Домой Блог Страница 105

Астанада тұңғыш рет «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтті

Елорданың іргесіндегі «Қазанат» атшабарында алғаш рет «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған дүбірлі доданы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев салтанатты түрде ашты, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұлттық спорт түрлерінен өткен турнирге еліміздің 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан командалар келді.

dbf363fe164cd620f60bc0a3263.jpeg

— Ұлттық спорт түрлері біздің терең тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Астана қаласының әкімдігі ұлттық спорт ойындарының жандануына, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта жыл сайын қаламызда ұлттық ойындар мен жарыстар бойынша 200-ден аса іс-шара өткізілуде. Енді міне, тағы бір жобаны іске асырып отырмыз. Бүгінгі фестиваль дәстүрлі спорт ойындары мен ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртқан, халыққа рух берген, Тәуелсіздік мерейтойына арналған керемет шара. Елорда әкімдігі алдағы уақытта да осындай жобаларды қолдап, ұлттық спорт түрлері мен салт-дәстүрлерімізді насихаттауға көңіл бөлетін болады. Елбасымыздың бастамасымен осы «Қазанат» атшабарында жалпы көпшілікті ұлттық спорт түрлеріне баулитын арнайы Орталық ашуды жоспарлап отырмыз.

Құдай қаласа, мұнда қарапайым халыққа атқа мінуді үйренуге, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ ойнауға және өзге де ұлттық спорт түрлерін үйренуге жағдай жасалады. Президентіміз 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын дене шынықтыру мен спортқа тарту туралы тапсырма бергенін білесіздер. Осы ретте, Астана қаласының әкімдігі алдағы екі жылда бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала бойынша 22 спорт алаңын салуды жоспарлауда, — деді елорда басшысы Әсет Исекешев.

7ed348bea84cdf5ddcea21645df.jpeg

Ат шаптырым жерде халық алдымен теңге ілу сайысын тамашалады. Одан кейін Қыз қуу көптің көңілінен шықты. Ал білектілер Аударыспақта ат үстінде алысты. Үш күнге жалғасқан турнирде көкпаршылардың ішінен Астана құрамасы мен Ақмола облысының командасы финалда сынға түсті.

Думанды шара барысында «Қазанатқа» қазақ ауылы қонды. Мұнда 13 киіз үй тігіліп, жиналған жұртқа ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды. Сондай-ақ жастар үшін алтыбақан құрылып, балалар асық ойнап, ләңгі тепті.

e712045cb8dba1d2556ee3916f2.jpeg

Сонымен, «Алтын жұлдызы» республикалық турнирінің бас жүлдесіне Астана әкімі Әсет Исекешев автокөлік тікті. Бұл жүлденің иегері орта қашықтықтағы жүйріктер бәйгесінде анықталды.

Жайдарман ойындарынан Астана қаласы әкімінің кубогы өтті

Жазғы демалыстан кейінгі маусымның екінші жартысының ойындары әдеттегідей «Астана қаласының әкімі кубогы» республикалық арнайы жобасын өткіздік. Әдеттегідей дегенмен бұл ойынның ерекшелігі көп болды.

Биылғы кубок еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өткізілді.

Сонымен қатар, осы ойында тұңғыш рет миллионер команда анықталды. Себебі бас жүлдеге миллион теңге тігілген болатын.

Сонымен ойынға келейік, келген құрамалардың барлығы жақсы дайындықпен келген екен. Тартысты өтті.
Айтпақшы, биылғы жобадағы тағы бір ерекшелік — Жайдармандағы түркі тілдес елдердің өкілдерінің саны артты. Башқұрт командасы өнер көрсеткен болатын.
Бұл команда Әкім кубогының арнайы сыйлығына ие болды.

Ал үшінші орынды Семейден келген жастар — «Элемент» алса, екінші орынды астаналық команда — «Қазақстан Темір жолы құрамасы» иеленді.

«Астана қаласы әкімінің кубогы чемпионы» деген атақ бұл жолы алматылық «Қатынас жолдары университетіне» бұйырды. Бұл топ жас болса да, көрерменнің көзайымына айналып үлгерген жігіттер болатын. Бұл жолғы ойында ол деңгейге кездейсоқ жетпегенін дәлелдеді.

Сонымен қатар, қатысқан барлық командаларға сертификат табыс етілді. Кеш соңында жайдарманшылар «Жайдарманның әнұранын» орындады.

Башқұртстан құрамасы
Башқұртстан құрамасы
Элемент (Семей)
Элемент (Семей)
ҚТЖ (Астана)
ҚТЖ (Астана)
ҚЖУ (Алматы)
ҚЖУ (Алматы)

Жұлдыздар әлемі

Астанада Алматы облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада Алматы облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатырБүгін, 10 қыркүйекте Астанада Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының жанында Алматы облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы облысы ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Сексенбай Бекішевтің айтуынша, аймақ өндірушілері жәрмеңкеге 160 млн теңгеден астам соманың 370 тонна өнімін әкелді. Шараға өңірдің 16 ауданы мен үш қаласының өндірушілері қатысуда. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің 38 түрі ұсынылған.

 — Өнімдер бағасы қаладағыға қарағанда арзанырақ, мұнда өндірушілердің өздері тікелей сатып жатыр, — дейді ­Бекішев.Астана қаласы ауыл шаруашылық басқармасының мәліметінше, жәрмеңкедегі азық-түліктердің бағасыжалпықалалық деңгейден 15-20% төмен.

Шараға адамдар көптеп келіп жатыр. Алматы облысының шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салуда.

Оқушылар сарайының жанындағы Алматы облысының жәрмеңкесі 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

Елордалық дәрігерлер халыққа сақтандыру медицинасының артықшылықтары туралы айтуда

Елордалық дәрігерлер халыққа сақтандыру медицинасының артықшылықтары туралы айтудаЕлордалық дәрігерлер халыққа көптеген мемлекетте денсаулық сақтау жүйесінің тиімді модельдерінің бірі ретінде танылған сақтандыру медицинасының артықшылықтары туралы айтуда. Ол азаматтарға медициналық көмектің барынша көп спектрін алуға мүмкіндік береді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елімізде мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген озық халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Бұл ретте экономикалық белсенді емес адамдарға мемлекет тарапынан салымдар жасалады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлер, ал жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін жарналар енгізеді.

Сарапшылардың болжамынша, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің нәтижесінде елімізде медициналық көмек көрсету деңгейі айтарлықтай артады, сондай-ақ, дәрігерлердің еңбекақысын өсіру мүмкіндігі туады. Ауруханалар жоғары санаттағы жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер сатып алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру адамдарға тексеруден өтуге және қажет болған жағдайда өз қалтасынан ақша шығармай ем-дом қабылдауға мүмкіндік береді.

Елордалық жұмыссыздарға тегін тренингтер өткізіледі

a69a6c31fb0332e5ec222c624f7Астана қ. Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтарға арналған тегін семинар-тренингтер сериясы басталды. Мұндай кездесулер астаналықтарға кәсіпкерлік ойлауды дамытуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бірінші сабақты психолог Айқын Дүйсембаев өткізді. Оның айтуынша, мұндай шаралар күшті қолдау көрсетеді, жұмыс іздеушілердің одан әрі дамуына жол ашады.

—  Ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмағандар терең дағдарысқа түседі, оларға көмек керек. Бұл шара Жұмыспен қамту орталығына жүгінген жұмыссыздардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған,- дейді Айқын Дүйсембаев.

Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың хабарлауынша, тренингтерде адамдарды өз ісін ашуға көндіреді.

—  Біз сабақтарға тәжірибе бөлісу үшін кәсіпкерлерді шақыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары өз бизнесіңді қалай бастау керек екендігі, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтады, — деді Олжас Омар.

Айта кетейік, семинар-тренингтер қалалық Жұмыспен қамту орталығында әр сәрсенбі сайын сағат 16.00 — 17.00 өткізіледі. Алдын ала жазылу телефоны: 95-44-19.

«Жерұйық» саябағында Отбасы күніне арналған мәдени-спорттық шаралар өтеді

6ab76387de8b3055f632ded5d8911 қыркүйекте «Жерұйық» саябағында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратымен бірге Отбасы күніне орайластырылған «Отбасы – біздің ортақ әлеміміз, біздің тыныштығымыз, біздің болашағымыз!» мәдени-спорттық шарасын өткізеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шара барысында «Салауатты өмір салтын ұстанатын үздік отбасы» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталады. Ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарына көптеген қызықты спорттық жарыстар мен конкурстар дайындады. Оларға бүкіл отбасымен қатысуға болады.

Сонымен қатар, 11 қыркүйекте Триатлон паркте отбасылық дуатлон өтеді. Конкурстың шарттарыман мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Головкин мен Брук жекпе-жегін «Қазмедиа орталықта» көрсетеді

a137632a7e0ff19e66752444ade-410 қыркүйекте Қазмедиа орталығының киноконцерт залында Геннадий Головкин мен Келл Бруктың арасындағы жекпе-жек тікелей көрсетілетін болады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Трансляция Астана уақыты бойынша сағат 23:00 басталады. Ғимаратқа Қазмедиа Холл жақтан кіреді.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңда жартылай орта салмақтағы британдық Келл Брукпен жұдырықтасады. Кездесу Лондонда 20 мыңдық O2 аренасында өтеді.

Кіру тегін, қазақстандық боксшыға қолдау көрсетіңіз!

Елордалық мешіттерде мерекелік намаз өтеді

Елордалық мешіттерде мерекелік намаз өтедіБиыл мұсылмандардың қасиетті мерекесі Құрбан айт 12 қыркүйектен бастап тойланады. Бұл күні қаланың барлық мешіттерінде сағат 7.30 мерекелік намаз оқылады. «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «С. Ғылмани» мешіттерінде қайырымдылық акциялар, жәрмеңкелер және спорттық жарыстар ұйымдастырылады деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Әлжан ана» мешітінің имамы Сәбит Қуаныштың айтуынша, мерекенің алғашқы күні 11 қыркүйек – қасиетті Арафа күні барша әлемнің мұсылмандары Мекке қаласында жиналып, ғибадат етеді.

— Мерекенің өзі қыркүйектің 12-сінен 15-не дейін тойланады. Қазіргі кезде Астанада дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Намаздан кейін құрбандық шалуға болады. Малды 14 қыркүйекте күн батқанша құрбандыққа шалады. Мерекеге орай сиыр, түйе және қой союға болады, — дейді Сәбит Қуаныш.

Баспасөз мәслихатында мал союға арналған орындарда ветеринарлық бақылау қамтамасыз етілетіні айтылды.

— Мал соятын орындарда ветеринарлық бақылау қамтамасыз етіледі. Қалалық бекеттерде малды әкелу кезінде ІІД мен бірге кезекші дәрігерлер құжаттардың, анықтамалардың болуын тексереді. Құжаттар болмаса, олар қалаға жіберілмейді, — деді Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарманың мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Арман Пирзадаев.

Елордада барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, мал союға арналған 8 орын белгіленді. Астана қ. ауыл шаруашылық басқармасының хабарлауынша, оның жетеуі қала аумағында («Темеш» ШҚ, «Шаушен» ШҚ, «Нұрбереке 555» ЖШС, «Жайлау» базары, «Мақсат 2007», «Метро» СҮ, «Саянұр» базары), біреуі Ақмола облысында орналасқан.

Айта кетейік, 12 қыркүйекте «Нұр Астана» мешітінен «Алтын таға» базарына дейін 1 сағат аралықпен сағат 14.00-ге дейін арнайы автобус қатынайды.

Бұрын хабарланғандай, өңірлерде адамдар мен жануарларға жұғатын аса қауіпті аурулар тіркеліп отырғандығын ескере келе, елорда тұрғындары мен қонақтарынан мал сатып алу кезінде мұқият болуларын сұраймыз.

2014 жылдан бері эпизоотикалық жағдайды сақтау мақсатында республиканың 5 өңірінен — Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан. мал мен ет әкелуге тыйым салынды.

Малдарды тек аталған мекен жайлар бойынша ғана сатып алыңыздар. Сатып алу кезінде сатушыдан малға жасалған вакциналар туралы тиісті белгілер қойылған ветеринариялық анықтаманы көрсетуін сұраңыз.

Екпе жасалған күнге баса назар аударыңыз. Екпе жасалғаннан кейін мал кем дегенде 15 күн карантинде болады. Осылайша, соңғы екпе 15 күн бұрын жасалуы тиіс.

Заңнама нормаларына сәйкес, ішкі сауда объектілеріне, соның ішінде базарларға сату үшін түскен жануарлардан алынатын өнімдер оны тамаққа пайдаланудың қауіпсіз екендігін көрсететін ілеспе ветеринариялық құжаттар болмаса, тәркіленіп, жойылады.

Студенттік саябақта Отбасы күні аталып өтіледі

Студенттік саябақта Отбасы күні аталып өтіледіОтбасы күні қарсаңында 11 қыркүйекте Студенттік саябақта «Біз отбасымызбен спортты сүйеміз» мерекелік шарасы өтеді. «Замандас» аула клубтарындағы балалар мен ата-аналар эстафетаға қатысып, түрлі шараларда күш сынасады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мерекелік шара сағат 11.00 басталады. Алдымен «Денің сау болсын» үйірмесі қатысушыларға жаттығу жасатады, содан кейін аула клубтары эстафетада «Олимпиадалық отбасы» атағын сарапқа салады, түрлі ойындарда сайысқа түседі.

Сонымен қатар, флешмоб, «Арт-терапия» үйірмесіне баратын балалардың еңбектерінің, халықтық қолданбалы өнер көрмесі өтеді. «Замандас» аула клубтарының тәрбиеленушілері көпшілік назарына мерекелік концерт ұсынады.

Шара соңында жеңімпаздар жүлделермен және грамоталармен марапатталады.

Айта кетейік, шараны Samruk-Kazyna Trust жобаларды әлеуметтік дамыту қорының қолдауымен «Алматы» ауданы әкімі аппаратының қатысуымен «Замандас 21» ҚҚ ұйымдастырады.

Жетісудың жетістігі баспасөз брифингінің тақырыбына арқау болды

Жетісудың жетістігі баспасөз брифингінің тақырыбына арқау болдыАлматы облысы индустриаландыруға бағыт алып, бүгінде аграрлық өңірден аграрлы – индустриалды өңірге бет бұрды. Сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында көптеген игі істер қолға алынуда, — деп атап өтті Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев.

Б. Өнербаев:

— Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында да көп жұмыстар атқарылғанын айта кету аса маңызды.

Облысымыздағы Панфилов ауданындағы  Құрғақ порттың құрылысы осы салада айрықша мәртебелі болып саналады. Мемлекет басшысының осынау ерекше трансұлттық жобасы елімізді тұтастай алғанда және Алматы облысының барлық экономикалық әлеуетін дамытуға жол ашады. Сонымен бірге Қазақстанға Орталық Азиядағы аса ірі көліктік-логистикалық хаб атануға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған аса ауқымды жобаны Тәуелсіздігіміздің өте маңызды жетістігі және оның жүзеге асырылуы Мемлекет басшысының стратегиялық көрегендігі арқасында мүмкін болды дегенді сеніммен айта аламыз».

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе Алматы облысы әкімінің орынбасары 9 — 11 қыркүйекке жоспарланған Алматы облысының Астанадағы күндері бағдарламасында қала тұрғындары мен қонақтарының Алматы облысының ерекшеліктерімен, өңірдің ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік  салаларында қол жеткізген жетістіктерімен танысуларына, сондай-ақ «Жер жәннаты» атанған Жетісу өлкесінің тарихымен, мәдениетімен, дәстүрімен және өнер ұжымдарының шығармашылығымен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болатындығын хабарлап өтті.

Сіздер түрлі көрмелерді аралау және спектакльдерді тамашалау арқылы біздің өлкенің тарихы, мәдениеті және әдебиетімен жан-жақты танысасыздар. Ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптегі жетістіктерге көз жеткізіп, кеңейтілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесінде болып, біздің өнімдердің дәмін тата аласыздар. Шалалар Конгресс-хол мен Жастар театрына, Ұлттық музей мен Ұлттық кітапханада өтеді, ал жәрмеңке Оқушылар сарайын жанында ұйымдастырылады, — деп сөзін қорытындылады.

Баспасөз конференциясының соңында БАҚ өкілдері өңірді дамытуға бағытталған, сонымен қатар Алматы облысының Астанадағы күндеріне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға тұщымды жауап алғандығын атап өткен жөн.

Брифингіге Алматы облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Бекішов Сексембай, Алматы облысының кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Маржан, Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармаларының басшысы Әбдуәлиев Ақан, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит қатысты.