Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Қауынның адам денсаулығына пайдасы

Қауынның адам денсаулығына пайдасы

Қауынның адам денсаулығына пайдасы
Қауынның адам денсаулығына пайдасыҚауын тек дәмі тіл үйіретін жеміс қана емес, оның адам денсаулығына пайдалы тұстары өте көп, деп жазады «Массагет» порталы.
Қауынның адам денсаулығына пайдасы:
1. Қауын — төмен калориялы жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады. Сондықтан, оны артық салмақтан арылғысы келетіндерге жеуге кеңес береміз.
2. Сонымен қатар, ішіңізді жүргізуге де әсер етеді. Егер ішекті зиянды заттардан, қоқыстардан тазалағыңыз келсе, қауын жеңіз.
3. Кімнің бауыры және қуығы ауырса, сол адамдарға қауын өте пайдалы.
4. Бүйректен тас пен құм шығарады.
5. Қандағы гемоглабин мөлшерін көбейтеді.
6. Ағзаңызды әртүрлі аурудан құтқарып, иммунитетіңізді қатайтады.
7. Жүрек-қан тамыр ауруларының да алдын алады.
8. Жүйке жүйесін тыныштандырады.
9. Жазда шөлге жақсы.
Ендеше қауыннан дайындалатын сүзбе десертін ұсынамыз. Оны жасау көп уақытыңызды алмайды.
Ол үшін сізге:
1 стақан сүзбе;
1 сәбіз;
1 тілім қауын (үлкен);
3 ас қасық қаймақ;
1 ас қасық бал қажет болады.
Дайындалу жолы:
1. Сүзбені жақсылап шанышқымен үгітіңіз.
2. Оның үстіне қаймақ қосып, араластырыңыз.
3. Содан кейін сәбізді тазалап, кішкентай үккіштен өткізіңіз.
4. Содан соң бал немесе қант қосуды ұмытып кетпеңіз.
5. Қауын тілімінің қабығын аршып, уақтап турап, сүзбе қоспасына қосыңыз.
6. Бәрі дайын болған соң өзіңіздің қалауыңыз бойынша әшекейлеп, дастарханға қойыңыз.
Астарыңыз дәмді болсын!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here