Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Суда жүзу адам ағзасын қартаюдан сақтайды

Суда жүзу адам ағзасын қартаюдан сақтайды

Суда жүзу адам ағзасын қартаюдан сақтайды

Суда жүзу адам ағзасын қартаюдан сақтайдыБассейн — буыны ауыратын немесе басқа спорттан жараланамын деп сескенетіндер үшін таптыстырмас орын. Аква жаттығулар артық салмақтағы және тірек-қозғалтқыш аппараттарының ақауы бар адамдар үшін тиімді.

Суда жердің тартылыс күші азайып, буындардың жүктемесі азаяды. Бассейн қарт адамдар үшін де керемет орын саналады. Бұл таң қалатын жағдай емес. Егер суға белге дейін түсер болсаңыз тірек-қозғалтқыш аппаратының жүктемесі екі есеге азаяды.

Егер суда бойласаңыз, оған қарапайым жүктеменің төрттен бірі ғана сарп етіледі. Ал денеңіз толықтай суға енсе, 10 пайыздық жүктемемен ғана арпалысуға тура келеді. Жабық бассейндер сондай-ақ, демікпе ауруына шалдыққан науқастар үшін маңызды. Жылы әрі ылғалды ауа өкпенің жұмысын жақсартады. Тіпті, кәсіпқой спортшылар алған жарақаттарынан кейін қайта қалпына келу үшін бассейнде жаттығады.

Су бұлшықеттердің ауыруын азайтып, буындардың қозғалысын арттырады. Адам неғұрлым суда көп уақытын өткізсе, соғұрлым оның ағзасына әсері де артады. Сондықтан, жаттығуларды әр түрлі мұқтаждыққа қолдануға болады.

2004 жылы Индиана университеті зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көп уақыттан бері аптасына төрт рет бассейнде жүзіп келген 40 жастан асқан жүзгіштердің қартаю белгілерінің азайғандығын дәлелдеді.

Бұған қоса ардагер жүзгіштердің қан қысымдары мен қан құрамындағы холестерин мөлшері қалыпты жағдайда болған. Бір қызығы, өкпелерінің жұмысы жақсарып, басқа қарапайым адамдармен салыстырғанда бұлшықет көлемінің өскендігін байқаған.

Егер бассейндегі су хлормен тазаланатын болса, ал оның кері әсері ауаны ластап, өкпеге зиянын тигізеді. Ел егер сіз аллергиялық реакцияға душар болсаңыз, хлор сіздің теріңіз бен көзіңіздің тітіркендіреді.

Бассейндегі суды тазарту үшін көптеген қауіпсіз, иіссіз, дәмсіз және кері әсері жоқ заманауи құрылғылар қолданылады. Сондықтан өзіңізді жүзуге толықтай бейімдегіңіз келсе, онда алдын-ала жақсы суы бар керемет бассейнді тапқаныңыз абзал.

Керек кеңес confederation.kz сайтынан алынды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here