміздегі ең спорттық қала деп атауға болады,- деп атап өтті  Е. Аманшаев.

Велошеруге қатысу үшін 80-ге жуық адам жиналды. Олардың арасында олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, «Астана Орманы» компаниясының қызметкерлері, спортшылар және велоспортпен әуестенетін қала тұрғындары бар.

Велошабандоздар Ильинка кентінен бастап Қосшы кентіне дейінгі жолды еңсерді. Жасыл белдеудің аумағында веложол салу — Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасының бастамасы.  Басқарма жетекшісінің орынбасары Танысбек Арашапов атап көрсеткендей, веложолақты төсеу жұмыстары екі ай ішінде  толықтай аяқталды.  Пайдалану мерзімі – 10 жылға жуық.

— Отырғызылған жасыл желекті аумақты тиімді пайдалану және Астананың «Жасыл белдеуін» одан ары дамыту мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін велосипед жолы салынды. Демалушылар  осы жерде демалыс күндерін өткізіп, табиғат аясына велосипедпен шығып, таза ауамен тыныстай алады. Велосипед жолының бойымен демалуға арналған 6 күрке орнатылды. Ал қыста бұл жерде шаңғы трассасы болады, — деді Танысбек Арашапов.

Алайда ол демалушыларға тазалық сақтау және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау қажеттігін еске салды.

ОҚО-дағы жаңа онкологиялық орталыққа бельгиялықтар инвестиция салмақ

belgiyaӨткен сенбіде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ірі бельгиялық «WILLEMEN Groep NV компаниясының президенті Йохан Виллені және аталған компанияның өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында өңір үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары инвестициялық жобалар талқыланды. Атап айтқанда, Шымкент қаласында онкологиялық орталықтың құрылысы жобасын әзірлеу туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Бұл жобаның инвестициялық көлемі 250 млн. еуро. Онкологиялық орталықтың қуаттылығы 350 орындық. Сондай-ақ, іскерлік кездесу барысында, бельгиялық іскерлер Сарыағаш-Мақтарал автожолының құрылысы және Шымкент әуежайы терминалын жаңғырту құрылысы жобалары бойынша жұмыс істеуге әзір екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында, өңіріміздің басшысы жобаларды әрі қарай іске асыру мақсатында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.
«WILLEMEN Groep NV» — Бельгияда көптеген жылдар бойы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, автожолдардың және медициналық нысандардың құрылысымен айналысқан компания болып табылады.

Елордалық дәрігерлер тұмуға қарсы вакцина жасауға шақырады

c-1Жыл сайын күн суығанда тыныс алу жолдарының вирусты инфекцияларына шалдыққан адамдар саны артады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  Тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы екпе жасату болып табылады. Иммундау үшін ең қолайлы кезең — қазан-қараша айлары.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі заманғы вакциналар аса тиімді, қауіпсіз және алты айдан асқан балалар мен ересектер арасында тұмаудың алдын алуға бағытталған. Иммунитетті күшейтуге 2 күннен 7-15 күнге дейін уақыт қажет және ол 6 айдан 12 айға дейін сақталады.

Вакциналау тұмауға жатпайтын басқа вирустық инфекцияға қарсы қорғауды қамтамасыз етпейді, бірақ вакцинация аурудың өте жеңіл түрде өтуіне сеп болады және оның асқынуына жол бермейді.

Тұмауға қарсы вакциналау екпенің Ұлттық күнтізбесіне жатпайды, оны ақылы екпе жасау пунктерінде салғызуға болады. Атап айтқанда, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10 қалалық емханаларда, сондай-ақ «Интертич» ОДА (Кенесары, 1), «Медлайн» МО (Күмісбеков к-сі, 8), «Медикер» МО (Қабанбай батыр даңғ., 17), «Ореn Clinik» МО (Отырар к-сі, 8/2), «Фармаком» ҚФК ЖШС (Майлин к-сі, 15), «Интертич Астана Медициналық Ассистанс» МО (Мәскеу к-сі, 38 А), «Медикал Ассистанс групп» ЖШС (Сығанақ к-сі, 21/1), «Архимедес Қазақстан» ЖШС (Сарайшық к-сі, 5).

Айта кетейік, биыл Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына екпе жасау үшін тұмауға қарсы «Гриппол» вакцинасының 15055 мөлшері сатып алынды. Екпе Балалар үйінің, нәрестелер үйінің тәрбиеленушілеріне, Мүгедектер үйіндегі тұлғалар мен соғыс ардагерлеріне, сондай-ақ, «тәуекел топқа» жататын балаларға, екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдерге салынады.