Домой Блог Страница 133

Шардарада балық өсіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

600_68Шардарада біраз жылдан бері жұмысын тоқтатып тұрған балық өсіру тәлімбағы биылдан бастап қайта іске қосылды. Ауданда балық шаруашылығын дамыту мақсатында ашылған «Шардара балық питомнигі» ЖШС-нің мамандары таяуда Шардара су қоймасына шабақтар жібере бастады. Дәлірек айтатын болсақ, бүгінде жалпы аумағы 68,2 гектарды құрайтын тоған іске қосылып, 15,7 млн. дана балық балаңқұрттары өсірілуде.

Бұдан бөлек, аудандағы «Тұран» шаруа қожалығы арнайы балық өсіретін орынның құрылысын дайындау үстінде. Қазіргі таңда онда орындарды қазу, құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, ауданнан жеке кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен пилоттық жоба ретінде Шардара су қоймасы аумағынан балықты торлы шарбақта өсіру шаруашылығын қолға алу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. 2014 жылы осынау торлы шарбақта сынақ ретінде 15 тонна балық өсірілсе, былтырғы жылы жыл 300 тонна шабақ өсірілді. Су қоймасындағы торлы шарбақта келешекте 3000-4000 тонна көлемінде балық өндіру жоспарланып отыр.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Шардара ауданында екі балық өңдеу зауыты жұмыс істеп келеді. Соның бірі – жылына 2500 тонна балық өңдеумен айналысатын «Хамит» СТК балық өңдеу зауыты. Аталмыш кәсіпорын базасында филе, кептірілген, тұздалған балықты өңдеу және дайындау, қалдықсыз өндірісті қолға алу мақсатында балық сүйегінен ұнтақталған жем дайындау цехтары жұмыс жасауда.

Жылына 1000 тонна мұздатылған және ысталған балық, филе өнімдерін шығаратын «Шардара – Балық-1» балық өңдеу зауытында 70 адам жұмыс жасайды.

Мұнан бөлек, жыл соңына дейін Шардарада тағы да жаңадан екі балық зауыты іске қосылмақ. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» аясында салынып жатқан жеке кәсіпкер «Жалғасбаев Т» және «Саодат» ЖШС-і жылына әрқайсысы 600 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр.

Материалдық қолдау көрсетілді

Материалдық қолдау көрсетілдіАлматы облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде «Бақытты балалық шақтың аймағы» ұранымен өтіп жатқан «Мектепке жол» республикалық акциясының алғашқы 10 күнінде өңірде 821 балаға 8 млн. 489 мың теңге сомаға демеушілік көмек көрсетілді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігінде арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында акцияның барлық ерекшеліктері туралы кеңінен айтылды.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев пен облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Л. Базарқұлованың айтуынша, акция барысында білім беру саласының органдары мен тиісті әлеуметтік қызметтер әрбір елді мекенде қатер тобындағы балаларды анықтау анықтау мақсатында арнайы рейдтер жүргізді. Соның нәтижесі бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін балалардың мекенжайы мен жеке тізімі жасалуда. Осы арқылы балалардың мектепке келуі қамтамасыз етілетін болады. Бүгінгі күнге 1297 рейд жасалған.

Жалпы, өткен жылы облыста 51 237 балаға жалпы сомасы 427 млн. 500 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілген еді. Бұл көмектің басым бөлігі демеушілік арқылы жасалған. Бұл істе Талдықорған, Қапшағай қалаларының, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Алакөл және Қаратал аудандарының тұрғындары аса белсенділік танытқан.

Жеке кәсіп ашуға гранттар беру бойынша конкурс жарияланды

Жеке кәсіп ашуға гранттар беру бойынша конкурс жарияланды10 тамызда Астанада «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіп ашуға грант алуға өтінімдер қабылдау басталды. Ашық конкурс шеңберінде гранттар кәсіпкерлерге, жас кәсіпкелерге, әйелдерге, мүгедектігі бар адамдарға және 50-ден асқандарға ұсынылады. Өтінімдер 9 қыркүйекке дейін Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында қабылданады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған Бағдарлама аясында қызмет ететін кәсіпкерлер қатыса алады.

Кәсіпкердің ұсынылып отырған гранттың көлемінен кемінде 10 пайыз мөлшерінде оны іске асыру шығындарын бірге қаржыландыруы болып табылады. Кәсіпкер грант қаражатын негізгі құралдар мен материалдарды, материалдық емес активтерді, технологияларды, франшизаға құқықтарды сатып алу, зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындарға жұмсау мақсатында пайдалана алады.

Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер учаскесі және жалға алу үшін төлем ретінде пайдаланылмайды.

Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғары сомасы 3 миллион теңгеден аса алмайды.

Толық ақпаратпен төменде тіркелген құжаттардан танысуға немесе Бейбітшілік к-сі, 11, 522-каб. мекен жайы бойынша хабарласуға болады, байланыс телефондары: 55-69-95, 55-69-16, 55-69-10, 55-69-21.

Кентауда оттекті өңдеп шығару цехы ашылмақ

Кентауда отттекті өңдеп шығару цехы ашылмақБүгінгі таңда Кентау қаласы индустриалды аймағында тағы бір жобаның іргетасы қалануда.

Жеке кәсіпкер Ермек Әуезов «Оттекті өңдеп шығаруды ұйымдастыру» жобасы бойынша жаңа цехтың құрылысын бастады, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Жоба құны 45 млн. болатын өндіріс орнында жылына 25500 дана оттек баллонын толтыру көзделуде.

Жаңа цехқа бөлінген жер телімі 0,25 га. Қаражат мәселесі екінші деңгейлі банк «Сбербанк» АҚ арқылы шешілуде.

2017 жылы пайдалануға берілетін цех толық қуаттылыққа шығып, іске қосылғанда 10 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Айта кетейік, бүгінде аумағы 25 гектарды құрайтын Кентау қаласының индустриалды аймағында мұнан бөлек, 4 жоба бар. Оның екеуі трансформаторға қажетті құрылғыларды шығарумен және асфальт-бетон қоспасын өндірумен айналысса, қалған екі жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар іске қосылғанда Кентауда трансформатор бөлшектерін шығару және бентонит ұнтағын өндіру зауыттары іске қосылатын болады.

Олимпиаданың қола жүлдегерін Алматы облысының әкімі құттықтады

Олимпиаданың қола жүлдегерін Алматы облысының әкімі құттықтадыРио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ауыр атлетика бойынша 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Карина Горичева қосайыс қорытындысында 243 келі салмақты бағындырып, қола медаль иеленген болатын. Бұл Қазақстан қоржынына түскен – төртінші медаль!

Каринаны осы жеңісімен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтап, арнайы жеделхат жолдады.

«Барша қазақстандықтармен бірге жетісулықтар да сіздің шаршы алаңға шыққан сәттеріңізді қалт жібермей, қадағалап отырды. Біздің үмітіміз ақталды, қазақстандық ауыр атлеттердің әлемнің ең үздік спортшылары қатарында екенін дәлелдеп, жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, еліміздің абыройын асқақтаттыңыз. Бұл жеңіс – күн сайынғы жаттығуда төгілген тердің, жаттықтырушылардың табанды еңбегінің өтеуі, жалынды жігер мен қайсар мінездің, жанкүйерлердің қызу қолдауының нәтижесі. Бұл жеңіс сіздің спорттық сапарыңыздағы толайым табыстардың басы ғана деп білеміз», — делінген жетелхатта.

Облыс басшысы А. Баталов Карина Горичеваға және ауыр атлеттер командасына Олимпиададағы жеңісті жолдың жалғаса беруіне тілектестігін білдірді.

Алматы облысында балалардың отпен ойнауы салдарынан тіркелетін оқыс оқиғалар көбейген

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Бүгінгі таңда Алматы облысында да жыл сайынғы жазғы шомылу маусымында адамдардың суға кету оқиғалары азаймай тұрғаны жасырын емес. Биылғы жыл басынан бері облыстың су айдындарында 38 адам суға батқан, соның ішінде 15-і бала. Ал жазғы маусымда 27 адам дәл осындай төтенше жағдайға ұрынған болса, оның 10-ы бала. Жедел құтқару жасағының құтқарушылары 120 адамның өмірін сақтап қалған. Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «жедел құтқару жасағы» жетекшісі Сайлаубек Шарапиев айтты.

— Судағы төтенше жағдайлардың басты себептері азаматтардың күзетілмейтін, шомылуға арналмаған су айдындарында шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен және оларды ұстанбауынан, сондай-ақ, ішімдік ішіп алып суға қойып кетуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып отыр, — деді С. Шарапиев.

Жедел құтқару жасағына әлі де босаңсуға уақыт жоқ. Себебі, алда әлі шомылу маусымының үш аптасы бар.

Тұрғындардың немқұрайлылығынан облыстағы өрт қаупі де сейілмей тұр. Ағымдағы жылы өрт қаупі кезеңі сәуір айынан басталған. Содан бері 400-ге жуық өрт тіркелген. Өрт салдарынан болған материалдық шығын 30 млн. 180 мың теңгені құраған. Өкінішке қарай, адам өлімі де жоқ емес. 2016 жылғы «өрт қаупі кезеңінде» өрттен 9 адам қайтыс болса, оның 2-еуі бала.

Тілсіз жаудың ең көп орын алған жері тұрғын үй секторларында тіркелген. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығы міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Александр Пархоменко айтып берді. Әсіресе, балалардың отпен ойнау салдарынан болатын төтенше жағдайлар ең жиі тіркелетін көрінеді.

Орман-дала аумақтарындағы өрттердің басты себебі де тұрғындардың  отты бейберекет, сақтықсыз қолдану салдарынан болып отыр. Бүгінгі таңда Алматы облысы аумағында 265 га аумақты алып жатқан  құрғақ шөптер қызыл жалынға оранған. Сондай-ақ, 80,9 гектарда орналасқан 2 орман өрті тіркелген.

ОҚО Мемлекеттік қызмет істері департаменті алғашқы жарты жылдықты қорытындылады

memlekettik_kyzmetКеше ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Абдулла Есімханов журналистермен баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған департаменттің 2016 жылдың І жарты жылдығы мен Әдеп кодексінің  нормалары бойынша баяндаған басшы орынбасары жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 5 отырысы өтіп, онда 50 мәселе қаралғанын жеткізді. Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде, мемлекеттік орган басшыларымен 31 тәртіптік жаза қолданылған. 

«Жергілікті атқарушы органдарда азаматтардың өтініштерін қарау кезінде лауазымды тұлғалар өздерінің іс-әрекетімен «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының 1 тармағындағы мүдделер қақтығысының орын алуына жол берген деректер анықталған. Атап айтқанда, белгілі болған Сарыағаш ауданына қарасты Біртілек ауылдық округінің лауазымды тұлғасы, Мақтарал ауданына қарасты Жылы су ауылдық округі әкімі аппаратының лауазымды тұлғасына бүгінде тиісті шаралар қабылданған», — деді А.Есімханов. 

Баспасөз жиында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша да жұмыстардың барысы баяндалды. А.Мыңбасыұлының айтуынша, алты айда осындай тұлғалардан 181 өтініш түсіп, тиісті жауаптар берілген. Ал жеке және заңды тұлғалардың 65 өтініші бойынша 43 жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, нәтижелері бойынша қорытынды — анықтамалар түзілген.

Сондай-ақ, басқосуда белгілі болғандай, жыл басынан бері Әдеп жөніндегі Уәкілге мемлекеттік қызметшілер мен жеке тұлғалардан 68 өтініш келіп түскен. Олардың 53-і аудандар мен қалаларда. Негізінен, әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша келген сұрақтарға тиісті жауаптар беріліпті.

«Мектепке жол» акциясы аясында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетілді

«Мектепке жол» акциясы аясында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетілдіЕлордада 1 тамызда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Тоғыз күннің ішінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 48 балаға 1 миллион 912 мың теңгенің көмегі көрсетілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл акция «Бақытты балалық шақ аумағы!» ұранымен өтеді. Шара аясында тамыз айының соңына дейін «Бірінші рет бірінші сыныпқа», «Отбасы отбасыға көмектеседі: баланы мектепке жинаймыз», «Балаларға бірге көмектесейік» атты қайырымдылық шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, 20-21 тамызда орталық алаңда мектеп формасын, кеңсе заттарын, оқу әдебиетін және басқа да заттарды төмендетілген бағамен сатып алуға болады.

Айта кетейік, «Хан шатыр», «Сарыарқа», «Мега» сауда, ойын-сауық орталықтарында Орталық базарда, «Шанхай» базарында және «Жаннұр» сауда орталығында тұрмысы төмен отбасыларға көмектесу үшін киімдер, мектепке керек-жарақтар жинауға арналған контейнерлер орнатылған.

Жалпы, 2016 жылы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды жаппай оқыту қорына жергілікті бюджеттен 159 млн 557 мың теңге бөлінді.

Жанель Сәдуақас «Балалар Жаңа толқыны-2016» байқауына қатысады

Жанель Сәдуақас «Балалар Жаңа толқыны-2016» байқауына қатысады«Аялаған Астана – 2016» конкурсының жеңімпазы Жанель Сәдуақас жас орындаушылардың «Балалар Жаңа толқыны» халықаралық байқауына Қазақстанның атынан қатысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Байқау тамыздың 11-і мен 13-і аралығында «Артек» балалар лагерінде өтеді, әлемдік музыка сайысында 11 мемлекеттен 8-ден-12 жасқа дейінгі балалар шеберлік байқасады.

Жанель Сәдуақас «Айгөлек», «Жұлдызды жол», «Лина Арифулинаның балалар караокесі» және «Аялаған Астана — 2016» сынды көптеген музыкалық байқауларда топ жарған. Жас әнші оқудан бос уақытында ән айтып, фортепианода ойнайды, кітап оқиды, би билейді, ат спортымен, семсерлесумен, сурет салумен айналысады, кесте тігіп, дәмді тағамдар әзірлейді.

Еске салайық, өткен жылдары «Аялаған Астана» байқауында көкшетаулық Болат Батырбаев, астаналық Мұхаммедәлі Жүгінісов пен алматылық Данэлия Төлешова жеңімпаз атанған болатын. 2013 жылы Болат Батыржанов «Балалар Жаңа толқыны» байқауының сәнді қатысушысы деп танылса, 2014 жылы Мұхаммедәлі Жүгінісов лауреат атанды. Ол байқауда 3-орын алды. Ал Данэлия Төлешова көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды.

Рио-2016: Қазақстан жалпы есепте 11-орынға көтерілді

Рио-2016: Қазақстан жалпы есепте 11-орынға көтерілдіБүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында ауыр атлеттеріміз Ниджат Рахимовтың алтыны, Жазира Жаппарқұлдың күмісі және жүзуші Дмитрий Баландиннің алтынынан кейін Қазақстан құрамасы 11-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рио Олимпиадасының көрігі күн өткен сайын қызып келеді. Дәл қазірге дейін, 51 мемлекет Олимпиада медалін алып үлгерген. Қазақстан қоржынына бүгін түскен ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов,  жүзуші Дмитрий Баландиннің алтындары мен Жазира Жаппақұлдың күмісінен кейін 2 алтын, 2  күміс, 3 қола медальмен 11-орынға көтерілдік.

Ал АҚШ алтын медальдар санын 10-ға жеткізіп, көш бастап келеді. Олардың еншісінде 10 алтын, 11 күміс, 10 қола бар. Екінші орында 10 алтын, 5 күміс, 8 қола жеңіп алған Қытай құрамасы келеді. Ал үшінші орынға 6 алтын, 1 күміс, 11 қола медальді иеленген  Жапония спортшылары көтерілді..

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.  Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, бүгін Олимпиаданың бесінші күні екі ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов пен қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл 1 алтын, 1 күміс медаль олжалап, мерейімізді бір көтеріп тастаған еді. Көп ұзамай жүзуші Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа жүзуден 2:07,46 көрсеткішке қол жеткізіп, екінші алтын медальды қоржынымызға салды.